6- сурет
Мысалы, математика пәнін оқушыларға игертудегі басты мақсат: математиканың теориялық, практикалық жағынан білім, дағды және іскерлікті қалыптастыру. Басты мақсаттан 4 түрлі нақты мақсат тарайды:
Математика туралы түсінік (1-модуль)
Алгебра туралы түсінік (2-модуль)
Геометрия туралы түсінік (3-модуль)
Алгебра және анализ бастамалары (4-модуль)
О
НМ-1
сыдан математика курсы бойынша модульге құрылған бағдарламаның құрылымы шығады:
НМ-2
МБ
БМ
НМ-3
НМ-4
7-сурет
Модульдік бағдарлама мен жеке модульдердің құрылымы пәнді оқытудың дидактикалық мақсатына негізделеді. Бұл процестің жалпы сипаты мынадай:
басты дидактикалық мақсатты айқындау, МБ-сын атау;
басты мақсаттан тарайтын нақты мақсаттарды айқындап, модульдерді соған қарай бөлу;
модуль бағдарламасының құрылымдық схемасын беру;
әрбір нақты дидактикалық мақсат жеке мақсаттардың құрылымын айқындайды;
жеке мақсаттардың(ЖМ) құрылымы түзіледі. Әр модульдің құрылымдық схемасы мынандай болуы мүмкін.
М-1
ЖМ-1
ЖМ-2
ЖМ-3
ЖМ-4
М-2
ЖМ-4
ЖМ-1
ЖМ-2
ЖМ-3
ЖМ-4
М-3
ЖМ-1
ЖМ-6
ЖМ-2
ЖМ-5
ЖМ-3
ЖМ-4
8-сурет
Әрбір жеке мақсаттан бірнеше мақсаттар туындап жатуы мүмкін. Осыған орай модульдердің жалпы схемасы төмендегідей:
М-1
1-4-1
1-4-2
Бірінші модульдің схемасы
М-2
Екінші модульдің схемасы
3-2-1
3-2-2
М-3
9-сурет
Үшінші модульдің схемасы.
Білімді модульдік түрде берудің тиімділігін атап кетейік:
компьютерлік тесттер көмегімен тиімді бақылау жүйесін ұйымдастыруға болатындығы, яғни, әр модуль бойынша ағымды және барлық модульдер бойынша қорытынды бақылауларды, олардың арасындағы байланысты «қара жәшік» әдістемесінің көмегімен ескере отырып жүргізуге болады;
әр модульді педагогикалық мазмұнмен толықтыруға болатындығы;
модульдердің семантикалық байланыстарын және олардың басқа пәндермен қатынастарын анықтауға және ескеруге болатындығы.
Білім моделін жобалаудың ролі білім беру процесі үшін ерекше, өйткені ол қорытындысында оқытушы ортаға әсер етеді: мұғалімнің білім деңгейі мен тәжірибесі, оқыту құралдары және технологиялары, ең маңыздысы-компьютерлік тестің көмегімен білімді бақылауға мүмкіндік болады. Қазіргі кезде бақылаудың бұл тәсілі кең өріс алып келеді.
Білім беруде модульдік тәсіл мына жағдайларды іске асыруға:
қажетті және жеткілікті бөліктермен нақты оқулық, білімдік материалдарды беріп отыуды;
компьютерлік тестілеу көмегімен жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыруды, яғни, әр модуль бойынша және барлық модульдер бойынша, сәйкес, аралық ағымда және қорытынды бақылауларды жүргізуді;
әр модульдің педагогикалық мазмұнын толықтырып отыруды;
модульдер арасындағы семантикалық байланысты және олардың басқа пәндермен қатынастарын анықтауға және ескеруге көмектеседі, мүмкіндік береді.
Соңғы кездері оқыту практикасында модульдік тәсіл кеңінен енгізіле бастады, әсіресе, кәсіптік мамандық беруде бұл тәсіл оқыту тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретіндігін дәлелдеді. Модульдік оқыту тәсілі мына принциптерге негізделген: жүйелік, құрылымдалулық, модульдік, динамикалық және кері байланыс болу мүмкіндігі, белсенділік және көрнекілік. Модульдік оқыту жүйесі осы прцестің басты негізі ретінде, оқушыға қойылатын талаптарға сәйкес жақсы нәтижелерге жетуге толық мүмкіндік жасай алады. Модульдік оқыту тәсілін кәсіптік дайындық жүргізудің негізгі құралы деп анықтауымызға да болады. Өйткені, бұл тәсіл оқушыларға мына жағдайларды жасайды:
Оқушы модульдер түрінде оған ұсынылған(берілген) бағдарламалармен өз бетінше жұмыс істей алады;
Модульдердің мазмұндарын және оларды оқып-үйрену процесін оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне, қажеттіліктеріне және талаптарына сәйкестендіруге болады;
Оқытудың мақсатына жету бағытында оқушының бастапқы, аралық және соңғы жетістіктеріне сәйкес кері бағыттағы байланыс режимінде оқыту процесі басқарылады;
Педагогтік практикада бұл принциптерді іске асырудың әр түрлі әдістері болуы мүмкін. Мен осы жұмысымда информатика курсын оқытуда модульдік тәсілдің негізгі компонетасы оқулық элементті қолданудың(енгізудің) ерекшеліктеріне(концепциясына) тоқталмақшымын.
Модульдік жүйе бойынша жұмыс істеу сәйкес оқулық-әдістемелік құжаттарды, оның ішінде курс бағдарламасын терең және толығынан сараптап шығуды оқытушыдан талап етеді.
Бүгінгі күні университетте пайдаланылып отырған рейтингілі-модульдік оқыту жүйесі оқу процесін тиімді ұйымдастыру және жүргізу деңгейінде, негізінде білімгерлердің білімін бақылау мен тексеру, жұмысшы бағдарламаларды сапалы деңгейде дайындалумен шектелуде. Осы тәсілді информатика пәнін оқытуда да тиімді пайдалануға болады.
Оқу процесі күрделі жүйе ретінде мына бес құрама бөліктерді қамтиды: білім стандарты; оқу жоспары; пәннің(курстың) мазмұны және структурасы; оқыту ортасы(мектеп, оқу құралдары, педагогикалық оқытудың құралдары, оқыту технологиялары және техникалары және т.б.с.с.); білім беру және оқыту процесін бақылау.
Оқытудың нәтижесін дер кезінде біліп отыру, білім беру процесін бақылауға байланысты. Білім беруді бақылауды тестік тапсырмалардың көмегімен тиімді түрде ұйымдастыруға және жүргізуге болады. Сондықтан қазіргі кезде компьютерлік тестерді дайындауға және оларды оқу жүйесінде пайдалануға өте үлкен көңіл бөлінуде.
Оқу процесінің алғашқы құрамды үш бөлігі белгілі бір пән аумағында педагогикалық білім моделін(ПБМ) құрады. Білімді бақылау ПБМ мен жеке оқушы білімі моделін(ЖБМ) құра және оларды салыстыра отырып, ағымдық және қорытындылық білім деңгейін тексеру көмегімен ЖБМ-ң білімділігі мен біліктілігі ескеріліп, баға қою арқылы іске асырылады.
П едагогикалық білім моделі негізінен сызықты структуралы болғандықтан, олардың бір-бірімен өзара байланысын білім модульдері жинағы тізбегі ретінде(10-сурет) қарастыруға болады:
Модуль 1
Модуль 2
Модуль 3
Модуль і
Модуль 6
Модуль 5
Модуль 4
Достарыңызбен бөлісу: |