Мазмұны кіріспе 6 негізгі бөлім



бет11/26
Дата18.05.2023
өлшемі145.15 Kb.
#473927
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Диплом жұмысы Тақырыбы; Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері Орындаған; Елеуова Г.М

Оқытушы модуль(ОМ) – оқулық материалдың(пәннің) логикалық аяқты форма түрінде алынған мазмұнды бөлігі. Әр оқушы модуль танымдық және кәсіптік аспектілерді қамтыған, оны оқып-үйрену білім, біліктілік және дағдылық(оқушының модульді меңгеруі) деңгейін бақылаудың сәйкес формасын көрсетумен аяқталуы керек.
Әр модуль оқулық материалдың танымдық және кәсіби көрсеткіштерін қамтиды, осыған байланысты модульдің танымдық(ақпараттық) және оқулық-кәсіби(қызметтік, практикалық) бөліктері туралы айтуымызға болады. Бірінші бөліктің міндеті-теориялық білімді қалыптастыру, ал екінші бөліктің функциясы – алған теориялық білім негізінде кәсіби біліктілікті және дағдылықты қалыптастыру.
Ақпараттық модульдер ретінде бүтіндей пәнді немесе пәннің кейбір тарауларын, арнаулы курстар және факультативтерді алуға болады. Қосымша қызметтік модуль ретінде лабораториялық практикумдарды, лабораториялық жұмыстарды, арнаулы практикумдарды, технологиялық және педагогикалық практикаларды, курстық және дипломдық жұмыстарды қарастыруға болады.
Мысалы, оқытушы модульдің стуктуралық схемасын мына түрде көрсетуге болады:
1-кесте









1
2
3
4
5
6
7



Модуль аты
Теориялық сабақ
Практикалық сабақ
Лабораториялық практикум
Программалық қамсыздандыру
Оқушының өзіндік жұмысы
Жетістікті бақылау



...
...
...
...
...
...
...

Оқыту нәтижесі

1

Теориялық сабақ

...

2

Практикалық икемділік

...

Бұл көрсетілгенді нақты пән бойынша модуль деп қарастыруға болады.


Көрсетілген модуль структурасы әр модульдің өз ішінде оның ішкі және сыртқы байланыстарын қарапайым және көрнекі формада көрсетуге және оның негізінде пәнді оқып-үйренуге ғылыми негізделінген ұсыныстар беруге мүмкіндік туғызады.
Модульмен оқыту – жеке бағдар, жеке нысана. Әр білімгердің жеке басының дамуына, кәсіби біліктілігін көтеруге, оқу үрдісін жекешелендіруге, білім деңгейін саралауға бағытталған оқыту жүйесі. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде(АҚШ-та) дәстүрлі оқудың бір варианты, бағыты ретінде пайда болды. Американ ғалымы J.N.Postlehwait оқу материалының мазмұнын аз порциямен(бірліктермен), дербес тақырыптармен беруді ұсынды. Алғашында ғалым бұл бірлікті «микрокурс», кейіннен «миникурс» деп атады. Бұл курстардың мазмұны мен көлемі пәнді оқытудың дидактикалық мақсатымен анықталады. Оқытудың жаңа үрдісі педагогтік тәжірибеге ене келе «модуль», «модульдік оқыту» болып қалыптасты. Модульдік оқытудың негізін салушылардың бірі J.D.Russel мұны оқу материалының бір бірлігін қамтитын «оқу пакеті» деп те атады. Модульдік оқыту жүйесі ТМД елдерінде алғаш рет Литваның жоғары оқу орындарында оқу процесіне енгізілді. Модульді зерттеп, оқу үрдісіне енгізудің ғылыми мектебінің негізін салған ғалым П.Юцявичене. Ғалымның «Теоретические основы модульного обучения» атты ғылыми еңбегі модульдік оқытудың методологиялық негізін салуда, принциптерін айқындауда, теориялық және практикалық мәнін көрсетуде, оқытуды ұйымдастырудағы ең алғашқы іргелі зерттеу болып есептелінеді. Модульді оқытудың практикалық тұрғыдан тиімді екенін Н.Д. Никандров, Л.А. Толкачева, Л.М. Твердин, Г. Овено, В. Оконь, т.б. ғалымдар арнайы зерттеулері мен ғылыми мақалаларында атап көрсете бастады. Модуль латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Энциклопедиялық сөздікте бұл ұғымға: «в архитектуре и строительстве исходная мера, принятая для выражения кратных соотношений размеров» деп, ал математикалық энцоклапедия сөздігінде: «одна из характеристик вектора, его длина (норма)» деп анықтама берілген. Модульдің оқыту үрдісіндег



МБ –ның типі



Кәсіби жетілу әрекеті:
Операционды типтегі МБ

Танымдық әрекет:
Танымдық типтегі МБ


4-сурет
Басты мақсат, нақты мақсат және жеке мақсаттардың бір-бірімен сәйкестілігі, байланыстылығы принципі.
1.Басты мақсат барлық модульге тән болып келеді. Мысалы, математика пәні бойынша 3 модуль құрастырылса, бәріне тән басты мақсат- математика туралы білім, дағды және іскерлікті қалыптастыру. Басты мақсаттан нақты мақсат туындайды. Нақты мақсат пәнді модульге бөлуге негіз болады.
Әрбір нақты мақсат бірнеше жек мақсаттарға (ЖМ) бөлінеді. Соған орай әр модуль элементтерге, тармақтарға бөлінеді. Мысалы, бірнеше модуль бойынша мынадай жеке мақсаттарды атауға болады:
а) Математиканың зерттелуі.
б) Математиканың мәні, сипаты.
в) Математиканың зерттелу аспектісі.
Осыған орай бірінші модульдің бағдарламасы жасалады. Оның логикалық құрылымын мынадай схемамен беруге болады:



ЖМ1

ЖМ2

ЖМ3

ЖМ4



НМ

НМ


5-сурет

Яғни нақты мақсаттан бірнеше жеке мақсаттар бөлінеді. Жеке мақсаттарға жету арқылы нақты мақсат орындалады.


2. Оқу материалының толық жеткілікті деңгейде берілу принципі. Яғни оқу материалының дидактикалық мақсатқа лайықталып берілуі және әр модульдегі оқу материалының біршама аяқталған блок ретінде болуы.
3. Модуль элементтерінің біршама дербес болу принципі. Бұл принцип жеке дидактикалық мақсаттың дербестілігімен байланысты.
4. Кері байланысты іске асыру принципі. Яғни игерілетін білім деңгейін және оның нәтижесін жүйелі тексеріп отыруды іске асыру. Бұл мақсатта күнделікті, аралық және жалпылама(қорытынды) тексерулер жүргізіліп отыруы керек. Күнделікті және аралық тексерулер білімгерлердің біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатын көздесе, қорытынды тексерулер модульді игеру деңгейін анықтауға бағытталады.
5. Информациялық және әдістемелік материалдарды тиімді жеткізу принципі. Яғни модуль материалының білім алушының мүмкіндігіне ыңғайланып құрылуы, т.б.
Бұл принциптер модуль бағдарламасын жасаудағы жалпы принциптер. Сонымен қатар модульдік бағдарламаның типіне қарай арнайы принциптер де басшылыққа алынады. Мысалы, танымдық бағдарламаны құрастыруда:
6.Оқулық материалдың мазмұны пәннің мазмұнына сай болу принципі.
Яғни әр модуль мазмұны пән бойынша белгілі бір заңдылыққа, ұғымға, құбылысқа сай құрылуы және олардың бір-бірімен байланысы, жиынтығы пәннің ерекшелігін көрсете алатындай болуы ескеріледі.
Оқулық материалдың мазмұнын пәннің мазмұнына лайықтап құруда П. Юцявичене мынадай жүйені ұсынады:

  • бірнеше мақсаттан тұратын нақты мақсатқа құрылған логикалық- құрылымдық схема жасау;

  • пәннің мазмұнын сол схеманың құрылымына қарай құру;

  • модульдің мазмұнын құруда оқу материалының мазмұнына жүйелі талдау, логикалық диаграмм, имитациялық модельдеу әдістерін пайдалану, т.б.

Танымдық бағдарламаның бұл принципі бойынша модульдің мазмұны логикалық-құрылымдық жағынан жүйелі, жинақты беріледі. Жай қайталауларға қайта жол берілмейді. Ю.А. Устынюктің дәлелдеуі бойынша: «без ущерба для полноты изложения и глубины освоения модульное построение, по оценкам американских специалитов, позволяет сократить курс на 30 процентов и более».
7. Модульдегі оқу материалының мазмұны іргелі, негізгі ұғымдар мен заңдылықтарға құрылу принципі. Осыған орай іргелі білім алу мәселесі модульдің жеке мақсаттарында айқындалуы тиіс. Модульдік бағдарламаның екінші типінде:
- басты дидактикалық мақсаттың қалыптасуында әрекет жағының басым болу принципі, яғни модульдің мазмұны адамды белгілі бір әрекетке дайындау мақсатында құрылуы;
- оқытудың мазмұнындағы функционалдық принцип, яғни нақты мақсат адамның іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға, кәсіби біліктілігін көтеруге бағытталуы басшылыққа алынады.
Модульдік бағдарламаны жасауда бұл принциптердің басшылыққа алынуы, біріншіден, бағдарламаның құрылымын айқындауға, екіншіден, әр модульдің мазмұнын нақтылауға мүмкіндік береді.
Модуль бағдарламасын жасауда бұл қағидалардан басқа жалпы дидактикалық принциптер де ескеріледі. Мысалы,

  • логикалық жалғастық, яғни ір модуль бірін-бірі толықтырып, жалғасып жататындай болып құрылуы;

  • теорияның практикамен ұштастығы, яғни теориялық материал практикалық тұрғыда бекітілуі. Осыған орай әр модульде практикалық мақсаттағы бірнеше тапсырмалардың беріліп отырылуы;

  • білімнің берік болу принципі. Бұл орайда әр модульдің теориялық материалдары бірнеше нысанда қайталанады. Атап айтқанда: семинар түрінде, зертханалық жұмыста, өзіндік жұмыс арқылы үй тапсырмасы, реферат, тест, коллоквиум түрінде т.б.

  • ғылымилық принципі. Әр модульдің құрылымы дербес, ғылымның соңғы жаңалықтарымен толықтырып, өзгертіп отыруға қолайлы болуы т.б.

Модульдік бағдарламаның(МБ) өзіне тән құрылымы болады. Оны айқындауда:

  • басты мақсатты;

  • нақты мақсатты айқындау керек.


Басты мақсат(МБ)

Нақты мақсат(НМ)

МБ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет