Оқушылардың өзіндік жұмыстары.
Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдеріне олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде.Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес,оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. А.Байтұрсынов : оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын.Жалпы білімге деген құштарлық- кез келеген сыныптағы балаға тән қасиет.Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу -бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей. Ал,В.Г.Лембергтің пікірінше,өзіндік жүмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
жұмыстың мақсатын айқын түсінуі;
жұмыстың жемісті аяқталуына оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
жұмысты өз еркімен,қалауымен орындауы.
Оқушының-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі- оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті.Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары ,сөзсіз,ой еңбегінің мәдениетімен байланысты.Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңуде табандылық еске сақтау,кітаппен жұмыс,байқау және жазба жұмысын жүргізе білу,ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру,өзін бақылай білуі керек.Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
мұғалімнің нақты тапсырмалар ,нұсқаулар беруі;
жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері;
олардың жүмысты өз еркімен және қалауымен істеу,оған әсер ететін
мотивтер.
Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы- осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1.Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.
2.0қуға деген қабілетінің артуы.
3.Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру 4.Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5.Өз ойының дербестігі.
Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу,бақылау,жаттығу,экперимент жүргізіуі іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.Репродуктивтік жұмыстарға- оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жүмыстары(көшіріп жазу,жаттығулар, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу,сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т.б.) жатады.Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал- тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар -оқушының өздігінен баяндама , реферат, модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т.б.Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады,ойлауды жандандырады және оқып үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады. Оқушылардың танымдық белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.Оқыту процесінде оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз-оқушы әрекетінің сыртқы көріністері(белсенді қимыл қозғалыстары, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсенділігі - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушының өзіндік жұмысы оқу материалдарын нығайта түсу,жаңа материалды игеру мақсатын көздейді.Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету,бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша XXIғ. іске асыруға тиісті өзекті проблемасы болып табылады.Р.Г.Лемберг , Е.Я.Голант, Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков және тағы басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өзіндік жүмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру,ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады.Соңғы онжылдықта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық, әдіснамалық проблемалары көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, әртүрлі бағыттарда қарастырылады:
-оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый);
-оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов);
-дербестік- өзіндік ұстаным, рухани практикалық білім ретінде ;
-дербестік жеке тұлғаның қасиеті мен сапасы ретінде (К.А.Абульханова, К.КПлатонов);
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру проблемасын ғалымдар А.Х.Аренова, А.Я.Савченко айналысты.Өзіндік оқу іс- әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік
шығармашылық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.Өзіндік іс-
әрекеттің қажеттілігі оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып өзіндік
ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді.Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді.Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік оқу іс- әрекеті ұғымын дамытуды біз философиялық категориялар бірлігінде қарастырамыз:
іс- әрекет - бұл жалпыға ортақ;
танымдық іс-әрекет-оқу іс-әрекеті- жалпы;
оқушылардың өзіндік оқу іс- әрекеті- жеке;
Іс-әрекеттің негізінде танымдық іс әрекет дамиды.Танымдық іс- әрекет өзіндік оқу іс- әрекетіне айналып, жеке тұлғаның интегративті білімін қамтамасыз етеді.Ғылыми педагогикалық зерттеулерде "өзіндік жұмыс" ұғымына бірнеше анықтамалар берілген:
оқыту үрдісінде енгізілген оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің
тікелей қатысуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін пайдалану және танымдық іс- әрекеттерінің нәтижелері арқылы іске асады (Б.П.Есипов);
оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімнің бақылауынсыз
орындауы (Р.М.Микельсон);
өзіндік оқу іс- әрекеті дегеніміз- бұл дидактикалық ұғым, ғылыми
практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік
тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін- өзі бақылауы,өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үрдіске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративт білімі(А.Х.Аренова);
Өзіндік жұмысқа бейімдеу - оқушыны өзін-өзі дамытатын белсенді тұлға ретінде өзін тануға,өзіндік дамуға, өзін бақылап бағалауға қабілетті,мұғаліммен тең диалогтық қарым -қатынасқа түсе алатын тұлға ретінде қалыптастырушы фактор.Біздің пікірімізше оқушыларды өзіндік жұмысқа бейімдеу тиімді болу үшін мынадай шарттар керек:
өзіндік жұмыстың мәні мен қызметтері нақтыланып ашылуы;
өзіндік жұмысқа бейімдеуге арналған арнайы дидактикалық жүйе
жасалынуы;
тиімді қызмет ететін және дамытуға қабілетті арнайы жүйе анықталып
тэжірибелік сынақтан өтілуі
Өзіндік жұмыстың түпкі мақсаты оқушының оқу - танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындауы арқылы өзінің оқу процесін жетілдіруі.Біз анықтаған жүйенің өзіндік жұмыс блогына:өзіндік әрекет, өзіндік басқару және өзіндік бағалау компоненттері жатды.
Өзіндік әрекет блогының мақсатына өзіндік жұмысқа бейімдеуді жүзеге асыратын әрекет қимылдарды оқушының өзінің таңдап алуы, оларды алдын-ала жоспарлауы жатады.Өзіндік әрекет білім беру процесінің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс, оның мақсатын айқындаудағы мұғалімнің миссиясы оқушының оқыту процесіндегі өзінің ролін мойындауына қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Айталық, өзіндік бақылау әрекеттері жүйесі десек , өзіндік әрекет оның бір бөлігі ретінде бірнеше қимылдардан тұрады: өзіндік білім алуды жоспарлау, алған білімін жүйелеу, қорытындылау және түзетіп отыру, білімін реттеу,түзету,өзінің танымдық әрекетін біліміне сай жоспарлау жатады.Аталған компоненттер өзара тығыз байланысты біртұтас жүйені құрайды.
Өзіндік бағалау толыққанды процесс ретінде белгілі бір мақсатта оқушының өзіндік басқаруы және өзіндік әрекеті аясында іске асады.Олай болса біз өзіндік әрекетті ұйымдастыруға арқау боларлық танымдық тапсырмаларды дидактикалық құрал ретінде қарастыра отырып олардың өзара байланысын шартты түрде төмендегі суреттегідей нақтылаймыз.(1 сурет)
2 - сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |