Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2



жүктеу 4.85 Mb.
бет24/26
Дата22.02.2016
өлшемі4.85 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы 3-тармағын және 39-бабы 1-тармағын ресми түсіндіру туралы өтініштері бойынша қорытынды
1. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының өтініштерінде көтерілген негізгі проблема 26-баптың 3-тармағы мен 39-баптың 1-тармағының конституциялық нормалары көлемінің ара-қатынасы мәселесі болып табылады.

Негізінде қарастырылып отырған конституциялық нормалар шектеу шараларын белгілеу процестерін реттейді, олардың әрекет ету салалары да бөлек. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3-тармағы меншік құқықтарын шектеу тәртібін, ал 39-бабының 1-тармағы шектеу қоюдың жалпы ережелерін белгілейді.

Бұдан шығатын қорытынды, құқықтарды шектеуді нақты құқыққа кепілдік беретін нормаларда көзделген шектеулерге – «конституциялық көзделген шектеулерге» (мысалы, мүлікті күштеп айыру осындай шектеулер болып табылады), сондай-ақ құқықтарды шектеу тәртібін реттейтін Конституцияның 39-бабынан туындайтын шектеулерге – «конституциялық жанама» бөлуге болады.

Негізгі заңның 9-бабының негізгі тұжырымдары ол белгілейтін құқықтарды шектеу тәртіптері құқықтар мен бостандықтарды шектеудің барлық жағдайларына, соның ішінде конституциялық көзделген жағдайларға да қатысты деп түсінуге алып келеді. Бұған қоса, қарастырылып отырған екі жағдайда құқықтарды шектеу аясында айырмашылықтар бар. Заң шығарушы 39-бапты ғана емес, сонымен бірге Негізгі заңның 39-бабы белгілеген ауқымға сәйкес келмеуі мүмкін нақты баптың шектеу нормасын да басшылыққа алады.

Конституциялық көзделген шектеулердің болуы шектеу шараларын жүргізу қажеттілігі туралы мәселені шешуді жеңілдету және құқықтарды шектеудің ерекше жағдайларына сипаттама беру үшін қажет. Негізінде, кез келген құқықты шектеу мәселесі Конституцияның 39-бабында көзделген қағидалар шеңберінде шешілуі тиіс.

Осылайша, конституциялық көзделген шектеулерді қамтитын конституциялық нормалар (26-баптың 3-тармағы) белгіленген конституциялық жанама шектеулер (39-баптың 1-тармағы) шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Яғни, Конституция құқықтарды шектеудің жекелеген жағдайларын нақтылай отырып, кейбір жағдайларда шектеу шараларын белгілеудің жалпы ережелеріне сәйкес келмейтін құқықтарды шектеудің жол берілген шектерін белгілеп берді.


2. «Айрықша жағдайлар» түсінігі мазмұнын талқылау кезінде мыналарды да ескеру қажет. Қаланы қайта құру меншік құқығын шектеуге жеткілікті негіз бола алады ма деген сұрақ тек Қазақстанда ғана талқыланып қойған жоқ, сонымен қатар халықаралық бақылау органдарында пікірталас тақырыбына айналды. Алайда халықаралық стандарттар елді мекендердің жоспарларын орындауға байланысты меншік құқықтарын шектеуге жол беру туралы мәселені қарастыруды мемлекеттің өзіне қалдырады. Адам құқықтары жөніндегі Еуропа Соты өзінің үш шешімінде қала құрылысы саясатын іске асыру кезіндегі еркіндік тұжырымдамасын мемлекеттің қарауына қалдырды. Сот өз шешіміне ұлттық биліктің қоғам өміріндегі жағдаймен және оның қажеттіліктерімен тікелей таныс екендігін ескере отырып, «қоғам мүддесін» бағалауда Халықаралық Соттан гөрі басымдылығы жоғары екендігін негіз етіп алды (Де Сальвина М. Прецеденты Европейского Суда по правам человека. Руководящие принципы судебной практики, относящейся к Европейской коненции о защите прав человека и основных свобод. Судебная практика с 1960 по 2002 годы, С. 970.). Яғни, қаланың немесе өзге де елді мекеннің негізгі жоспарын орындау кезінде құқықтарды шектеу мақсаттарында және қағидаларында меншік құқықтарын шектеудің сәйкестігі мәселесін мемлекеттің өзі шешуі тиіс.

26-баптың 3-тармағындағы «Заңмен көзделген ерекше жағдайларда» деген сөздер тіркесі жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен айырудың нақты жағдайларын белгілеуді заң шығарушы өзі енгізуі қажет екендігін көрсетеді. Бұл ретте негізгі басшылыққа алынатын қағида 26-баптың 3-тармағында қосымша көрсетілген құқықтарды шектеудің ерекше сипатындағы қағида болып табылады.



Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіні орындауы туралы баяндама жобасының қосымшасы бойынша ұсыныстар
2-бап.
1989 жылғы 19 мамырдағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 40-бабының 4-тармағына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қабылдаған Жалпы тәртіптегі ескертулерге сәйкес, Қазақстан Республикасының АСҚХП-нің талаптарын орындауға қатысты ақпарат барлық мемлекеттік органдарды, лауазымды тұлғаларды және мемлекет азаматтарын Пактінің ережелерімен таныстыру бойынша елде жүргізілген жұмыстар туралы және біздің мемлекетіміздің Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен ынтымақтастықтан хабардар болуы туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
6-бап.
1989 жылғы 19 мамырдағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 40-бабының 4-тармағына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қабылдаған Жалпы тәртіптегі ескертулерге сәйкес, Қазақстан Республикасының АСҚХП-нің адамның өмір сүру құқығынан айырмау туралы 6-бабының талаптарын орындауға қатысты ақпарат Қазақстанның соғыс, әсіресе термоядролық соғыс қаупінен алшақ болу және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін соғысты, зұлматтар актісін және басқа да жаппай зорлық көрсету актісін болдырмау бойынша қызметін қамтуы тиіс. Осы мақсатта баяндамада Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізуге (ҚР ҚК-нің 156-бабы), Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыруға (ҚР ҚК-нің 157-бабы), Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе таратуға (ҚР ҚК-нің 158-бабы), Геноцидке (ҚР ҚК-нің 160-бабы), Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыруға (ҚР ҚК-нің 164-бабы) жауапкершілік көзделгені туралы мәліметті енгізу қажет. Сонымен қатар Қазақстан Республиксының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған жалпы әлемдік, халықаралық келісім, әлемдегі көрші мемлекеттермен ынтымақтастық саясатын да көрсету қажет. Сонымен бірге аталған бапта Қазақстан БҰҰ мүшелігі шеңберінде көрсете білген Азиядағы өзара ықпалдастық және келісім шаралары кеңесін шақыру (АӨЫКК), БҰҰ қамқорлығында Орталық Азиялық бітімгершілік батальонын құру халықаралық бастамалары туралы, еліміздің маңызды мәселелер мен «Ядролық сынақтардың барлық түрлеріне тыйым салу туралы шарт», «Ядролық қаруды таратпау туралы шарт», «Өңірлік қарусыздандыру», «Қаруландырудағы транспаренттілік», «Қарусыздандыру мен даму арасындағы өзара байланыс» және т.б. секілді халықаралық құжаттармен, Қазақстанның Орталық Азиялық ядролық қарудан таза аймақты құру мәселесі бойынша Орталық азия өңіріндегі елдермен және Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерімен белсенді жұмысы туралы ақпараттарды да көрсету қажет. Бұл жұмыстардың нәтижесі Семей қаласында 2007 жылдың қыркүйек айында Ядролық қарудан таза Орталық Азия өңірін құру туралы шартқа қол қою болып табылады.

Сонымен қатар баяндамаға Қазақстан Республикасының бала өлімін азайту және аштыққа және індетке қарсы күресе отырып өмір сүру ұзақтығын арттыру бойынша жұмысы туралы мәліметтерді де қосу қажет.

Адам құқықтары жөніндегі комитет қатысушы-мемлекет нәтижесі адам өліміне алып келетін қылмыстық әрекеттерді жазалау және алдын алу бойынша ғана емес, сонымен бірге ықтиярсыз өлімнің алдын алу, оны жасаған адам билік органдарынан өлім жазасына кесілуін қатаң реттеу және шектеу жолымен шаралар қабылдауы тиіс деп есептейді.
7-бап.
Адамды азаптаудан, басқа да қатыгез, адамгершіліксіз немесе оның намысын қорлау секілді қатынастардан немесе жазалардан қорғау құқығын сақтау деңгейін арттыру және мониторинг жүргізу мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл есептік кезеңде алдын ала қамау және түзеу мекемелеріндегі адамдардың құқықтарын қорғау және көтермелеу бағытындағы басты қызметтерінің бірін жүзеге асырды. Омбудсмен мен оның кеңсесінің қызметкерлері ҚР Әділет министрлігі ҚАЖК Астана қаласындағы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарындағы түзеу мекемелеріне барып қайтты. 2007 жылғы 1 ақпанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның аталған құқықтарының бұзылуының алдын алу механизмін жетілдіру мәселелерін талқылау мақсатында Азаптаудың алдын алу қауымдастығының өкілі доктор Мэтью Пронгмен кездесті. Қазақстандық омбудсмен мекемесінің қызметкері 2007 жылғы 23 ақпанда ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ҚАЖ мекемелеріндегі адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өткізген семинар-кеңесіне қатысты. ҚАЖК мекемелеріндегі адамдардың құқықтарын қорғау, пенитенциарлық мекемелер әкімшісінің сотталушылардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізуші жүзеге асыратын қоғамдық бақылау комиссиясымен өзара қарым-қатынасы, қызметкерлер мен сотталушыларға өзара құқықтар мен міндеттер туралы оқыту семинарларын жұргізу қажеттілігі туралы өзекті мәселелер талқыланды.

2007 жылғы 26 маусымда Уәкілет аппаратының бас сарапшысы Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күніне арналған және «Адам құқықтарының хартиясы» қоғамдық қоры, «Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы», Орталық Азиядағы PRI өкілі (Халықаралық түрме реформасы), Қазақстан Республикасындағы «Фридом Хаус» және Ашық қоғам институты ұйымдастырған «Азаптауды түп тамырымен жою перспективалары және Қазақстан Республикасының осы саладағы өзінің халықаралық міндеттерін орындауы» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Алдын ала ұстау және түзеу мекемелеріндегі адамдарды қорғауға және көтермелеуге қатысты азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесі бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдарға осы санаттағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталу деңгейінің арттырылуына ықпал еткен ұсыныстар жолдады. Есептік кезеңде осы санаттағы адамдардың олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қайта қалпына келтірудің құқықтық әдістері мен тәсілдері жөнінде хабардар болу деңгейінің өскендігі байқалатынын атап көрсету қажет.

Қазақстан Республикасы АСҚХП-нің 7-бабының талаптарын сақтау мақсатында Елбасы 2007 жылғы 25 қыркүйекте Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның Факультативті хаттамасына қол қойды.



АСҚХП-нің Адамның еркін келісінсіз жүргізілген медициналық немесе ғылыми азаптаудан қорғау туралы талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл психиатриялық мекемелердегі адамдардың құқықтарына мониторинг жүргізді. 2006 жылы омбудсмен психикалық ауру адамдарға арналған үш мекемеге: Семей психоневрологиялық ауруларға арналған интернат-үйі, Қостанай облыстық психиатриялық ауруханасы және Ақтөбе психоневрологиялық интернат-үйіне барып қайтты, бұл өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің іске асырылуы мен қорғалуына байланысты жиі қиындықтарға кездесетін рухани сырқат адамдардың бұл тобының құқықтары мен бостандықтары жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізді.

Баяндаманы күзетпен және түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарға барып, оларды дәрігерлердің, адвокаттардың, олардың отбасы мүшелерінің азаптауына қарсы кепілдік беру туралы мәліметтермен толықтыру қажет; ҚР ҚІЖК-нің азаптау немесе басқа да қатынастар жолымен алынған мойындаулар немесе басқа да айғақтарға қатысты ережелері жарамсыз деп танылады және айғақ ретінде пайдаланылмайды.
9-бап.
Есептік кезең ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге азаматтардың құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне, соның ішінде АСҚХП-нің 9-бабында жазылған адамның бостандықтары мен жеке өміріне қол сұқпаушылық құқығы, ықтиярсыз қамауға алудан немесе күзетпен ұстаудан қорғау, қамауға алу себептері мен тағылатын айып туралы хабарлау туралы талаптардың бұзылуына шағымдануға қатысты өтініштері келіп түсті. Осындай мәселелерді қарау барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құзыретті мемлекеттік органдарға қажетті сауалдар жолдады, өтініштер бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде омбудсмен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қайта қалпына келтіру мақсатында құқық бұзушыларға ұсыныстар жолдады, соның нәтижесінде АСҚХП-нің 9-бабының толығымен сақталуы іске асырылды.
10-бап.
Алдын ала қамау және түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдардың құқықтарын қорғау және көтермелеуге бағытталған басты қызметтердің бірін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтарпы жөніндегі уәкіл есептік кезеңде ҚР Әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесінің бірнеше мекемелеріне олардың бас бостандығынан айырылған адамдардың құқықтарын сақтау мәніне, жынысы мен жасына қарай саралап жіктеу, ізгі қарым-қатынастары мен ар-намысын құрметтеу, оларды түзеуге және әлеуметтік бейімделуіне бағытталған белгілі бір тәртіп шеңберінде ұстау мәніне мониторинг жасау мақсатында болып қайтты. Жоғарыда аталған құқықтардың бұзылуына қатысты шағымдар бойынша қабылдау, қарау және оң шешім қабылдау жұмыстары жүргізілді.

Баяндамаға Қазақстан Республикасының АСХҚП-нің осы санатқа жататын адамдарды олардың беделіне жауап бере алатын жеке режимде және сотталушылардан бөлек ұстау туралы талаптарын сақтауы жөніндегі ақпаратты қосу қажет. Сонымен бірге ересек адамдарды кәмілетке толмағандардан бөлу туралы пактінің талаптарын сақтауға кепілдік беру туралы.
17-бап.
1989 жылғы 19 мамырдағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 40-бабының 4-тармағына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қабылдаған Жалпы тәртіптегі ескертулерге сәйкес, қатысушы-мемлекеттердің баяндамаларында бұл құқықты заң шығару, әкімшілік және сот биліктерінің немесе мемлекетте құрылған басқа да құзыретті органдардың сақтауына қандай кепілдік берілетіндігі туралы ақпараты болуы тиіс.

Сонымен бірге Комитет баяндамаға мемлекеттің құқықтық жүйесі шеңберіндегі қандай биліктер және органдар заңмен жол берілетін қол сұғушылықты санкциялауға құзыретті екендігі туралы ақпараттың енгізілуі қажет деп есептейді. Сонымен бірге қандай билік органдары заңға қатаң түрде сәйкестілікпен осындай қол сұғушылықтарға бақылау жасай алатындығы және қандай тәртіпте және қандай органдарға мүдделі адамдар Пактінің 17-бабында белгіленген құқықтарының бұзылуына шағымдана алатындығы туралы ақпарат та қажет. Өз баяндамаларында мемлекеттер тәжірибенің заңға нақты сәйкестігінің шамасы қай деңгейде екендігін нақты көрсетуі тиіс.

Бұған қоса, мемлекеттердің баяндамалары ықтиярсыз немесе заңсыз араласуға байланысты берілген шағымдар туралы, сондай-ақ осындай кез келген жағдайдағы қорғау құралдарын туралы ақпараттармен бірге осы немесе өзге де қорытындылардың саны туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
18-бап.
Діни бостандық адамның негізгі бостандығы болып табылады. Азаматтардың дін бостандығын пайдалану деңгейі мемлекеттік жариялылығының, діни бостандық адамның басқа да бостандықтарының кешенін: ой, сенім, сөз, жиналыс, қауымдастық бостандығын жинақтайтын болғандықтан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бүкіл кешенін құрметтеу деңгейін анықтаушы болып табылады.

Екінші жақтан, діни бостандықты толығымен іске асыру қоғамда басқа дін өкілдеріне, әсіресе діни азшылыққа және жат діндерді ұстаушыларға қатысты төзімді қарым-қатынасты бекітусіз мүмкін емес. Сондықтан діни бостандықты сақтау халықаралық қоғамдастықтың маңызды объектісі болып табылады. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі діни бостандықты қорғау мәселесіне үлкен мән береді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өңірлердегі мекемелермен танысу кезінде өзі болған барлық мекемелерде діни бостандықтың сақталуына мониторинг жүргізіп отырады. Барлық пенитенциарлық мекемелерде, психоневрологиялық интернат-үйлерінде діни салттарды орындауға арналған арнайы орындар бар.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін талдау Қазақстандағы дінге сенушілер діни бостандығын ешқандай кедергісіз пайдалана алатындығын көрсетіп отыр, бұл қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді қалыптастыруға ықпал етеді.



1989 жылғы 19 мамырдағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 40-бабының 4-тармағына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі комитет қабылдаған Жалпы тәртіптегі ескертулерге сәйкес, баяндама тиісті қатысушы-мемлекеттер барлық діндерді немесе сенімдердің бостандығына қысым жасаудан, ал оларды ұстанушыларды кемсітуден қорғау мақсатында қабылдаған шаралары туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Адам құқықтары жөніндегі комитетке қатысушы-мемлекеттердің ой, ар-намыс, дін және сенім бостандығын сақтау деңгейін бағалауы үшін 27-бапқа сәйкес діни азшылық құқықтары туралы ақпарат қажет. Тиісті қатысушы-мемлекеттер өз баяндамаларына заңнама және сот тәжірибесі шеңберінде құдайды даттау ретінде және сондықтан жазалауға жататын әрекеттерге қатысты ақпараттарды енгізуі тиіс.
23-бап.
1989 жылғы 19 мамырдағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 40-бабының 4-тармағына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі комитет қабылдаған Жалпы тәртіптегі ескертулерге сәйкес, қатысушы-мемлекеттер өз баяндамаларында неке бұзылған кезде немесе жұбайлардың бөлек тұрулары кезінде баланың қорғалуы тиіс құқықтарын қамтамасыз ету бойынша қабылдаған ережелері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
24-бап.
Баллардың құқықтарын қорғау және көтермелеу – балалар халықтың ерекше тобы болып табылатындықтан, Уәкілдің қызметінің басым бағыттарының бірі. Оның мәні Бала мен ананың құқығы туралы 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпы декларациясының, 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, 1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің, 1989 жылғы Бала құқықтары туралы конвенцияның, сондай-ақ балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерімен айналысатын мамандандырылған мекемелердің және халықаралық ұйымдардың жарғылары мен тиісті құжаттарының нормаларында белгіленген.

Есептік кезеңде балалар мекемелерінің тұрақты мониторингі шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бала табиғи ортада өсуі және тәрбиеленуі қажет екенідігі туралы, яғни оның ата-атаналары немесе қамқоршылары болуы тиіс екендігі туралы халықаралық стандарттарға сәйкес бала құқықтарын сақталуына байланысты тексеру мақсатында балалар мекемелерін аралайды.



Мемлекеттердің баяндамаларында заңнама мен тәжірибенің мұрагерлік, әсіресе ел азаматы-балалар мен шетелдік балалар арасындағы немесе заңды туылған балалар мен некесіз туылған балалар арасындағы мұрагерлік құқығын қоса алғанда кез келген саладағы кемсітушіліктің кез келген түрін жоюға бағытталған қорғау шараларын қамтамасыз ететіндігін көрсетуі қажет.

Сонымен бірге Комитет қатысушы-мемлекеттер өз баяндамаларында өз отбасыларын тастап кеткен немесе одан айырылған балаларды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және олардың отбасылық тұрмысты сипаттайтын жағдайда дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған арнайы шаралар туралы мәліметтерді қамтуы қажет деп есептейді.

Қатысушы-мемлекеттер баяндамаларында олардың аумағында туылған балаларды тез арада тіркеуді қамтамасыз ететін шараларды нақты көрсетуі тиіс.
25-бап.
1989 жылғы 19 мамырдағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 40-бабының 4-тармағына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі комитет қабылдаған Жалпы тәртіптегі ескертулерге сәйкес:

1. Қатысушы-мемлекеттер баяндамада азаматтардың дауыс беру құқығынан айыратын заң ережелерінің тізбесін және оларға түсініктеме беруі тиіс және онда даяндама қамтитын кезеңде бұл ережелердің қолданылу тәртібі көрсетілуі тиіс. Мемлекеттер баяндамаларында азаматтардың дауыс беру құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін факторларды және мұндай қиындықтарды жеңу үшін қабылданған шараларды көрсетуі тиіс.

2. Сонымен бірге баяндамада қатысушы-мемлекеттер азаматтардың дауыс беру құқығынан айыратын заң ережелерінің тізбесін және оларға түсініктеме беруі тиіс. Оның себептері объективті және негізді болып қажет. Қатысушы-мемлекеттер қандай да бір топтағы немесе санаттағы адамдарды сайлану құқығынан айыратын заң ережелерінің тізбесін және оларға түсініктеме беруі тиіс.

3. Мемлекет мемлекеттік қызметке сайлану шарттары, сондай-ақ белгілі бір қызметтерке қатысты қолданылатын кез келген шектеулер мен шек қоюлар тізілген заң ережелеріне сипаттама беруі қажет.

4. Баяндамаларда кандидатураны жылжытуға арналған шарттар, мысалы жастық шектеулер, сондай-ақ кез келген басқа да шек қоюлар мен шектеулер көрсетілуі тиіс. Мемлекеттердің баяндамаларында сәйкесінше мемлекеттік қызметтегі адамның (полиция немесе қарулы күштерді қоса алғанда) белгілі бір мемлекеттік лауазымға сайлана алмауы мүмкін шектеулер бар-жоғы көрсетілуі тиіс. Сайланатын қызметтегі лауазымды адамды қызметінен босатуға арналған құқықтық негіздер мен рәсімдерді түсіндіру қажет.

5. Мемлекеттер баяндамаларында кепілдік берілген шынайы, еркін және кезеңдік сайлауды жүргізу үшін қандай шаралар қабылданғандығын және сайлау жүйесі немесе жүйелері сайлаушылардың өз еріктерімен әрекет етуін қалайша қамтамасыз ететіндігін және кепілдік беретіндігін көрсетуі тиіс. Баяндамаларда сайлау жүйесінің қызметі және сайлау органдарында әртүрлі саяси бағыттардың өкілдіктері қалай қамтамасыз етілетіндігі ашып көрсетілуі қажет. Бұдан басқа, баяндамаларда барлық азаматтардың дауыс беру құқықтарын іс жүзінде еркін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заңдар мен рәсімдерді, заң сайлау процесінің құпиялылығына, қауіпсіздігі мен дәлелділігіне қандай кепілдік беретіндігін тиісінше көрсету керек. Бұл кепілдіктердің баяндама қамтитын кезеңде іс жүзінде қолданылуын түсіндіру қажет.

6. Мемлекеттердің баяндамаларында мемлекеттік қызметке орналасу шарттары, қолданылатын кез келген шектеулер, сондай-ақ қызметке тағайындау рәсімі, қызмет бойынша өсу, қызметінен уақытша және толығымен босату немесе осы рәсімдерге қатысты әрекет ететін сот не өзге де бақылау механизмі секілді қызметтер босату шарттары көрсетілуі тиіс. Бұдан басқа, баяндамаларда тең қолжетімділік туралы талаптар қалай орындалатындығы, сондай-ақ оны қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданды ма және қандай деңгейде екендігі көрсетілуі қажет.
27-бап.
Қазақстан Республикасындағы оралмандар мен босқындардың құқықтарына мониторинг жүргізу жолымен құқықтарын қорғау проблемаларын шешуге және мемлекеттік билік органдарының білім деңгейін арттыру үшін Еуропа Одағы мен БҰҰ ІКҚБ қаржыландырған «Орталық Азияда баспана жүйесін күшейту мақсатында институционалдық даму әлеуетін нығайту қызметі» жобасы жолданды. 2006 жылғы 19 қазанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ Жоғарғы Комиссарының босқындар істері жөніндегі басқарма осы жобаны іске асыру бойынша келісімге қол қойды.

Келісімде халықтың осы әлеуметтік қауқарсыз тобы өкілдерінің аздаған саны тұратын жерлерде босқындардың құқықтарының ағымдағы жағдайына талдау жүргізу көзделген.

Сонымен қатар, жоба Уәкілге өтініш білдіру мүмкіндіктері туралы ақпаратты таратуға бағытталған, себебі босқындардың құқықтарының бұзылуы туралы өтініштердің саны халықтың осы тобының өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері туралы қажетті білімдерінің жоқтығы салдарынан өте аз.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.О. Шәкіровтің

Бас Ассамблеясының 62-сессиясында сөйлеген сөзі
2007 жылғы 11-12 желтоқсан
Төраға мырза,

Құрметті делегаттар!
Балалық шақ әрбір адамның өміріндегі аса маңызды әрі адамды жеке тұлға ретінде қалыптастыратын кезең болып табылады. Балалар – біздің болашағымыз. Балаларға лайықты өмір сүруге кепілдік беру үшін және оларды өмірдің қолайлы ересектік кезеңіне дайындау үшін біз баланы тек болашақ жеке тұлға ретінде ғана емес, барлық құқықтарды пайдалана алатын қоғамның мәнді әрі тең мүшесі ретінде қабылдауымыз қажет.

Әрине, Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ конвенциясы мен балалар мүддесіндегі жоғары деңгейдегі Дүниежүзілік кездесудің қорытынды құжаты «Балалардың өміріне пайдалы әлем» бала құқықтарын қорғау бойынша негіз қалаушы және барлық мәселені қамтитын құжаттар болып табылады және осы салада басты рөлде қала береді.

Балалар мүддесіндегі жоғары деңгейдегі Дүниежүзілік кездесуге және оның қорытынды құжатына аса мән бере отырып, біз балалардың жағдайы жөніндегі БА-ның арнайы сессиясының 5 жылдық қызметіне шолу жасаймыз. Біз жоғары деңгейдегі бұл форумның Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысушы-мемлекеттерге де біздің жетістіктерімізді бағалаудың және жаңа талаптарды оларды шешу жолдарымен бірге белгілеудің мүмкіндіктер деп білеміз.

Халықаралық қоғамдастық соңғы Дүниежүзілік кездесу өткізген сәттен бері айтарлықтай жетістіктерге жетті. Алайда бұл үдеріс жер бетіндегі барлық балалардың жағдайын жақсарту және «Мыңжылдықтың Даму Мақсаттары» құжаттарында, Балалар құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясында және «Балалардың өміріне пайдалы әлемнің» іс-шаралар жоспарында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін жеткіліксіз болып табылады.

Қазақстан Пинейро мырзаның балаларға зорлық көрсету проблемаларын зерделеу бойынша сіңірген еңбегін қолдайды. Бұл баяндама балаларға қарсы зорлық көрсетудің барлық нысандарын жан-жақты әрі ғаламдық зерделеудің жарқын үлгісі болып табылады.

Баяндамада балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың ешқайсысы да сақталмайтындығы; балаларға қарсы зорлық көрсетудің жолын кесуге болатындығы атап көрсетілген. Біз халықаралық сарапшылардың қорытындылары мен ұсыныстары БҰҰ қатысушы-мемлекеттер мен жүйесінің барлық балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және оның жолын кесу бойынша тиімді шараларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы үшін берік негіз қалаймыз.



1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет