оқушы тұлғасын дамытуда пайдалану
1. Ұлттық – психологиялық ерекшеліктер – (ұлттың) нақты бір этнос өкілдерінің психикалық процестерімен күйлерінің, өзара қарым – қатынас, өзара әрекеттестік және қатынас ерекшеліктерін сипаттайтын ұлт психологиясының компоненттері. Ұлттық – психологиялық ерекшеліктер арқылы нақты бір этностың психологиясы байқалады. Ұлттық – психологиялық ерекшеліктер құрылымы өзіне келесі компоненттерді енгізеді:
2. Мотивациялық - фондық ерекшеліктер – қандайда бір этеос өкілдерінің іс - әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері мен мотивация ерекшелігін анықтайтын сипаттама ретінде ұғынылады. Олар: жұмыс қабілеттілік, байқағыштық, күш салу, бастамшылық, табандылық сияқты мінез сипаттарынан байқалады;
-
Жалпы адамзаттық сипаттамалар болып табылады, бірақ әрбір халықта қарқындылық пен мәнерліліктің түрлі деңгейіне ие болады;
-
Іс - әрекеттер мотивациясы мен жалпы іс - әрекетті қамтамасыз ететін ұлттық сезімдер мен көңіл күйге негізделуі мүмкін;
-
Қандайда бір этникалық қауымдастықта басым болатын және қғамдық саныда қалыптасқан ұлттық қундылықтар мен мүдделер негізінде қалыптасуы мүмкін.
3. Интеллектуалдық – танымдық ерекшеліктері қандайда бір нақты этносқа қатысып индавидтің қабылдауы мен ойлау ерекшеліктерін білдіретін және басқа халық өкілдерін осынан ұқсас танымдық және интелектуалдық – сапаларының ерекше үйлесуі арқылы көрініс табуын қамтамасыз ететін белгілі бір сипаттамалар ретінде ұғынылады. Интелектуалдық – танымдық ерекшеліктер өзіне келесі компоненттерді енгізеді:
-
логиканың үйіриктік деңгейін;
-
абстракциялау кеңдігі мен тереңдігі;
-
ойлау операцияларының жылдамдығы;
-
ойлау қырметін ұйымдастыру ерекшелігі;
-
қабылдау күші, тереңдігі, толықтығы және тапқыштығы;
-
қиялдық жарқындығы;
4. Имоционалдық еріктік ерекшеліктер нақты бір халықта іс - әрекет нәтижелігіне әсер имоционалдық және еріктік сапалардың көрінісі мен қызмет ету ерекшелігін бейнелейтін динамикалық сипаттамалар ретінде ұғынылады. Әр түрлі халық өкілдеріндегі имоционалдық – еріктік көріністердің айырмашылықтары келесі ерекшеліктерге ие.
-
осы этностық дамуының тарихи жағдайлары мен және көптеген жүз жылдықтар бойы эмоционалдық, еріктік, мінез – құлық түрлерін қалыптастыру мен және осы түрлерді кейінгі ұрпақтардың игеруімен түсіндіріледі;
-
Әрбір ұлтта сезімдер мен еріктердің көрініс табуы және ағымы динамикасының өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді;
5. Коммуникативтік – құлықтық ерекшеліктер түрлі этностардың, этникалық топтардың және қауымдастықтардың өз ішінде және өз тобынан тыс өзара әрекеттестігі мен өзара қарым – қатынасының ерекшелігін бейнелейтін сипаттамалар ретінде ұғынылады. Ерекшеліктері:
-
Көзқарастары мен мінез – құлықтың сыртқы нысандарынан байқалады;
-
Коммуникация амалдарынан;
-
Вербалды емес мінез – құлықтан;
Қазіргі психологтар мен педагогтардың жинақтаған тәжрибелері негізінде оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың зейіні, қабылдауы,қызығушылық қабілеттері дамиды. Сонымен бірге олардың оқу қызметі,ой еңбегі де дамиды.Оқыту үрдісінде оқушылар тек білім алып қоймайды,олардың дағдысы, іскерлігі қалыптасады, дүниетанымы кеңейеді. Оқыту барысында оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері, қабілеті ескеріледі, бұл балалардың дамуына әсер етеді. Әр жастағы оқушының даму ерекшеліктеріне сай келетін оқу мен тәрбиенің тиімді жолдарын таба білу, оқу материалдарын дамудың құралы ету мұғалімнің басты міндеті. Ол үшін баланың таным үдерісін, қабілеттерін дұрыс бағалауда, оқу-тәрбие үрдісінде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуіне көмек көрсетуде, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда оқушының белсенділігін қолдап отыру керек[55;26-29].
6-7 сынып оқушыларының өзіндік ерекщеліктері өте көп. Биологиялық, физиологиялық дамуы баланың психологиялық дамуына өз әсерлерін тигізбей қоймайды. Оқу материалын ұғыну қабылдаудан басталады. Қабылдаудың өзі бар бейнелермен беріліп тұрған объектілерді салыстыру, оылана отырып мағлуматтарды өз бетімен жұмыс жасауда бейнелеу болып табылады. Осы жастағы балалардың зейіні бастауыш сыныптағыдай қызықты нәрселерге көңіл аударумен ғана шектелмейді.Бұл жаста баланың ой өрісі біршама қалыптасады, қызықты емес затқа көңіл аудара алады.Олар мазмұнды мағынасына қарай есінде сақтауды ұнатады.Сонымен қатар,алған білімді өз бетімен жұмыс жасауда қажетті деңгейде қолдана алады.
Қазақ тіліндегі сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының теориялық негізін жасаған ғалым Н.Ж.Құрманова оқушының оқу үдерісінде ақыл – ойының жетіліуін теориялық деңгейде білім алумен байланыстырады. Осы жөнінде: “Оқушылардың теориялық деңгейде білім алуы, теориялық ойлауы дамуы дегеніміз – тілтану үдерісінде анализ (талдау) мен синтезді (жинақтау), дедукция мен индукцияны, лингвистикалық экспериментті, модельдеуді, логикалық операциялардың қолданылу жолдарын еркін меңгеруі, соған мүмкіндік беретін дағдылардың қалыптастырылуы” – деп пайымдайды[56].
Адам сөйлеген кезінде тіл арқылы белгілі бір ұғымдарды білдіреді. Осы ақпараттарды сезіну, қабылдау, түйсіну, ойлау, жеткізу тәрізді психологиялық құбылыстар арқылы іске асады. Бұның бәрі адам жадында қалыптасып, сөйлеу арқылы сыртқа шығарылады. Тілді меңгеру оқушының психологиялық сөйлеу, қабылдау, есту, зейін тағы да басқа қабілеттері арқылы жүзеге асады. Сондықтан да, тіл психологияның зерттеу объектісі болып таюылады. Психология ғылымында тілді – тіл және сөйлеуді біріккен тұлға ретінде қабылдайды. Тіл қарым – қатынас құралы болғандықтан, тілдік қатысым әрекетінде өзінің бүкіл қызметін айқындап көрсете алады. Психологиялық зерттеу тұрғысынан тіл – сөйлеу процесінде пайда болған ұғымдарды қабылдауы, есте сақтауы, оны ойлаудан өткізу, түйсіну тәрізді психологиялық қасиеттер негізінде зерттеледі. Оқушы өзінің ойлаған ойын, қуанышын, мұң – мұқтажын, сезімін, пікірін тілді қатынас құралы ретінде пайдаланған кезде ғана сыртқа шығара алады. Бала психикасының дамыуына оның тілді меңгеруі, оны сөйлеуде қолдана алуы маңызды қызмет атқарады. Оқушы сөз арқылы өзін қоршаған ортамен қатысым әрекетіне түседі, осының негізінде өзінің қоғамның бір бөлшегі екендігін танып біледі. Оқушының тілді меңгеруі, сөздік қорының кеңеюі, оның сөйлеу дағдылары мен икемділіктерінің пайда болуы сияқты жағдайлар психолог – педогог, тілші ғаламдардың ғасырлар бойы назарында болып келеді. Оқушының сөздік қорының мол болуы, тілді меңгеру деңгейі, оның даму психикасына тікелей әсер етеді және онымен бірлікте, байланыста болады. Баланың сөздік қоры үнемі дамып отырады. Бұған оқушының қоршаған ортасының кеңеюі, оның психикалық қабілеттерінің жетілуі, жас ерекшеліктері әсер етеді[57].
Психология мен әдістеменің өзара қарым – қатынасы – бұл педогогикалық ғылымның өзара байланыста қатарласа жүретін салалары арасындағы қарым – қатынас. Психология зерттеу әдістерінің негізінде оқушылардың мінез – құлық қызметінің білімге деген психологиялық ерекшеліктерін зерттейді және анықтайды, оқытудағы әр әдіс пен тәсілге психологиялық тұрғыдан талдау жасап дәлелдейді. Қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік сұрақтарды практикада шешуге және дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Мектепте оқыту үдерісі екі жақты, оқыту үдерісіне мұғалім мен оқушы қатысады. Оқушының қызметіне қатысты оның дамуы, ой қызметі, жаңа білімді игеру қабілеті, практикада алған білім мен білік дағдыларының сақталуы, осының бәрі қазақ тілін оқыту әдістемесінде олардың жалпы және педагогикалық психологиясын жетік меңгермей, ескермей жоғары деңгейде шешілмейді. Психология мұғалімге өзінің әр оқушысының психологиялық дамуын, материалды есте сақтау, қабылдау, дайындық деңгейін білуге мүмкіндік береді, оқушыны жүйелі зерттеуге көмегін тигізетін әдістермен қаруландырады. Бұндай зерттеусіз, бағдарсыз оқушының әр кезеңдегі психологиялық қатынысын білмей, қазақ тілі әдістемесіндегі ұсынылатын әдіс – тәсілді нәтижелі қолдану мүмкін емес. Осы әдіс – тәсілдер оқушының психологиясына, олардың жеке ерекшеліктері мен ойлау қабілеттерін, жалпы дамуын ескере отырып қолданғанда ғана оң нәтиже береді. Психология психофизиологиялық негізде түсінік береді, мысалы, сөйлеу дағдылары, оқу және жазу шапшаңдығы, жазу дағдылары (көру, есту, қол қозғалыстары, сөйлеу факторлары, ішкі ой, қайталау т.б.).
Психология оқушының білім алуда қабылдауына қатысты ойлау операциялары мен механизмдерінің, дерексіз ұғымдарды таңдау мен жинақтап қорыту қабілеттерінің, қабылдау процестерінің көтерілуін анықтайды. Психология грамматикалық ұғымдарды, орфографиялық ережелерді өз бетімен талдай алуға, оны кезеңдерге бөліп, негізгі бөлімін ажырата білуге, оның бірізділігін, өзара байланысын анықтауға мүмкіндік береді.
Мұғалім белгілі бір әдіс – тәсілді, жаттығу түрін қолдану нәтижесінде оқушының осы әдіс кезінде қандай қабілеттерінің дамитынын немесе оқу барысында қандай дағдыға үйрету керектігін, алдында мақсат қоюда неге сүйенуі қажеттігін және оларды психологиялық ерекшеліктеріне негіздеу керек екенін танып біледі. Мұғалім белгілі бір жағдайға байланысты жұмыс түрінде немесе жаттығу таңдауда осыларды басшылыққа алуы қажет. Мысалы, мәнерлеп оқу кезінде сөйлеу және есту қабілеттері дамиды. Психологтардың зерттеулеріне сәйкес орта буындағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне бастауыш сыныппен салыстырғанда осы сыныптарға бөлінген материалды кеңейте оқыту көзделеді. Бұл оқу бағдарламаларында және осы буын оқушыларына арналған оқулықтарда ескерілген.
Мектеп – оқушылардың зейінінен оқу – тәрбие үдерісінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытады, мұғалім – балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде қалыптасады. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды. Зейінсіз өткен жұмыс түрі өзінің мақсатына жете де алмайды. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский былай деген: “Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтн тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы ерексіз зейінді тудырып отырумен қатар, белсенді зейін балада шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек”.
Оқу – тәрбие процесінде балалардың өздерінің басынан өткізетін тәжірибесі арқылы еріксіз зейін ерікті зейінге айналады. Ерікті зейіннің пайда болуы балалардың саналылығымен байланысты. Тәрбие, оқыту жұмысында балаларды түрлі ойынға қатыстырып, олардың арасында саналы тәртіп құрып, оларды байқампаздыққа үйретіп, зейінін барлық оқу – тәрбие жұмысы арқылы дамытып отыру қажет. Олардың зейін дәлділігінің өсіп отыруы түрлі шаралар ұйымдастыру арқылы іске асады.Оқушылардың зейіні көп жағдайда қызығумен байланысты болғандықтан, оқу үдерісін қызықты, көрнекті етіп жүргізгенде оң нәтиже береді.
Оқытудың дамытушылық қызметі оқу үдерісінде оқушының жеке дамуымен анықталады. Даму барлық бағытта жүреді. Жеке тұлғаның тілі, ойлауы, қимыл әрекеттерінің дамуы, сана – сезім, ерік және тиісті мотивацияның дамуы болып табылады. Дамыту қызметі психология мен оқыту және дамытудың өзара қатынасы мәселелерін құрайды. Л.С.Выготский негізін салған психологияның негізгі заңдарының бірі: оқыту өзінен кейін дамытуды ілестіреді деген тұжырымы. Барлық оқыту білім мазмұны мен қызмет нәтижесінде дамиды, ал жеке тұлға психология заңдылықтарына сәйкес іс - әрекет барысында дамиды. Оқытудың тәрбиелік қызметі негізінде жеке тұлғаның оқыту үдерісінде адамгершілік және эстетикалық талғамдарды, қоршаған ортаға, өмірге көзқарасы, айналадағы мінез – құлық нормаларына баға бере білу қабілеті, жеке тұлғаның өз қажеттілігіне сәйкес іс - әрекет қабілеттерін қалыптастырады.
В.В.Давыдовтың айтуынша, психикалық даму дегеніміз – жеке адамның тарихи түрде қалыптасқан қызмет типтерін игеруі барысында жүзеге асырылатын қабілеттерді қайта жасақтауы. Оқу және тәрбие үдерісі арқылы оқушының қызмет типтері мен соған сәйкес қабілеттерді меңгеруі – оның психикалық дамуының жалпы түрі болып табылады. Осының негізінде дамыта оқыту технологиясының әдіснамалық, теориялық және практикалық негіздері танылады. Оқушыларды жеке тұлға етіп тәрбиелеуде басты мақсат – олардың ойлау шеберлігін дамыту, жетілдіру болмақ. Жеке тұлғаның қалыптасуында осы мақсаттар басты орында тұрады. Білім – ойлауды дамытудың негізі болып табылады, ал білімді мақсатты түрде меңгеру, қызығушылықпен білім алу – ойлау процесін жетілдіреді, оқушының бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына негіз болады. Сабақтың мақсатанда арнайы оқушының ойлауын дамыту деп көрсетілмесе де, мұғалім сабақ барысында анализ, синтез, индукция, дедукция, салыстыру мен топтастыру әдістерін қолдану арқылы жаңа білім мазмұны меңгертілсе, осы әдістер негізінде оқушының ойлау дәрежесі жаңа сатыға көтерілгендігі байқалады.
Оқу мен тәрбие – қоғамның балаға тигізетін ең күшті әсерлерінің бірі. Оқу – тәрбие жұмысында оқушыларды адам баласы тарихында жиналған мәдени мұрасымен таныстырып, оларға жүйелі білім беру, адамгершілік рухында тәрбиелеу арқылы олардың психикасын дамыту. Тәрбие баланың өміріне және әрекетіне қолайлы жағдайлар туғызып, баланың бойына біткен мүмкіншіліктерді ақиқатқа айналдыру жолында әрекет етеді, баланың әрекеттерін ұйымдастырып, басқарып, оларға дұрыс бағыт беріп, жетекші қызметін атқарады. Тәрбие үрдесінде балалардың бойында бар қабілеттіктер ғана дамып отырмай, сонымен бірге бойына біткен, бірақ жарыққа әлі шықпаған, келешекте қабілеттікке айналатын мүмкіншіліктер, жаңа қабілеттер пайда болып отырады. Оүқу – тәрбие жұмысының нәтижесінде балалардың психикалық әрекеттері жедел дами бастайды. Бала психикасында бұрын болмаған, енді ғана пайда болып келе жатқан жаңа сапалардың мейлінше өріс алуына жол ашылады. Біртіндеп дерексіз ойлау пайда болады, оқу баланы ақыл – ой еңбегіне үйретеді.
Қазір мектеп қабырғасында оқып жүрген, келешекте еліміздің түрлі салалы өміріне белсене араласатын, алдымызда білім алушы жас ұрпақтың потенциалдық интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту біздің қолымызда. Қазақ тілін оқыту арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, теориялық ойлай білудің жоғары деңгейлеріне жеткізудің нәтижелі де тиімді жолдарын іздестіру барлық уақытта да өзекті мәселе болғанымен, қазіргі таңда осы мәселелерге аса жоғары талаптар қойылып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанды бүкіл әлем танып отырған кезеңде қазақ мектебін бітірген баланың теориялық ойлай білу деңгейі жоғары, жан – жақты, рухани дүниесі бай, бәсекеге еркін түсе алатын, білім негіздерімен қаруланған азамат болып қалыптасуы осы салада жұмыс жасауы мамандардаң, яғни мұғалімдердің еншісінде.(58;8-11бет )
Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі,тарихы мен мәдениеті бар.Ол мәдениет сөйлеу тілінен,ойлау жүесінен айқын көрініс табады.Сондай-ақ,ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сұру тәсілінен,діни-наным сенімінен,әдет-ғұрпынан,салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.
Осы тұрғыдан қарағанда,ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дарқан көңіл, ақжарқындық пен адалдық,досқа деген мейірімділік қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті,философиялық ойлау жүесінің негізгі демекпіз.
Ол жөнінде орыс офицері А.Лешвин өзінің ,,қырғыз-қайсақ ордалары мен далалардың сипаттамасы,,атты кітабында:,,Деспотизмді көп көрмеген қырғыздар басқа Азия халықтарына қарағанда аңғал да ақкөңіл,сенгіш қайырымдылық,адамды аяу,қарттарға,ақсақалдарға құрмет көрсету-оның ең жақсы қасиеті.Қырғыз үшін меймандостық –қастерлері заң.Олар бар дәмді асын қонақтарға тосуды заң деп санайды, -деп, қазақтардың кішіпейімділігін, меймандостығын,қайырымдылығын,сенгіштігін сүйсіне паш етеді.
Қазақ халқының ұлттық даралығы ой толғаныс қазынасында(ұлттық психологиясында)ұрпақ тәрбиелеу тәсілдері(этнопедагогика)мен салт-дәстүр ерекшелігінде(этнографиясында)деп білеміз.
Қазақ халқының психологиялық ой толғаныс ерекшелігін сөз етсек,ол-тұспалдап,мақалдап,мақамдап,тоқпақтап сөйлеу,жыр,терме,толғау,айтыс өнеріарқылы көзге көріну.
Түспалдап сөйлеу өнері,негізінен,билердің шешендік сөз өнерінен өзекті орын алған.Сондықтан қазақ билерінің шешендік сөз өнері Цицерон,Демосфен сияқты Еуропа шешендерінің сөз қолданыс түрлерінен мүлде өзгеше,өзіндік ұлттық мәнері бар сөз қолданыстары.
Халық педагогикасының негізгі мақсаты-өзінің бай тарихы тәжрибесіне сүйене отырып,келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке,өнерге баулу,жанұя,ауыл –аймақ,Отанның ар-намысын қорғай білетін,жаныжайсаң,арлы азамат тәрбиелеу болады.Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары,көне көз қариялар мен ақын,жыршы,жырау,әнші,күйші,термеші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатынасатын ұжымдық тәрбие ісін жүргізуші болып келгені көпке аян.Әсіресе, ақын,жырау,термешілердің өлең,жыр,дастан,терме,толғауларының мазмұнына ой жүгіртсек,онда дидактикалық ақыл-нақыл,өсиет-өнегенің тұнып тұғанын байқаймыз.Олар сол арқылы ненің жақсы ненің жаман екенін сездіріп,келер ұрпақты неден аулақ,неге ынтық болуға баулып өсіруді мақсар етеді.Ал ақыл-ойға,терең тәлімге құрылған поэзиялық сөз маржанынан ұлттық ойлау ерекшелігін,мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуге болады.Сөз болып отырған кезеңдегі ақын-жыраулардың дүние танымы мен ф илософиялық бағыттары жайлы әрі ғалым,әрі ақын Ә.Тәжібаев:,,Асанқайғы,Қазтуған,Шалкеиз,Бұқарлар айтқан толғаулардың бізге жеткен бөліктеріне қарап отырсақ,тыңдаушысын теңіздей шайқайтын терең ойлардың толқынында жүзгендей сезінеміз.Кейде жақыннан,кейде ишаратпен алысқа меңзеулер,әлде қайда біз біле бермейтін арнаулы сөздерден жаралады да,өмір,тарих,қоғам,адам,тағдыр жайлы ғажайып топшылаулар,толғау-түйіндер айтады,-дейді,,.
Қазақтың ұлттық философиясының тағы бір гнеосологиялық танымдық ерекшелігі-ата мекен,ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.
Қазақ философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі-ана тіліне,сөз өнеріне ерекше ден қойып,жоғары баға беруінде.,,Өнер алды қызыл тіл,, ддеп ұққан ата бабамыз,,от тілді орақ ауызды,, ділмәр шешендердің осиет сөздерін,табан аузында тақпақтап айтқан мақал-мәтел афоризм сөздері мен ақындардың терме, толғауларын жазу сызусыз жаттап,жалдында сақтап,қаз қалпында біздің дәурімізге жеткізген.Кешегі жонғар қалмақтары мен кескілескен ұрыс кезінде Қонтажыда кеткен ел кегін алмас қылыштың ұшы мен емес,сөз құдіретінің күшімен қайтарған Қаз дауысты Қазыбек би дің ақылды,тапқырлығы мадақтаған,,Жарақты жауды жайратқан сөз,, , ,,Тіл қылыштан өткір,,деген мәтелдердің шығуы да тегін емес.
Ақылдың көзі логикалық дұрыс ойда жатыр.Логикалық жүйемен ойлай білу-дұрыс жүйелеп сөйлей білуге жетектейтін жол,сөйлеу мәдениетінің алғашқы баспалдағы.[59]
Сөзшең өнерлі ақын,әнші азаматтарға жиын-тойларға төрден орын беріп,көшемет көрсеткен.Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара –пар санаған.Жастарды шешендікке,сөз өнеріне үйрету үшін әке-шешелері, аталары мен әжелері оларға мақал-мәтел,жұмбақ жаңылтпаш,терме,өлең-жыр жаттатып үйреткен.Ойын- тойда қыз бен жігіттер бір-екі ауыз өлеңмен қағысып,айтысуды әдетке айналдырған.Сол айтыс түрлерінен жеңісіпен көзге түскен ақындарды көтермелеп,бүкіл ауылдың,рудың,елдің атынан ұлы дүбір тойларда сөз сайысында қосып женген ақындарды көтермелеп,жорға мінгізіп шапан жапқан.Немесе екі елдің дау-шараларын сөз тапқыр ақылды адамдарға жүгініп шешкізген.Сөйтіп,тапқыр ойлы шешендерге үлкен құрмет көрсеткен.
Қазақтың ұлттық философиясының төртінші ерекшелігі-ұлттық базиси болып есептелетін көшпелі өмірімен,мал-шаруашылығымен тығыз байланыстылығы.Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған.Екі қазақ кездесе кетіп амандық сұрасса ,,мал -жан амн ба?,,-деп сұрауы да сол пікірге саяды.Терісі мен жүнін киім қып киіп,еті мен сүтін азық етіп күн көрген сауса сауын,мінсе көлік ретінде пайдаланған төрт түлікті қадірлеп,қастерлеу қазақ баласы үшін өмір заңы болып есептелінген.Өйткені,малдан айрылу шыбын жаннан айрылу мен бірдей болған.,,Мал ашуы-жан ашуы,, , ,,Малдың беті шарық,малсыздың күні кәпір,,деп ерінбей еңбек етсең ғана мал табасын,малсыз өмір жоқ,күн көрісің қараң деген ойды түйдірген.Сонымен ұлттық психологияның тілдегі көрінісі болып фолклордық шығармалардың этнопедагогика тәрбие құралы ретінде қызмет еткенін байқатады[60].
Ұлттық қалыптасуы - өте күрделі құбылыс. Адамдардың тарихы әлеуметтік этникалық бірлігі экономикалық өмір, тіл территориясы қаттық психология тұтастығы негізінде пайда болады. Ұлт болып қалыптасудың мәнін ұғынуға диалектикалық тұрғыдан қорғау керек, мұнда ұлт болып қалыптасу белгілі бір әлеуметтік этникалық бірлікке ұлтқа біріктіретін экономикалық өмір бірлігі ұлттық қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның басқа да ерекшеліктерінің сақталуына және дамуына әсер етеді.
Қазақстандағы коллективтендіру мен ұлтымыздың тарихы қалыптасқан рухани – мәдени өміріндегі қасиеттерді жаңаша түрлендіру процестердің қажетті заңдылықтардан ауытқуы халқымызға ұмытылмас, азап әкеліп сана – сезіммен уландырды. Мысалы, Сәкен Сейфуллин Қазақстанның тарихы шарттарын бір күнде – қолмен жұмыс тастауға болмайды.
Ф. Энгельстің айтуынша: дәстүрлер адамдар миында сақталады. Олар әдет – ғұрыптарға қарағанда адамдардың бүкіл психологиясы мен неғұрлым терең байланыста болады. Оның негізгі белгілерінің өрбеуінің экономикалық алғышарттары басты жағдай тудырып отырады.[61]
Ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар материалдық өндірістің жағдайына байланысты болғандықтан оған әрбір қоғамдық тап түрліше қатынаста қожалықта болуына сәйкес таптық мүддеге бөлінеді. Өздерінің таптық сипатына лайық дәстүрлермен әдет – ғұрыптар сол таптың өкілдердің пайдасына қызмет етеді. Тарихдан белгілі, нәрседен билеушілер топтарға бейім жағдайда болып олардың қызметіне тиісті көмегін беріп отырған.
Этнопсихологияның негізгі категориялары. Этникалық тұлға – этнопсихологияның негізгі категорияларының бірі. Этникалық тұлғаның мінез – құлық ерекшеліктері. Қабілет пен темперамент саласындағы этнопсихологялық өзгешеліктер. Этностық өзіндік сананы қалыптастырушы жүйе екендігі.
Қоғамдық сана құрылымындағы ұлттық психология. Ұлттық психологияның құрылымдық элементтер: көңіл – күй мен сезім, құндылық, қызығушылдық пен қажеттілік т.б[62].
Ұлттық мінездің – этнопсихологиялық құрылымды анықтаушы элемент екендігі. Психикалық тұрпат және ұлттық мінез. Ұлттық өзіндік сана және оның компоненттері. Ұлттық сана – сезімнің өзгеріске түсуі. Қазақстандық патриотизмнің этнопсихологиялық негіздері. Пәнаралық этнопсихологиялық ұғымдар (мәңгүрттік, маргиналдық тұлға, архетип, менталитет, этникалық төлеранттылық т.б.).
Тұлғаның этникалық келбетін зерттейтін әдістер (бақылау, сұхбат анкета, әңгімелесу, тесттер т.б.).
Халықтың өмірі тіршілігі мен мәдениетінің объективтік элементтерін зерттеуде қолданылатын әдістер. К.Д.Кавелиннің “ескіліктің қалдығы” дейтін әдісі.
Қарым – қатынас пен ұжымдық мінез – құлықты зерттеуде қолданылатын әдістер, жобалау әдістемесі және оның этникалық стереотиптерді зерттеудегі маңызың.
Құрылымды – функционалдық, саластырмалы – тарихи, типологилық әдістер. Жалпы және әлеуметтік психологияның есте сақтау, эмоция тіл психофизиологиясымен жапсарлас келетін әдістер. Қарым – қатынастың диогностикалық тесті. Қарым – қатынастың түрлі – түсті тесті (Дж. Келли). Репертуарлық тор техникасының әдісі. Тұлғалық конструкттың модификациялық тесті. Ұлттық стереотиптерді зерттеудің психоаналитикалық тәсілі (В.П.Петренко). Этникалық стереотиптерді зерттеу “келбет таңдау” және “емін – еркін бейнелеу” әдісі (Катц, Брейли, Гильберг)[63].
Ұлттық психикалық құрылым үш бөліктен тұрады: ол ұлттық сезім, салт – дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.
Ұлттық сезім дегеніміз – адамдардың туған жерге, өскен елге ана тіліне, салт – дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік – экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы. Ұлттық сезім басқа сезімдер сияқты адамның жеке басының қанағаттанбауымен байланысты ой – қиял әсер сезімінің сыртқы шыққан көрінісі. Әр ұлттың өзіне ғана тән этностық таза мінез – құлықтың болуы мүмкін емес. Мысалы, орыстарға тән дейтін төзімділік қытайларға да тән қасиет болып келеді. Немесе грузиндерді қызба қанды халық дейміз. Ал ол мінез испандықтарға да ортақ. Академик С. Кон өзінің “Ұлттық мінез – құлық ерекшеліктерінің проблемасы” атты еңбегінде “Ұлттық мінез – құлықты анықтауда әр ултқа тән этностық мінез – құлықты шартты түрде алып қарау керек”, - деуі орынды. Дегенмен, бір халықта ерекше басымдырақ болып көрінетін мінез – қүұлық сипаты сол халықтың психикалық ерекшелігі болып саналады.
Ұлттық дәстүрлер ұлттық психологиядан көрінісі тапқанда, кейбір психикалық әлпеттің жалпы адам баласына, барлық ұлтқа тән ортақ қасиетке ие екенін байқауға болады. Мысалы, қонақжайлық, үлкенді сыйлау, балажандылық сияқты мінез – құлық өлшемдері адам баласына тән, барлық халыққа ортақ қасиет.
Ұлттық дәстүрлер ұлттық психологиядан көрініс тапқанда, кейбір психикалық әлпеттің жалпы адам баласына барлық ұлтқа тән ортақ қасиетке ие екенін байқауға болады. Мысалы, қонақжайлық, үлкенді сыйлау, балажандылық сияқты мінез – құлық өлшемдері адам баласына тән, барлық халыққа ортақ қасиет.
Қоғамның дамуы, халықтар мен ұлттардың интернациональдық байланыста ұлттық психикаға игі әсерін тигізіп, бірнеше ұлтқа ортақ интернационалдық мазмұны салт – дәстүрлердің пайда болуын туғызды. Мысалы, кешегі кеңістік дәуірде ұлтаралық қарым – қатынастың күшеюімен байланысты қазақтың ат бәйгесі немесе қазақша күрес теңге алу, қыз қуу ойындарына интернационалдық сипат берді де, бұл ойындар бүкіл Орта Азия елдеріне ортақ интернационалдық ойын түрлері болып кетті[64].
Білім беру және оқыту теориясы оқыту барысындағы,оқушылардың саналылығы,белсенділігі, өзбеттілігі,білім мен біліктерінің беріктілігі,ұғынықтылығы және әрекеттілігі талаптарын қамтиды.Бұл талаптардың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өйтлкені жаңа мен байланыстыруға,негізгісі мен қосымшасын анықтауға,алған білімдерін тәжрибеде пайдалануға,өз пікірлерін дәлелдеуге ұмтылысынан көрінеді.
Оқу үрдісі оқушылардың танымдық іс-әрекеті нәтіжесінде жүзеге асады, ал танымдыжқ әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі,білімдің қоғамдық мәнін ұғыну,қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде,тәжрибеде нәтіжелі пайдалана білуі болып табылады.Демек,оқушыжлардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыруды оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажет.
Мектеп оқушыларының танымдыдқ белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің,психологтердің,әдіскерлердің көптеген еңбек тері арналған.Зерттеулерде танымдық белсенділік тұралы әр түрлі пікірлер айтылған.Бірулері танымдылық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырса,екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.
А.Аристова танымдық белсенділікті қоршаған орта құбылыстары мен заттарына сәйкес субъектіде жаңару,өзгеру әрекетінің йда болуы рет інде қарастырса, Т.Сабыров «Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз-оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде,тәжірибеде пайдалана білуге үйренуге оқушының істейтілн сапалы әрекеті»деп атап көрсетті.
Жоғарыда айтылғандарды ескерсек,белсенділік -адамның өз бетіднше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан,алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқылндалады.
Танымдық әрекетті дамытуда ақпараттармен жұмыс,кітаптар мерзімді баспалар,интернеттің маңызы жоғары.Сондықтан осыларды ескере отырып,оны басқа да түрлі әдіс-тәсілдермен ұштастырған жөн.
Жаңа технология,дәстүрлі емес әдіс-тәсілдердің де маңыздылығы жоғары.Бірақ,көп жағдайда әсіресе ауыл мектептерінде бүгінгі күні әліде болса өз мәнін жоймаған,оқу үрдісінде пайдаланып жүрген,қазіргі қалыптасқан оқыту жағдайында танымдық белсенділікті қалыптастыру-оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында,шығармашылық сипаттағы сабақтарды өткізуде үлкен мәнге ие[65].
Достарыңызбен бөлісу: |