баланс валютасының 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 82140324
теңгеге немесе 557,2 пайызға артқандығын көруге болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарай дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Сонымен бірге кестенің мәліметтерінен ұзақ мерзімді активтердің кәсіпорын активтерінің құрамындағы үлесі ағымдағы активтердің үлесіне қарағанда төмен екендігін көреміз. Егер есепті жылдың басында ұзақ мерзімді активтердің үлесі ағымдағы активтердің үлесінен 99,19 %-ға (99,56-0,37) кем болса, жыл аяғында 97,19%-ға (98,59-1,4) кем болды. Яғни, кесте мәліметтерінен кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің есепті жылы ішінде 2%-ға көбейгенін көреміз. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 0,2 есеге кем (550,4-2364,5) болып отыр.
Ұзақ мерзімді активтердегі материалдық емес активтер есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 13962,2 теңгеге жыл бойындағы өзгеріс болды немесе –25%-ға төмендеген. Негізгі құралдардың қалдық құны өткен жылы мүлдем болған жоқ, есепті жылы ол 1322604,52 теңге немесе 1,36% құрады.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильдік) коэффицентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффицент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағыжағымды өзгеріс болып табылады – яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігін, өскендігін көрсетеді.
Талдау жүргізіліп отырған «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бұл коэффиценттің деңгейі жыл басында 0,99 (14685304/14740648), ал жыл соңында 0,98 (95516985/96880972) құрады.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффиценті. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салық ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорында берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмау тиіс.
Талдап отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында 265,3 (14685304/55344,2), ал жыл аяғында 70 (95516985/1363986) құрады.Бұл коэффицент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни мобильді қаражаттар 6,5 есеге (95516985/14685304), ал екіншілері 24,6 (1363986,4/55344,2) есеге өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарртың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэфиценті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасының коэфицентінен артық болуы керек.
3.1. кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерін жалпы алғанда жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша қаражаттары бір жылда 10503972 теңгеге көбейген. Ең мобильді қаражаттар сомасының жоғарлауы және кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоғары екендігін сипаттауға болады.
Серіктестігінің тауарлы материалдық босалқылардың айналым қаражаттары есепті жылы 205%-ға өсті және ол жыл аяғында 21277952,57 теңге немесе 21,96% құрады, өткен жылы 6965439,3 теңге немесе 47,25% құраған. Олардың үлесі 25,29 пунктке азайғанын көруге болады. Бұл жағдайда тауарлы материалдық босалқылардың айналым қаражаттардың құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие. Материалдар мен тауарлардың айналым қаражаттары есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 108,8-ге және 3 есеге жоғарлағанын көреміз.
Есепті жылда зерттеу жүргізілген кәсіпорынның дебиторлық борышының сомасы көбейген. Егер бұл көрсеткіштің шамасы есепті жылдың басында 7569543,41 теңгені құрса, жылдың аяғында 63584739,56 теңге болған, яғни 8,4 есе көбейген. Бұл көрсеткіш шамасының жоғарлауы кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендегенін көрсетеді.Алынуға тиісті борыштары 39429444 теңгеге өсті (45991603,05-6562159). Берілген аванс қысқа мерзімді дебиторлық борыштың 7,89%-ын құрап отыр. Басқадай дебиторлық борыш 2 жыл арасын салыстырғанда үлесі жағынан 3,43 (10,26-6,83)пунктке жоғарлады немесе 9,8 есеге өсті.
Ақша қаражаттарының сомасы 2006 жылы 2005-ші жылмен салыстырғанда 70,8 есеге өсті.
«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайына талдау жасаудың келесі кезеңінде баланс активтерінің құралу көздеріне талдау жасалынады. Мұнда кәсіпорынның мүлкі меншікті капиталдың және міндеттемелердің есебінен құралатындығын ескеру қажет.
Меншікті капитал мен міндеттемелердің арақатынасы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәнін ашып көрсетеді.
Қаржылық қорытынды есеп активтері құралу көздерінің құрамы мен құрлымына талдау төмендегі кесте (3.2.) бойынша жасалынады.
Меншікті капиталының құралу көздері мыналар саналады: жарғылық капитал, резервті қор, арнайы бағыттағы қорлар, жалгерлік міндеттемелер, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар,тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары бойынша резервтер, баланс пассивінің екінші бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары жатады.
Кесте 3.2.
«Индустриальное снабжение » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құралу көздерінің 2006 жылдың құрамы мен құрлымы.
Көрсеткіштер
|
2006 ж басы
|
2006 ж аяғы
|
Жыл ішіндегі өзгеріс
|
Сома тг
|
%
|
Сома тг
|
%
|
теңге %5/1
(3-1) *100
|
1
|
2 3
|
4 5
|
6 7
|
Кәсіпорынның барлық капиталы
|
14740648,94 100
|
96880972,7 100
|
82148643,8 557,2
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
1 Меншікті капиталдың барлығы
|
41399,98 0,28
|
433842,88 0,44
|
392442,9 947,9
|
а)жарғылық капитал
|
97100 0,65
|
97100 0 ,1
|
- -
|
ә)жабылмаған табыс(зиян)
|
-55700,02 -0,37
|
336742,88 0,34
|
392442,9 -704,5
|
2 Міндеттемелердің барлығы
|
14699249 99,7
|
96455449,9 99,55
|
81756200,9 556,1
|
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
|
9930000 67,36
|
23404436 24,15
|
13474436 135,6
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
Банктен несие алу
|
9930000 67,36
|
23404436 24,15
|
13474436 135,6
|
Ағымдағы міндеттемелер
|
4769248,9 32,35
|
73051013,9 75,39
|
68281765 143,1
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
Қысқа мерзімді кредиторлық борыш
|
640875,26 4,34
|
71491099,16 73,78
|
70850223,9 11055
|
а)жабдықтаушылармен есеп айырысу
|
640875,26
|
4,34
|
67227350,7 69,38
|
66586475,4 10389
|
ә)алынған аванс
|
- -
|
4263748,34 4,4
|
4263748,4 -
| Бюджетпен есеп айырысу |
23707 0,16
|
158508,74 0,16
|
134801,74 568,6
|
Басқадай кредиторлық борыштар
|
4104666,7 27,8
|
1401406 1,44
|
-2703260,7 -65,8
|
а) жұмыскерлерге еңбек ақы төлеу
|
- -
|
1048508,9 1,082
|
1048508,5 -
|
ә) басқалар
|
4104666,7
|
27,8
|
352897,49 0,36
|
-3751769,2 91,4
|
Тәуелсіздік коэффицент
|
-
|
0,28
|
0,44
|
- -
|
Қаржыландыру
коэффицент
|
-
|
0,997
|
-
0,995
|
- -
|
Достарыңызбен бөлісу: |