Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет



бет3/5
Дата01.06.2016
өлшемі364 Kb.
#106588
1   2   3   4   5

Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик

«Верныйды» Алматыға ауыстырған қайраткер

Саналы өмірін қазақ халқының сақталуы мен дамуы жолында сарп еткен Алаш ардагерлерінің қатарында Ораз Қиқымұлы Жандосовтың алатын орны ерекше. Ол қоғам және мемлекет қайраткері ретінде өзінің артында үлкен рухани мұра қалдырған бірегей тұлға. Биылғы жылдың мамыр айында Ораз Қиқымұлының туғанына 115 жыл толады.

Ораз Жандосов 1899 жылы ақпан айында Алматы облысының қазіргі Қарасай ауданына қарасты Қаскелең ауылында дүниеге келді. Ол бар-жоғы 39 жыл ғана өмір сүрді. 1937 жылы сталиндік саяси репрессияның құрбаны ретінде ұсталып, 1938 жылдың 2-наурызында жазықсыз атылды. Көптеген Алаш арыстарына сталиндік тоталитарлық жүйе жапқан «Халық жауы» деген жала Ораз Жандосовқа да жабылды.

Тарих таразысы Ораз сияқты арыстарды толықтай ақтап алды. Кеңес Одағының зорлықшыл, барлық халықты бір орталыққа қатал бағындырған тоталитарлық жүйесіне Ораз Қиқымұлы сынды озық ойлы, халықтың мұң-мұқтажын бірінші кезекке қоя білетін, ұлттық тілінің, мәдениеті мен дәстүрінің сақталуын қалайтын, еркін ойлы, әділетті адамдар қауіпті болатын. Тоталитаризм орталықтың айтқанын мүлтіксіз орындайтын, еркіндікті білмейтін кадрларды қалады. Қазақ халқының өзі де, озық ойлы азаматтары да бұл жүйеден аяусыз жапа шекті.

Ораз Жандосовтың өмірі мен қызметін ерліктің үлгісі деп батыл айта аламыз. Себебі Ораз сынды Алаш арыстары осы тоталитарлық жүйенің «қанды қылышының» қаупін біле отыра еңбектерін халық пен ұлт мүддесін қорғауға бағыштады. Ораз Қиқымұлы 1918-1937 жылдар аралығында билікте жауапты қызметтер атқарып жүріп, қазақ халқына өшпес жақсылықтар жасап кетті.

Ораз Жандосовтың тұлға ретінде қалыптасуы қазақ халқының патшалық Ресейге қарсы жүргізген 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысымен, 1917 жылғы Ақпан және Қазан революцияларымен сәйкес келді. Қазақ ұлты қанша жерден азаттық алуға ұмтылса да, екі революцияның салдарынан аса үлкен және қуатты Ресей империясының бір бөлшегі болып қала берді. Қазақстан осындай түпкілікті бетбұрыс кезеңінде Ресейдегі өзге халықтарымен бірге зорлықпен социализм қоғамын құруға жегілді. Қазақ зиялыларының бір тобы қазақ ұлты өз тағдырын большевиктік Ресеймен байланыстырса, халық ретінде сақталады және дамиды деп есептеді. Сондықтан олар большевиктер басқарған Кеңестерге барлық биліктің берілуін қолдады. Олардың қатарында Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Б.Қаратаев, С.Меңдешов, А.Иманов сияқты көрнекті тұлғалар болды. 1918 жылы большевиктер партиясы қатарына кірген Ораз Жандосов та осы бағытты қолдады.

Ораз Қиқымұлы партия қатарына кіргеннен кейін, Верный уездік-қалалық Кеңесінің нұсқаушысы болып қызмет жолын бастады. Одан кейін Жетісу облыстық атқару комитетінің ұлттар мәселесі бөлімінің меңгерушісі, Түркістан Компартиясы мұсылман коммунистері облыстық секциясының төрағасы, Жетісу облыстық революциялық комитетінің төрағасы, «Қосшы» облыстық комитетінің төрағасы, Түркістан Компартиясы ОК үгіт бөлімінің меңгерушісі, ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің үгіт-насихат бөлімінің төрағасы, ҚазАССР халық ағарту комиссары, Қазақ ауыл шаруашылығы институтының директоры, ВКП(б) Кеген аудандық комитетінің хатшысы, Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы, т.б. жауапты қызметтерді атқарды. Сол жылдардағы республикалық, одақтық Атқару Комитеттерінің мүшесі болды.

Қандай қызметте болмасын Ораз Жандосов қоғам, халық, ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек етті. Оның жарқын өмірі бүгінгі ұрпақ үшін зор үлгі және өнеге екендігі ақиқат. Ораз Жандосов Қазақ ұлттық аграрлық университетінің негізін қалаушы болды. Сондықтан біздің университет еліміздің қалыптасуы жолында өлшеусіз үлес қосқан қоғам және мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың қызметі мен өмірін жаңғыртып насихаттау жолында айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді.

17-мамыр күні оқу ордамызда Алаш жұртының ардақтысы – Ораз Қиқымұлы Жандосовтың 115 жылдық мерейтойына арналған «Ораз Жандосов – ағартушы, ғылымды ұйымдастырушы және реформатор» тақырыбында республикалық ғылыми конференция өз жұмысын бастайды.

Қазақ ауылшаруашылығы ғылымы мен өндірісінің дамуына айрықша еңбек сіңірген ұлтымыздың біртуар ұлдарының бірі – Ораз Жандосовтың мерейтойының біздің университетте аталып өтуінің өзіндік сыры бар.

Ол мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, білімі мол, зерделі зерттеуші ғалым. Ораз Қиқымұлы өз заманында еліміздің әлеуметтік, ауылшаруашылық салаларын терең зерттей отырып, ұлттық мәселелерді шеше білген азамат ретінде тарихта қалды.

Биік мақсаттарды алдына қойған қайраткер тұлға ауыл экономикасын зерттеу жөніндегі үлкен экспедицияны басқарды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми еңбектер жазды. 1930-1932 жылдары Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының директорлығы қызметін абыроймен атқарды. Осы бір қиын-қыстау кезеңде институт қабырғасынан аграрлық саланың бір шоғыр білімді мамандары түлеп ұшты. Ораз Жандосовтың есімін атағанда, ең алдымен көз алдымызға жиырмасыншы-отызыншы жылдарда үлкен қайраткерлігімен есте қалған тұлғаның бейнесі келеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен және универ­ситетіміздің жанындағы Олжас Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және тәрбие институты ұйымдастыратын жиында «Ораз Жандосов ірі мемлекет және қоғам қайраткері», «Ораз Жандосовтың ағартушылық және ғылыми зерттеушілік ізденістерінің бағыты», «Ораз Жандосов ауылшаруашылық ғылымының негізін ұйымдастырушысы» және «Заманауи білім берудің инновациялық аспектілері» деген ауқымды тақырыптар қамтылмақ.

Өткен ғасырдың бас кезі қазақ халқы үшін жаппай саяси, мәдени, ғылыми ояну кезеңі болды десек, артық айтқандық емес. Осы бір қиын-қыстау тұстарда өмір сүрген Ораз Жандосов өзінің қысқа ғана ғұмырында Қазақ елінің саяси және әлеуметтік мүддесі үшін күресіп, мәдени, оқу-ағарту ісін көтеруге елеулі еңбек етті.

Ораз Қиқымұлы тек мемлекеттік лауазымды қызметтерді ғана атқарып қоймай, қазақ мәдениетінің, ғылымының өркендеуіне үлес қосты. Қазақ тілінде ешбір оқулық, әдебиет жоқ кезде Ораз Жандосов қазақ баласының білім алып, сауатты болуы үшін алғашқы ауыл мектептерін ашқызған еді. Ұлт болашағына алаңдап, қазақ мемлекетінің өркендеуі үшін тынбай еңбек еткен азаматты қалай ұлықтасақ та артық емес.

Тарихшыларымыздың деректеріне сүйенсек, 1918 жылы небәрі 19 жастағы Ораз Жандосов Қазақстандағы іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселе көтерген. Ал жиырма екі жасқа келген шағында ол «Верный» қаласының атауын «Алматы» етіп өзгерту жөніндегі бұйрыққа қол қойды.

Отызыншы жылдардың басында орын алған ұлы жұт кезінде де Ораз Қиқымұлының талай жанды аштықтан аман алып қалғаны жайында көп айтылады. Сол кездері Жандосовтың араласуымен Орталық Қазақстанның біраз жеріне астық егіліп, жергілікті халықтың нанға қолы жеткені тарихтан белгілі.

Ораз Жандосовтың есімі Әліби Жангелдин, Сәкен Сейфуллин, Смағұл Сәдуақасов, Тұрар Рысқұлов сынды қазақтың марғасқа тұлғаларымен қатар аталады. Білім, ағартушылық саласында да оның атқарған істері орасан. Ораз Жандосовтың ұйымдастыруымен елімізде бірнеше жоғары оқу орындары ашылды. Мәселен, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, Ауылшаруашылық және мал дәрігерлік институты және орта білім беретін тағы бірнеше мекеме есігін жұртқа айқара ашты. Алматыдағы мемлекеттік кітапхана да Жандосовтың атсалысуымен ел игілігіне берілген болатын.

Ағарту саласында халық комиссары болып жүрген шағында аграрлық саланың білгір мамандары мен белгілі Алаш ардақтыларын жоғары оқу орындарына қызметке тартты. Олар Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Мұхтар Әуезов сынды ұлтымыздың көрнекті тұлғалары еді.

Ауылда туған қазақтың қарапайым баласы ретінде Ораз Жандосов көптеген қиындықтарға қарамастан, талай белестерді бағындырып, бірқатар лауазымды қызметтер атқарған. Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауылшаруашылығы академиясында білім алған ол, жинаған білімі мен тәжірибесін туған жерінің өркен жаюына жұмсады.Алаш көсемдерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан Ораз Қиқымұлы саяси қызметтерде жүріп қазақ баласының ғылым мен білімге қол жетуі үшін жанын салып, қазақ ауылдарының көркеюі үшін аянбай тер төкті. Қазақ елінің орталық биліктен тәуелсіз өз экономикасы болу керек деген идеяны ұстанған ол, жер-су реформасын әзірлеп, халықтың оны тиімді мөлшерде пайдалануына мүмкіндік туғызды.Ұлт мүддесі үшін жасаған әрекеттері үшін кезінде «ұлтшыл» деп айыпталып, 1938 жылы жазықсыз атылып кеткен Ораз Жандосов есімі қазақ қоғамы үшін қашанда бағалы. Осы орайда біз елге адал қызмет еткен қайраткерлеріміздің жүріп өткен өнегелі жолын әрдайым қазіргі жастарға үлгі етуіміз қажет.

Бүгінгі Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа дамуы кезеңіндегі идеологиялық және тәрбиелік міндеттер туралы Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жан-жақты қамтылған. Біз Президенттің Жолдауында айтылған қағидаларға сүйенеміз. Қазақ елін күшейте түсетін, оны әлемге таныта түсетін бүгінгі студенттер – болашақ ауылшаруашылығы мамандары болып қана қоймай, олар нағыз тәуелсіз елдің қайраткер азаматы болуы тиіс. Бүгінгі ұрпақ үшін Ораз Жандосовтың өмірі мен қызметі отансүйгіштік пен халыққа адал қызмет етудің үлгісі болып қала береді.

//Ана тілі.- 2014.- 15-21 мамыр.- 3б.



Аида САҒЫНТАЕВА, Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінің директоры:

УНИВЕРСИТЕТ ДАРЫНДЫ СТУДЕНТТЕРІМЕН ТАБЫСТЫ

Маусым айының басында Назарбаев Университетінде Жоғарғы білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы өтеді. Дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын басқосуға биыл 40 мемлекеттен 350-ден аса делегат қатысуға тілек білдірген. Жетекші спикерлер қатарында Торонто университетінен Джейн Найт (Канада), Кембридж университетінен Ян Вермунт (Ұлыбритания), Хартфорд университетінен Хамфри Тонкин (АҚШ) және басқа да беделді мамандар шақырылған. Биыл «Табысты университетті құру жолдары» тақырыбы талқыланады. Осы форумды ұйымдастырушылардың бірі Назарбаев университетінің Жоғарғы білім беру мектебінің директоры Аида Сағынтаеваға бірер сұрақ қойдық.

– Алдағы форум туралы айтпас бұрын бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасаған жөн болар. Бұған дейінгі форумдарда қандай мәселелер талқыланды, нендей нәтижеге қол жеткіздіңіздер?

– Жоғарғы білім көшбасшыларының Еуразиялық форумы осымен үшінші рет өткізіліп отыр. 2012 жылы өткізілген тұңғыш форум әлемдік жоғарғы білім беру саласындағы тенденцияларға арналған болатын. Оның жұмысына Назарбаев университеті тұғырнамасын жазған авторлардың бірі, белгілі ғалым Жәмил Салми арнайы келіп қатысты. Ол әлемдегі жоғары санаттағы университеттің қандай болу керектігін баяндап берді. Былтыр өткен екінші форум жоғарғы оқу орындарының автономиясы мен оларды басқару мәселелеріне арналды. Оған негізінен іс басындағы басшылар, іскер мамандар шақырылды. Былтырғы басқосуға 30 мемлекеттен 430 делегат қатысты. Олардың дені ТМД елдерінен, жақын шетелден келсе, сонымен қатар мұхиттың ар жағынан – АҚШ, Ұлыбритания, Канада елдерінен, сондай-ақ Қытай, Түркия, Малайзия, Жапония сияқты азиялық елдерден де арнайы қонақтар келді.

Биылғы басқосу «Табысты университетті құру жолдары» деп аталады. Қазіргі таңда оған 350 адам тіркеліп, қатысуға талап білдіріп отыр. ЖОО ректорлары, декандары, білім саласы басшылары, министрлер және осы салада зерттеу жасап жүрген ғалымдар бас қосады.

– Келесі айда өткізілетін форумнан не күтесіздер?

– Біз табысты университет құру жолдарын жан-жақты талқылауды көздеп отырмыз. Әрбір ректор өзі басқарып отырған жоғары оқу орнының табысты болғанын қалайды, әйтсе де, табыстылықтың өлшем деңгейі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, АҚШ-та табысты университеттің белгілері бір бөлек те, ал бізде басқаша болуы мүмкін. Осыған орай, бірінші сессияда білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов келіп, баяндама жасайды деп жоспарлап отырмыз. Сегіз жүз жылдық тарихы бар, әлемге әйгілі Кембридж немесе жүз сексен жеті жылдық Торонто университеттерінің өкілдері Назарбаев Университеті сияқты жаңадан құрылған оқу орындарымен тәжірибе алмасады.

Табысты университет дегеніміз әкімшілік жүйесі емес, оның дарынды студенттері. Сондықтан студенттердің пікірін есту үшін арнайы сессия өткіземіз. Бұл сессияға еліміздің әр аймақтарынан студенттер келіп, өз пікірлерімен бөліседі. Тағы бір сессия – зерттеу университеттерін құру. Заманауи университет дегеніміз тек дәріс беретін оқу орны емес, ғылыми зерттеу жүргізетін орта. Университет қабырғасында жасалған зерттеулерді өндіріске ұштастырып, оны коммерцияландыру, одан соң кері байланыс орнатып, аудиториядағы дәрістерге жалғастыру – түпкі мақсатымыз. Сонымен қатар, форумда университет автономиясы және академиялық еркіндік мәселелері де талқыланады. Болашақта өндіріске қажетті мамандарды дайындау үшін университет өндіріс орындарымен тығыз байланыста болуы керек, олардың сұранысын нақты біліп отыруы керек. Айналып келгенде, біз табысты университет тақырыбын егжей-тегжейлі талқыламақпыз: ең әуелі, университет басшыларының көзқарасын, одан соң, ғалымдардың көзқарасын және сол университеттің оқытушылары мен студенттерінің де көзқарасын біліп, бір арнада тоқайластырамыз.

– Табысты университет туралы сөз болғанда, Назарбаев университетінің өз жетістіктері туралы не айта аласыз? Құрылғанына төрт жыл болды, бүгінгі таңда мұнда 2000-ға тарта студент білім алып жатыр. Осы санаулы жылдарда университеттің табысты болу жолында қандай жұмыс атқарылды?

– Біз өз студенттеріміздің нәтижелеріне мақтанамыз. Назарбаев университеті студенттерінің көптеген ғылыми жобалары бар. Жалпы, табысты университетінің формуласы, меніңше, мынандай: біріншіден, ол – дарынды студенттер, одан соң дарынды оқытушылар, үшіншіден, дарынды зерттеушілер және университеттің талантты түлектері. Мұның бәрін қалыптастыру үшін әуелі уақыт, сосын университеттің материалды-қаржылық базасы сай болуы шарт. Назарбаев

16

университетінде дарынды, талапты студенттер көп, дарынды, білімді оқытушыларымыз да бар. Оның үстіне, біз мұнда әлемдегі озық білім беру жүйелерін алып келдік. Орта білім беру жүйесінде әлемдегі ең озық жүйе Кембридж университетінде болса, осы оқу орнымен әріптестік тұрғыда қоян-қолтық жұмыс істеп жатырмыз. Кембридж университетінің оқытушылары бізге келіп дәріс оқиды, біздің студенттеріміз олармен бірге мақала жазып, диссертациялар дайындайды. Ал жоғары білім беру жүйесінде АҚШ-тың Пенсильвания университетімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Қазір біздің мектепте докторантура бағдарламасы бойынша 12 студент, магистратура бағдарламасы бойынша 75 студент білім алуда. Біз білім беру жүйесін басқарушы мамандарды дайындаймыз. Дарынды зерттеушілеріміз де бар деп айта аламыз, өйткені біздің зерттеушілеріміз жасаған жобалар ҚР Білім және ғылым министрлігінің назарына ілініп, жүзеге асып жатыр. Дарынды түлектер жайлы айту сәл ертерек, өйткені биыл шілде айында Назарбаев университетінің алғашқы 50 түлегі біздің мектептің магистратурасын бітіріп шығады. Ал бакалавр жүйесі бойынша Назарбаев университетінің түлектері 2015 жылы ғана бітіріп шығады.



– Назарбаев университеті Еуразия аймағында көшбасшы оқу ордасы болуды көздейді. Қазір алыс-жақын шетелден келіп білім алып жатқан студенттер бар ма?

– Біздің мектебімізде Мексикадан, Ресейден келіп, докторантурада білім алып жатқан студенттер бар. Бұдан бөлек Тәжікстаннан, Түркиядан бізге келіп оқуға талап етушілер көп. Осыған орай, қазір шет елдер елшіліктерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Халықаралық студенттерді тартудың түрлі жолдары бар. Мысалы, біздің алғашқы әріптесіміздің бірі Ұлыбританияның UCL (University Colledge of London) университеті көп елдерде өз кампустарын ашып, халықаралық диплом беру үрдісін қалыптастырған. Ал Кембридж университеті ешқашан кампус ашпайды, себебі олар Кембридждің дипломын берсе де, оның білімін бере алмайды. Назарбаев университеті де осы жолды таңдап отыр. PR-акция ұйымдастырып, кампус ашып, диплом беру емес мақсатымыз, біз сапалы білім беретін беделді оқу орнына айналсақ дейміз. Болашақта біздің университетіміздің абырой-беделі Кембриджден кем түспеуі тиіс.

– Қазіргі таңда Назарбаев университетінің алдында және сіз басқарып отырған мектептің алдында әлі шешімін таппаған қандай мәселе бар?

– Түйткілді мәселе деуге келмес, бірақ менің көкейімдегі арманым мынада: біздің университетте дәріс оқитын оқытушылардың дені шетелдік мамандар. Олар үш жылдық келісім-шартпен жұмыс істеуге келеді де, сосын өз елдеріне қайтады. Менің арманым, Назарбаев университетінің оқытушыларының 80 пайызы шетелде оқыған, басқа елдерде жұмыс істеген көзі ашық қандастар болса, 20 пайызы ғана сырттан келген мамандар болса деймін.

– Ал бұл бағытта не істеліп жатыр?

– Қазірдің өзінде жергілікті мамандар қатарын көбейтуге күш салып жатырмыз. Соның бір нәтижесі – біздің мектептің әкімшілік құрылымының жартысына жуығы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу бітірген жастар.

Әңгімелескен Гүлбиғаш ОМАР


//Түркістан .-2014.-22 мамыр.- 4 б.

17
Наталья ВАЛУЙСКАЯ,

Вузы: движение с запада на восток

В рамках VII Астанинского экономического форума (АЭФ) состоялось важное событие – III Форум азиатских университетов «Евразийское разнообразие и роль университетов в устойчивом развитии».

Его концептуальная основа и тематика посвящены идеям Главы государства G-Global и «Зеленый мост» с фокусом на устойчивое развитие. Пленарное заседание «Интернационализация университетов евразийского пространства», начавшееся в Астане во Дворце Независимости, продолжило работу в Алматы, в Казахском национальном университете им. Аль-Фараби. Форум открыл юбилейную декаду, посвященную празднованию 80-летия КазНУ.

Организаторами выступили Министерство образования и науки РК и КазНУ им. Аль-Фараби, соорганизаторами – оргкомитет VII Астанинского экономического форума, Евразийский экономический клуб ученых, Национальная академия высшей школы Казахстана, Национальная академия наук РК и Сеульский национальный университет. Мероприятие также поддержали международные организации: ООН, ЮНЕСКО, Консорциум университетов мира и другие.

Столь масштабное мероприятие по актуальной для мирового сообщества теме проводится на постсоветском пространстве впервые. Учитывая достижения КазНУ в сфере устойчивого развития, оргкомитет АЭФ и принял решение провести форум на базе казахстанского вуза. Ректор КазНУ им. Аль-Фараби Галым Мутанов подчеркнул, что «евразийское разнообразие требует от нас находить наиболее приемлемые пути дальнейшего совершенствования всех университетов, поскольку вузы играют первостепенную роль в развитии каждого государства, во многом определяют формирование ценностей, будущее нации, общества. Когда при всем многообразии мы находим общие ценности, это позволяет нам объединяться и двигаться вместе вперед. Одним из главных направлений деятельности университета мы выбрали концепцию устойчивого развития – главный ориентир дальнейшего развития человеческой цивилизации».

Первый форум, как помнят многие из собравшихся, был проведен в Сеуле, второй – в Бангкоке, на юго-востоке Азии, третий открылся в Центральной Азии, в Алматы, – сказал президент Сеульского национального университета О Ён Чон (Республика Корея), – движение, как видите, по всему миру идет с запада на восток.

Основатель Форума азиатских университетов отметил, что «данная встреча, проводимая с группой евразийского разнообразия, способна привести к превращению университетов нового поколения в центры интеллектуальной жизни: они призваны решать целый комплекс задач тысячелетия посредством креативного потенциала, инновационных идей и интеллектуальной мысли молодежи. Не случайно встреча состоялась в Казахстане – символе разнообразия и единства народов, играющем огромную роль в построении символичного моста между Азией и западным миром. Мир университетов создает ценности в разрезе разнообразия и диверсификации. Мы нацелены на совместное развитие и сфокусированы на том, как помочь в формировании новых ценностей при наличии двух перспектив: гуманистическом личностном подходе к образованию индивида и глобальном аспекте с учетом разнообразия и открытости сознания. С этой точки зрения эти две перспективы очень важны для университетов разных стран».

– Форум – это большая работа не только по совершенствованию университетов, но и по развитию мира, – дал оценку масштабному событию руководитель программы ООН «Академическое влияние» (США) Раму Дамодаран.

Решительным фактором перемен считает сферу образования директор Кластерного бюро ЮНЕСКО в Алматы Сергей Лазарев. Он подчеркнул, что ЮНЕСКО и ООН работают в тесном сотрудничестве с КазНУ, обсуждая возможности будущего: «Инициатива ООН по созданию хаба в вузе будет способствовать идее продвижения и усиления роли Казахстана как одной из ключевых стран в международном процессе решения глобальных проблем и превращению Алматы в региональный хаб многосторонней дипломатии».

Участники форума приняли резолюцию, в которой, в частности, говорится о поддержке инициативы вуза в деле распространения и внедрения в университетах всего мира Модельного плана по устойчивому развитию университетов, разработанного КазНУ в качестве Глобального хаба программы ООН «Академическое влияние». Уже сейчас для открытых дискуссий и дебатов создана виртуальная платформа Green Bridge through Generation (www.greenbridge.kaznu.kz).


//Казахстанская правда.-2014.-23 мая.- С.4

18

Білім – баршаға ортақ қазына



Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Арыстан ҒАЗАЛИЕВПЕН сұхбат

«Жоғары оқу орындарының еуропалық стандарт рейтингі» бойынша қазақстандық 23 ЖОО-ның ішінен жоғары бағаланған 5 білім ордасының бірі – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті болғаны газет оқырмандарына жақсы белгілі. Осы бағытта кейінгі жылдары жүргізілген саналуан жұмыстар жемісінің арқасында оқу үдерісін ақпараттандыру, оқыту сапасын бағалау сияқты еуропалық стандарттар ескерілетін бұл байқауда үздіктер қатарынан орын алған білім ордасының ректоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Арыстан ҒАЗАЛИЕВПЕН болған әңгіме бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселе – ғылым мен білім беру саласындағы интеграциялық ықпалдастыққа арналды.

– Арыстан Мәуленұлы, соңғы кезде «интеграция игілігі» деген сөз тіркесі көзге жылы ұшырап, құлаққа жағымды естіледі. Өзен-көлдердің қайнар бұлақ көзінен бастау алатыны сияқты өзара ықпалдастық та әуелі ыстық ықыластан бастау алатыны аңғарылады. Осы тұрғыда сіз не айтар едіңіз?

– Дұрыс айтасыз. Бір тараптың екінші тараптың жақсылығы мен жетістігін көре білуі, оң тәжірибесімен бөлісуі, өзара бейіл танытып, ықылас қоюы – өзара ынтымақтаса жұмыс істеудің бастауы. Бір сөзбен айтқанда, ықылас түбі – ықпалдасу. Қазақстанның еуразиялық экономикалық интеграция үдерісіне қатысуы еліміздің сыртқы сауда белсенділігін күрт арттырумен қатар, халық шаруашылығының және әлеуметтік инфрақұрылымның барлық салаларына игі ықпалын тигізеді. Айталық, ғылым мен білім саласындағы ықпалдасудың да екі жаққа берері мол.

Талай үлкен мінберлерден айтылып келе жатқан бір ақиқат – Қазақстан бәсекеге қабілетті экономика құруға дайын. Сөз жоқ, бұл үшін біздің мемлекетіміздің өзінің жеке сауда қатынастарын дамыту мен ауқымды тұрмыс нарығын дамытуға мүмкіндігі болуы керек. Сондықтан, көршілес мемлекеттермен экономикалық одақ құру маңызды. Еуразиялық интеграция ұлттық экономиканы нығайтады және әлемдік аренадағы еліміздің саяси беделін арттырады деп сеніммен айтуға болады.

Күні ертеңдер ресми түрде құрылғалы отырған Еуразиялық экономикалық одақ Қазақстанда, Ресейде, Белоруссияда ортақ инвестициялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік береді. Экономикалық бірігу бизнесті дамытуға қолайлы жағдайлар тудырып, өндіріс көлемін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылымды қажет ететін өндірістердің белең алуына ықпал етеді. Ғылым мен өндірістің ұштасуы арқылы жаңа көкжиектер ашылып, тың міндеттер алға қойылады. Атап айтқанда, ол қосымша рынок көздерін іздестіру, бәсекеге қабілетті сапалы өнім өндіруге ұмтылыс, тағы басқа игі мақсаттарды көздейді.

– Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленгенін айта келіп, сол шешімін күткен басым бағыттар қатарында «Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қа­зақстан ғылымының әлеуетін арттыру», деп, атап көрсеткен еді…

– Иә, Мемлекет басшысының осынау тарихи Жолдауында бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн екендігі нұс­қалған. Үкіметке тиісті заң жобалары топтамасын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізу тапсырылған. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажет екендігі діттелген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан әркез үлкен қолдауға ие болып келеді. Президент халыққа арнаған жолдауларында еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін одан әрі тұрлаулы етіп, жаңа мақсаттарға жету стратегиясын белгілеп бергені мәлім. Еліміз Ресеймен және Беларусьпен Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастырды, күні ертең Еуразиялық

19

экономикалық одақ құруға бет алып тұр, ТМД-ның басқа мемлекеттерінің еуразиялық интеграцияға қосылуға ұмтылысын қолдауға әркез әзір.



– Интеграция шеңберінде ҚарМТУ-дың Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық қызметі туралы айтар әңгімеңіздің ауқымы кең шығар?

– Әлбетте. Әлгі «таңды таңға ұрып әңгіме айттының» кері болар еді. Өйткені, жаһандану қазіргі заманғы өркениеттің жетекші факторына айналды, соның ықпалымен әлемде жоғары білімді дамыту сапалық жаңа дәуірге – халықаралық интеграция дәуіріне аяқ басты, ол өз кезегінде білім беру саласын интернационалдандыру салдары болып табылады.

Ол ұлттық білім беру жүйелерінің өзара жақындасуымен, өзара толықтыруымен және өзара байланыстылығымен сипатталады, бұл Болон үдерісінің мақсаты болып табылатын бірыңғай білім беру кеңестігін қалыптастыру негізінде жатыр.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті білім және ғылым саласындағы 160 халықаралық келісімшарт шеңберінде Еуропаның, АҚШ-тың және Азияның жетекші жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесе отырып халықаралық ғылыми және білім беру жобаларына бел­сенді қатысады.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша ҚарМТУ-дан 142 стипендиат әлемнің жетекші университеттерінде оқудан өтті.

Жоо ТEMPUS, Erasmus Mundus, Синергия, ШЫҰ университеті халықаралық білім беру жобаларына қатысады. ШЫҰУ-да ҚарМТУ ЭКСПО-2017-ні өткізуге дайындық шеңберінде үлкен маңызы бар «Энергетика» және «Экология» сияқты өзекті бағыттар бойынша базалық ЖОО болып белгіленді.

Бұл ретте ҚарМТУ дистанциялық техникалық білім берудің Синергия халықаралық бірегей ғылыми-білім беру жобасында «Автоматтандыру және басқару» бағыты бойынша Ресейдің және Украинаның жетекші жоо-ларымен бірлесе отырып Қазақстаннан бірден-бір қатысушы болып табылады. Жоба «Festo» концернінің (Австрия, Германия) қамқорлығымен іске асырылуда.

Аталмыш жоба бойынша білім беру консорциумына ҚарМТУ, Мәскеу энергетика институты, сондай-ақ Санкт-Петербург, Омбы және Севастополь техникалық университеттері кіреді.

Жоба мақсаты – Internet арқылы автоматтандыру және мехатроника саласында ЖОО-лардың ресурстарын және педагогикалық ұжымдарын біріктіру және бейнедәрістерді және бейнеконференцияларды ұйымдастыруды қоса отырып XXI ғасырдың дистанциялық техникалық білім беру технологияларын жасау.

Аталмыш консорциум шеңберінде дистанциялық оқытуды қолдану оқу-зертханалық базаны жасауға және осы базаның мүмкіндіктеріне бағдарланған біріктірілген білім беру технологияларын жасауға жаңа көзқарастарды талап етті.

Жобаны іске асыру шеңберінде «Siemens», «Mitsubishi», «Festo» концерндерінің жалпы құны 35 млн. теңгеден астам оқу стендтері сатып алынды және мехатроника бойынша біріктірілген оқу зертханасы жасалды.

Internet арқылы ЖОО-лардың мехатроника және робототехника зертханаларының бірегей оқу стендтеріне Синергия жобасына қатысушы барлық университеттердің пайдаланушы-операторларына (студенттеріне, магистранттарына, аспиранттарына және инженерлеріне) дистанциялық қолжетімділік беріледі. Бекітілген кестеге сәйкес барлық ЖОО-ларда жобаға қатысушыларда бейнедәрістер және бейнеконференциялар түзімінде сабақтар өткізіледі.

Синергия жобасы шеңберінде ҚарМТУ-да жинақталған тәжірибе негізінде көмір шахталарының көмір өндіруші учаскелерінде электрлі техникалық кешендерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі қағидатты инновациялық виртуалдық жүйесі құрылған. Оған учаскелерді электрмен жабдықтаудың автоматтандырылған есебі және инженерлік қызметтердің құрамын даярлаудың дистанциялық жүйесі қосылған.

Синергия жобасы шеңберінде қолданылатын күндізгі дистанциялық оқыту технологиялары техникалық бейіндегі мамандарды даярлаудың проблемалық-бағдарланған үлгісін іске асыруды қамтамасыз етеді және оқитындарға кәсіби талдамалық және логикалық ойлауын дамытуға, зерттеушілік және жобалаушылық ептерді дарытуға мүмкіндік береді.

– Сіздердің томскілік әріптестеріңізбен байланыстарыңыз өте тығыз болса керек? Осы қаланың аты аталғанда есімізге бірден 1896 жылы Сібірде бірінші рет ашылған Техникалық институт (қазір Томск политехникалық университеті) және сонда оқыған халқымыздың біртуар ұлы, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев есімінің түсетіні анық.

– Иә, биылғы ақпан айының аяғында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің құрамында 20-шақты жетекші ғалымы бар өкілдік делегациясы Ресейдің жетекші ЖОО-ларының бірі – Томск политехникалық ұлттық зерттеу университеті басшылығының шақыруы бойынша Томск қаласына барып қайтты. Жаңа Қаныш ағамыздың есімін айттыңыз ғой. Осы жерде мен бір ғажайып тарихи сабақтастықты, ұрпақтар сабақтастығын аңғарамын. Кезінде Томск техникалық инстиутында Қаныш Имантайұлы Сәтбаев оқыса, бертінде Қарағанды политехникалық институтында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оқыды. Екі ұлы тұлғаның бірі ХХ ғасырдан, енді бірі ХХІ ғасырдан үн қатысып тұрғандай…

Енді негізгі сауалыңызға жауап берейін. Екі дипломды білім алудың және академиялық алмасудың өзекті бағдарламалары шеңберінде ҚарМТУ Томск политехникалық ұлттық зерттеу уни­верситетімен (ТПҰЗУ) тығыз ынтымақтасады. ТПҰЗУ Ресейдің 15 көшбастаушы жоо-ларының құрамына енді, олар QS әлемдік рейтингінің ТОП-100 үздіктері легіндегі орындар үшін күресетін болады.

Жоо-лар арасындағы өзара әрекеттесудің жаңа кезеңі шеңберінде бірлескен ғылыми және білім беру бағдарламаларын іске асыру жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бірлескен ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді орындау және геологиялық барлаудың, энергетиканың және нанотехнологиялардың, инновациялық технологиялар саласындағы, сондай-ақ екі дипломды және дегдарлы білім алу бағдарламалары бойынша мамандар даярлау, академиялық алмасу, ғылыми тағылымдамалар, ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру саласындағы шағын енгізбелік кәсіпорындарды құру жөніндегі бірқатар келісімдерге қол қойылды.

«Жасыл химия» атты өзекті ғылыми бағыт бойынша техногендік шикізатты қайта ұқсату технологияларын бірлесе дайындау жүріп жатыр, Орталық Қазақстан жағдайларына бейімделген органикалық ластаушы заттардың бүлдіргіштерін жасау жоспарланып отыр.

Әріптес-ЖОО-лардың студенттер мен магистранттардың академиялық жинақылығын дамыту жөніндегі бірлескен қызметі жалғастырылады. Қазір ТПҰЗУ мен ҚарМТУ ғылыми қамтымды мамандықтар бойынша қосарлы диплом бере отырып төрт білім беру бағдарламасын іске асырып жатыр, ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап олардың саны 12-ге дейін ұлғаяды.

ТПҰЗУ базасында энергетиканың, аспап жасаудың және материалтанудың өзекті бағыттары бойынша ҚарМТУ-дың түлектері және жас оқытушылары қатарынан магистранттар мен аспиранттарды мақсатты түрде даярлау жүргізіліп жатыр.

«ТПҰЗУ&Softline» оқу орталығымен стратегиялық әріптестік келісімі жасалды, бұл ҚарМТУ қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге және халықаралық сертификаттар алуына мүмкіндік береді.

ТПҰЗУ-мен ғылыми-білім беру әріптестігі бізге басты міндетті барынша тиімді шешуге – үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жобаларын іске асыру үшін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.

Сонымен, Ресейдің жетекші техникалық жооларымен өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейі және елеулі нәтижелері ҚарМТУ-ға қазіргі заманғы әлемнің дүмпулеріне лайықты түрде жауап беруге және инновациялық ғылыми және білім беру жобаларын бірлесе орындау негізінде жалпы білім беру кеңістігіне бірігуге мүмкіндік беретіні айдан анық болып отыр.

– Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Сәбит БЕКСЕЙІТ. ҚАРАҒАНДЫ.
//Егемен Қазақстан.-2014.-27 мамыр.- 3б.
21

Амантай НУРМАГАМБЕТОВ, ректор Актюбинского регионального государственного университета им. К. Жубанова, доктор политических наук, профессор




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет