Мазмұны Жоспар бет


Қосымша тапсырысты қабылдаудың экономикалық мақсатқа сайлығын бағалау



бет4/6
Дата11.06.2016
өлшемі0.8 Mb.
#128288
1   2   3   4   5   6

Қосымша тапсырысты қабылдаудың экономикалық мақсатқа сайлығын бағалау


Көрсеткіштер

Есептеу

Сомасы,

мың тг


Өнімді өткізуден түскен табыс

600*20




Айнымалы шығындар

600*9




Тұрақты шығындар

-

-

Негізгі қызметтен түскен табыс

120-54

66

Көріп отырғанымыздай, сатып алушы ұсынған баға кәсіпорынның өнімді өткізу бағасынан төмен болғанына қарамастан, осы тапсырысты қабылдау негізгі қызметтен 66000 тг көлемінде қосымша табыс алуды қамтамасыз етіп отыр. Оның қалыптасу көзі тұрақты шығындарды азайту болып табылады (45000:36 000=12,5 тг.), ол бір өнімге 12,5 теңгені құрайды.

Нарықтық факторлардың әсерінен қауіпті көлемінің өзгеруін қарастыра отырып, біз шығынсыз жұмыс істеуге қол жеткізу туралы айтып отырмыз. Алайда кез келген кәсіпорынның мақсаты - негізгі қызметтен табыс алу.

Табыстылықты талдауды логикалық түрде жалғастыра отырып, біріншіден, өткізуден түскен табыстың қандай көлемінде кәсіпорын үшін қажет негізгі қызметтен түсетін табысты алуға болатынын, екіншіден тұрақты шығындардың деңгейінің өзгеруі қаржы нәтижелеріне қалай әсер ететінін анықтайық. Біздің мысалымызда 30 000 өнімді өткізу барлық шығындарды өтеген болатын. Яғни, осы мөлшерден ең болмаса бір өнімді артық сату ең аз табысты алуға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 40000 өнім сатылды делік. Негізгі қызметтен түскен табыс 150 мың теңгені құрайды (40000 * 24 - 40000 * 9 - 450000 = 960000 – 360000 -450000).

Кәсіпорын басшылары табыс а) 5%-ға, ә) 10 %-і өсуі үшін өткізу көлемін қаншаға өсіру керек екендігі туралы мәселе қояды.

Бұл сұраққа жауап беру үшін келесі формуланы қолданамыз:


Мұнда: - негізгі қызметтен түскен табыстың жоспарлы сомасы;

- жоспардағы табыс сомасын алуды қамтамасыз ететін сату көлемі.

Берілген формула маржиналды табысты тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен жоспарлы табыстың сомасы ретінде анықтаудан шығады.

Ол үшін формуланың оң және сол жағын өнім бірлігіне есептелген маржиналды табыс өлшеміне көбейту керек:

Келтірілген формулаға белгілі мәліметтерді орнына қоя отырып, негізгі қызметтен түскен табыс сәйкес 5% және 10%-ға өскендігін жоспарлы сату көлемімен анықтаймыз:



а) бірлік.



б)

бірлік.
Негізгі қызметтен алынатын табысты 5%-ға көтеру үшін жалпы сомасы 12 мың теңгеге тең 500 өнім, (500*24), ал 10%-ға - жалпы сомасы 24 мың теңгеге тең 1000 өнім өткізу керек (1000*24).

Яғни өнім көлемінің 1,25%-ға өсуі негізгі қызметтен табыстың


5-ке өсуін қамтамасыз етеді, ал өткізудің 2,5%-ға өсуі негізгі

қызметтен түскен табысты 10%-ға арттырады.

Егер кәсіпорын өнімнің бір емес, бірнеше түрін өткізетін болса, оңда кәсіпорын үшін зиянсыздық нүктесі құндық түрінде келесі формула бойынша анықталады:

Мысалда бұл 720 мың теңгені құрайды:


"Шығындар шығару (өткізу) - табыс" арақатынасын талдау әдісі маркетингтік талдауда өнімнің аз көлемін жоғары бағамен немесе көп өнімді төмен бағамен сату керек пе деген сұраққа жауап беру барысында пайдаланылуы мүмкін.

Кәсіпорын үшін тиімді вариантты таңдау осы арақатынасты талдау процесінде жүргізілетін есептеулерді қажет етеді. Шығындарды өнім көлемімен және табыспен өзара байланыссыз қарастыру мүмкін емес, себебі бұл жағдайда қойылған сұраққа жауап алынбайды. Сондықтан, "шығындар — шығару (өткізу) — табыс" арақатынасын талдау басқа салалармен қатар маркетингтік талдауда да қолданылады.

Жоғарыда айтылған "директ-костинг" жүйесі және оның негізінде іске асырылатын маржиналды табыстың талдауы нарықтық экономиканың белгілері болып табылады. Оларды пайдалану есеп, аудит және басқару шешімдерін қабылдаудың интеграциясының жоғары дәрежесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйеде басты көңіл ресурстар шығындарының өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді жағдайды зерттеуге бөлінеді, бұл кәсіпорынның қаржы жағдайын тұрақтандыру бойынша тез және икемді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Оның ең маңызды жағы - өнімнің өзіндік құнын тек айнымалы шығындармен шектеу, күрт төмендеген шығындар баптарының санын нормалау, жоспарлау, калькуляциялау жұмысын, есеп және бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді: өзіндік құн "әлдеқайда анығырақ" болады, ал жеке шығындар - жақсырақ бақыланатын болады.

Бұл жүйе, тұрақты шығындардың көлемін жоспарлау мен нормалаудың негізделу мәселесін шешуге мүмкіндік береді, себебі осы шығындардың сомасы табыс туралы есепте жеке қатарда көрсетіледі.

Бұдан басқа "директ-костинг" жүйесінде тұрақты шығындарды жедел бақылау жүзеге асырылады, себебі өзіндік құнды бақылау кезінде стандартты шығындар немесе икемді бюджеттер жиі қолданылады. "Директ-костинг" жүйесінде "стандарт-кост" жүйесін пайдалану барысында, тұрақты шығындарға стандарттар қойылады, ал икемді бюджеттер негізінде өндірістік қуаттың жұмысқа жүктелуінің әр түрлі деңгейлері үшін тұрақты шығындардың әр түрлі деңгейлерінің қойылуы жатыр.

“Директ-костинг” жүйесі кезінде келесі басқарушылық шешімдерді қабылдауға болады: ең жоғары маржиналды табыс белгісі бойынша өндірістік бағдарламаны ұтымды етуге байланысты; бәсекелес белгілі бір бағамен сататын жаңа өнімге баға белгілеу мәселесі бойынша; жабдықтарды таңдау және ауыстыру бойынша; өзінде өндіру немесе шеттен сатып алу бойынша; қосымша тапсырыс қабылдаудың дұрыстығы туралы және т.б.

"Директ-костинг" жүйесін пайдалану кезінде кәсіпорын әкімшілігі маржиналды табысты кәсіпорын бойынша да, жеке өнімдер бойынша да қолдануға басты назар аударады. Ол рентабелділігі жоғары өнімдерді жақсы анықтауға мүмкіндік береді, себебі сатылу бағасы мен айнымалы шығындардың сомасы арасындағы айырма тұрақты шығындарды өнімдер арасында бөлу нәтижесінде қозғалмайды. Ол сондай-ақ нарықтың
өзгермелі жағдайларына жауап ретінде, өндірісті тез
қайта бағыттауға мүмкіндік беретін ақпараттарды алуды
қамтамасыз етеді.

"Директ-костинг" жүйесі шығындарды талдау мен табыстарды үйлестірудің теориялық негізі болып табылады. Ол айнымалы және тұрақты шығындардың бөлек есебін, өзіндік құнды калькуляциялау, шығындар мен


қаржы нәтижелерінің талдауын біріктіретін өндірістік және қаржы есебінің біріккен жүйесі. Сондықтан оны “өзіндік құнды басқару жүйесі” немесе “кәсіпорындарды басқару жүйесі” деп атайды. Қазіргі кезде, біздің елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасуы және бухгалтерлік есепті реформалауды жүзеге асыру барысында шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларында кәсіпорын қызметінің тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін, осы жүйені қолданудың мүмкіндігі және дұрыстығы туындады.

Осы жүйені пайдалану, талдаушының назарын тек айнымалы шығындарды ғана емес, сонымен бірге, сметалық есептеулерде келтірілген баптары шегінде кезеңдік шығындарды төмендету ресурстарын анықтау және сол арқылы кәсіпорынның негізгі қызметтен алатын табысын арттыруға аударуға мүмкіндік береді.




2.4 ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

а) жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген элементтері;

ә) өнімдер;

б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.

Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды белгілердің бірі болып саналады.

Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі – табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтердің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.

Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:

• басқару тиімділігінің көрсеткіштері;



  • кәсіпорынның инвестициялау мақсатында қажетті
    табысты жеткілікті түрде ала алу қабілетін көрсететін өлшеуіш;

  • табысты болжау әдісі;

  • шешім қабылдау және бақылау құралы ретінде пайдаланады.

Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.

Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақсатында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кәсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл болжаудың нақтылығын жоғарылатады.

Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда инвестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нәтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.

Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептеледі:


_ = Таза табыс

Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал=баланс валютасы)


Талданып отырған кәсіпорын мәліметтері бойынша кәсіпорынның барлық капиталының табыстылық коэффициенті, кестеде берілген мәліметтермен сипатталады.

Кесте-8


Авансталған капиталдың (жалпы активтер)

табыстылық деңгейі,%



Көрсеткіштер

Өткен жыл

Есепті жыл

Ауытқуы

(+,-)

А

Б

1

2

3

1.

Таза табыс, мың тг

164094

939200

+775106

2.


Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал = баланс

Кестенің жалғасы

20135,5

66156

+46020,5




валютасы)капитал = баланс валютасы)









3.


Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал %)

8,15

14,20

+6,05

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) өткен жылмен салыстырғанда 6,05 пунктке өскен және 14,20%-ды құрайды. Алайда бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып табылады.

Арнайы оқулықтарда (әдебиеттерде) бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.

Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алынған ауытқуға (+6,05) ықпалын анықтау үшін, өткен жылғы табыс және есепті жылға жалпы активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициентін есептейміз. (164094:66156-100), бұл біздің мысалымызда 9,75%-ды құрайды. Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып отырған көрсеткішке кері әсері 1,6 пунктті (9,75-8,15) құрайды. Таза табыстың 775106 мың теңгеге өсуі, зерттеліп отырған көрсеткішті – 4,45 пунктке (14,20-9,75) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері, өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (1,6 +4,45 = +6,05).

Алайда айта кеткен жөн, факторлар әсерін бұл әдістеме бойынша өлшеу біршама қате, себебі оны есептеудің математикалық формуласы дұрыс және ешқандай күдіксіз болғанына қарамастан, ол көрсеткіштің экономикалық мазмұнына жауап бермейді. Таза табыс бойынша барлық активтердің табыстылық деңгейі - (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен (1 теңге) табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғанын көрсетеді. Осыған қарағанда, неғұрлым кәсіпорын кеңейген сайын және оның өндірістік потенциялы өскен сайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді қарастыра келе, біз екінші көзқарас әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз. Және оның соңғы жылдардағы арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес. Таза табысты қалыптастыру барысында, іскерлік белсенділігі көрсеткіштерінің бірі болып саналатын өнімді өткізуден алынған табыс маңызды роль атқарады. Сондықтан да екінші көзқарасты қолдаушы мамандар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің өзгерісі келесі бірінші қатарлы факторлардың әсерінен болады деп есептейді:



  1. кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі - өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;

  2. жалпы активтердің айналымдылығы.

Бұл көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыс келесі түрде берілуі мүмкін:

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі = өткізілген (сату) өнімнің табыстылығы * активтер айналымдылығы.

Басқаша айтқанда, кәсіпорынның активтерге салынған қаражаттарының әрбір теңгесінен алынған таза табысы, өнімді өткізу табыстылығына (сату) кәсіпорын активтерінің айналымдылығының жылдамдығына байланысты болады.

Формула жалпы активтердің табыстылық деңгейін жоғарылату жолдарын көрсетеді: сату табыстылығы төмен болғанда капитал мен оның элементтерінің айналымын жылдамдатуға ұмтылу керек және керісінше, сол немесе басқа себептермен анықталатын кәсіпорынның төмен іскерлік белсенділігі, өнімді өндіру шығындарын азайту немесе өнім бағасын өсіру, яғни сату табыстылығын өсіру негізінде теңестірілуі (орны толтырылуы) мүмкін.

Авансталған капиталдың (жалпы активтердің) табыстылық деңгейінің өзгеруіне жоғарыда аталған фактолардың тигізетін әсерін талдау үшін келесі аналитикалық кестені құрамыз.

Кесте-9


Авансталған капиталдың (жалпы- баланс валютасы) табыстылық деңгейіндегі болған ауытқуға, активтер айналымдылығы мен өнімді өткізу табыстылығы коэффициентінің өзгерісінің тигізетін ықпалы




Көрсеткіштер

Өткен жыл

Есепті жыл

Өткен жылға қарағандағы ауытқуы

(+;-)

Оның ішінде коэффициенттер өзгерісі есебінен

Сату табыс

тылығы

Активтер

дің айналым

дылығы

А

Б

1

2

3

4

5

1

Таза табыс,

Мың теңге



164094

939200

+775106

Х

Х

2

Өткізуден түскен табыс, мың теңге

12633,7

24397,5

+117638

Х

Х

3

Жалпы активтердің орташа жылдық құны, мың. тг

20135,5

66156

+46020,5

Х

Х

4

Жалпы активтердің (авансталған капитал) табыстылық деңгейі, %

8,15

14,20

6,05

Х

Х

5

Өткізілген өнімнің табыстылық коэффициенті %

12,98

38,49

25,51

Х

Х

6

Активтердің айналымдылық коэффициенті

0,63

0,37

-0,26

Х

Х

Бірінші қатардағы факторлар тізбектеп ауыстыру әдісімен есептеледі. Есепті жылдағы активтер айналымдылығының нақты коэффициенті мен сату табыстылығының коэффициенті бойынша шартты көрсеткіш ретінде активтердің табыстылық деңгейін (Д у) аламыз.



Д у= 12,98 – 0,37 = 12,61

Осы көрсеткішті және кестеде келтірілген өткен және есепті жылғы активтер табыстылығы деңгейінің көрсеткішін (авансталған капитал) пайдалана отырып, бірінші қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейін есептейміз.

Біздің мысалымызда ол келесі мәліметтермен сипатталады:


  1. өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өзгерісі: 14,20-12,61=+1,59;

  2. жалпы активтердің айналымдылық коэффициентінің өзгерісі: 12,61-8,15 = 4,46.

Сонымен қатар, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өсуі оң әсерін тигізіп отыр, ал активтердің айналымдылығының бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне әкеліп соқтырды.

Факторларды егжей-тегжейлі талдау үлестік қатысу (коэффициент) тәсілімен жүргізіледі. Ол үшін үлестік қатысу коэффициенттері, жоғары қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейінің төменгі қатарлы факторлар өзгерісінің абсолютті сомасына қатынасы ретінде есептеледі.

Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) немесе қызметтің барлық түрлерінің табыстылық коэффициенті (жалпы табыстылықтың) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және та-бысты жүргізетінін көрсетеді.

Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді:



Мұнда: Та – ағымдағы активтердің орташа көлемі.

Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі.

Бұл көрсеткіш - меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады . Ол мына формуламен анықталады:



Мұнда: Дск –меншікті капиталдың табыстылығы;

Дч -таза табыс;

С к - меншікті капитал.

Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады. Жак Ришар: “бұл көрсеткішті жеке кәсіпорынның қызметін талдаудың түрлі жақтарын үйлестіруші, негізгі көрсеткіш деп айтуға да болады”, - деп жазады . Дәл осы көрсеткіш биржада акционерлік компаниялардың акцияларына баға белгілеуді бағалау барысында маңызды роль атқарады. Теледидар және радио комментаторлары және мақала авторлары кәсіпорындардың тиімділігі, бәсекелестігі және табыстылығы туралы айтқанда дәл осы көрсеткішті пайдаланады.

Меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті (мөлшерлемесі) бұл өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне көбейтіндісінің нәтижесі.

Шетелдік арнайы әдебиетте меншікті капиталдың табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды талдаудың түрлі әдістемелері ұсынылған.

Өткізілген өнімнің әрбір теңгесінен көбірек таза табыс алу, активтерді әлдеқайда тиімдірек пайдалану немесе кәсіпорынның жиынтық (авансталған, жалпы) капиталының құрылымдық өзгерісі.

Меншікті капитал мен барлық активтердің табыстылық деңгейі көрсеткіштері арасындағы айырма кәсіпорынның қаржыландыру көздерін ынталандырумен байланысты. Егер қарыз қаражаттары осы қарыз капиталына төленетін пайыздарға қарағанда көбірек табыс әкелсе, онда айырма меншікті капиталдың қайтарымдылығын арттыру үшін қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын иелері, меншікті капиталдың табыстылық коэффициентін (ставкасын) өсіру мақсатында, әрине қарыздарға (несиеге) назар аударады: қаржылық оқулықта мұны "тетік нәтижесі" деп атайды.

Қарызға байланысты кәсіпорын иесінің іс-әрекеті екі негізгі элементтің ықпалында болады.



Бірінші элемент - бұл салық салынғаннан кейінгі өндіріс табыстылығының (рентабельділігінің) нормасына байланысты қарыздар бойынша пайыздың мөлшерлемесінің салыстырмалы деңгейі.

Қарыз капиталының табыстылық мөлшерлемесі, кредиторлар табысының қарыз капиталына қатынасы ретінде, келесі формула бойынша анықталады:

Д = Кредиторлар табысы _ = Кредиторларға төленген пайыздар

Қарыз капиталы Қаржылық қарыздық міндеттемелер

(қысқа, орта және ұзақ мерзімді)

Кәсіпорынның инвестицияланған капиталына табыстылық мөлшерлемесі (76), таза табыстың (салық төленгеннен кейін) активтердің жалпы массасына қатынасы ретінде анықталады:





Мұнда: Да - активтердің табыстылығы (инвестицияланған капитал);

Дч - таза табыс;

Сн - салық мөлшерлемесі;

A - активтер;

1-Сн- салық мөлшерлемесінің компанияға әсері.

Негізінде, мысалы кәсіпорынның жаңа қарыздары болмаған жағдайда, берілген кәсіпорын салық салынғаннан кейін 15%-ға тең өндіріс табыстылығына ие болады, бұл кезде нарықтағы пайыздық мөлшерлеме 10%-ға тең. Осыған байланысты, кәсіпкер, құны төмен ақшаларды іске қосу арқылы меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру мақсатында, қарыз капиталы мен тартылған капитал құнының арасындағы айырманы алуға тырысады. Кәсіпкер бұл жағдайға назар аударуы мүмкін, себебі қаржылық шығындар азаяды және салықтык үнемділік байқалады. Ссудалар бойынша пайыз мөлшерлемесі келісім-шарт нормасы болып табылмайды (біздің мысалымызда 10 пайыз), себебі берілген норма салыктық үнем үлесіне қысқарады.



Мысалы, егер салық мөлшерлемесі 50% - ға тең болса, онда 10% - дың келісім – шарт мөлшерлемесіне сәйкес келетін нақты мөлшерлеме 5% - тең, яғни қарыз капиталының нақты мөлшерлемесі:

10% * (1 – 0,5)=5% - ға тең.

Әрине, салық салынғаннан кейін өндіріс табыстылығы (рентабельді) мен нақты пайыздық мөлшерлеме арасындағы бұндай арақатынас негізінде, қарыз көбейген сайын қарыз міндеттемелерінің табыстылық мөлшерлемесіне тигізетін әсері арта түседі деп айтуға болады.

Екінші элемент экономикалық белсенділіктің салыстырмалы жоғары деңгейлі тұрақтылығын көрсетеді. Берілген формула бойынша егер салық төленгеннен кейінгі инвестицияланған капитал активтерінің табыстылық коэффициенті мен салық төленгеннен кейінгі пайыз мөлшерлемесі арасындағы айырма оң болса, онда тетік нәтижесі де оң болады. Егер активтердің табыстылық деңгейі қарыз қаражаттарына төленетін пайыздарға қарағанда аз болатын болса, онда қарыз қаражаттары кәсіпорын қызметіне кері әсер етеді деп бағаланады. Меншікті капиталдың тиімділігін арттыру үшін, қарыз капиталын пайдаланудың дұрыстығыжөніндегісұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін “тетік нәтижесінің” формуласы аналитикалық жұмыста қолданылуы тиіс. Талдау жүргізуші түрлі көрсеткіштерді пайдалана отырып меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесін өсіру жолдарын көрсетеді.

Меншікті капиталдың табыстылық факторларын ашып көрсететін Жак Ришар мен Дюпонның формуласына келетін болсақ, онда олар онша дұрыс емес, себебі активтер құнының меншікті капиталға қатынасымен анықталатын соңғы көбейткіш авансталған (жиынтық,


жалпы) капиталдың құрылымын сипаттамайды, ол жиынтық капиталдың меншікті капиталдан қанша есеге көп екенін көрсетеді Бұл формулалардан меншікті табыстылық коэффициентінің осы қатынасқа тура пропорционалды тәуелділігін көруге болады: oл неғұрлым жоғары болса, меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесі солғұрлым көп болады. Бірақ, жиынтық және меншікті капиталдың арақатынасы меншіктің шоғырлану (тәуелсіздік, автономия) коэффициентімен шектелуі тиіс, оның мөлшері 0,5-тен кем болмауы тиіс (2). Олай болмаған жағдайларда кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтып алуы мүмкін. Біздің ойымызша, меншікті капиталдың табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды талдау үшін жоғарыда аталған меншікті капиталдың табыстылық мөлшерлемесінің формуласы, сондай-ақ “тетік нәтижесінің” формуласы жеткілікі болады. Біз жиынтық капиталдың (авансталған, жалпы) табыстылық коэффициенті мен меншікті капиталдың табыстылық коэффициентінің өзара байланысын анықтау қажет деп ойлаймыз.

Табыстылықтың маңызды салыстырмалы көрсеткішінің бірі бұл өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі болып табылады. Ол таза табыстың материалдық айналым қаражаттарының қалдығы мен негізгі құралдардың орташа құнына қатынасы ретінде есептеліп шығарылады. Сонымен, өндірістік қорлар құны, сәйкесінше жыл басына және жыл аяғына материалдық айналым қаражаттары және негізгі құралдар құндарын қосып, 2-ге бөлу арқылы анықтайды. Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейін талдау барысында А.Д. Шеремет ұсынған факторлық талдау әдістемесі, көрсеткіштің алғашқы формуласын, табыстылық деңгейін қалыптастырушы, шаруашылық қызмет тиімділігін арттыру және өндірісті интенсивтендірудің барлық сапалы сипаттамасы бойынша жіктеуді қарастырады.

Деңгейді талдаудың факторлық үлгісі келесі түрде ұсынылады:

Мұнда: - өткізілген өнімнің еңбекақы сыйымдылығы;



- өткізілген өнімнің материал сыйымдылығы;

- өткізілген өнімнің амортизация сыйымдылығы;

- негізгі өндірістік қорлар бойынша өнімнің қор

сыйымдылығы;



- айналым қаражаттары бойынша өнімнің қор сыйымдылығы (айналым қаражаттарының бекіту коэффициенті);

Д - таза табыс;

F - негізгі құралдардың орташа құны;

Е – материалдық айналым қаражаттарының орташа қалдықтары;


- өткізілген өнімнің (сатудың) табыстылық деңгейі;

- толық өзіндік құн бойынша өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.
Өнімнің табыстылығы неғұрлым жоғары болса (негізгі қорлардың қор қайтарымдылығы мен негізгі құралдардың айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар мен экономикалық элементтері бойынша (еңбек құралдары, еңбек материалдары) үлестік шығындары неғұрлым төмен болса), өндірістік құралдардың табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Жекелеген факторлардың өндірістік қорлардың табыстылық деңгейіне тигізетін ықпалының сандық бағасы тізбектеп ауыстыру әдісі бойынша анықталады.

Кесте -10




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет