Мазмұны: Кіріспе 1 бет Негізгі бөлім



бет5/9
Дата09.11.2022
өлшемі0.67 Mb.
#464406
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ғылыми жоба дүниетану пәні Балдың пайдасы 2 сынып

Ара ұяшықтары
Олар ұясын алты бұрышты геометриялық пішінде жасайды. Математиктердің есептеуінше, бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауда үлкен тиімділік бар екен. Алты бұрышты ұяға материал өте аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді. Яғни, бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі.
Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданатын тәсілі де таңғаларлық. Аралар бұл іске бірден екі-үш жерден бастап кіріседі. Бәрі бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды кейіннен бір-бірімен біріктіріп әкеліп бал ұяшықтарын тоқиды. Сонда барлығы бір жерден шығады екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен шебер жымдастырылғаны сондай, әрбір қабырғаның бөлек тоқылғандығын байқау өте қиын.

Ұ яларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас араларды қоректендіру жүйелі түрде іске асады. Егер ұяның іші қапырық тартса, қанаттарын қағып жұмыртқаларын салқындатады. Ал суық болса жұмыртқаны жан-жағынан көлегейлеп жылытады.


Жұмысшы ара небәрі 30 – 35 күн ғана өмір сүреді екен.Алайда, бал арасының еңбекқорлығы бекерден – бекер мақалға айналмаған: өйткені, бір бал арасы сағатына 6,5 км жылдамдықпен ұшып, бір жұмыс күнінің ішінде шамамен 7000 гүлге қонады екен. Оның барлық органдары гүлдеген өсімдіктерден шырын жинауға бейімделген: артқы аяқтарындағы арнайы щеткалары мен себетшелері арқылы тозаң жинайды әрі оны тасымалдайды. Ұзын тұмсығымен гүл шырынын сорады, жемсауында гүл шырыны балға айналады, тіпті тапқан шырынды өсімдіктерін біріне – бірі хабарлайтын күрделі хабарлауыш жүйесі де бар.

Жұмысшы аралардың қызметтері қатаң ажыратылған: біреулері тамақ тауып ұяға алып келеді, екіншілері оны алып балауызға құяды, үшіншілері балауызды тазартады, төртіншілері қанаттарымен ұяны желдетеді. Бесіншілері «күзетшілік» қызметін атқарып, ұяның есігін бағады және жауларын ішке кіргізбейді. Ал алтыншылары лечинкаларды тамақтандырады.


Аналық аралар ешқандай жұмыс жасамайды екен, олар тек өздерінің күтімімен ғана болады және соны басқа аралардан да талап етеді екен.
Міне, қызық! Ара бір ғана рет шағады екен. Өйткені оның құйрығындағы шаншары адамның денесінде қалып қояды да, шаншарынан айырылған ара көп кешікпей өледі екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет