Мазмұны кіріспе 6 негізгі бөлім


Өзіндік жұмыс оқушылардың білім алу қабілетін көтерудегі ең басты тәсіл



бет3/26
Дата18.05.2023
өлшемі145.15 Kb.
#473927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Диплом жұмысы Тақырыбы; Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері Орындаған; Елеуова Г.М

1.1 Өзіндік жұмыс оқушылардың білім алу қабілетін көтерудегі ең басты тәсіл

Оқушылардың ой белсенділігін, қабілетін дамыту, жұмыс істеуге үйрету тәрізді міндеттерді бір ғана сабақ процесі арқылы орындау мүмкін емес. Ол үшін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарына көп көңіл бөлу керек. Мектепте оқушылар үйретілген ереже қорытындыларды талдай білу керек. Оқушылар білімді сабақ үстінде алу тиіс. Егер олар сабақ үстінде тек тыңдаушы ғана болса, онда бұл міндет жүзеге аспай қалады, яғни сабақ үстінде оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысына елеулі уақыт берілуі қажет болады. Сынып жоғарылаған сайын сабақта оқушылардың бұл жұмысына берілетін уақыт та арта түсуі тиіс.


Есептер мен жаттығулардың қызықты болуы, оқушылардың өз бетімен ойлауы, өздігінен тұжырым, қорытынды жасай алуы, өзінің алған білімін өмірде қолдана білуі пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Қазіргі кезде оқушыларды өз бетінше жұмыс жасатпай сабақ өту мүмкін емес. Сол себепті сабақ өткізу барысында және сабақтан тыс жүргізілетін жұмыста оқушылардың өзіндік жұмысын өткізуге баса назар аудару керек. Бұл әдістің тиімділігі оқушыны өз бетімен ой қорытуға, қажетті білімдік ақпаратты есте сақтауға, ізденуге, жинақылыққа, іскерлік дағдысын қалыптастыруға тәрбиелейді. Әрине, өзіндік жұмысты қалай ұйымдастыру, тапсырмаларды дайындау, тараулар бойынша тақырыпқа сай етіп деңгейлеп, саралап таңдай білу ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады..
Өзіндік жұмысты үш түрге бөлуге болады:

  1. Бағдарламада бар материалдармен сабақ барысында жұмыс істеу;

  2. Бағдарламадағы бар материалдармен сабақтан тыс уақытта жұмыс істеу;

  3. Бағдарламада жоқ материалдармен сабақтан тыс уақытта жұмыс істеу.

Өзіндік жұмыстың және бір түрлі таратпа материалмен жұмыс істеу. Таратпа материалмен жұмыс жасаудың негізгі мақсаты оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына мәжбүр етеді. Қолына осындай жеке таратпа материал тиген оқушы өзінің ешкімнен көшіре ала алмайтынына көзі жеткендіктен есепті өз бетімен шешуге тырысады.
Өз бетімен жұмыс жасаудың басқа түрлері өзін-өзі тексерумен ұштастырылған өзіндік жұмыс, математикалық диктант т.б. Математиканы оқып үйренудегі оқушылардың саналылығын және тапсырмаларды өз бетімен орындай білуін жетілдіруіне үй тапсырмасын орындаудың да маңызы зор. Оны орындау нәтижесінде алған білімі пысықталады. Үй тапсырмасының көлемі мен қиындығы оқушының шамасына қарай, олар меңгере алатындай мөлшерде болуы тиіс. Үйге берілген тапсырманы уақытында тексеріп отыруы керек. Дәптерлерді жинап алып, тексеруге талдау жасауға да болады. Оқушының үй тапсырмасын өзі орындағанын тексеру үшін үй тапсырмасына ұқсас жаттығулар беру арқылы өзіндік жұмыстар жүргізілген жөн. Сонда оқушы білімін тексерген кезде, ол барлық ойын материалды игеруге жұмсайды. Өздерінің үлгермеген, әлі де толық меңгермеген тұстарын оқушылар өздері іздене отырып, қатесін түзеуге тырысады. Бұл оның есте сақтау қабілетін арттырады. Оқушының ойындағысын ауызша және жазбаша жеткізуге шеберлейді.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру формалары.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын топтастыруда бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру қажет. Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне, оқыту үрдісіндегі алатын орнына, т.б. белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады. Оның ең жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері:
а) жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену);
ә) жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар т.б.)
б) білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (түрлі жазбаша,
практикалық жұмыстар).
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына ғылым мен оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу; шығармашылық жаттығулар, бақылау, т.б.
Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп жазу,мұғалімнің берген сұрақтарына кітаптан жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу т.б.) жатады. Шығармашылық жұмысқа оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, реферат, пікір жазу, модельдер т.б.жатады. Репродуктивтік және шығармашылық жұмыстар өзара байланысты болады, біріншісі екіншісіне ауысып отырады.
Қазіргі еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде түбегейлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Олардың негізгілеріне 12 жылдық білім беруге көшу, білім берудің дүниежүзілік стандартқа жақындату, өмірлік және политехникалық бағыттылық сияқты маңызды мәселелер жатады. Осы өзгерістердің барлығы қоғам қажеттілігінен туып отыр және оның дамуының бір бөлігі ретінде әлеуметтік-экономикалық ілгерілеудің маңызды факторы болып саналады. Білім беру және білім алу сапасы жоғары болу үшін алға итеретін бір күш болу керек, ол күш-шығармашылық қызығушылық. Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығында өзін-өзі тануы ізденуі. Химияда өтілетін барлық сабақтарда шығармашылық еңбекке қабілетті, өз білімін ұдайы толықтыруға құштар ұрпақ қалыптастыруға ұмтылу керек.
Қазіргі кезде математиканы оқытудың формаларын, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіру керек. Сабақ оқу факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар-математиканы оқытудың негізгі формалары. Оқытудың барлық формалары өзара байланысты. Ол ең алдымен жалпы педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік мақсаттардың ортақтығы негізінде іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет