Б ЕС-№30 стандартына сәйкес меншікті капиталға жарғылық, қосымша төленбеген капитал, резервті капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.
Меншікті капиталдың шамасы есепті жылдың аяғында өткен жылмен салыстырғанда 392442,9 теңгеге немесе 947,9%-ға көбейген. Кәсіпорынның жарғылық капиталының сомалары өзгеріссіз қалған 97100 теңге, бірақ пайыз жағынан өткен жылы есепті жылмен салыстырғанда 0,55%-ға жоғары. Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есепті жылда 392442,5 теңгеге өсті. 2005 жылда кәсіпорынның жабылмаған зияны 55700,02 теңгені құраған. Ал 2006 жылдың бөлінбеген табысы 336742,88 теңге құрады.
Сырттан пайдалануға алынған капиталдың (міндеттемелердің) шамасы есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 81756200,9 теңгеге немесе 556%-ға жоғарлаған.
«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұзақ мерзімді міндеттемесі, яғни банктен алған несие есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда 13474436 теңгеге өсті.
Қысқа мерзімді міндеттемелері 1 жылда 68281765 теңгеге немесе 15,3 есеге артқан. Оның құрамына қысқа мерзімді кредиторлық борыштар, бюджетпен есеп айырысу және басқадай кредиторлық борыштар кіреді.
Қысқа мерзімді кредиторлық борыш жылдың басында оның мөлшері 640875,26 теңге болған болса, жыл аяғында 71491099,16 теңгені құрады, яғни 111,5 есеге көбейген, нәтижесінде есепті жылы баланстың осы бабының үлес салмағы 4,34%-дан 73,78%-ға өскен.
Жабдықтаушылармен,мердігерлермен есеп айырысуы үлес салмағы бойынша 4,34%-дан 69,38%-ға жоғарлаған немесе 104,8 есеге артқан. Алынған аванстары жылдың басында көрсетілмеген, жыл аяғында ол 4263748,46 теңгені құрады.
Бюджетпен есеп айырысқан кезде үлес салмағы өзгеріссіз қалды, ал сомасы 134801,74 теңгеге артқан.
Басқадай кердиторлық борыштар есепті жылы 2703260,7 теңгеге азайған.
Меншіті капиталдың көлемін анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш тәуелсіздік коэффиценті – бұл коэффицентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффиценті меншікті капиталдың кәсіпорынның барлық капиталына қатынасы ретінде анықталады:
К тс = М к / Ак
Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффицент
Мк - меншікті капитал
Ак - барлық капиталы (баланс валютасының жиыне, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы)
«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте тәуелсіздік коэффиценті есепті жылы 0,28-ден 0,44-ке дейін немесе 0,16 пунктке жоғарлағанын көрсетеді. Есепті жылдағы тәуелсіздік коэффиценті нарықтық қатынастары дамыған елдерде ( Еуропа, АҚШ ) жоғары болып саналатын коэффицент шамасынан (0,5-0,6) төмен болып отыр. Сондықтан зерттеу жүргізілген кәсіпорында қаржылық тұрақтылық деңгейі өте төмен деп айтуға болады.
Егер бұл коэффиценттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігіжоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азайғанын көрсетеді.
Тәуелсіздік коэффиценті неғұрлым жоғары болған уақытта, бұл қаржылық көздерінің тұрақты құрлымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрлымды таңдар еді, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарлатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғырлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп,нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын (міндеттемелер) көрсететін қаржыландыру коэффиценті болып табылады.
Кқ = Мк / Қк
Мұндағы: Кқ – қаржыландыру коэффиценті
Мк – меншікті капитал
Қк – қатыстырылған капитал (міндеттеме)
Бұл коэффицент жоғары болған сайын, соғырлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді болады.Бұл коэффицент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландыратынын көрсетеді.
Зерттеужүргізілген кәсіпорында есепті жылдың аяғында қаржыландыру коэффиценті 0,995-ке тең болды. Қаржыландыру коэффиценті < 1 болып отыр, бұл төлем қабілетінің өте қауіпті жағдайда жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.
-
Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік : кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарға айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып біз, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорының өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні- активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелерін салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А1 Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма - қол ақшаға тез айналады.
А2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалу мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез елген дебтор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борыштан да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.
Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіру мүмкін.
А3 Баяу өткізілетін активтер – Баланс активтерінің екінші бөлімнің “Тауарлы-материалдық қорлар” бабы және баланс активінің бірінші бөліміндегі “Ұзақ мерзімді инвестициялар” (жарғылық қорға кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайталған) бабы.
Бірақ бұл кезде “Алдағы кезең шығындары” бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті. Немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алаида амирикан кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.
А4 Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің бірінші бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. Бірінші бөлім жиынан “Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияар” бабы бойынша соманың бір ғана бөлігі ғана алынып тасталғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс активтерінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның “өтімділігін” (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы –материалды қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылады. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
П1 Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктіңмақсатты қарыздарын өз мақсаты бойынша пайдаланбаған дығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4 Тұрақты міндеттемелер – пассивтің бірінші бөлімнің “Меншікті капитал”баптары. Активы пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің “Алдағы кезең шығындары” бабы бойынша сомаға азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
А1 > П1
А2 > П2 (1)
А3 > П3
А4 < П4
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.
Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы нұсқаға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсалютті өтімділігінің азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде актмвтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орын баса алады.
Зерттеу жүргізілген “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баланс мәліметі негізінде кәсіпорынның өтімділігін талдаймыз кесте (3.3)
Төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ, екінші бөлігі де осындай.
Актив пен пассив баптарының бірінші тобының жиындарын салыстыру жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді.
Актив пен пассив баптарының екінші тобын салыстыру жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан 6 айға дейін) жағдайының нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының бірінші және екінші топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді.
Кесте 3.3.
“Индустриальное снабжеие” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметтері негізінде баланс активтерінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.
Актив |
Сомасы тг
|
Пассив
|
Сомасы тг
|
төлеу артықшылығы (+),жетіспеушілігі(-)
|
Жыл басы
|
Жыл аяғы
|
Жыл басы
|
Жыл аяғы
|
Жыл басы
|
Жыл аяғы
|
1 Ең өтімді активтер
|
15021,98
|
10654293
|
1 Тез арада теленуге тиісті міндет-лер
|
4769248,9
|
73051013
|
-4618927
|
-62396720
|
2 Тез өткізілетін активтер
|
7569543,4
|
63584739
|
2 Қысқа мерзімді міндет-лер
|
----
|
----
|
7569543,4
|
63584739
|
3 Баяу өткізілетін активтер
|
6965439,3
|
21277952
|
3 Ұзақ мерзімді міндет-лер
|
9930000
|
23408436
|
-2964506,7
|
-2126484
|
4 Қиын өткізілетін активтер
|
55344,2
|
1363986
|
4 Тұрақты міндет-лер
|
41399,98
|
433842,88
|
1394,22
|
930143,6
|
Жиынтығы
|
14740648
|
96880972
|
Жиынтығы
|
14740648
|
96880972
|
----
|
----
|
Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі бар деуге болады. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердін сомасы жыл басында 7719865,3 теңге (153021,98+7569543,41) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер –4769248,9 теңге, бұл – 2950616,4 теңге (4769248,9-7719865,3) немесе (4618927+7569543,4) төлем қаражатынан аз.Жыл соңындағы төлем қаражаты 1188019,15 теңгені (10654293,49+63584739,56)-(73051013,9+0) құрады.
Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының жетіспеушілігін көрсетеді. Егер жыл басында оның мөлшері –296456,7 теңге болған болса, жыл аяғында –2130484 теңгені құрады, немесе есепті жылы 0,7 есеге өсті.
Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері (меншік иелері) алдыңдағы міндеттемелерін жаба алу мүкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс: А4 < П4, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болуы керек. Талданып отырған кәсіпорында бұл теңсіздік сақталмаған.
Жыл басы мен аяғында баланс активінің баптарының жиыны пассив баптарының жиынынан сәйкес 13944,22 теңге және 930143,6 теңгеге көп болған, бұл кәсіпорынның қаржылық жағжайының нашарлағанын көрсетеді. Себебі оның өзінің үздіксіз қызметін жүзеге асыру үшін меншікті айналым капиталы болмаған.
Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі – бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (оның мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлардың есеп айырысу көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады. Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептелінеді:
Кжө = а1А1+а2А2+а3А3 / а1П1+а2П2+а3П3 (2)
Мұндағы : Кжө - жалпы өтімділік коэффиценті.
а1,а2,а3 – салмақтық коэффиценттер.
А мен П – актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының жиындары.
Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есепке алатын, салмақтық коэффиценттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.
Бұл теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Ол тіркелген кәсіпорынның әр түрлі есепті кезеңдерге жататын баланстарын және әр түрлі кәсіпорындардың баланстарын салыстыруға және егер салмақтық коэффиценттерін келесі шектеулерге бағынған жағдайда қай баланс өтімді екендігін анықтауға мүмкіндік береді:
а1 > а2 + а3;
а2 > а3; (3)
а3 < 0.
Бұл шектеулер қаржылық жағдайларды баланс өтімділігі дәрежесі бойынша саралауды және әр түрлі жағдайларда тәртіптің қатынасын беретін шарттарды қарастыру бағасына негізделген.
Салмақтық коэффиценттердің жиыны сәйкес келеді:
а1 = 1; а2 = 0,5; а3 = 0,3. (4)
Сонда өтімділіктің жалпы көрсеткішінің берілетін түрі;
Кжө = А1+0,5А2+0,3А4 / П1+0,5П2+0,3П3 (6)
Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайының өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар, есеп берулер негізінде өте көп әлуетті әріптестерінің ішінен ең сенімді әріптесті таңдағанда қолданылады.
“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көлемі жыл басында 0,7, ал жыл соңында 0,6 құрады, яғни 0,1 пунктке төмендеген, бұл көрсеткіш теориялық мәніне (0,9-дан төмен болмау) сәйкес келмейді, ал бұл кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетеді.
Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолютті өтімділік коэффиценті, жабудың аралық коэффиценті және жабудың жалпы коэффиценті.
-
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп , оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және бсқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарызды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздары өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарынның сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффиценті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффиценті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффицент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлде қайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни , өтеуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді.Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенәң мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.
Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффиценті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады.
Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді – бір жылдан аса) төлем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде – осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффиценттері талданады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалвқ көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі падаланылады:
-
абсолютті өтімділік коэффиценті ;
-
аралық өтеу (жабу) коэффиценті;
-
жалпы өтеу (жабу) коэффиценті.
Абсолютті өтімділік коэффиценті (жеделдік коэффиценті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімдіміндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Ол баланс жасаған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағықарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Ка.ө. > 0.2-0.25
Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатан белгісі.
Аралық өтеу коэффицентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы:қауіпті өтім коэффиценті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Айналым қаражатының өтімді бөлігінің (яғни тауарлы-материалдық босалқыларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.
Аралық өтеу коэффицентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:
Кар.ө >= 1.
В.Ф.Палий “бұл коэффиценттің теориялық ақталған бағалауы 0,7-0,8 аралығында жатыр” деп есептейді
Қауіпті өтімділік коэффиценті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды.
Ағымдағы өтімділік коэффиценті (жалпы өтеу коэффиценті) барлық ағымдағы активтердің жкдкл және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффиценті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрлымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен қолданылуының негізгі себептері:
-
біріншіден, ағымдағы активтермен ағымдағы пассивтердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;
-
екіншіден, ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі ағымдағы активтерді (ақша қаражатынан басқасы) сату немесе жою (тарату) кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күштірек болуы, кредитор үшін соншалықты тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларында жұмыс істеуші капитал немесе қаржы-эксплуатациялық қажеттілік деп деп атайды.
Жалпы өтеу коэффиценті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалары әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады.
Кағ.ө. >= 2.
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффиценті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезендегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды.
Кәсіпорын өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол - әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:
-
кәсіпорын және оның қызметініңкөлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, соншалықты тауарлы-материалдық құндылықтар қоры мол болады);
-
өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);
-
өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
-
материал қорын қалпына келтіруге қажет уақыт (олардың айналу ұзақтығы);
-
жалпы экономикалық коньюктура.
Егер ағымды активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы 1:1 – төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де Кағ.ө мәні 1:1арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады.
Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бірге, менеджердің көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты.
Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффиценті (Ка.ө) қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффиценттеріне (Кар.ө) көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффиценті (Кағ.ө) бойынша бағалайды.
Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффицентінің жалпы өтімділіктіің жоғары коэффицентіне сай келуі тәе екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материалдар, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффицентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек.
Зерттелініп жүргізілген “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтімділігін анықтау үшін ауытқуларын және олардың әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау үшін төмендегі (3.4) кестеге назар аудару керек.
Кесте 3.4
“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері.
| Көрсеткіштер |
2006 жыл басы
|
2006 жыл аяғы
|
Өзгеріс (+;-)
|
1
|
Ағымдағы активтер оның ішінде:
|
14685304,74
|
95516985,6
|
80831681
|
1.1.
|
Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар.
|
150321,98
|
10654293,4
|
10503972
|
1.2.
|
Дебиторлық борыш және басқа да активтер.
|
7569543,41
|
63584739,5
|
56015196
|
1.3.
|
Алдағы кезең шығындарынсыз тауарлы материалдық қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдар.
|
6965439,35
|
21277952,5
|
14312513
|
2.
|
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Оның ішінде:
|
4769248,96
|
73051013,9
|
68281765
|
2.1.
|
Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар.
|
----
|
----
|
----
|
2.2.
|
Кредиторлық борыш.
|
640875,26
|
71491099,1
|
70850223,9
|
2.3.
|
Бюджетпен есеп айырысу
|
23707
|
158508,74
|
134801,74
|
2.4.
|
Басқа да ағымдағы міндеттемелер.
|
4104666,7
|
1401406
|
-2703260,7
|
3.
|
Өтімділік көрсеткіштері
|
----
|
-----
|
-----
|
3.1.
|
Абсолюттік өтімділік коэффиценті (1.1.қ:2.)
|
0,03
|
0,1
|
0,07
|
3.2.
|
Аралық өтімділік коэффиценті (1.1+1.2):2қ
|
1,61
|
1,02
|
-0,59
|
3.3.
|
Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффиценті (1.1қ+1.2қ+1.3қ):2қ
|
3,07
|
1,3
|
-1,77
|
Ж ыл аяғындағы аралық өтімділік пен жалпы өтімділік жыл басына қарағанда біршама төмендегенін көрсетеді. Осылай, аралық өтімділіккоэффиценті 0,59 пунтке, ағымдағы –1,77 пунктке төмендеді. Ал абсолютті өтімділік коэффиценті керісінше 0,07 пунтке өсті. Абсолютті өтімділік өскенімен, ол халықаралық тәжірибие коэффицентінің нормативіне (0,2-0,25) сәкес емес. Аралық коэффиценті –0,59 пунтке төмендеген болса да, теорияға сәйкес.Абсолютті өтімділік коэффиценті керісінше 0,07 пунтке өсті. Абсолютті өтімділік өскенімен, ол халықаралық тәжірибие коэффицентінің нормативіне (0,2-0,25) сәкес емес. Аралық коэффиценті –0,59 пунтке төмендеген болса да, теорияға сәйкес.
Жалпы өтімділік коэффиценті жыл басында да, жыл аяғында да талап етілген шектеуге жауап береді, бірақ жыл басына қарағанда 1,77 пунтке төмндеді. Бұған көлемін тізбектеп ауыстыру әдісімен анықтауға болатын, оның құрылу факторлары әсер етті. Келесі есептеу кестесін қарай отырып, оларды есептеу әдісімен көрсетеміз.Кесте (3.5)
Кесте 3.5.
Жалпы өтімділіктің (ағымдағы) коэффиценті деңгейінің өзгеруіне қорытылған факторлардың әсерінің есебі
№
| Көрсеткіштер |
Жыл басында
|
Ағымдағы активтермен жыл басында және қысқа мерзімді міндеттемелер мен жыл соңында
|
Жыл аяғында
|
Ауыт-қулар (+;-)
|
Соның ішінде өзгеру есебінен
Ағымдағы қысқа
активтер мерзім 3гр-2гр міндет
( 2-1)
|
1
|
Ағымдағы активтер
|
14685304
|
14685304
|
95516985,6
|
х
| х х |
2
|
Ағымдағы міндет-лер
|
4769248,9
|
73051013
|
73051013,9
|
х
|
х х
|
3
|
Өтімділіктің (ағымдағы) жалпы коэффиценті
|
3,07
|
0,201
|
1,3
|
-1,77
|
1,099 -2,869
|
Достарыңызбен бөлісу: |