Мазмұны Кіріспе 1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі


Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейін бағалау



бет4/5
Дата26.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#159317
1   2   3   4   5

2.2. Қазақстан Республикасындағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейін бағалау

Республиканың экономикалық дамуының негізгі параметрлеріне жасалған талдау ұлттық экономикадағы қиын жағдайлардың бірі - қайта өндіру процесіндегі баланстық тепе-теңдігі екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл құбылыс мемлекеттің экономикалық саясаттың тактикасы мен стратегиясын өндеу кезінде анықтаушы факторға айналды. Қайта өндіру процесін жетілдіруде және ынталандыруда негізгі рөлді атқаруға біріккен кәсіпорындар шақырылды.

Қайта өндіру процесінің экономикалық негізі болып негізгі өндіріс қорларын құру және жаңарту, өндіріс құралдарын жетілдіру және қайта өндіру табылады. Бұл жағдайда, әсіресе, негізгі өндірістік қорлар дамуының негізгі көздерінің бірі ретінде біріккен кәсіпорындар қызмет етуі керек. Тәжірибе көрсеткендей, біріккен кәсіпкерлік экономиканың жалпы ішкі өнім, тұтыну, инвестиция, таза экспорт сиқты макро көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді.

Қайта өндіру процесі мәселелерін шешуде технологиялар, басқару әдістері, капитал салымдары ағымын ынталандыруына байланысты біріккен кәсіпорындардың негізгі рөл атқаратындығын көрсетуге болады. Сонымен бірге, тәжірибе көрсеткендей, сыртқы сауда тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты ұлттық экономикада біріккен кәсіпкерліктің оң және теріс жақтары болады екен.

Қазақстан негізгі көңілді ұлттық экономикаға салынатын капитал салымдарының өсуіне тікелей әсер ететін, қоғамдық қайта өндіруді күшейтетін тәсіл ретінде біріккен кәсіпорындарды ұйымдастыратын факторға бөледі.

Облыстар бойынша біріккен кәсіпорындардың капитал салымдарын талдау республиканың минералды-шикізат кешенінің негізгі базалар шоғырланған облыстарында біріккен кәсіпорындардың басым екендігін көрсетеді. Тікелей шетел инвестицияларының көлемі бойынша біріккен және шетел кәсіпорындарының қызметін талдау мұнай саласына салынған шетел инвестициясының үлесі 2000-2002 жылдарға 55% құрайтындығын көрсетеді.



6-кесте
Облыстар бойынша әрекет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының капитал салымдары


Облыстар аттары

2000

2001

2002

Барлығы

94025.5

149515.5

299137.0

Соның ішінде

Ақмола

0.6

34.0

39.4


Ақтөбе

1990.0

7330.4

19052.1

Алматы

786.4

37807.6

3168.5

Атырау

50246.0

64740.8

85583.6

Шығыс Қазақстан

415.2

2449.3

1637.6

Жамбыл

0.8

6.9

25.6

Батыс Қазақстан

670.9

1172.9

126283.8

Қарағанды

969.0

5557.4

27139.7

Қызылорда

3751.4

10087.5

3175.0

Қостанай

-

23.7

55.8

Маңғыстау

7418.9

4997.4

19223.1

Павлодар

4568.2

3870.2

7174.0

Солтүстік Қазақстан

3.0

1667.6

54.8

Оңтүстік Қазақстан

21.9

88.6

503.8

Астана қаласы

712.8

2058.6

3242.3

Алматы қаласы

22470.4

7622.6

2777.9

Біріккен және шетел кәсіпорындарының капитал салымдары 2000 жылмен салыстырғанда 2002 жылы 252852.7 млн.теңгеге өсті. Әсіресе бұл – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Астана қаласындағы біріккен кәсіпорындардың үлесі келеді.

Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды құру кезінде өндірістік салада келесі факторларды ескеру керек:


  • нарықтық экономика қалыптасуының тұрақтылығы және бір жүйелілігі;

  • шетел заңды тұлғаларына да таралатын қозғалмайтын мүлікке құқық орнату (құқықты заңды түрде орнату);

  • мемлекеттік және муниципалды меншікті жекешелендіруге шетел инвесторларының қатыс мүмкіндіктерін кеңейту;

  • мемлекет тарапынан салықтық қысымды азайту, болашағы зор салаларға салық салу жөнінен жеңілдіктер беру;

  • еркін экономикалық аймақтарда шетел капиталының қатысуымен кәсіпорындардың дамуын ынталандыратын заңды актілерді қабылдау.

Қазіргі кезде республика бойынша әрекеттегі біріккен кәсіпорындардың жалпы жарғылық қоры 139.9 млрд.теңге, оның ішінде шетел ұйымдастырушысының үлесі 40,1% құрайды.

Жасалған талдау шетел серіктестерінің қатысуымен саудада және қоғамдық тамақтануда 1511 кәсіпорынның, өнеркәсіпте 771 кәсіпорынның әрекет ететіндігін көрсетеді. Құрылыста шетел серіктестерінің қатысуымен 486 кәсіпорын, ауыл шаруашылығында 79 кәсіпорын әрекет етеді. Республикада біріккен кәсіпкерліктің салалық құрылымы сандық қана емес, сапалық өзгерістерге ұшырады. Бұл, әсіресе, ауыл шаруашылығына қатысты. Осыған байланысты аграрлық секторда халықаралық кәсіпкерліктің өсуін ынталандыратын шараларды қолдану қажет:



  • ауыл шаруашылық біріккен кәсіпорындары үшін белгіленген баға бойынша өнімдерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

  • агроөнеркәсіп кешені салаларынан біріккен кәсіпорындарды біріктіретін ұйымдарды құру. Бұл кәсіпкерлердің қызығушылығын қорғаушы ретінде шығады.

Әрекеттегі біріккен және шетел кәсіпорындарының өндіріс көлемі бойынша 2002-2004 ж. Олардың өндіріс көлемінің өсуі байқалуда (7-кесте).

7-кесте
Облыстар бойынша әрекет ететін біріккен және шетел кәсіпорындарының өндіріс көлемі4


Облыстар аттары

2002

2003

2004

Барлығы

1057507.9

1257064.3

1576750.8

Соның ішінде

Ақмола


1256.3

1972.4

7809.3

Ақтөбе

59623.7

80548.3

188450.1

Алматы0

33613.5

39038.5

46921.5

Атырау

367031.4

445212.7

508481.3

Шығыс Қазақстан

13582.9

15036.5

9656.9

Жамбыл

74.2

207.9

1047.9

Батыс Қазақстан

59428.6

69507.0

86117.7

Қарағанды

231192.4

262460.3

311981.1

Қызылорда

2503.5

927.7

1215.7

Қостанай

70009.1

105648.4

126156.4

Маңғыстау

39043.9

54247.3

75362.0

Павлодар

51180.9

51748.3

57013.7

Солтүстік Қазақстан

7549.9

8186.8

10340.4

Оңтүстік Қазақстан

54142.6

44151.6

50453.5

Астана қаласы

10054.3

10881.2

13552.0

Алматы қаласы

57220.6

67289.4

82192.0

Біз көріп отырғанымыздай, біріккен және шетел кәсіпорындарының өндіріс көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 520.0 млрд.теңге өсті. Мұнда өнімдерді өндіруде негізгі үлес салмағы Қарағанды – 20 %, Атырау – 32.3%, Батыс Қазақстан – 5.5%, Қызылорда - 8%, Павлодар – 3.6% облыстарында және Алматы – 5.2% қаласында шоғырланған біріккен кәсіпорындардың алатындығын көріп отырмыз.

Сонымен қатар, біріккен кәсіпорындар өздерінің өндірген өнімдерін ішкі нарықта ұлттық валютада өткізді. Оны біз келесі кестеден көре аламыз.

8-кесте
Біріккен және шетел кәсіпорындарының өз өнімдерін ішкі нарықта ұлттық валютада өткізу көлемі5





2002

2003

2004

Барлығы

Соның ішінде халыққа

Барлығы

Соның ішінде халыққа

Барлығы

Соның ішінде халыққа

Барлығы

662226.2

109898.2

898463.2

135125.5

1203457.8

173781.5

Соның ішінде

Ақмола


1630.7

599.6


2804.6

1655.0

6659.8




Ақтөбе

27791.6

2566.3

38672.9

2815.9

48832.4

2622.2

Алматы

40320.1

26651.5

51410.3

28154.4

68845.9

31172.0

Атырау

89039.9

1555.9

110506.6

3407.4

166824.7

5063.8

Шығыс Қазақстан

6922.7

2354.0

22423.5

11152.3

22705.8

5203.2

Жамбыл

641.7

148.7

1356.3

962.4

7132.8

5605.8

Батыс Қазақстан

54249.0

2354.0

128711.3

3057.8

90083.2

1145.7

Қарағанды

48305.5

10740.2

55754.5

12260.5

66736.8

11053.8

Қызылорда

1488.2

655.3

2657.0

903.6

5840.2

2284.4

Қостанай

42029.9

108.4

36053.8

173.0

47204.0

142.6

Маңғыстау

7160.7

337.9

5371.8

454.4

10772.0

513.5

Павлодар

20980.8

1384.7

21066.6

2357.7

25627.5

1576.8

Солтүстік Қазақстан

9633.8

2910.4

10600.4

2916.0

19708.8

4904.5

Оңтүстік Қазақстан

29692.1

1210.2

59112.9

2401.3

74515.7

13043.7

Астана қаласы

26776.9

4441.4

31766.0

6524.9

68116.7

18710.5

Алматы қаласы

255562.6

52810.3

320194.7

55929.0

473851.6

68879.1

Біріккен кәсіпорындардың санының және оған байланысты өндіріс көлемінің өсуімен бірге олардың ішкі нарықта ұлттық валютада өткізілетін өнімдерінің өткізу көлемінің өскендігі байқалуда. 2002 жылмен салыстырғанда 2004 жылы өткізу көлемі 541 млрд.теңгеге өсті.

Республика бойынша біріккен кәсіпорындардың өндірілген өнімдері көбінесе Атырау, Қарағанды, Палодар, Алматы облыстарында және Астана, Алматы қалаларында өткізіледі.

Біріккен кәсіпорындар республиканың сыртқы экономикалық байланыстарына белсенді түрде қатысады. Бұны біз біріккен кәсіпорындардың сыртқы саудасынан көре аламыз.




9-кесте
Облыстар бойынша біріккен және шетел кәсіпорындарының сыртқы саудасы6





2002

2003

2004

экспорт

Импорт

Экспорт

импорт

Экспорт

импорт

Барлығы

5235662.4

2979016.3

5934338.3

3383934.8

9387010.7

4350399.7

Ақмола

737.1

838.2

6944.8

2157.6

31784.5

27083.7

Ақтөбе

349728.7

189355.7

561194.8

204178.5

1380773.4

465096.3

Алматы

24003.2

104304.7

22109.7

137468.8

24080.0

198667.5

Атырау

1535418.4

1111131.1

1528728.8

1397023.0

3218331.73

1656525.1

Шығыс Қазақстан

68719.4

30238.8

76311.7

110225.6

18331.7

22811.9

Жамбыл

371.5

7015.8

1004.8

1364.3

3241.7

4170.7

Батыс Қазақстан

330079.7

32595.1

363365.5

133148.0

627643.6

149255.9

Қарағанды

1463221.3

216666.8

1561509.1

276666.1

1877488.7

242592.9

Қызылорда

7770.2

2094.6

9070.2

7163.3

16814.6

13630.4

Қостанай

30826.1

40534.6

536181.8

72374.4

838063.6

83924.2

Маңғыстау

222585.7

258673.4

375082.6

75582.3

457983.8

73818.6

Павлодар

282744.7

100466.0

245266.9

56892.1

269264.3

75040.0

Солтүстік Қазақстан

57.4

9830.7

6073.9

9371.3

26353.8

11464.1

Оңтүстік Қазақстан

2894.5

31858.2

22497.9

27483.0

52585.2

29930.1

Астана қаласы

37001.0

24881.2

37825.2

50113.7

59772.3

237066.5

Алматы қаласы

571003.5

818531.4

581170.6

822722.8

471342.4

1059321.8

Бұдан біз экспорт пенимпорттың жылдан жылға өскенін байқап отырмыз. Егер, экспорт 2002. 5324млн.АҚШ долларын, 1509ал импорт млн.АҚШ долларын құраса, онда 2004 жылы экспорт 9387 млн.АҚШ долларына, ал импорт 4350млн.АҚШ долларына өсті.


Экспорттың жалпы көлемінде біріккен кәсіпорындардың үлесі – 58.3%, ал импорттың жалпы көлемінде – 29.9% құрайды (5-диаграмма).


5-диаграмма. Экспорттың жалпы көлемінде шетел және біріккен кәсіпорындардың үлес салмағының динамикасы.


Экспорт көлемінің негізгі үлес салмағы Атырау облысындағы (34%), Қарағанды облысындағы (21%), Батыс Қазақстан облысындағы (6.7%), Алматы қаласындағы (6.4%) біріккен кәсіпорындарға келеді, ал импорттық түсімдердің 30% Алматы қаласындағы (5.1%) біріккен кәсіпорындарға келеді, ал импорттық түсімдердің 25% Алматы қаласына және 38% Атырау облысына түсті.

Біріккен кәсіпорындардың экспорттық құрылымында негізгі үлес салмақ мынандай өнімдерге келеді: минералды өнімдердің - 68%, металл өнімдерінің - 20%, тамақ өнімдерінің - 4%, химиялық өнімдердің - 3%, машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары, приборлар, аппараттардың - 2%, ал импорттық құрылымында негізгі үлес салмақ мынандай өнімдерге келеді: машина, құрал-жабдықтар, көлік, приборлар - 43%, химиялық өнімдердің - 13%, тамақ өнімдерінің - 7%.

Шетел инвестицияларының салалық құрылымын талдау капитал салымдарының шикізат салаларына келетіндігін көрсетеді (мұнай және газ). Мұнайгаз өнеркәсібі Қазақстанның экономикалық дамуының қозғаушы күші болып табылады. Одан басқа, берілген салада шетел капиталының қатысуы біріккен кәсіпорындарының әлемдік мұнай, газ нарығына кіруіне, машина және құрал-жабдықтар ұлттық өндірісінің батыс және Азия елдерімен байланыстың дамуына және бекуіне жағдай жасайды. Мысалыға, “Тенгизшевройл” біріккен кәсіпорны. Бұл біріккен кәсіпорынның әрекетінен екі жаққа да өзара пайдалы ынтымақтастықтың нәтижелерін көруге болады. “Тенгизшевройл” біріккен кәсіпорны - әлі күнге дейін ТМД территориясындағы ең ірі біріккен кәсіпорындардың бірі. Келісім-шарт шарттарына сәйкес Теңіздегі мұнай Батыс Еуропа және Жерорта теңізі елдеріне экспортталуы керек.

Республика аймақтары дамуының ерекшеліктерін талдау бәсекеге қабілетті, қызықтыратындай минералды-шикізат ресурстары бар аймақтар көрсетілген артықшылықтарға иеленбейтін аймақтарға қарағанда едәуір ұтымды, қолайлы жағдайда екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, біріккен кәсіпкерліктің дамуына инфрақұрылымның болуы және оның даму деңгейі айтарлықтай әсер етеді.

Аймақтар бойынша біріккен кәсіпорындардың өндіретін өнімдері қатарына отын, қара металдар, жүн шикізаты және одан өндірілген бұйымдар, былғары шикізаты және аң терісі жатады. Қазіргі кезде біріккен кәсіпорындар жоғарғы технологиялы өнімдерді өндіреді: электронды-есептеуіш машиналар, телевизиондық аппаратура, медициналық өлшеуіш құралдары және аппараттар.

Қазіргі кезде Қазақстанда біріккен кәсіпкерліктің дамуына саяси-экономикалық тұрақсыздың жағдай ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымның нашар дамуы, ақпараттармен қамтамасыз етудің әлсіздігі, қазақстандық басқарушылардың нарықтық экономика жағдайындағы жұмыс тәжірибесінің жоқтығы кедергі жасап тұр. Қазақстанның территориялық бірлестіктерінің негізгі өзгешелігі (көліктік-жағрафия жағдайы, шикізат ресурстарының болуы, өндірістік құрылымы, әлеуметтік даму дәрежесі, кадрлардың квалификациясы және т.б.) оның әр аймағындағы біріккен кәсіпкерліктің даму ерекшеліктерін алдын-ала анықтайды.

Бірақ Қазақстандағы мүлдем немесе дерлік өнім өндірумен айналыспайтын біріккен кәсіпорындардан шетел біріккен кәсіпорындарының айырмашылығы жаңа техникалық процестерді және бұйымдарды, өндірістік объектілердің біріккен ғимараттарын өндеу мақсатында ғылыми-техникалық және өндірістік кооперациялануы үшін құрылатындығында. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындар көбінесе экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырады, делдалдық қызмет көрсетумен айналысады және жалпы экспорт көлемінің 98% құрайтын шикізатты шығаруымен шұғылданады.

Бұл жағдайда аймақтық саясаттың қолайлы инвестициялық ахуал жасауында мәні өседі. Бірақ қазіргі кезде облыстық үкімет органдарының біріккен кәсіпкерлік қызметіне әсер ететін қозғаушы күші жоқ. Салық жүйесі жергілікті басқару органдарына жоғарғы класты инфрақұрылым жасауына шетел капитал ағымын ынталандыру үшін салық жеңілдіктерін беру мәселелерін шешуіне және т.б. кедергі жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет