10-сурет
Әр модуль басқа модульдердің мәліметтерін пайдаланады және өзінің жаңа түсініктері мен қасиеттерін дайындайды. Модуль – мәліметтер қоры, білім қоры және ақпараттық модель ретінде берілуі мүмкін.
Түсініктер өз қасиеттерімен және олардың ара қатынастары семантикалық граф түріндегі байланыста болады (11-сурет).
Түсінік 1
қасиеттері
Түсінік 2
қасиеттері
Түсінік 3
қасиеттері
Түсінік 4
қасиеттері
Түсінік 5
қасиеттері
Түсінік 6
қасиеттері
11-сурет
Модульдік жүйе бойынша жұмыс істеу сәйкес оқулық – әдістемелік құжаттарды, оның ішінде курс бағдарламасын терең және толығынан сараптап шығаруды талап ететіндігін мына жағдайдан байқаймыз. Мысалы, модульдік тәсілдің талаптарына сәйкес 11сынып «Алгебра және анализ бастамалары» курсының оқулық бағдарламасындағы мына төмендегі мазмұндық модульдерді атауға болады:
1.Алғашқы функция және интеграл.
2.Анықталған интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласы.
3.Дәреже және түбір.
4.Дәрежелік функция.
5.Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар.
6.Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды дифференциалдау.
7.Теңдеулер мен теңсіздіктер.
8.Теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі.
9.Параметрлері бар теңдеулер мен теңсіздіктер.
10.Ықтималдық.
11.Кездейсоқ шама және т.с.с.
Білімгердің(оқушылардың) дайындық деңгейіне, алгебра курсына бөлінген сағаттар көлеміне, компьютердің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес оқытушы(мұғалім) оқып-үйренуге керекті тақырыптарды таңдайды.
2.2 Модульдік оқытудың негізгі компонентасы- оқулық элемент
Оқу процесінде модульдік бағдарламаны іске асырушы негізгі құрал ретінде оқулық элемент алынады. Әр модуль бірнеше оқулық элементтерден құралады. Жеке модульдегі оқулық элементтер санын және олардың әрқайсысының көлемін нақты курс ерекшелігіне сәйкес пән оқытушысы анықтайды.
Оқулық элемент-бұл элементар көлемдегі білім немесе қажетті нәрсені оқушыға үйреніп, біліп алуға мүмкіндік беретін жеке аяқты автономды оқулық материал. Оны оқушы жеке өз бетінше оқып-үйренуіне немесе мұғалім көмегімен оқып біліп, үйреніп алуға болатындай етіп лайықтап дайындайды.
Оқулық элемент әр жеке оқушының дайындық деңгейіне сәйкес оған қажетті, жеткілікті оқулық материалдарды ұсынып отыруға, комфортты жағдайда өз бетінше оқып-үйренуіне және білімін бақылап отыруына толық мүмкіндік жасай алады.
Математика курсы бойынша оқулық элементтер дайындағанда міндетті түрде олардың әрқайсысының мазмұнын толық бір онша күрделі емес(элементар) аяқты жұмысты орындауға(білім алуға) болатындай етіп анықтауымыз керек болады. Сондықтан, оқулық элементтер көлемдері бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Ең басты оларға қойылатын талап-берілген оқулық элемент аяқты нақты бір жұмысты орындауға(білім бөлігін алуға) мүмкіндік беруі тиіс. Оқулық элементті дайындауда оны тіпті майдалауға да болмайды, себебі ол аяқты болмай қалуы мүмкін.
Оқулық элементті пайдалану оқушыға не тиімділік береді?
Сабақ кезінде әр оқушы өз бетінше оқулық элементті оқып үйренеді, жаттығулар орындайды, өзін-өзі бақылайды, біліп үйренгенін тексереді. Оқулық элементтің болғаны оқушыға өте ыңғайлы, жеке өзі оқиды, үйренеді, ұмытқан жерлері болса қайталайды, уақыт факторы оны онша қыспақтамайды. Оқушыға тіпті жақсы болар еді, егер де ол оқулық элементті өз қолында сабақтан кейін де алып қала алатын болса. Өйткені мұндай жағдайда оқушы конспекті жазып әуре болмайды, сабақ уақытын тиімдірек және нақты мақсатқа жетуге пайдалануға болады, қажетті оқулық элементті қайталауына, толығырақ және тереңірек түсінуіне, біліп-үйренуіне жағдай туады.
Мұғалімге не тиімділік береді?
Оқытуда модульдік тәсілді пайдалану мұғалім мүмкіндігін байыта(жоғарылата) түседі, оқу процесін жекелендіруге жағдай жасайды. Бұл жерде жекелендіріп оқытуды мына мағынада түсінген жөн: оқушының осы кезге дейінгі дайындық(яғни, білім мен біліктілік) деңгейі және оның жеке психологиялық(ойлану, оқу темпераменті, қабілеті оқу элементтерін игеріп кету жылдамдығы, т.с.с.) ерекшеліктері (мүмкіндіктері).
Бұдан оқу процесін тиімді ұйымдастырудың қосымша мүмкіндіктерін байқаймыз. Мысалы, әр оқушыға арнап жеке оқулық элементтер пакетін дайындауға мүмкіндік туады. Олай болса, оқушының сабаққа қатыспай, келмей қалу мәселесі оңай шешіледі. Себебі, оқушы жіберіп қойған оқулық элементтерді жеке өзі консультация сағаттары кезінде немесе басқа сабақтарды өту кезінде оқып-үйреніп алуына толық мүмкіндік болады.
Жалпы, мұғалім оқу процесін тиімді ұйымдастыра алуы үшін, жақсы оқып жүрген оқушыларға ұсына алатын қосымша артық оқулық элементтері бар болуы керек. Ондай оқулық элементтер оқушылардың білімін одан ары дамытуға және тереңдетуге мүмкіндік беретіндей етіп таңдалынуы тиіс. Бұл қосымша оқулық элементтерді сыныптағы барлық оқушылардың түгелдей оқып-үйренуі міндетті емес.
Оқушының оқулық элементтермен жұмыс істеуін бақылауды тиімді ұйымдастыруға болады. Бақылаудың бір тәсілі ретінде оқулық элементтерді оқып-үйрену нәтижесін арнаулы экранда немесе жеке технологиялық журналда көрсетіп, белгілеп және бақылап отыруды алайық. Мысалы, арнаулы жеке оқушыға арналған бақылау картасын мына формада жасауға болады:
Оқулық элементтермен жұмыс істеу технологиялық картасы
Оқулық топ________________ аты-жөні _______________
Күні,айы,жылы
|
Оқулық элемент нөмірі
|
Оқулық элемент аты
|
Ескерту
|
Мұғалім қолы
|
|
|
|
|
|
Оқулық элемент структурасы мына төмендегідей болады:
оқулық элемент аты және нөмірі(коды);
оқулық элементті оқып-үйрену мақсаты(«Бұл оқу элементін оқып-үйренетін болсаңыз, онда мыналарды білетін және істей білетін боласыз:...»);
қажетті жабдықтар, материалдар және көмекші құралдар(яғни, осы оқулық элементпен жұмыс істеу, оқып-үйрену үшін не нәрселер қажет болады);
осы оқулық элементті оқып-үйрену үшін алдында(осыған дейін) қандай оқулық элементтерді және материалдарды білу керек болады(яғни, оқушы қосымша қандай оқу құралдарын пайдалана алады, бұл оқулық элемент басқа қандай оқулық элементтермен байланысты). Былайша айтқанда, бұл жерде осы ұсынылып отырған оқулық элементті оқып-үйрену үшін қажет болатын базалық білім деңгейі анықталатын болады;
оқулық элемент мазмұны(оқулық материал беріледі, оқушыға жаңа оқытып отырған материалды бекітуге арналған жаттығулар, тапсырмалар ұсынылады);
оқу нәтижесін тексеру. Оқушы өзінің оқулық материалды қаншалықты(қандай деңгейде) оқып үйренгендігін тексеруге мүмкіндік беретін жағдай келтіріледі. Оқушы өз біліміндегі кемшіліктерді біле, анықтай алатындай мүмкіндік жасалыну керек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |