Шаруашылығы
Аудан негізінен қаракөл қойын, ірі қара жылқы және түйе өсіруге маманданған. Қазір бұрынғы кеңшарлар негізінде ұжымдық шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Аудан арқылы Орынбор – Ташкент темір жолы, Қызылорда – Ақтөбе автомобиль жолдары өтеді. Арал ауданы елімізге балық аулау және өңдеумен танымал. Теңіз жағалауындағы елді мекендердің негізгі кәсіпшілігі – балық аулау болып саналады. Кейінгі 20 жыл ішінде Арал теңізінің тартылуына байланысты балық ш. да біршама азайды. Ауданда өнеркәсіп біршама дамыған. Бұрынғы кәсіпорындар мен мекемелер, өндіріс орындары нарық экономикасына өтуіне байланысты жекешелендірілді. Олардың негізінде аудан аумағында 300-ге жуық шаруашылық нысандары ұйымдастырылды (2001). Салалық қатыстығына қарай а. ш-нда, орман ш-нда және аңшылық бағытында 19 нысан, балық аулау ш-нда 37, кен өндіруде 1, өңдеу өнеркәсібінде 13, электр энергиясын өндіру және оны тарату, газ және су мекемелерінде 7, құрылыста 11, сауда, автомобиль жөндеу және үйге пайдаланылатын бұйымдар жасау мекемелері 31, көлік және байланыс мекемелері 11, қаржылық іспен айналысатын мекемелер 2, мемлекет басқару мекемелері 39, білім саласында 36, денсаулық сақтау және әлеум. қызмет көрсетуде 27, басқа да коммунальдық, әлеум. және қоғамдық ұйымдар саны 51 (2001). Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарына «Аралтұз», АҚ, Вагон жөндеу зауыты, Сексеуілді локомотив жөндеу зауыты, «Қамыстыбас» балық питомнигі т.б. жатады. Ауданда 1995 жылға дейін 25 ұжымшар, 16 балық зауыты, балық қабылдайтын 75 пункт, механикаландырылған 4 машина ст-сы болған. Жылына 500 т балық ауланып отырған. Еділ жағалауы өңіріне қуаңшылық пен аштық жылдарында (1930 – 40) Арал өңірінен 14 вагон балық жөнелтілген. Арал т. суының тартылуы және еліміздің нарық экономикасына өтуіне байланысты ауданның ауыл шаруашылық біршама өзгерістерге ұшырады. Қазір аудандағы а. ш-на пайдаланылатын жердің аумағы 12,93 мың км², оның ішінде ерекше қорғалатын жердің аумағы 167,9 км² (Барсакелмес қорығы), орман қорының аумағы 6,37 мың км², су қоры 22,3 мың км², мемлекет жер қоры 10,86 мың км². Ауданда 2001 жылдың басында а. ш-нда 101 агроқұрылым болды. Оның ішінде 4 ЖШС, 2 АҚ, 5 ӨК, 90 шаруа қожалығы болды. А. ш-на жарамды жердің аумағы 2,03 млн. га, оның ішінде жыртылған жері 619 га, тыңайған жер 2715 га, шабындық 9442 га, жайылымы 2,02 млн. га, бау-бақша 357 га. Аудан бойында 2000 ж. 930 т күріш жиналды. Ірі қара малдың саны 21,14 мың бас, қой мен ешкі 90,33 мың бас, жылқы 11,7 мың бас, түйе 13,3 мың бас болды. Шағын кәсіпкерлік саласында (жалпы саны 98) 2001 жылдың басында заңды тұлғалар бойынша өнеркәсіп саласында 5, балық ш-нда 31, а. ш-нда 13, құрылыста 2, көлік және байланыста 2, саудада 23, басқа шаруашылық нысандарының саны 22.
Қазалы ауданы – Қызылорда облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 37,4 мың км2. Тұрғыны 69,4 мың адам (2005). Аудандағы 59 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 14 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Әйтеке би кенті. Қазалы ауданының жері Тұран ойпатында орналасқан. Солтүстігінде Арал қарақұмы, оңтүстігінде Қызылқұм жатыр. Ауданның ең биік жері Арал қарақұмында (Жуантөбе тауы, 136 м). Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Ауаның орташа температурасы қаңтар айында – 9 – 13 0С, шілдеде 26–28 0С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100–150 мм. Сырдария өзені аудан жерінің орта тұсынан өтеді. Қазалы қаласының маңынан Қазалы каналдары (оң жақ, сол жақ каналдары) және Жаңаарық каналы бастау алады. Сырдария өзенінің Қуаңдария, Ескідариялық және Жаңадария атты ескі арналары бар. Топырағы негізінен, құмды сортаңды болып келеді. Кейбір жерлері (ауданның шығысы) тақыр. Аудан жерінде шөлге төзімді бозжусан, жүзгін, жиде, сексеуіл, қарасексеуіл, теріскен, Арал Қарақұмы маңында астық тұқымдас шөптесін аралас бозжусан, өзен, көл маңында қамыс, құрақ өседі. Қазалы ауданында пайдалы жабайы өсімдіктерден қызылмия, тәттітамыр, жұмыршақ, тұмаршөп, итсигек, ақши, Рихтер сораңы, кәдімгі адыраспан, т.б. дәрілік шөптер өседі. Аудан жерінде шөлді ландшафтың жануарлары – кіші саршұнақ, атжалман, шағыл мысығы, құмқояны, құлақты кірпі, құмтышқан, қарсақ, сасықкүзен, қасқыр, түлкі, күзен, ақбөкен, доңыз, ондатра, қырғауыл, т.б. мекендейді. Халқы көп ұлтты. Ауданда 14 ұлттың өкілдері тұрады. Олардың басым бөлігі жергілікті қазақ ұлты. (99,4%). Халық аудан аумағында біркелкі қоныстанбаған. Тұрғындардың 90%-дан астамы Сырдария өзенінің аңғарында және оның тармақтары бойында қоныс тепкен. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 2 адамнан келеді. Ірі елді мекендері (2005): Әйтеке би кенті (36,1 мың адам), Қазалы қаласы (5,1), Бекарыстан би (2,7), Жанқожа батыр (1,8), Ақтан батыр (1,6), Өркендеу (1,5) т.б. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1,67 мың га, оның 10,2 мың га-ры жыртылған, 9,8 мың га жеріне астық дақылдары, 4,9 мың га-ға мал азықтық шөп егілген. Шабындығы 27,9 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Аудандағы ірі қара мал саны 39,2 мың бас, қой мен ешкі 97,85 мың, жылқы 8,1 мың, түйе 3,46 мың бас болды (1.1.2005). Ауыл шаруашылық саласында 245 агроқұрылым жұмыс істейді, оның екеуі мемлекеттік шаруашылық, 21 серіктестік, 10 акцион. қоғам, 1 ӨК, 224 шаруа қожалығы және 6 басқадай құрылымдар бар. Ауданда шаруашылық субъектілер саны 293 (2005), оның ішінде мемлекеттік қазыналық кәсіпорын саны 33. Бұлардан басқа 7 АҚ, 110 ЖШС, 2 ӨК және 139 басқадай ұйымдар бар. Шағын бизнес нысандарының саны 1953, оның ішінде жеке кәсіпкерліктер 1655. Өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 22 кәсіпорын (оның 20-сы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейді), ауыл шаруашылық кәсіпорындар саны 132, құрылыста 5, көлік және байланыста 140, сауда саласында 1218, т.б. іскерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың саны 92. Жалпы су құбырларының ұзындығы 265,9 км. Қазалы ауданында жалпы білім беретін 41 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 11 балабақша, 1 мұражай, 24 кітапхана, 8 мәдениет үйі, 14 клуб, 2 стадион, 17 спорт залы бар. Денсаулық сақтау саласында 10 аурухана, 1 емхана, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 ауылдық дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді. Қазалы ауылы арқылы Ташкент – Орынбор темір жолы өтеді. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 427 км, оның 170 км-і республикалық маңызы бар жолдар. Аудан аумағында 10 – 11 ғасырлардағы Оғыз қағандығының орталығы Жанкент қаласының орны бар. Мұнда Орақ батырға, Жанқожа батырға кесенелер, т.б. тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатылған. Қазалы ауданы жерінде Жалаңтөс пен Әйтеке, Жанқожа мен Ақтан, Ашабай мен Сырлыбай, Жылқыайдар мен Жетес, Үмбет пен Ерімбет, т.б. әйгілі батырлар мен би-шешендер өмір сүрген
Қармақшы ауданы-Аудан жерін толығымен Тұран жазығы алып жатыр. Қиыр солтүстігінен Арал қарақұмының төбелі келген Жіңішкеқұм және Көлқұдыққұм құмды алабы, орталық тұсында Алақайдың ақтақыры және Жосалы даласы, оңтүстігінде Қызылқұмның төбелі құмдары орналасқан. Ауданның ең биік жері солтүстігінде (Тарғыл тауы, 160 м). Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған.
Аудан жерінің орта тұсынан Сырдария өзені ағып өтеді. Одан Қармақшы, Шиелі каналдары тартылған. Оңтүстігінде Сырдарияның ежелгі арналары – Жаңадария, Іңкәрдария, т.б. өтеді.
Тарихы
«Қармақшы» атауы 15 ғасырдан бастау алған. Қараөзек арнасының Сырдария өзенімен қиылысқан жерін ежелгі тұрғындар «Қармақшы өткелі» деп атаған. Ресеймен байланыс орныға бастаған жылдардан (шамамен 1850 жылы) бастап осы өткел «Қармақшы форт-2» деп аталған. 1904 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының іске қосылған кезінен жергілікті жерден жоса бояуы алынатын бояулы тастардың көптеп шығып жатуына байланысты сол төбелердің атымен стансаны «Жосалы» деп атаған. Аудан аумағында Қорқыт ата мазары, «Жетіасар», «Алтындыасар», «Шірік Рабат», «Сырлытам», «Қосқала», т.б. көне заманның тарихи-архитектуралық ескерткіштері бар. Аты аңызға айналған орта ғасыр ойшылы, күй атасы Қорқыт бабаға, «Рүстем-Дастан» эпосының қазақша нұсқасының авторы ақын Т.Ізтілеуовке, 2-дүниежүзлік соғыс майданында қаза болғандарға арналған ескерткіштер қойылған. 1932 жылдан «Қармақшы таңы» газеті шығады. Аудан жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы орналасқан.
Климаты, топырағы және өсімдіктері мен жануарлар дүниесі[өңдеу]
Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық әрі қуаң, аңызақты келеді. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы –9 – 130С, шілдеде 27 – 290С.
Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм.
Топырағы солтүстігінде сұр, құмайтты сұр, тақыр және тақыр тәрізді топырақ, орталық бөлігінде құмайтты сұр, бозғылт сұр, Сырдария аңғары мен жайылмасында шалғынды топырақ және шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан. Оларда боз жусан, еркекшөп, баялыш, бұйырғын, тасбұйырғын, көкпек, ши, қара сексеуіл, сарсазан, қамыс, құрақ, қаратал, жиде, жыңғыл, шеңгел, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, борсық, құмқояны, құстардан қаз, үйрек, қырғауыл, көкқұтан, т.б. мекендейді. Сырдария өзені балыққа бай.
Халқы және әкімшілік-территориялық құрылымы
Тұрғыны 50,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 1,6 адамнан келеді ().
Аудан халқы көпұлтты. Халықтың негізін қазақтар (97,8%) құрайды. Одан басқа орыс, кәріс, татар, өзбек т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 1,6 адамнан келеді.
Аудандағы 28 елді мекен 2 кенттік және 10 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген.
Ірі елді мекендері:
Жосалы (18,9 мың адам),
Төретам (7,2)
Ақай (2,8),
Ақжар ауылы (2,3),
Интернационал ауылы (2,6),
Тұрмағамбет ауылы (2,3),
Жаңажол (2,2),
Ақтөбе ауылы (2,1), т.б. ауылдар.
Шаруашылығы мен өнеркәсібі.
Ауданда 1996 жылға дейін негізінен, күріш пен қаракөл қойы, оған қосымша сүтті-етті мал, жылқы, түйе, мал азықтық дақылдар өсіруге маманданған 3 ұжымшар, 7 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Олардың негізінде Қармқшы ауданы аумағында 1 ӨК, 2 акционерлік қоғам, 16 серіктестік, 57 шаруа қожалығы жұмыс істейді (2005). Жалпы, Қармақшы ауданында 244 заңды тұлға тіркелген (2005). Оның ішінде 31-і мемлекеттік меншігінде, мемлекеттік қазыналық кәсіпорын саны 106, 134 ЖШС, 2 толық серіктестік, 3 ӨК болды. Салалар бойынша: 2 құрылыс, 4 көлік, 107 сауда, 6 тұрмыстық қызмет көрсету және 127 басқа шағын кәсіпорындар бар.[3]
Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 2 млн. 129 мың га, оның ішінде жыртылған жері 17,4 мың га, шабындық 24 мың га, жайылым 2 млн.080 мың га (2009).
Аудан аумағында 45,9 км су құбыры тартылған.
Ауданда 14,1 мың бас ірі қара, қой мен ешкі 32,8 мың бас, жылқы 2,5 мың бас, түйе 1,13 мың бас тіркелді (2005).
Нарық экономикасына өтуге байланысты шағын кәсіпкерлік те біршама дамып келеді. Ауданда 2005 жылы 1114 шағын кәсіпкерлік нысан тіркелді. Оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытында 85, жеке кәсіпкерлік 1029 болды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлға саны 117. Аудан аумағында өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 10 нысан тіркелген.
Инфрақұрылымдары
Әлеуметтік инфрақұрылым саласында мәдениет және спорт бойынша 1 музей, 18 кітапхана, 2 мәдениет үйі, 14 клуб, 1 стадион, 17 спортзалы, денсаулық сақтау және емдеу мекемелерінен 6 аурухана, 1 емхана, 6 фельдшер-акушерлік пункт, 5 отбасылық-дәрігерлік амбулатория бар.
Ауданда 15 балабақша, жалпы білім беретін 22 мектеп, 12 мешіт, 1 ұлттық мәдени орталық (корей) тіркелген.
Қармақшы ауданы жерімен Ташкент-Орынбор темір жолының 110 км телімі өтеді. 5 темір жол станциясы (оның ішінде Байқоңыр ғарыш алаңына апаратын ( Төретам темір жол станциясы) орналасқан. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 323,0 км, оның 139 км. республикалық маңызы бар жолдар.
Жалағаш ауданы — Қызылорда облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бөлініс, 1939 жылы 17 қазанда құрылған.
Жер аумағы 27,1 мың км2.
Тұрғыны 41,6 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,8 адамнан келеді (2008).
Аудан әкімі -Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы.
Аудан орталығы – Жалағаш кент. Аудан жеріндегі 17 елді мекен 1 кенттік және 14 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Жері негізінен жазық. Солтүстік тақыр (Дариялық тақыр жазығы), сор, сортаң, Сыр бойындағы жері шалғынды-батпақты, оңтүстікке қарай (Қызылқұм) құмды келеді. Ең биік жері – ауданның солтүстікнде орналасқан Егізқара тауы (288 м). Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Қыс айларында жылымық күндер жиі болып тұрады. Қаңтар айының орташа температурасы – 9 – 12°С, шілдеде 25 – 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм. Аудан жерімен Сырдария және оның тармақтары Жаңадария, Қараөзен ағып өтеді. Шеңгелдікөл, Сарыкөл, Қаракөл, т.б. көлдер бар. Шөлдік белдемде орналасқандықтан Жалағаш ауданының топырағы Сырдария өзені жайылмасында шалғынды сұр, сортаң, солтүстігінде тақырлы сортаңды сұр топырақ, ал оңтүстігінде ақшыл сұр, сұр, қызыл құмды топырақ дамыған. Жазық жерлерде және төбе аралықтарында баялыш, жүзгін, шеңгел, сексеуіл, еркек шөп, күйреуік, су айдындары бойында қамыс-құрақ, ақбас, кекіре, т.б. өседі. Жануарлардан жабайы шошқа, борсық, түлкі, қарсақ, қасқыр, шиебөрі, ақ бөкен, қоян, кекілік, қырғауыл, т.б. мекендейді. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 391,1 мың га (2008), жыртылатын жерінің аумағы 28,1 мың га, шабындығы 5,3 мың га, жайылымы 252,7 мың га. Халықтың орналасуы біркелкі емес. Негізінен, Сырдария бойын қоныстанған. Орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,7 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Жалағаш, Аққұм, Ақарық, Бұқарбай, Еңбек, Қаракеткен, Мақпалкөл, Мәдениет. Аудан ауыл шаруашылығымен, оның ішінде егін шаруашылығымен шұғылданады. Басты дәнді-дақылдары — күріш, сондай-ақ, бидай, арпа, жүгері, жоңышқа егіледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жердің ауданы 1,76 млн. га, оның 1,45 млн. га-сы пайдаланылады. Жыртылатын жерінің аумағы 40,1 мың га. Жалағаш ауданында 21,9 мың сиыр, 6,4 мың жылқы, 0,5 мың түйе, 42,5 мың бас қой мен ешкі бар (1999). Ауданда 21 орта және орталау мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 9 мәдениет үйі, 17 кітапхана , 1 музей, 7 мешіт, 10 аурухана, 6 дәрігерлік амбулаторлық пункттер бар. Елді мекендерге 82,7 км су құбыры жүргізілген. Жалағаш ауданында тарихи және мәдени ескерткіш орындары көптеп кездеседі. Аудан жерімен Ташкент – Орынбор темір жол және мемлекеттік маңызы бар автомобильді жолдары өтеді.
2002 ж. - Жалағаш кентінде Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткізілген.
Сырдария ауданы– Қызылорда облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1938 ж. құрылған. Жер аумағы 77,6 км². Тұрғыны 38 375 мың адам (). Аудандағы 17 елді мекен 1 кенттік және 12 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Тереңөзек кенті.
Ілиясов ауылдық округі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік.
Құрамына Ілиясов ауылы кіреді. Тұрғыны 2,2 мың адам. Орталығы – Ілиясов ауылы.
Іңкәрдария ауылдық округі – Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Іңкәрдария ауылы кіреді. Тұрғыны 1,2 мың адам. Орталығы – Іңкәрдария ауылы.
Қалжан ахун ауылдық округі – Сырдария ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қалжан ахун ауылы кіреді. Тұрғыны 1,2 мың адам. Орталығы – Қалжан ахун ауылы.
Шиелі ауданы– Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1938 ж. құрылған. Жер аумағы 34,3 мың км². Тұрғыны 74,8 мың адам (2004). Аудандағы 40 елді мекен 1 кенттік және 15 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Шиелі кенті.
Тарихы
Шиелі ауданы Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиуымының Жарлығымен 1928 жылы қыркүйек айында құрылған. Ауданның жалпы жер көлемі 3239755 га.
Шиелі ауданы - ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен киелі мекен. Шығысында алты алашқа белгілі Сығанақ, Бестам шаҺары, теріскейінде Оңтүстік өңірге етене сұғына жатқан қарт Қаратау жатыр. Одан әрі Арқадан бастау алып Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені "Таңбалы тас" тұр. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты « Телікөл» де осы өңірде. Батысы облыс орталығының шекарасына иек артқан, түстігінде байырғы сары жел өлке – Қызылқұм.
XX ғасыр әлемдік дамуда небір ғылыми ашылулардың куәсі болса, Шиелі жерінің азаматтары да өздерінің жаңа дәуірдегі 80 жылдығы кезінде ғасырларға тең өсу, өркендеу жылдарының куәсі болды.
ХІХ ғасырдың соңында орыс армиясының Сыр бойын басып алғаннан кейін орыс көшпенділерінің келуі, 1903-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы өңірдің бет бейнесін өзгертумен бірге халық санасының оянуына да ықпал етті. Орыс генералы Скоблев атындағы поселке 1919 жылдың 19 майында Шиелі атауына ие болды. Ғасыр басындағы алғашқы онжылдықта Шиелі халқы Қызылқұмнан түйемен сексеуіл дайындап, Орта Азия мен Ресейге жіберсе, кейін тар табан теміржолдың салынуы нәтижесінде жұртшылық теміржол вагондарымен даңқты Сыр жігерлерін (сексеуіл) жан-жаққа жөнелте бастады. Алғаш «Таштоп», кейін ЛЗУ атанған мекемелер осы қажырлы істердің айғағы. Шындығында, мұның өзі бір кездері егін мен мал шаруашылығы, жеміс пен жидек өсірумен шұғылданған халықтың өркениетке деген ұмтылысының бір көрінісі болды. Жергілікті халық жоңышқа өсіруді кең көлемде қолға алып, Түркістан әскери округіне жоңышқа дайындаудың базасына айналды. Алғаш коммуналар мен ұжымдық шаруашылықтардың құрылуы барша жұрттың отырықшы елге айналып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз қалады. Шиелі ауданының өткен ғасыр басындағы алғашқы адымы осылайша басталған-ды.
1929-1930 жылдары аудан мақта, күріш, арпа, сұлы егумен айналысып, төрт түлік малды көбейтті. Шиелі өңірінде сауатсыздықты жою, білім мен ғылымға деген ұмтылыс көрініс тапты. Жаңадан мектептер салынып, малшылар мен диқандардың балаларының білім алуына жағдай жасалынды. Халықтың денсаулығын сақтау жөнінде де жаңа бағдарламалар жүзеге асырыла бастады.
Шиелі өңірінде өзінің жанкешті еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған даңғайыр дихан Ыбырай Жақаев болды. Осындай тұлғалардың жойқын тегеуріні Шиелі алқабында сонау соғыс қарсаңында, 1940 жылы 14 мың кетпен қатысқан Шиелі каналының қазылуы еді. Толағай еңбектің нәтижесінде Сырдың жарты арнасындай болған осы бас канал қазіргі бүкіл Шиелі аймағы су жүйелерінің бастауындай болды. Халықтың нанға қол жеткен сәті шын мәнінде осы кезеңнен басталды. 1947 жылы Ыбырай Жақаевтың, мұнан соң Ким Ман Самның, кейіннен Шиелілік 38 Еңбек Ерінің жоғары еңбек марапатына ие болуы аудан көлемінде ғана емес, жалпы Сыр бойына егіншілікке бет бұрудың нәтижесі еді. Сол бастама 1960 жылдардан бері өрісі кеңіп өркен жайған жас Жақаевшылар қозғалысына ұласты.
Аудан өзінің даму тарихында еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің ұлы куәсіндей талай жеңістерге қол жеткізді. 2000 жылғы Сыр бойындағы он ғасыр адамдарының бесеуі Шиеліліктер: М.Шоқай, Ы.Жақаев, Ш.Есенов, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаевтардың болуы тарлан саясаткер, даңғайыр диқан, зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын тәрбиелеуде бұл өлкенің белгілі орын алатындығын дәлелдесе керек.
Аумақтық әкімшілік бөлінісі: 1 кент және 22 ауылдық округтерінен тұрады.
Аудандағы 40 елді – мекенде барлығы 77121 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 30459 адам, ауылдық елді – мекендерде 46662 адам тұрады. Олар, 21 ұлт өкілінен құралған. Аудан тұрғындарының негізін 95,7 пайызын қазақ, 1,9 пайызын орыс, 1,4 пайызын корей ұлтының өкілдері құраса, қалған 1,0 пайызын басқа ұлт өкілдері құрайды.
Аудан бойынша 47 тарихи – сәулет ескерткіштері тізімге алынған. Олар археологиялық, архитектуралық, монументтік және тарихи ескерткіштер болып бөлінген. Ескерткіштердің көпшілігі Сарысу өзенінің бойында және Телікөл аумағына орналасқан.
Аудан халқына 1 аудандық мәдениет үйі, «Жеңіс» мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйлері мен 19 ауылдық клубтар, 5 халықтық ұжымдар, 2 мәдени қызмет көрсету кешені, 32 мемлекеттік жүйедегі кітапханалар, 2 музей мәдени қызмет етуде.
Ауданда 40 мектеп (оның 32 орта, 5 негізгі, 3 бастауыш) жұмыс істейді. Олардың 19 – ы типтік жобада, қалғандары ыңғайластырылған ғимараттарда орналастырылған. 20 мектепке дейінгі мекеме, 2 мектептен тыс мекеме (Әуез мектебі және оқушылар үйі) бар.
Ауданда 23 СТК – дан бөлек 4 саяси партия өкілдіктері, 15 ҮЕҰ, 3 кәсіптік одақтар ұйымдары, 6 діни, 2 жастар қоғамдық бірлестіктері бар.
АУДАННЫҢ АУМАҒЫ 3239755 га
Елді мекендердің аумағы
Шиелі кенті 3687 Ауылдық округтер Ақмая 12965 Ақтоған 105328 Алмалы 2965 Бәйгеқұм 3382 Бестам 4875 Гигант 21592 Жанатурмыс 19479 Еңбекші 498609 Жиделіарық 2753 Жөлек 70805 Жуантөбе 6614 Иіркөл 19652 Керделі 7095 Қарғалы 418902 Майлытоғай 92658 Сұлутөбе 608075 Қоғалы 415176 Талаптан 416641 Тартоғай 338832 Телікөл 84726 Төңкеріс 15972 Ортақшыл 68972
Аудан жерлерінің санаты: • ауылшаруашылық жерлер - 192540 га • елді мекендер жері - 61646 га • өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа жерлер- 4376 га • орман қорының жері - 1663265 га • су қорының жері - 18545 га • бос жерлер - 1486543 га
Халық саны
Аудан халқы: 77145 адам. Этникалық құрамы: -қазақтар -73789; -орыстар - 1500; -корейлер - 1110; -шешендер - 70; -украиндар – 76; -басқа ұлттар - 576.
Шиелі ауданының халық саны - 77145 (77056). 18 дейінгі балалар саны - 24813 (24498),1 жасқа дейінгі балалар саны - 1847, әйелдер - 37821(36135), туу жасындағы әйелдер - 17579(17251).
Бюджет
2011 жылға арналған аудандық бюджет кірісі 5 млрд. 891 млн. 80 мың теңгеге нақтыланып, 2010 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға өсті. Аудандық бюджетке 9 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Аудандық бюджет өз кірісі болжамдалған 1 млрд. 307 млн. 31 мың теңгенің орнына 1 млрд. 347 млн. 520 мың теңге болып 103,1 пайызға жеткен.
Бюджет шығысы 5 млрд. 872 млн. 278 мың теңгеге немесе 99,6 пайызға (болжам 5 млрд. 896 млн 285 мың теңге) орындалды.
Өнеркәсіп саласы
2011 жылы облыс көлемінде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі – 100.0 пайызды құраса, есепті кезеңде ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 16 млрд. 167 млн теңгенің өнімін өндіріп, 100.0 пайызға орындалған яғни, облыстың орташа көрсеткішімен бір деңгейде болып отыр.
Оның ішінде: тау-кен өндірісінде облыс бойынша 99,9 пайызды құраса, ауданда 10 млрд. 436 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 106,4 пайызға өскен.
Ауыл шаруашылығы саласы
Ауданның ауылшаруашылығы 2011 жылы барлық көрсеткіштер бойынша облыс көлемінде І орын алып жылды қорытындылады. Жыл бойында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру ұқсату, өңдеу көрсеткіштерінен облыс рейтингісі бойынша аудан І орынмен қорытындылады.
2011 жылы ауданда 7 млрд. 731 млн. 678 мың теңгенің жалпы ауылшаруашылығы өнімдері өндірілген. 2010 жылмен салыстырғанда өсім 120,6 пайызды құрап, 1 млрд. 318 млн. 891 мың теңгенің өнімі артық өндірілген.
Ауданда өндірілген күріш көлемі есепті кезеңмен салыстырғанда 106,7 пайыз, өңдеу көрсеткіші 100,5 пайыз болып отыр.
Ауданда егін шаруашылығы бойынша 2011 жылы 23967 гектар жерге түрлі ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды. Атап айтқанда, 8400 гектар күріш, 1650 гектар бидай, 233 гектар тары, 160 гектар дәндік жүгері, 249 гектар мақсары, 56 гектар күнбағыс, 1624 гектар картоп, 1857 гектар бақша, 1180 гектар көкөніс егілсе, 2650 гектарға жаңа жоңышқа, 5736 гектарға ескі жоңышқа дақылдары орналасты. Жалпы егіс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 128 гектарға артық егілді. Оның ішінде күріш дақылының көлемі 64 гектарға артты.
Аудан дихандары 2011 жылы 8400 гектар күріш дақылының әр гектарынан 45,0 центнерден орта өнім жинап 37800 тонна, картоп дақылының әр гектарынан 205,0 центнерден 33292 тонна, көкөністің әр гектарынан 175,0 центнерден 20060 тонна, бақшаның әр гектарынан 200,0 центнерден 37140 тонна өнім алды.
Мал шаруашылығы Аудандық статистика бөлімінің ұсынып отырған №24 үлгідегі мал шаруашылығының есебі бойынша 2011 жыл аяғындағы есеп бойынша ірі қара 38559, қой-ешкі 110984, түйе-931, жылқы 7026, құс 42628 басты құрады.
Ауданда орта есепппен әр 100 аналықтан 72 бұзау, 110 қозы-лақ, 75 бас құлын, 47 бас бота алынса, (тірілей салмақта) 4613,4 тонна ет, 17260,0 тонна сүт, 2 млн 605 мың дана жұмыртқа өндірілген.
“Сыбаға” бағдарламасы бойынша ет бағытындағы ірі қара малын 2 шаруашылық (Нәлібаев ш.қ., Асан ш.қ.) 41 бас мал алса, Байсын ш,қ, 180 басқа құжаттарын өткізген.
2012 жылдың қаңтарына асыл тұқымды мал басы МІҚ 483 бас оның ішінде аналығы 177 бас, қой 8153 бас аналығы 5768 бас, түйе 264 бас аналығы 130 бас құрайды. Ауданда 8 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысса, оның ішінде 5 қой, 2 ірі қара, 2 түйе шаруашылығы. 5 шаруашылық үкіметтен арнайы статус алған.
Жыл басынан ауданда ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен сарып (бруцеллез) малдарды санитарлық союға 1308,4 мың теңге, ауру уақ малдарды санитарлық жоюға 584,0 мың теңге, эхинококкоз, құтыру, лишмониоз ауруының алдын алу үшін бұралқы ит, мысықтарды жоюға 777,8 мың теңге, Конго–қырым қанды безгегі ауруын болдырмауға (дезинфекция) 1 млн 995 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
Әлеуметтік сала
Аудандағы 2011 жылғы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 1 айдағы орташа шамасы жан басына шаққанда 15090 теңгені құрап, облыстық орташа деңгейден теңгеден төмен болуы аудандағы негізгі азық-түлік, тұтыну тауарларының бағаларының тұрақтылығының дәлелі.
Достарыңызбен бөлісу: |