Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2


Қаралуы оң шешім таппаған өтініштер



бет9/26
Дата22.02.2016
өлшемі6.78 Mb.
#1840
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

1.4. Қаралуы оң шешім таппаған өтініштер
Өтініштерді талдау өтініш берушілердің шағымдары әр кезде оң шешіле бермейтіндігін көрсетеді.

Құқықтарды қалпына келтіруге кедергі болған себептер құқық бұзушылық фактілерінің дәлелденбеуі, сондай-ақ объективтік факторлар болып табылады.

Бұрынға есептерде көрсетілгендей көбінесе тергеуді заңсыз тәсілмен жүргізуді қолданылуы немесе жазасын өтеу орындарындағы қатыгездік фактілері көрсетілген шағымдар оң шешімін таппайды. Ол фактілерді тексеру бойынша тиімді тетіктер жасау қажеттігін дәлелдейді.

Айталық, Шымкент «Қазақ саңыраулар қоғамы» білім беру-өндіріс кәсіпорыны директоры О. шағымы бойынша (22.12.06 кіріс № 1300/02) ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жүргізген тексеріс өтініш авторы көрсеткен тексерістің заңсыз жүргізілуі фактісін растаған жоқ. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тергелуші, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілге шағым беруші Ж. қатысты (26.01.07 кіріс № 73/02) дене жарақаты шараларын қолдану фактісі расталған жоқ.

Ақмола облысы бойынша ҚР Әділетмині ҚАЖКБ ЕЦ-166/26 мекемесінде отырған сотталушы Ж. (26.01.07 кіріс № 74/02) мекемеде оны және басқа да сотталғандарды әкімшілік қызметкерлері ұрып-соғатындығын, қатыгездікпен адамның ар-намысына тиетіндей ауыр сөздер айтатындығын хабарлады. Шағымда заңда белгіленген уақыттан тыс жалақы төлемей жұмысқа тартатындығы, сапасыз тамақпен тамақтандыратындығы, киім-кешектің жетіспейтіндігі, және медициналық қамтамасыз етудің жеткілікті дәрежеде еместігі жазылған. Сонымен бірге Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің жүргізген тексерісі барысында өтініште көрсетілген фактілер расталған жоқ.

Өтініш берушілердің құқығын қорғаудың бірқатар жағдайлары объективті сипаттарға байланысты қиындық тудырып отыр.

Ресей Федерациясының азаматы Ф. шағымы бойынша (04.01.07 кіріс № 9/02) жүргізілген тергеу де осындай сипатқа ие. Онда өтініш беруші Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары 2005 жылдан бастап Петропавл-Есіл көлік жолында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу және іс жүргізу шешімін қабылдау бойынша шаралар қолданбай отырғандығын хабарлайды. Уәкілдің сауалы бойынша ҚР Бас прокуратурасы тергеу барысында жол-көлік оқиғасына кінәлі Петропавл қаласынан шығып Қызылжар ІІАБ-не ескертпей Мәскеу қаласына жол жүріп кеткен. «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Минск конвенциясының нормаларына сәйкес Ресей Федерациясына жол-көлік оқиғасы тараптарының сот-медициналық сараптамасын жүргізу туралы хат жіберілгендігін хабарлады. ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық істі РФ қылмыстық заңнамасына сәйкес жол-көлік оқиғасына кінәліге қатысты тергеуді жүзеге асыру үшін РФ Бас прокуратурасына жіберген. Өтініш берушіге РФ Бас прокуратурасына баруына ұсыным берілді.

Кейде өтініш берушілер олардың құқықтарының бұзылу фактісі болмай тұрып шағым жібереді.

Айталық, Өскемен қаласының «О.» ПИК төрағасы О. (15.01.07 кіріс № 48/03) бір тұрғын үй тұрғындарының атынан өтініш білдірді. Олар сол үйге жақын жердегі құрылыс объектісі өрт қауіпсіздігі нормасын бұзады деп санайды. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес құрылыс объектілеріне жауапты «В.» ЖШС құрылыстың оның халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға ықпалы туралы қорытынды беретін бақылау-қадағалау органдарымен келісілетін жобасы әлі әзірленбегендігін хабарлады. Сондай-ақ жоба мемлекеттік ведомствалық емес және экологиялық сараптамадан өту үшін уәкілетті органдарға жіберілуі тиіс. Тек барлық рәсімдерден өткен соң және оң қорытынды алған соң ғана тапсырыс беруші құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат туралы өтініш бере алады.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс кезінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жүргізген тергеу нәтижесінде ақпарат алуға өтініш берушінің құқығы қалпына келтіріледі, алайда оның негізгі өтініші қанағаттандырылмайды, өйткені алынған материалдар өтініш берушінің құқығының бұзылғандығын растамайды.

Айталық, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Шығыс Қазақстан облысының «Жауынгерлердің аналары Ұйымы» Комиетінің төрағасы С. мерзімді әскери қызметін өтеу уақытында С. қаза табуына байланысты бір жолғы өтемақы төлеу мәселесін шешуге көмек көрсету үшін өтініш білдірді (15.01.07 кіріс № 50/03). Өтініш беруші қаза тапқан әскери қызметшінің анасына сержант С. қайтыс болғандығы фактісін тергеу нәтижелері туралы құжаттың болмауы себепті бір жолғы өтемақы төлеуден бас тартылғандығы айтылады. Бірақ көрсетілген құжат әскери бөлім мен әскери прокуратураға жіберілмеген, ол жерлерге бірнеше рет тиісті сауал жіберілді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша Ішкі әскер қолбасшылығы С. өзіне өзі қол жұмсауы фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізді, 6654 әскери бөлімнің лауазымды тұлғалары қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Алайда қызметтік тергеу бойынша С. өзіне өзі қол жұмсауына ықпал еткен жарғылық өзара қарым-қатынастарды бұзу фактісі анықталған жоқ. Қызметтік тергеу материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау үшін ҚР ІІМ ІТБ берілді. Тергеу сондай-ақ жарғылық өзара қарым-қатынастардың бұзылуы фактісін де анықтаған жоқ. ҚР ІІМ ІТБ бастығы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарды.

«Әскери қызметшілермен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабына сәйкес егер өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу оқиғаларын қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен өлім себебі өзін-өзі өлтіру болып табылғандығы дәлелденсе, қайтыс болған, жарақат алған жағдайда әскери қызмет өткерген әскери қызметшіге не әскери жиынға шақырылған әскери міндеттіге бір жолғы жәрдемақы төленбейді. Осы жағдайда өтініш берушінің өтініште жазған фактілерін тексергеннен кейін әскери қызметшінің анасының құқығы бұзылмаған деп белгіленді.

Көбіне өтініштердің оң шешімін таппаған бөлігі мемлекеттік органдардың жұмыстарындағы кемшіліктермен байланысты.

Мысалы, Қ. өтініші бойынша (16.03.07 кіріс № 249/03) жүргізілген тексерістің нәтижесінде мемлекеттік орган құжатты жоғалтқандығы себебінен өтініш берушінің құқығы іске асырылмайтындығы анықталды. Өз өтінішінде өтініш беруші 2004 жылдан бастап осы уақытқа дейін сот анықтамасына қолы жетпей жүргендігін хабарлады. Өтініш авторының айтуынша уәкілетті мемлекеттік органдар сот актісін орындауға бағытталған түбегейлі шаралар қолданбаған.

Көрсетілген өтініш бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің атына сауал жіберген. Жүргізілген тексерудің нәтижесінде атқару өндірісі Алматы облысы бойынша Сот әкімшілігінен Алматы қаласы сот атқарушысының өндірісіне түскендігі белгілі болды, осыған байланысты борышкер Алматы қаласында жұмыс істейді.

Жұмыс орнына бару бойынша борышкердің 2005 жылғы 1 сәуірде жұмыстан шығып кеткендігі белгілі болды, одан кейін атқару парағы Алматы облысының Сот әкімшілігі Жамбыл аумақтық учаскесіне қайтарылған.

Алайда Алматы облысы бойынша Сот әкімшілігіне орындау үшін түскен атқару құжаты маңызды емес. Атқару құжатының жоғалуына байланысты Комитет Алматы облысының Сот әкімшілігіне атқару құжатының дубликатын жасау бойынша тез арада шаралар қабылдау және оны орындауға қабылдау туралы тапсырма берді.

Уәкілдің мекенжайына жергілікті атқарушы органдардың әрекеттері мен шешімдеріне келіспейтіндіктерін білдіретін өтініштер жиі келіп түседі.

Мысалы, Алматы облысы А.лма-Арасан ауылының тұрғындары (кіріс 699/03 23.07.2007) өтініштерінде «Алма-Арасан» санаторийін жеке коммерциялық меншікке беру туралы шешіммен келіспейтіндіктерін білдіреді.



2. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ықпал ету

тәсілдері мен тетіктері
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдардың шешімдерін өзгертуге құқылы емес, ол тек шағымдарда көрсетілген талаптарға көңіл аударады, мемлекеттік органдардың бұрынғы шешімдерін өзгертуге ықпал ете алады. Омбудсмен қателіктерді, проблемаларды, түрлі бұзушылықтарды ғана хабарлайды, мәселені түбегейлі шеше алмайды. Демек, өтініш берушінің жағдайын тек атқарушы билік аппараты, не Парламент қана шеше алады. Егер атқарушы билік органына өтініш беру тиімді болмаса, Уәкіл ҚР Президентіне және Парламентіне жіберетін есепке тиісті ақпаратты енгізеді.

Сараптамалық қорытындыларда болуы мүмкін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымдары, мамандандырылған мекемелерге барудың мониторингі нәтижесі, мемлекеттік органдарға өтініш білдіру туралы ақпарат ықпал етудің маңызды нысаны болып табылады.


2.1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеулері
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 21-тармағына сәйкес ол өз өтінішін тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентке немесе Үкіметке жіберуге құқылы.

Есеп беру кезеңінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҚР Үкіметіне Қазақстан Республикасында өлім жазасына кесуден түбегейлі бас тарту және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына ұсынылған өлім жазасына жалпыға бірдей мораторий енгізу туралы Италия Республикасының бастамасын қолдау мәселелері бойынша; Алматы облысы бойынша адам құқықтары мониторингінің қорытындысы бойынша екі өтініш дайындады.

2007 жылғы 19 ақпанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.К. Мәсімовке өлім жазасынан бас тарту мәселесі бойынша өтініш жасады.

Үндеу мәтіні төмендегідей:


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің

Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне үндеуі
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы мемлекеттің ең үлкен құндылығы адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы деп жариялайды. Өмір сүру құқығы адам құқықтарының ішіндегі ең бастысы және маңыздысы болып көзделеді.

Өмір сүру құқығының халықаралық-құқықтық регламентациясы 1948 жылғы Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында берілген. Осы Декларацияның 3-бабында әрбір адамның өмір сүруге, бостандыққа және жеке қол сұғылмаушылыққа құқығы бар деп жазылған. Қазақстан бекіткен 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакттің 6 бабында өмір сүруге құқық әрбір адамның ажырамас құқығы, ол заңмен қорғалады деп белгіленген. Ешкім еріксіз өмір сүру құқығынан айырылмауы тиіс.

Қазақстанда өлім жазасы рақымшылық жасау туралы ұсыным құқығын бере отырып, аса ауыр қылмысты жазалаудың ерекше шарасы ретінде заңмен белгіленеді.

«Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Жарлыққа 2003 жылғы 17 желтоқсанда қол қоя отырып, Мемлекет Басшысы адамгершілік мұратын, адамзатқа ортақ құндылықтардың және Қазақстан Республикасы негізгі заңының ережелерінің басымдықтарын сақтауды атап көрсетті. Жарлық одан бас тарту туралы мәселе шешілгенге дейін Қазақстан Республикасында өлім жазасын орындауға мораторий енгізуді көздейді және Үкіметке осы жарлықты іске асыруға бағытталған заң жобасын Парламентке енгізу туралы тапсырма берілді.

2003 жылғы 31 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қамау түріндегі жазалау, сондай-ақ өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолданысқа енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Жазалаудың ерекше шараларының баламасы ретінде өлім жазасына мораторий және оның артынша өмір бойы бас бостандығынан айыру институтын енгізу өлім жазасынан толықтай бас тартуға маңызды қадам болып табылды.

Өлім жазасынан бас тарту мәселесін түбегейлі шешу мақсатында «Қазақстан Республикасында өлім жазасынан бас тарту туралы мәселелерді зерделеу жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 687 қаулысымен Қазақстан Республикасында өлім жазасынан бас тарту туралы мәселені мұқият және жан-жақты зерделеуге тиіс комиссия құрылды.

Қазақстанда өлім жазасынан бас тарту үшін алғышарт толықтай пісіп жетілді.

Біріншіден, өлім жазасынан бас тарту елде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформа мақсаттарының бірі болып табылады, ол осы бағыттағы қабылданған заң актілерінде көрініс табады.

Екіншіден, адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы негіз қалаушы халықаралық актілердің қатарына кейін қосылу жөніндегі іс-шаралар өлім жазасынан бас тарту жөніндегі іс-шаралар процесін тездету туралы мәселені шешуді ынталандырады.

Үшіншіден, қылмыстық заңнамада көзделген іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету өлім жазасының баламасы - өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының осы түрін қолдану үшін нақты жағдай жасайды.

Төртіншіден, өлім жазасынан бас тарту идеясын БАҚ арқылы тарату оны қоғамның адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы жоғары құндылығы болып табылатын демократиялық, құқықтық мемлекеттің ажырамас элементі деп тануына ықпал етеді.

Өлім жазасы жасалған қылмыстың ауырлығына қарамастан жаза түрі ретінде адам құқықтарының принциптерімен келіспейді, ол өлім жазасынан бас тартуға, сондай-ақ либерализм дәстүрі дамыған елдерде өлім жазасынан бас тартуға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге әлемдік қауымдастықтың Екінші Факультативтік хаттама әзірлеуін куәландырады.

Қазақстанда өлім жазасынан толық бас тартуға бағытталған процесті логикалық жалғастыру біздің көзқарасымызша Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманы бекіту болуы мүмкін.

Өлім жазасынан бас тарту мәселесі Қазақстан үшін ғана емес барлық әлемдік қауымдастық үшін де өзекті.

Қазіргі уақытта өлім жазасына әлемдік мораторий белгілеу туралы резолюция жобасын БҰҰ Бас Ассамблеясының күн тәртібіне енгізуге бастамашылық ете отырып Италия және Франция сияқты дамыған демокартиялық мемлекеттер өлім жазасынан бас тартуға барынша белсенді қатысуда.

Біздің көзқарасымызша, осы бастаманы адамның өмір сүруге құқығын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды сақтауға ұмтылушы мемлекет ретінде Қазақстанның да қолдауы тиіс.



Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі

уәкіл Б. Байқадамов

Алматы облысын аралаудың қорытындысы бойынша өтініш 2007 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовке жіберілді.

Үндеудің мәтіні төменде беріледі:

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің

Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне үндеуі
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
2007 жылғы қарашаның 26-ы мен 27-і аралығында Қазақстан аймағында адам құқықтарын сақтаудың жоспарлық мониторингін жүргізу шеңберінде мен Алматы облысында болдым.

Іссапар барысында Алматы облысының Ішкі істер департаменті Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығының (КТУОБО), «Талдықорған қаласының балалар үйі» және «Талдықорған аймақтық психоневрологиялық диспансері», Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Басқармасының ЛА-155/16 Мекемесінің, Талдықорған қаласы Ішкі істер басқармасы уақытша ұстау изоляторының, Талдықорған әскери гарнизонының жұмыстарымен таныстым.

Барлық көрсетілген мемлекеттік мекемелер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, барған кезімде маған ешқандай шағым түскен жоқ.

Сонымен бірге, біздің көзқарасымызша құқық қорғау проблематикасы тұрғысында өз шешімін талап ететін мынадай өзекті мәселелерге көңіл бөлу қажет деп пайымдаймын.



КТУОБО бойынша

2004 жылғы 9 шілдеде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңы қабылданды, онда КТУОБО қадағалаусыз және панасыз балалар, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ құқық бұзған, ішкі істер органдарының қарауында тұрған балалар үшін кәмелетке толмағандарды қабылдау және уақытша ұстауды қамтамасыз ететін арнайы балалар мекемесі ретінде анықталды.

Заңның осы нормасы БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитетінің Қазақстан үшін әзірленген Ұсынымдамасына қайшы келеді, онда ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, соның ішінде қадағалаусыз қалған балалар қылмыс жасады деп күдіктелген немесе айыпталған балалармен бірге жабық мекемеде ұсталатындығына алаңдаушылық білдіреді.

Осы тұрғыда Комитет отбасылық күтімі жоқ балалардың жоғарыда көрсетілген типтегі мекемеде (изоляторда) ешқандай жағдайда тұрмауы үшін нормативтік реттеу және тәжірибелік кепілдіктер әзірлеуді ұсынады.

Осылайша, осы балалардың қылмыс жасауына немесе панасыз қалуына қарамастан КТУОБО-да ұсталуы балалардың құқығын сақтау саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарына жауап бермейді.

Осыған байланысты жоғалған, тастап кеткен, үйсіз балаларды құқық бузышылык жасағандардан бөлек ұстау, сондай-ак КТУОБО мемлекеттік органға беру маселесін құқықтық шешу аса көңіл бөлуді қажет етеді.

Жоғарыда жазылғандарды ескере отырып «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңынын 10, 11, 19, 22-баптарына тиісті өзгерістер енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы № 708 бұйрығымен бекітілген Кәмелетке жасы толмағандарды оқшаулару, бейімдеу және оңалту орталығы туралы ережелерді түбегейлі қайта дайындау ұсынылады.

«Талдықорған қаласындағы балалар үйі» ММ бойынша

«Талдықорған қаласындағы балалар үйі» Мемлекеттік мекемесіне барғанымда сәбилер үйіндегі балалардың болу мерзімін 3 жастан 4 жасқа дейін ұзарту мүмкіндігі туралы мәселемен маған бас дәрігер өтініш білдірді.

Білім беру жүйесінің интернат мекемесіне ерте бастан ауыстыру балалардың жанына және физикалық жағдайына ауыр тиеді, олар жаңа орынға қиынырақ бейімделеді. Осы қорытындыны осындай мекемелердің басқа да басшылары растайды.

Осыған байланысты балалардың бөбектер үйінде 4 жасқа дейін тұруын ұзарту туралы мәселені қарастыру орынды болып көрінеді, осылайша оларға жаңа жағдайда тұрулары үшін белгілі бір дағдыларды үйрету және дайындау мүмкіндігін беру қажет.

Осы мәселені шешу «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» ҚР Заңының 30-бабына, Бөбектер үйінің қызметін ұйымдастыру ережелерінің 2-тармағына және ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 6 маусымдағы № 228 бұйрығымен бекітілген Балаларды бөбектер үйіне қабылдау және одан шығару ережелерінің 2 тармағына түзетулер енгізуді талап етеді.

Мемлекеттік органдар көңіл аудармай келе жатқан тағы бір проблема тиісті құжаттарсыз балаларды бөбектер үйіне беру болып табылады. Осы факт мекеме персоналдарының жұмыстарын едәуір қиындатады, тәрбиелеу және емдеуден басқа оларға туған күні мен жерін, ата-аналары туралы мәліметтермен, баланың даму тарихы және т.б. функциялармен айналысуларына тура келеді.



«Талдықорған аймақтық психоневрологиялық диспансері» ММ бойынша

Осы объектіде болу санитарлық-гигиеналық жоспарда ұстау жағдайы деңгейінің қанағаттандырғысыз екендігі, сондай-ақ материалдық-техникалық базаларды жаңарту, емдеу корпустарын күрделі жөндеу, оларды жалпы қабылданған қазіргі заманғы талапқа сай келтірге бейімдеу туралы қорытынды жасауға әкелді.

Бұдан басқа, осы мекемедегі бір емделушінің тамағына облыс мәслихаты бекіткен ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес 178 теңге мөлшерінде сома бөлінеді. Алайда, тек соңғы уақытта жекелеген тамақ өнімдерінің бағасы 1,5-2 есе өсті, ал тамақ шығындарының сомасы бұрынғыдай болып қалған, осыған байланысты осы норманы қайта қарау қажет.

Талдықорған психоневрологиялық диспансеріндегі емделушілердің жағдайлары БҰҰ Бас ассамблеясының 75 пленарлық отырысында бекітілген Психикалық ауру адамдарды қорғау және психиатриялық көмек көрсетуді жақсарту принциптеріне, сондай-ақ «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес келмейді.

Сонымен бірге, психикалық ауытқушылықтармен ауыратын азаматтар халық санатының құқықтық қатынастарында барынша осал жандардың бірі болып табылады және мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлуді талап етеді.

Тергеу изоляторы бойынша

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Әділетмині ҚАЖКБ ЛА-166/16 ММ-да болған уақытта «күндізгі стационар» принципі бойынша емделудегі адамдар үшін арнайы жабдықталған үй-жайдың жоқтығы анықталды.

Осы жағдай күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау жағдайының Сотталғандарға көңіл бөлудің БҰҰ ең аз стандарттық ережелеріне және ұлттық заңнамаға, атап айтқанда «Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» ҚР Заңының күзетте ұстау орнының әкімшілігі белгіленген санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптарды сақтауды, көрсетілген адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге міндетті деп көрсеткен 22-бабына сәйкес келмейтіндігін көрсетеді.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, жазылғандардың негізінде уәкілетті органдардың жоғарыда аталған қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етуі мүмкін проблемаларды одан әрі шешулеріне ықпал етуіңізді сұраймын.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі

уәкіл А. Шәкіров


2.2. Сұраулар мен ұсынымдар
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25-тармағына сәйкес өтініштерді тексерудің қорытыныдылары бойынша құқығы мен бостандығы бұзылған өтініш берушінің бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін қабылдануы тиіс шараларды лауазымды тұлғаға ұсынуға құқылы.

Есеп беру кезеңі аралығында мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келіп түскен өтініштер және БАҚ хабарларына байланысты өз бастамашылықтармен 534 сауал және 12 ұсыным дайындалды және жіберілді. Көптеген сауалдар ҚР Бас прокуратурасына (жалпы сауалдар санының 31/8%), Ішкі істер министрлігіне (16,5%), әкімдіктерге (12,1%), ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке (8,05 %), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (7,4 %), Әділет министрлігіне (7,3 %) жіберілді.

Есеп беру кезеңінде жауаптарды кейбір мемлекеттік органдар белгіленген мерзімді бұзып жіберді. 2003 жылы мемлекеттік органдардан алған хаттардың жалпы санының көрсеткіші 6,91 %, 2004 – 7,89 %, 2005 – 9,95 %, 2006 – 7,4 %, 2007 жылы – 5,4 % құрады.

Көбіне ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен алынған сауалдарға қатысты жауаптар мерзімін бұзды (19-дың 5-уі мерзімін бұзды), әкімдіктер (65-тің 9-ы мерзімін бұзды), ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет (43-тің 3-уі), Бас прокуратурасы (170-тің 6-уы).


Сұраулар жіберілген мемлекеттік

органдар мен ұйымдар


Органдардың атауы

Сұраулардың саны

Мерзімі бұзылған жауаптардың саны

Бас прокуратурасы

170

6

Ішкі істер министрлігі

88

3

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

40




Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті

43

3

Әкімшіліктер

65

9

Әділет министрлігі

39

1

Қаржы министрлігі

2




Денсаулық сақтау министрлігі

21




Білім және ғылым министрлігі

5




Көші-қон комитеті







Қорғаныс министрлігі

3




Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

1




Шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары

6




Мәдениет және ақпарат министрлігі

1




Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

19

5

Соттар

3

1

Ұлттық банк







Мемлекеттік мұрағат

5




Сыртқы істер министрлігі

2




Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

1




Жер ресурстарын басқару агенттігі

2




Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс агенттігі







Ауыл шаруашылығы министрлігі

2




Төтенше жағдайлар министрлігі







Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі







ҚР ҰҚК

9




ЖШС, АҚ, ААҚ және т.б.

3




Байқоңыр қаласы әкімшілігі

2

1

Байқоңырдағы ҚР Президентінің арнайы өкілі

1




Төтенше жағдайлар министрлігі

1




Барлығы

534

29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет