Мазмұны Қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама



бет28/30
Дата13.03.2024
өлшемі325.09 Kb.
#495214
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
қазақ тілі практика

Ұсынылған әдебиеттер
1. Ысқақ.Б Қазақ тілі:Оқу құралы. Шымкент:R-DIAR 2014-156б 20экз 
2. Шалқарова Г. Салыстырмалы грамматика.Оқу құралы.Аст,2012-220б 5экз
3. Жапбаров А. Қазақ тілін оқытудың тәжірибелік әдіс-тәсілдері. Жаттығу әдісі. 12-кітап. Оқулық. Шымкент. 2012-250б 1экз
4. Бейсембайқызы З. Морфология пәнін модуль бойынша оқыту. А., Рауан, 2009.
5. Қазіргі қазақ тілінің Морфология жүйесі. А: Ғылым, 2009.
6. Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. А., Ғылым, 2005.
7. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Уәждеме және аталым. А., Ғылым, 2001.
8. Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі А., Ғылым, 2008.
9. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.А., “Рауан”, 2008.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 15
Тақырып: Мерекелер
1. Коммуникацияға қатысу: мерекемен құттықтау, тілек айту
2. Табыс септігі. Құттықтау кезінде қолданылатын сөйлеу әдебі.
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум


Аудиториялық жұмыс:
Тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары
Сөйлеу әдебі.
Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:
1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.
2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.
3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.
4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.
Тыңдай білу әдебі.
Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек:
Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі болады:
1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.
2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет