2.3. Эстетикалық тәрбие туралы білім қалыптастыру.
Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторлары және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайды болуы қажет. Тұлға жан – жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарты болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс - әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіптік ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары) қоғамдық ұйымдар (партиялар халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар), ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми – насихат, әскери - спорт), өз әрекетімен істеуші ұжымдар (көркемөнерпаздар, коллекционерлер) және т.б. Осы ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процеске айналдыру, халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық принциптерінің негізінде құру.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден – бірн құралына айналды. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш – қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым – қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескереді. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс - әрекетінің формалары мен әдістері, өзін - өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс - әрекеті, қарым – қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізгі болды.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1. Ұжым тәрбиенің мақсаты және обьектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4. Ұжымның өзін - өзі басқару органдары және өкілдері – ұйымдастырушылары болады.
Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым – бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студентер тобы, негізгі ұжым – факультеттен т.б.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А. С. Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс - әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ар – қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн.
-
ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
-
ұжым іс - әрекетінің дамуы;
-
жеке адам арасындағы қарым – қатынас іскерлік және гуманистік қатынастардың пайда болуы;
-
барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізнгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс -әрекеттерге қатыстыру, ұжымда балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А. С. Макаренко ұжымда нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымда тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін - өзі басқару,а яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мұғалімнің қызметі – коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасы қуатттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш – қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципті қолданылады, яғни тұлғаға талап қою арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең – бұдан былай белсенді, топтық және ұжым (сынып) іс - әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауға қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестіка, бір – біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез – құлық нормасын сақтау, нормаға бағыну сияқты болымды қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір – бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Ұжымдық талқылау, бағалау жариялылық әрекеттілік – қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны таңдау. Осыған орай, А. С. Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс - әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. Жақын перстективаға жарыс, саяхат жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. жатады.
Орта перспектива – бұл перспективаға балалар ларегіне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тықырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қашық преспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдарды қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
Дүниетаным дегеніміз обьективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындықққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс - әрекет принциптері, құндылық бағдарлары.
Педагогика ғылым оқушы тәрбиесінің мазмұнынына енетін ғылыми дүниетанымды қатынастыру мәселесін шешуде оның құрамды бөліктерін ажыратып қарайды. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім жүйесі, дүниетаным; сенім; адам мұраты.
Білім обьективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғатының және қоғам құбылыстарының обьективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетанымы дамуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналды.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы байымдауы, ой тұжырымы . адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіріде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы, материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.
Сенім терең, тиянақты идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктілік анықтайды, мінез – құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынанеріп отыру.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғңары мұрат – мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Мұрат ай наладағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік – экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыпытасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс - әрекеттеріне әр түрлі ықпал жасайды.
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез – құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.
Оқушылардың өмірлік жағдайларының қалыптасуы, әлеуметтік тұрмыс және адамгершілік қалып, олардың практикалық іс - әрекетіне үлкен ықпал жасайды. Өйткені осы ортадаәрбір оқушы өмір сүреді, тіршілік етеді. Бұлардың бәрі оқушылардың еңбегін, қоғамдық пайдалы іс - әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру - өмірлік тәжірибесі артады, іскерлігі және дағдысы дамиды.
Жоғары сынып оқушыларының табиғат және қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңейеді, тереңдейді, диалектикалық ойлдай білуі, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады. Олар жинақталған адамгершілік иедяға төселу үшін өздерінше жете түсінуге, шындықты іздеуге, өздеріне және басқа адамдарға жоғары талап қоюға, барлық істерде әділетті, адал болуға тырысады.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және еріктік сияқты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс - әрекетпен салыстыруы керек.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.
Мектепте оқытылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін жасайды. Ботаника, биология курстарын оқу, мектептің оқу – тәжірибе учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында шәкірттер жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің даму процесін адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді.
Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірибе жасау оқуышлардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін, дүниетанымдылық көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика астрономия сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте – бірте ашуы, тануы және заңдарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады. Бұл жөнінде ғарышкерлердің космосқа ұшуы, оның кеңістігін зерттеу пән мұғалімдерін бай материалдармен қамтамасыз етеді.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғалымдардың алтын орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы шәкірттердің диалектикалық – материалистік көз – қарастары қалыптасады, олар адам өмірінің мәніне, мұраттарының, мінез – құлқының бағыттылығына, іс - әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді.
Тарих курсы қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіндік жасайды. Әдебиетке адамдар арасындағы қарым – қатынасқа жаңа өмірге, еңбекке жастардың дұрыс көзқарасын тәрбиелейді. Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір танымдығымен отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогрестік дәстүрлерімен, идеялық байлығымен танысады. Сонымен мектепте оқыту оқушылырдың дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі. Олай болса оқыту процесінде бірқатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек.
1. Мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс - әрекеті кезеңдерінің нақты жоспарларын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәннің орнын анықтау, пән аралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, саяси - әлеуметтік және адамгершілік идеяларды бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде мұғалім оқушыларды айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді, оларға пәндерді оқудың уақыты бойында логикалық және деректік сипатына қарай күрделенетін ретпен тізбектей орналастырып, топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде оқытылатын материалдан шығатын дүниетаным қорытындыларын тақырыптарға сәйкес болу және оларды сабақ жоспарларында, оқушылардың өзіндік жұмысы үшін берілетін тапсырмаларды белгілеу жүзеге асады. Бесінші кезеңде оқушылардың оқуын ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін оқушылар танымдық іс - әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістері мен формаларын анықтайды.
2. табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру. Дүниетаным идеяларын меңгеруге оқушының белсенді және орынды қатынасы оның ақиқат екендігіне сенімін қалыптастырады.
3. алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі. Білім тек саналы ойлау жұмысының нәтижесінде алынып, тәжірибеде тексеріліп, іс - әрекеттің жетекші идеясына айналса ғана дүниетаным сипатын алады.
4. оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы. Адамгершілікті көзқарастарды қалыптастыру, тереңдету мен бекіту, оқушыны қоршаған орта, оны қоғамның – саяси белсенділікке, өз бетіндік іс - әрекетке және жауапкершілікке итермелейтіндей жағдайға қоюды талап етеді.
5. мұғалім – ғылыми дүниетаным иесі және оны жүзеге асырушы. Жалпы, оқушының дүниетанудағы жәрдемшісі мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой - өрісі кең және берік көзқарасты адам болуы керек.
Шәкірттердің саналы тәртібі, байымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс - әрекетіне құлық тәрбиесіне байланысты.
Қортынды
Жас ұрпақтың тәрбиесінде ұлттық тәртіп пен мінез ерекшеліктерінің алатын орны зор. Өскелең ұрпақты өмірге және еңбекке даярлау үшін халқымыздың тарихи тәжірибесіне сүйеніп, мұғалім оқушылардың іскерлігін, дағдасын, құлықтың қасиеттерін қалыптастыруға тырысады: ізгіниеттілік, адалдық, кішіпейілдік, ілтипаттылық, орындағыштық, жауапкершілік т.б.
Құлық тәрбиесінің міндеттері:
-
оқушыларды қоғамның моральдық нормасын орындауға қалыптастыру;
-
оқушылардың тәртіп және мінез – құлық тәжірибесін қалыптастыру;
-
балалардың сапасына және мінезіне педагогикалық ықпал жасаудың бірлігін қамтамасыз ету;
-
отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс - әрекетке балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру біріншіден, тәрбие процесінің обьективті және субьективті жақтарының бірлігіне, яғни оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптарға – бұл обьективті жағына, ал, жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі – бұл тәртіп пен мінез – құлық тәрбиесінің субьективті жағына байланысты; екіншіден, тәрбие шараларының мазмұнына, идеялық деңгейіне байланысты.
Құлық тәрбиесінің мазмұны, оған қойылатын талаптар тәрбие бағдарламасында көрсетілген. Осы бағдарламаға сәйкес мектептің, сынып жетекшілерінің, қоғамдық балалар ұйымдарының іс жоспарында оқу – тәрбие жүұмыстарының мақсаты, мазмұны, формасы анықталады, іс – жүзіне асырылады. Құлық тәрбиесі балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі.
2. Ақыл – ой тәрбиесі.
Ақыл – ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алады.
Ақыл – ой тәрбиесі тұлғаның жан – жақты дамуының негізі. Ақыл – ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ақыл – ой тәрбиесі – адам зиялылығының негізі.
Ақыл – ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл – ой күштері.
Ақыл – ой тәрбиесінің міндеттері:
-
ойлау іс – әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
-
негізгі ойлау операцияларын меңгеру;
-
зиялылық біліктерді қалыптастыру;
-
дүниетанымды қалыптастыру.
Оқушыға зиялы белсенді іс - әрекетке қажетті ақылдың бірде бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін білім беру ұғымын қатыстыра отырып қараймыз.
Ақыл – ой тәрбиесінің ең басты құралы – оқыту. Ақыл – ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу материалының мазмұнын игеру, зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына қатыстыратын, оқу әрекеттерін орын
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Айтманбетова Б.Р. «Оқыту процесінде тәрбиелеу» Алматы 1972ж.
-
Айтманбетова Б.Р. «Жанұяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі мәселелері».
-
Бейсенбаева, Айтманбетова Б.Р. «Тәрбиенің жалпы әдістері»
-
Махмудов Н. «Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру» 1981 ж. Алматы.
-
Махмудов Н. «мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» 1999 жыл Алматы.
-
Мухина В.С. Психология дошкольника М, Просвещеие, 1975г.
-
Нежнова Т.А. Динамика внутренней позиций при переходе от дошкольного к младшему возрасту. //Вестник МГУ серия 14. Психология. 1988, №1.
-
Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М, Просвещение, 1968г.
-
Выготский Л.С. Собрание сочинений: в 6 т. т4., М, педагогика, 1984г.
-
Коломинский Я.Л. Учителю о психологии детей шестилетнего возраста. М, Просвещение, 1988г.
-
Климин С.В. Методы психодиагностики как средство повышения эффективности индивидуального подхода в обучении и воспитании школьников. Под.ред. Д.И. Фельдштейна, М, 1990.
-
Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 1999.
-
Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1996г.
-
Абрамова Г.С. Возрастная психология. М, 1997г.
-
Годфруа Ж. Что такое психология. М, 1997г.
-
Кэмпбелл Р. Как на самом деле любить детей. М, Знание, 1992.
-
Сатир В. Как строить себя и свою сеьмю. М, Педагогика, 1992.
-
Выготский Л.С. Исторический смысл психологического кризиса //Собр. Соч. в 6т., М, 1982. Т.1, с 291-415.
-
Жезан А.Н. История психологии. М, 1990.
-
Эльконин Д.Б. Введение в психологию развития. М, 1994.
-
Ярошевский М.Г. История психологии. М, 1985г.
-
Пузырей А.А. культурно-историческая теория Л.С. Выготского и соврменная психология. М, 1986.
-
Величковский Б.М. современная когнитивная психология. М, 1982г.
Достарыңызбен бөлісу: |