ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмыста келтірген мысалдар және үлгілерден мына жағдайларды байқаймыз:
- қазіргі заманғы ақпараттық оқыту технологияларын пайдалануға кең мүмкіндіктер болып отырған жағдайда оның тиімділігін жақсартудың бір жолы ретінде оқулық материалдарды әдістемелік тұрғыда дұрыс ұсына білу мәселесі туындайтындығын;
- ақпараттық оқыту технологиялары негізінен оқушының жеке өз бетінше оқып білім алуына арналатын болғандықтан, оның оқулық қызметіне әдістемелік тұрғыда да мүмкіндігінше комфортты жағдай жасалғаны дұрыс болатындығын;
- өз бетінше білім алғысы келетін оқушыға да, студентке де әдістемелік тұрғыда оның нақты пәнді, біздің жағдайда математика пәнін оқып үйренуіне ыңғайлы, тиімді жағдайлар жасауға болатындығын;
- дипломдық жұмыста ұсынып отырған модульдік оқыту тәсілі оқушының, студенттің теориялық материалды нақты, саналы түсінуіне және оны мазмұнды бекітуіне, өз бетінше біліктілігін тиімді қалыптастыруына, машықтануына толық мүмкіндік жасай алатындығын;
- модульдік оқыту тәсілінің басты ерекшелігі – оның нәтижелігінде екендігін;
- оқулық элементтер тізбегі, яғни модуль мазмұны, дұрыс анықталған жағдайда, ол міндетті түрде оң сапалы білімдік нәтижеге жеткізетіндігін;
- сондықтан, бұл тәсіл бойынша оқып-үйренуге және теориялық білімді бекітуге арналған оқулық материалдарды пән мұғалімінің өзі дайындағаны және ұсынғаны жөн екендігін;
- оқушы өз бетінше оқып үйренуде осы ұсынылған модульдік оқыту тәсілі құралын жүйелі пайдаланатын болса, онда ол әр қадамды/кезеңді қалай түсінгенін және білетінін бірден бақылай алатындығын;
- содан барып оның берілген тақырыпты оқып-үйрену және меңгеру тиімділігі арта түсетіндігін. Өйткені, оқулық элементалгоритмнің әр қадамы білімгерден нақты ұғымды, түсінікті, ережені және есептеу тәсілін білуді талап етіп отыратындығын;
- сондықтан білімгер кезекті қадамды біліп, саналы түсініп орындағаннан кейін барып қана келесі қадамдарға көше алатындығын;
- онша түсінбеген немесе білмеген нақты түсініктерді, ережелерді, есептеу тәсілдерін оқушы алдыңғы тақырыптарды бекіту, оқып-үйрену алгоритмдерінен немесе сәйкес оқулық элементтерден қарап ала алатындығын, яғни, асықпай, саспай қайталау жүргізуге толық мүмкіндігі бар болатындығын;
- модульдік оқыту тәсілді және оның неізгі құралы оқулық элементтерді жүйелі түрде оқытуда пайдалану оқушыны нақтылыққа – ұғымдарды, түсініктерді, ережелерді және есептеу жүргізу тәсілдерін атап, қадап оқып-үйренуге, білуге, түсінуге дағдыландыратындығын және білім алуда, біліктілігін шыңдауда сабақтастық, логикалық жалғастыра білу принциптерін қолдануды оның бойында қалыптастыратындығын, нәтижесінде оның оқулық қызметінде сенімдік берік орнайтындығын;
- нәтижесінде оқушының білім деңгейінің көтерілетіндігін, білім алуға деген қабілетінің артатындығын, білім сапасының жақсаратындығын және біліктілік деңгейінің өсетіндігін, білімінің толығатындығын, тереңдей және дами түсетіндігін;
- оқушы теориялық материалдарды өз бетінше қайталау және терең меңгеру үшін көрсетілген тақырыпқа арналып жазылған сәйкес оқулық элементтерді пайдалануына мүмкіндігі болатындығын.
Диплом жұмысында көтерілген идеялар кез келген шығармашылық тұрғыда жұмыс істейтін пән мұғалімдерін толғандырмай қоймайды деп ойлаймыз. Сондықтан, осында келтірілген мысалдар, үлгілер және тұжырымдаулар тәжірибесі аз жас мұғалімдерге ой тастай алады деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |