Мазмұны І. Кіріспе 3-4 бет ІІ. Негізгі бөлім


The novelty of the research



бет8/16
Дата02.01.2022
өлшемі138 Kb.
#452664
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
гобелен

The novelty of the research: revival of the tapestry art introduced in the study of the tapestry art in the project and further adding new ideas.
Theoretical outcome of the research: The art of gobelin, interesting and promising. Over the next few years, it has helped to preserve its tradition of rooting it. Our textile art, embroidery, felt and carpet weaving are all the bases for the development of new applied art.

Кіріспе
Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан- ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық қолданбалы өнердің озық үлгілері жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесіне ықпалын тигізері сөзсіз. Сондықтан, жас ұрпақ тәрбиесіне жалпы білім беру саласында тәлім- тәрбиелік мәні зор халықтың қолданбалы өнер туындыларын оқу- тәрбие үрдісінде қолдану жағдайлары күрделі зерттеуді талап етеді.

Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә. Назарбаевтің « Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: « Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр»,- деген сөзі осының айғағы.

Бұл мәселе: Қазақстан Республикасындағы « Білім туралы» заңында- «Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» -деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында- « Орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың енбек риногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін өнер, технология сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру қажет ...» -деп анық айтылған.

Ұлттық сәндік қолданбалы гобелен өнері ерекше көркемдікке негізделген, сәнділігі мен үйлесімділігі эстетикалық ләззәт беретіндей дүниелер. Сондықтан жас ұрпақты қолөнерге үйрету арқылы тәрбиелеуге күш салудамыз.

Халқымыздың қазіргі қоғамдық өзгерістерге сай даму қарқыны болашақ ұрпақтарды тәрбиелеу барысында, рухани, ұлттық болмысты қалыптастыруды білім беру моделін жаңаша құруды қажет етуде.Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жастар арасындағы тәлім- тәрбие тұжырымдамасында: « Ұлттық мәдениет пен өнер және қолөнер негізінде жастарға жан- жақты эстетикалық тәрбие берудің бір бөлігі- эстетикалық мәдениетті қалыптастыру; сұлулыққа,

3

тазалыққа үйрету; мәдениеттілікке баулу; адамзат қоғамында бұрын- соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани иеліктерді бағалай білуге тәрбиелеу» қажеттігіне аса көңіл бөлу керектігіне мән берілген. Осыған байланысты болашақ ұрпақтың іс- әрекетінің, бейнесінің заман талабына сай өзгеруі, олардың бойында кәсіби мәнді сапалардың қалыптасып, тұлғасының дамуы көзделеді. Бұл орайда, жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру басты проблема болып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет