Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет4/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

 Сабақ. № 2 
Тақырыбы: 1.1.1. МКТ-ның негізгі қағидалары. Заттардың құрлысы. 
Сабақ жоспары 
1. МКТ-нің негізгі қағидалары
2. Молеклалар саны
3. Молекулалар массасы , зат мөлшері
4. Мольдік масса
Физика ерте заманан бері-ақ заттың құрылысын зеріттеумен айналысып келеді. Зат құрылыс 
жөніндегі ой-пікір, көзқарас әр түрлі болып келеді. Жылу құбылыстары туралы ілімнің дамуына 
байланысты, зат құрылысын түсіндіретін малекула-кинетикалық теория дүниеге келді. 
Малекула-кинетикалық теорияның негізін қалайтын мына қағидаларды есте сақтаған жөн. 
1) Барлық зат жекелеген бөлшектерден, малекулалардан тұрады; заттар құрылысы дискіретті, 
малекулалар арасында бос орын болады. 
2) Заттардың малекулалары үздіксіз хаосты ( ретсіз ) қозғалыста болады. 
3) Малекулалар арасында өзара әсер күші болады. 
Зат құрылысының малекула-кинетикалық теориясы газ, сұйық және қатты денелерге жасалған 
көптеген тәжрибелер мен бақылаулардың нәтижесінде дәлелденіп келеді. Сол тәжрибелер мен 
бақылаулардың кейбіреулеріне тоқталайық. 
1. Барлық заттар малекулалардан тұрады. Малекула – заттың қасиетін сақтайтын ең кішкене 
бөлшек. Заттарды бөлшектегенде ең кішкене бөлшек – малекула шығады. Онан әрі бөлшектегенде 
зат жоғалып кетеді. Ал енді малекуланың құрамына атом енеді. Атом – химиялық элементтің 
қасиетін көрсетеді. Атомды бөлшектесе, химиялық элемент жоғалып кетеді. 
Заттарға сыртқы күшпен әсер етсе немесе температурасын өзгертсе, ол заттың көлемі өзгереді. 
Көлемнің өзгеруі деген сөз зат құрылысының дискіретті екенін көрсетеді. Осы жағдайды байқау үшін 
мынадай тәжірибе жасайық. Спирт пен су алайық. Шыны түтікке алдымен су, оның үстіне боялған 
спирт құяиық. Шыны түтіктің аузын тығындап, бірнешерет төңкеріп, сонан соң шайқап 
араластырайық. Сонда спирт пен судың қоспасын аламыз. Бұл қоспаның көлемі бастапқы су мен 
спирттің көлемдерінен аз болғанын байқаймыз. Бұл тәжірибе малекулалардың арасында бос орын бар 
екенін көрсетеді. Сыртқы күштің әсерінен ( түтік шайқау) су мен спирттің малекулалары араласады. 
Әр түрлі малекулалар арасындағы тарту күщінің нәтижесінде малекулалар бірімен-біріжақындасып 
кетеді, сөйтіп, қоспаның бос көлеміазаяды. Малекулалардың арасында бос орын барын 
көрсететінмысалдардың тағы біреуі - диффузия. 
2. Малекулалардың ретсіз қозғалыста болатынын мына жайт көрсетіп береді. Мысалы, баллонға 
шамалы газ жіберілсе, ол баллонның бүкіл көлеміне жайылып кетеді. Бұл газ малекулаларының 
қозғалғыштығын, газ өзі тұрған ыдыстың қабырғаларына қысым түсіретінін және малекулаларының 
үздіксіз тәртіпсіз қозғалыста болатынын көрсетеді. Газдың температурасы артса, оның ыдыс 
қабырғасына түсіретін қысымы да артады. Бұл газ малекулаларының жылдамдығы артатынын 
көрсетеді. Малекулалардың қозғалыста болатынынкөрсететін тамаша мысалдардың бірі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет