Дипломдық жұмыстың мақсаты. Модульдік оқыту тәсілінің ерекшелігі арқылы оқушының, студенттің теориялық материалды нақты, саналы түсінуіне және оны мазмұнды бекітуіне, өз бетінше біліктілігін тиімді қалыптастыруына, алған білімін практикада қолдана алуына жағдай туғыза алатын оқулық элементтер үлгілерін ұсыну.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде оқушылардың математикадан өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастырудың өзекті мәселелері, өзіндік жұмыс оқушылардың білім алу қабілетін көтерудегі, тиімді танымдылық ынтасын қалыптастырудағы ең басты құрал, тәсіл болатындығы туралы айтылған. Екінші бөлімде автор жұмысының негізгі нәтижелері келтірілген. Модульдік оқыту тәсілінің ерекшелігі және оның негізгі құралы оқулық элементті оқушылардың математикадан білім сапасын жақсартуда пайдалану үлгілері келтірілген. Осы тәсілді мектептік алгебра, геометрия және анализ бастамалары курстарын оқып үйренуде де тиімді пайдалануға болатындығы нақты мысалдар үлгілеріменен көрсетілген.
Дипломдық жұмысты орындау барысында көптеген әдебиеттерге (әсіресе, Е. Полат және Бухаркина М.Ю., Моисеева М.В., Петров А.Е. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. – М.: ACADEMA, 2003 – 272 с.) және ғылыми-әдістемелік журналдарға («Математика», «Математика және физика», «Қазақстан мектебіндегі математика», «Математика в школе», «Информатика негіздері», «Информатика и образование», т.б.) сараптаулар жүргіздім, оқытуды тиімді іске асыру тәсілдерімен және әдістерімен таныстым, ол әдебиеттердің негізгілері диплом жұмысы соңындағы тізімде келтірілген.
1 Оқушылардың математикадан өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастырудың өзекті мәселелері
Математикадан өздігінен орындалатын жұмыстар деп берілетін тапсырманы, мұғалімнің басшылығымен не оның тікелей қатысуынсыз, оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарын айтамыз. Бұл туралы айтқанда оның өзара тығыз байланысты екі міндетін ескерген дұрыс.
Бұлардың біріншісі – оқушылардың танымдық іскерлікті, дербестікті дамыту және одан әрі өрістету, оларды білімді өздігінен орындауға, игеруге, дүниеге көзқарасын қалыптастыруға үйрету.
Екіншісі – оқушылардың алған білімін өздігінен іс жүзінде қолдана білуге баулу. Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары олардың ой еңбегін қалыпқа келтіруге бағытталған және мұғалімнің берген тапсырмаларын орындаудың ең тиімді тәсілдерін өздеріне іздестіру көзделген.
Математика сабақтарында өздігінен орындайтын жұмыстарды былай жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралымен, анықтама әдебиетпен, еспетер жинағымен жұмыс, әр түрлі үлестірмелі материалмен, талдау, математикалық конференцияларда жасалған баяндамаларға немесе әр түрлі танымдық мәні бар хабарларға пікір айту, жеке және топтық тапсырмаларды орныдау. Рефераттар жазу, көрнекі құралдар жасау, өлшеуге немесе есептеуге байланысты практикалық жұмыстар орындау. Мұғалім оқу процесінде өздігінен орындайтын жұмыстың әр түрін және олардың үйлесімділерін қолдануды жоспарлайды. Математикадан өздігінен орындауға берілетін тапсырмалар айқын мақсатты көздеуі және оқушылардың ынтасын арттыру үшін берілетін тапсырмалардың мазмұны терең, практикалық қолдануы анық зерттеу сипатында болғаны орынды. Сонымен бірге, оқушыларға тапсырма бергенде материалды біртіндеп күрделендіру, олардың шығармашылық белсенділігі, жеке бас ерекшеліктері, жалпы математикалық мәдениеті тәрізді факторларға назар аударған дұрыс. Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинетінде дидактикалық материалды, үлестірмелі карточкалар т.б. оқу құралдары жинастырылып, бір жүйеге келуі керек және оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны бөлек.
Өздігінен орындалатын үй тапсырмасының тиімділігінің басты шарты – барлық оқушылардың тапсырманы өз уақытында орындауы, түсінуі, тапсырманы орындаудағы дербестік, сыныпта орындалған, шығарылған есепке ұқсас есеп шығара білу, одан соң үй жұмыстары негізінде математикалық диктант, сынақ т.б. тапсырмалар орындап, материалды бекіту, конспекті жазу. Оқушыларға шамадан тыс қиын тапсырмалар беріп, қиындықтар туғызбау үшін үй тапсырмасының мазмұнын толық әрі анық тұжырымдап, ондағы қиыншылықтарды түсіндіру, оны меңгеру жолдарын көрсету керек. Егер мұғалім үй жұмысы үшін сыныпта орындалған есептен өзге сеп берсе оқушылар сөзсіз қиналады. Жалпы сынып оқушыларын ортақ тапсырмалармен бірге, оқушылардың жеке ерешеліктеріне сәйкес тапсырма берудің маңызы зор. Математикаға ынтасы бар, оқушыларға әр түрлі тақырыпқа шығармашылық тапсырмалар беріп, зерттеу сипаттағы есептердің баяндамалар жазғанда т.б. қамқорлық жасау керек. Тапсырмалардың шамадан тыс көп болуы оқушыларды жалықтырады, не уақытын көп алады. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмалары оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу дағдысын қалыптасытарды.
Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі – шығармашылық жұмыстар. Математикадан өздігінен шығармашылық жұмыс орындау оқушылардың пәнге ынтасын арттырып, ізденгіштік қасиеттерін тәрбиелейді, математикалық ой – өрісін дамытады. Шығармашылық жұмыстарды орындау барысында оқушы оқып үйренген теорияның не есептің жаңа қырларын ашады, өзіндік пікірін айтады, табылған мәліметтер бойынша қорытынды жасауға үйренеді. Оқушылардың шығармашылық жұмысына мыналар жатады:
Үйреншікті тәсілдерді қолданбай есеп шығару немесе теорияны дәлелдеу.
Бір есепті бурнеше тәсілдермен шығару.
Есептер құрастырып, шеше білу.
Математикалық шығарма жазу.
Оқушыларғы баяндама, не реферат жазғызу.
Егер оқушы математикалық шығарма жазғанда ізденгіштік қасиет танытса, қайсыбір фигураның қасиеттерін анықтап, математикалық сөйлемдерді өздігінен дәлелдесе, онда оның еңбегі соғрұлым құнды әрі қызықты болмақ.
Математикалық шығарма жазу оқушылардын:
Сондықтан мұғалім қажетті әдебиет тізімін оқушыларға берумен қатар олардағы басты мәселелерге назар аудару, оқыған мазмұнды өз сөздерімен конспектілеуге, түйінді жерін бөліп алуға, оларды ретімен жазбаша баяндауға баулыған жөн. Оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынуға болады:
Жай сандар
Симметриялы фигуралар
Квадрат теңдеулерді шешу тәсілдері
Табиғаттағы симметрия т.с.с
Бір есепті бірнеше тәсілдермен шығаруға мысалдар құрастыру керек.
Мысал: Тік төртбұрыштың а 2-тең. Осы тік төртбұрыштың периметрінің ең кіші мәнін табу керек.
1-тәсіл. Қабырғалары х,у. Бұларды жарты периметр арқылы өрнектейік.
Бұл есепті шығарғанда біз мынадай теореманы қарастырдық: көбейтіндісі тұрақты шама болатын екі айнымалының қосындысы айнымалының мәндері тең болғанда, ең кіші мән қабылдайды.
а) Есепті 1-тәсілмен шешіп, біз (х+y)2=(x-y)2+4xy теңбе-теңдігін пайдаландық. Осының өзі дәлелдеудің басты құралы болып табылады.
б) 2-ші тәсіл бір айнымалыны екінші арқылы өрнектеуге, толық квадратты бөліп алуға, қосындысы 0-ге тең қосылғыштың біреуінің таңбасын табуға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |