8.2 Биік діңгектердің маркшейдерлік түсірісі.
Жезқазған кен орнын панельді – бағаналы қазу жүйесінен өңдеу барысында өте панельді бос қуыстар пайда болады және төбені ұстап тұруға толыпжатқан шығынға жатқызатын рудалы бағаналар қондырылады.
Жобамен алдын ала ескеріліп, кеннің қуатына және жер бетінен жату тереңдігіне байланысы диаметрі 5-10 м жекемеленген вертикаль діңгектер қондырылады.
Діңгектердің формасын келтіру бұрғылау – атылыс жұмыстары арқылы істеледі, сондықтан олар бір-бірлерінен формалары және көлденең қималарымен ерекшеленеді. Жиі діңгектердің вертикальдығы сақталмайды, нәтижесінде олар 5º, не одан да үлкен бұрышты болады. Діңгектердің төбені ұстап тұру қабілетінің жоғалтуы. Кеннің қуаты үлкен діңгектердің орналасу бұрышы үлкейген сайын арта түседі. Есептеулерден көруге болады, діңгектердің диаметрі 0,3 тен биіктігіне қатынасы және орналасу бұрышы 15º болса діңгек ұстап тұру қабілетін мүлдем жоғалтады.
Жезқазған кен орнында панельді – бағаналы қазу жүйесін қолданғанда, тазарту камераларының төбесінің құлауы және камера аралық діңгектердің қирауы, сол учаскелерде қондырылған діңгектердің көлемі тау-кен геологиялық жағдайға сәйкес келмегендіктен.
Діңгектердің дұрыс формасын келтіруді бақылау және олардың шын мәніндегі мөлшерін толық және дәл маркшейдердегі түсірістер арқылы анықталады. Тазарту камераларын және биік діңгектерді түсіру, арнайы бұрыш өлшеуіш аспаптармен, адам бара алмайтын жерлерге дейін ара-қашықтықты өлшеу құрылғыларымен іске асады. Осы уақытқа дейін пайда болған аспаптар (ТПК, ТПБ) өздерінің коструктивтік және басқа да жетіспеушіліктернен шахта жағдайына қолдам таппады.
Қарапайым және сенімді әдіс биік діңгектерді түсіру және түсіріс қорытындысында діңгектің вертикаль қимасын құрастыру. Бұл түсіріс әдісі 8.1 және 8.2 суретте көрсетілген және мәні төмендегідей.
Кәдімгі Т5-к әлде 2Т30-м теодолиттік N нүктесінен L1 арақашықтығында діңгектің екі жақ жазықтығы барлық биіктігінде көрінетіндей орнатады.
Теодолиттік нысана сәулесін діңгектің төменгі табанына бір нүктеге бағыттап горизонталь және вертикаль жазықтықта алғашқы есеп алынады. L нүктесінен 1-ші нүктеге дейін арақашықтықты өлшейді. Сосын алидаданы босатып, нысана сәулесін діңгектің жазықтығындағы жоғарғы нүктелерге бағыттап, горизонталь α және вертикаль β бұрыштарын өлшейді. Басқа қималардың түсірісін осыған үйлестіріп есептейді.
Діңгектің вертикаль қимасын салу, үшін N горизонталь жазықтығында теодолиттің тұрған нүктесінен
NO= L1 = L /cos*(L1 - L1/2)
арақашықтығында QQ1 сызығын жүргізеді. Сосын транспорт көмегімен алғашқы Н1 бағытының сызығын, горизонталь бұрышының
1NO= L1 - L1/2 ,
QQ1 сызығымен қиылыстырып 1-ші нүктені табады. α2 горизонталь бұрышын салып QQ1 сызығымен қиылыстырып 2-ші нүктені табамыз.
Айтылған нүктелерден QQ1 сызығына перпендикуляртұрғызады және N2 -ге сәйкес 2 – 2" және 2 – 2' табады.
Сосын өлшеген β2 бұрышына тең 2П2 бұрышын салып 2 нүктесін табамыз N-2 түзу сызықтың бойында 2 – 2' кесіндісін йналдырып іздеген 2 нүктесін табамыз, бұл нүкте 2-ші нүктенің V вертикалы жазықтығына проекциясы. Діңгектің басқа 3-12 дейінгі нүктелерінің проекциялары осы әдіске үйлестіріліп анықтаймыз. Табылған нүктелерді түзу сызықтарымен қосып, діңгектің вертикаль қимасын бірімен чертеждің масштабында табамыз.
Аспаптың тұрған жерінен тек қана КК, нүктелері көрінеді, және түсіріс осы жазықтықтан ауытқыған діңгектің осі арқылы өтетін NN1 сызығы. Ауытқу мөлшері ООт, L1 ара-қашықтығында және діңгектің диаметріне байланысты.
Енді вертикаль жазықтың қимасының жылжуының, бағана диметрін анықтауға тигізетін әсерін қарастырамыз К1К2 сызығының қиындасы діңгектің ын мәніндегі диамері деп алынған ол NN мәнінен кейін.
Бұл жерде діңгектің диаметі
=d=d*(1-cosα/2)
мөлшерінен кішірейеді d=6 м тең болып, α/ L1 мәні 0,4 пен 0,1 дейі болса, онда діңгектің диаметрі d/ d кішірейеді.
d / L1 0,4 0,3 0,2 0,1
d/ d = 1/30*1/100*1/200*1/500
Келтірілген сандардан көруге болады, L1 ара қашықтығын үлкейтілген сайын діңгектің QQ1 осінен жазықтықтың қимасының жылжуыфның мөлшері азады, сондықтан d/ d діңгектің диаметрінің салыстырмалы мөлшеріде азаяды. Таблицада көрсетілгендей α/ L1 тең болғанда.
ОО1 мөлшері діңгектің диаметрін анықтағанда ешқандай әсерін тигізбейді. Діңгектің осы түсіру әдісін қолдану L1>3 L және L1>L (діңгектің биіктігі ) болғанда өте пайдалы жағдай.
Діңгектің диаметрі 6 м болғанда L1=20 м d=0,07 м тең. Ұсынып отырған әдіс Жезқазған комбинатының №57 және Покро шахталарының биік діңгектерін түсіруге қолданған. Түсіріс нәтижесі бұл әдістің қарапайым және сенімді екенін, жоғарғы дәлдікпен діңгектің вертикаль қимасын тұрғызуға болатынын көрсетті. Биіктігі 15-17 м діңгекті түсіру үшін 15-20 мин, ал камералдық жұмыстарға 1,5-2 сағат кетеді.
Келтірілген әдіс қуаты үлкен ашық камералдің төбесін түсіруге пайдалануға болады. Бұл жағдайда L1 ара қашықтығы үлкен тобты маркшейдерлік пландардан аналитикалық әлде графикалық түрде анықталады.
Қорытынды
Бұл диплом Жезқазған кен орны бойынша жобаланған. Кен орны ығысу аймағынан тысқары түсетін бос тік оқпан және екі қанаттік түсетін желдеткіш оқпандармен ашылады.
Салыстырған бәсекелес жүйелер арасында, Жезқазған кен орнының геологиялық және тау-кен техникалық жағдайына сәйкес, панельді бағаналы қазу жүйесі болып табылады. Кеніш көзін ашу схемасына сәйкес кенді өндіруде жоспарда, келтірілген флангалық әдісі қолданылады.
Шахта бетінде тіреу торларын 4 кластық триангуляция және 1 разрядты полигонометрия бойынша жүргізіледі, ал шахтада полигонометиямен 7 және 2 разрядты түсіру торларымен жүргізіледі. Экономикалық есептеулер бойынша руданың өзіндік құны 953,05 тенге/т, өндірістің пайдасы 50% ронтабельдігі 43,6%7
Пайдаланған әдебиеттер
-
М.Б. Нұрпейсова “Геодезия және маркшейдерлік іс” – Алматы, 1993
-
Ш.Әбдіраманов “Жер астында уда қазу процестерін есептеу” – Алматы “Ана тілі”, 1991
-
Н.Х.Баязитов “Жер асты қазу жүрістері” – Алматы КазПТШ, 1992
-
В.И.Борщ-компоннец “Маркшейдерское дело” – М: Недра, 1985
-
Тау-ккен журналы – М: Недра, 1911
-
Тау-кен журналы – М: Недра, 1969
Достарыңызбен бөлісу: |