Мазмұны глоссарий Негізгі әдебиеттер Дәрістер глоссарий



бет31/36
Дата25.01.2022
өлшемі115.89 Kb.
#454815
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Лекциялар

Дәрістің қысқаша мазмұны: Сөздік жұмысы да, сөйлем кұрау жұмыстары да оқушыларды байланыстырып сөйлеуге даярлайды. Байланыстырып сөйлеу дегеніміз - логика мен грамматиканың заңы бойынша құрылған, белгілі бір такырыпта аяқталған ойды білдіретін және өзара байланысты азды көпті бөліктерден тұратын біртұтастық.

Бастауыш мектептің әдістемесінде байланыстырып сөйлеу жаттығуларының түрлері:

1) сұрақтарға кеңейте жауап беру, әңгімелесу;

2) оқығанды талдауға, грамматикалық материалдарды өтуге байланысты алуан түрлі мәтіндер мен жаттығулар;

3) бақылау күнделіктерін жүргізу;

4) оқығанды ауызша, жазбаша мазмұндау (әр түрлі нұсқада);

5) берілген тақырып, сурет бойынша, бақылау аркылы жинаған материалдары туралы, басы немесе аяғы берілген материалдар туралы, т. с. с. ауызша, жазбаша әңгіме кұрастыру;

6) жаттап алған көркем мәтіндерді айту;

Шығармашылық жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: мұғалім ең алғашқы қарапайым мысалдармен қанағаттанбауға тиіс. Ол ұзақ синтаксистік күрделі, шын мәнінде жақсы сөйлемдер кұрастыру жағын іске асырады.

Мұнда жұмыстың нәтижесін шығарып, кейбір жақсы сөйлемдерді жазып қою сияқты шығармашылық жарыс ұйымдастырудың көмегі зор.

Шығармашылық түрде сөйлем құрау оқу сабақтарында окығанды талдауға және мазмұнын айтуға байланысты, грамматика сабақтарында - түрлі жаттығуларға байланысты, шығармаға дайындалу барысында, үйренген сөздерін колдану белсенділігін арттыру жұмыстарының барысында үздіксіз, жүйелі жүргізіліп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет