Мазмұны кіріспе 6 негізгі бөлім


Математика курсынан өзіндік жұмысқа арналған оқулық элементтер дайындау үлгілері



бет17/26
Дата18.05.2023
өлшемі145.15 Kb.
#473927
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Диплом жұмысы Тақырыбы; Модульдік оқыту тәсілін математикадан өз бетінше білім алу және оқып-үйрену сапасын жақсартуда пайдалану ерекшеліктері Орындаған; Елеуова Г.М

2.4. Математика курсынан өзіндік жұмысқа арналған оқулық элементтер дайындау үлгілері

Қазіргі білім берудің ең негізгі міндеті-өзгермей әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.


Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз – оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу.
Осы заман талабын ескере отыра, «Математика курсынан өзіндік жұмысқа арналған оқулық элементтер дайындау» деген өзекті тақырыппен жұмыс жасалып келеді. Өйткені «Шайнап берген ас болмас» деген ата – баба сөзіне сүйенетін болсақ өздігінен, өз бетімен алған білім мен ғибрат қана адам ойында қалып, дағдыға ұласады. Яғни қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу - тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылықты, яғни оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру.
Бұл тақырыпты алғандығы мақсатым: математика сабағында өз бетімен жұмыстың педагогикалық-психологиялық теориялық негіздемесін жасап, өз бетімен жұмысты практикалық жүзеге асырылуын көрсету.
Жұмысты жасау үшін келесі міндеттер атқарылады:
1. Математика сабағындағы өз бетімен жұмыс теориялық жағынан негізделеді
2. Бір математика сабағы мысалында өз бетімен жұмыс сипатталады.
Осы тақырыппен жұмыс жасай отырып мынындай нәтижелер күтемін:
1.Оқушылардың шығдармашылық ойлау деңгейі артады
2.Оқушылар сабаққа белсенділікпен қатысады және сапа көрсеткіші артады
Өзіндік жұмыс-бұл әр адамның әрекетті саналы түрде таңдап алып,оны табандылықпен орындау арқылы сипатталатын қасиет.
Өздік жұмыстарының негізгі түрлері: оқулықпен жұмыстексерубақылаурефераттар мен баяндамалар жасау, тест жұмысын орындау болып табылады.
Оқушылардың өзіндік жұмысы – бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмысы. Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс -әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыру талаптары:

  • өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келу қажет;

  • оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті;

  • өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы керек;

  • әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады.

  • өздік жұмыс тек қайталау кезінде ғана жүргізбей сабақтың барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек.

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарды мақсатына қарай: оқыту; жаттықтыру; бекіту; қайталау; дамыту; шығармашылық яғни іздену мақсатында; бақылау болып бөлінеді.

1-кесте. Мақсат бойынша оқушылардың өздігінен орындайтын бақылау жұмыстарының сипатаммасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет