3. Техника қауіпсіздік шаралары
Жұмыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерінің жалпы нұсқауларын сақтау керек, бұл зертханада жұмыс істеушінің әрбір жасайтын тәжірбие сипаттамасына тәуелсіз, міндетті түрде орындалу керек.
1. Зертханада жұмыс жасаған кезде тазалық, тәртіп және тыныштық сақтау керек. Тәжірбие кезінде студенттердің назарын аударатын, бөгде адамдар келмелуі керек.
2. Жұмыс жасауға тек қауіпсіздік ережелерінің нұсқауын оқып білгеннен кейін, арнайы журналға қол қойған студенттер жіберілуі керек.
3. Жұмыс орнын тазалықта ұстау керек. Сондай-ақ оны артық ыдыстармен, қағаздармен керек емес материалдармен толтырып тастауға болмайды.
4. Пробиркадағы немесе колбалардағы сұйық және қатты денелерді қыздырған кезде ыдыстың аузын өзіне немесе қасындағы адамға бағыттауға болмайды.
5. Қандай да бір заттардың дәмін татып көруге болмайды.
6. Өлшенген кезде химиялық заттарды таразы табақшасына салуға болмайды.
7. Минералды қышқылдар мен химиялық заттары болған ыдыстарды жұмыс жасап болған соң, бірден мұқият жуу керек.
8. Химиялық шыны ыдыстар және приборларды қолданған кезде сақтық шараларын сақтау керек. Шыны ыдыстарды саусақтарыңызбен қыспай, жай ұстау керек. Ыдыстарды ершпен немесе шыны таяқшамен жуған кезде, мұқият болуы керек, өйткені олар шыны ыдыстарының түбін сындырады, нәтижесінде қолдарын жарақаттап алуы мүмкін.
9. Студенттер тәжірибелерді ақ халатта жүргізу керек, жұмыс жасаған кезде залалсыздандыруды сақтау үшін қажет.
10. Ламинар-боксте ультрафиолет лампасы қосулы тұрған кезде жұмыс істеуге қатаң тиым салынады.
11. Спиртшам жандырғышын жағылған күйде қараусыз қалдыруға болмайды.
12. Зертханалардағы спирт және ұшқыш сұйықтардың қоры көп болмау керек, олар күнлелікті жұмыс жасауға жеткілікті болса болады.
13. Жұмысты аяқтаған соң, жұмыс орнын ретке келтіріп, зертханадағы электр құралдарды, суды тексеріп көру керек.
Қауіпсіздік техникасының ережелері
1. Жұмыс орнын таза және ұқыпты ұстап, басқа артық заттарды алып тастау керек.
2. Химиялық реактивтерді адам терісіне және киімге тиіп кетуден сақтану керек.
3. Жалпыға бірдей қолданылатын реактивтерді жұмыс орнынан алып кетпеу тиіс. Егер реактивтердің қанша көлемде қажет екендігі жазылмаса, онда реактивті өте аз мөлшерде қолдану керек.
4. Улы, ұшқыш немесе өткір иіс шығаратын және концентрлі қышқыл, сілтілермен жүргізілетін жұмысты ауа сорғыш шкафта өткізу керек.
5. Ыдыстардың тығындарын ауыстырмай, сонымен қатар реактивтерге қолданатын пипеткаларды бір-бірімен алмастырмау керек. Құрғақ реактивтерді тек таза шпательмен алу керек. Артық алынған реактивтерді ыдысына қайта салмау(құмау) керек.
6. Заттың дәмін татып көруге болмайды.
7. Заттың иісін анықтау үшін ыдысты бетіңнен 25-30 см қашық ұстап, қолыңмен газдың бөлігін ыдыстың мойынынан мұрынға қарай желпу керек.
8. Реактивтерді құйған кезде бетіңе немесе киімге шашырап кетпес үшін ыдысқа көп еңкейту керек.
9. Химиялық шыныны қыздырғанда өзіңе және қасындағы студенттерге қаратпау керек.
10. Сыртында жазуы жоқ немесе жазуы нашар көрінетін реактивтерді тәжірибеге қолдануға тиым салынады.
Алғашқы көмек – ол адамның өмірін құтқаруға бағытталған жедел шаралар кешені. Жазатайым жағдай, сырқаттың кенеттен қысуы, улану – осы және басқа төтенше жағдайларда білімді алғашқы көмек қажет.
Заң бойынша, алғашқы көмек медициналық болып саналмайды – ол дәрігерлер келгенше көрсетіледі немесе зардап шегуші госпиталданады. Алғашқы көмекті сол сәтте зардап шегушінің қасында болған кез келген адам көрсете алады. Бірақ азаматтардың кейбір санаты үшін алғашқы көмек көрсету – қызметтік міндеті. Бұл жерде сөз полиция қызметкерлері, әскериқызметшілер, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, және, әрине, медицина қызметкерлері туралы.
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ АЛГОРИТМІ
Абдырап қалмай, алғашқы көмекті дұрыс көрсету үшін мына әрекеттер тізбегін сақтау маңызды:
Өзінің, зардап шегушінің және айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (мысалы, зардап шегуші адамды жанып жатқан автокөліктен шығару).
Зардап шегушінің өмір белгілерін (пульс, тыныс алуы, қарашығының жарыққа реакциясы) және есін білуін тексеру. Тыныс алуын тексеру үшін зардап шегушінің басын шалқайтып, оның ауызы мен мұрынына қарай еңкейіп, тыныс алуын естуге немесе сезінуге тырысу керек; пульсті «тыңдау» үшін зардап шегушінің күре тамырына саусағыңыздың басын қою қажет; есін бағалау үшін зардап шегушіні иығынан ұстап, ақырын қозғап, қандай-да бір сұрақ қою қажет (мүмкіндігіне қарай).
Оқиға орнына мамандарды шақыру (112 – ұялы телефоннан,қалалық телефоннан – 103 (жедел жәрдем)немесе 101 (құтқарушылар).
Шұғыл алғашқы жәрдемді көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |