Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет92/114
Дата19.10.2023
өлшемі3.62 Mb.
#481106
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   114
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Бақылау сұрақтары: 
1. 
Эйштейн постулаттары ? 
2. 
Релятивтик масса мен ұзындық?
3. 
Эйнштейн формуласы ? 
Сабақ № 55/56 
Тақырыбы: 4.2.3 Сыртқы фотоэффект. Столетов тәжірибесі 
Сабақ жоспары: 
1. Фотоэлектрондар 
2. Фотоэффекттiң қарапайым үш заңы
3. Фотондар 
4. Фотоөткізгіштер 
Г.Герц 1887 жылы, әдетте жоғарғы кернеуде байқалатын ұшқынды разряд, егер терiс электродқа 
ультракүлгiн сәуле түсiрсе, төменгi кернеуде де бола бастайтынын байқады. Бiрақ ол оның себебiн 
түсiндiре алмады. Бұл құбылысты терең зерттеп түсiндiрген орыс ғалымы А.Г.Столетов болды. Ол 
өз тәжiрибелерiнде ультракүлгiн сәулелердiң әсерiнен катодтан терiс зарядтардың ұшып 
шығатынын анықтады. Бұл ұшып шыққан бөлшектердiң меншiктi зарядын өлшеу арқылы 
жүргiзiлген бұдан арғы зерттеулер олардың электрондар екенiн көрсеттi.
Осылай, қатты денелер немесе сұйықтардан жарықтың әсерiнен электрондардың ұшып шығару 
құбылысын сыртқы фотоэлектрлiк эффект (немесе жәй фотоэффект) деп, .ал бұл ұшып 
шыққан электрондарды фотоэлектрондар деп атады.
Тәжiрибенiң негiзiнде фотоэффекттiң мынадай қарапайым үш заңы анықталды:
1. Фотоэлектрондардың максимальдi жылдамдығы түсiп тұрған жарықтың қарқындылығынан 
емес, оның жиiлiгiнен тәуелдi болады
2. Әрбiр затқа түсiп тұрған жарықтың жиiлiгi фотоэффекттiң қызыл шекарасы деп аталатын 
қандай да бiр ν
min
жиiлiгiнен кем болса фотоэффект құбылысы байқалмайды
3. Фотоэффект кезiнде уақыт бiрлiгiнде ұшып шығатын электрондардың саны ( басқа сөзбен 
айтқанда тiзбектегi қанығу фототогының мәнi ) түсетiн жарық қарқындылығына тура пропорционал.
Тәжiрибенiң негiзiнде анықталған жоғарыдағы қарапайым заңдарды жарықтың толқындық 
теориясының көмегiмен түсiндiру мүмкiн болмады. Бұл классикалық физиканың тiрелген тағы бiр 
тығырығы едi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет