Мазмұны Кіріспе І – Тарау; Әдебиеттерге шолу



бет14/28
Дата05.04.2024
өлшемі5.67 Mb.
#497773
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Дип.-Денелердің-беріктілігін-зерттеу

Механикалық екілену
Пластикалық деформация екілену арқылы да өтуі мүмкін. Екілену екілену жазықтығына параллель бірдей ара қашықтыққа бірінің артынан бірі тордың бір бөлігінің ығысуы арқасында болады. Кристалдың екіленуін схема түрінде көрсетуге болады (2.4.-сурет). Бұл суретте АЕСDА кристалдық екілену схемасы берілген; АВСDА деформацияланбаған кристалдың бөлігі, ал ВЕСВ екіленген кристалдың бөлігі, ВС-екілену осі. «Крест» белгісімен белгіленген екілену - алдыңғы атомдардың орналасқан орны. Екіленген осьтен өтіп, кристалдың бұзылмаған бөлігін бұзылған бөлігінен ажыратып тұратын жазықтықты екілену жазықтығы деп атайды. Екілену кездегі 11 атомдар жазықтығы ВС екілену жазықтығынан ығысуы атомдар ара қашықтығының бір бөлігі, ал 22 дәл сол арақашықтыққа 11 жазықтықтан ығысқан жазықтық, яғни екілену ВС жазықтықтан екі есе шамасына ығысқан жазықтықты көрсетеді, сол сияқты басқа да атомдардың ығысқан жазықтықтарын көрсетуге болады (33, 44, т.б.).

2.4.-сурет
Басқаша айтқанда, екілену жазықтығына параллель әрбір атомдар жазықтығы өздерінің бойымен екілену жазықтығының ығысу шамасына пропорционал ығысып отырады. Соның арқасында кристалдың екіленген бөлігіндегі атомдар кристалдың деформацияланбаған бөлігінің айнада шағылысқан құрылым көрінісін береді.
Екілену сырғанау секілді тек белгілі кристаллографиялық жазықтықтарда дамиды. Мысалы, жақ центрленген куб торлы (А1) кристалдарда екілену (112) жазықтығында, ал гексагоналды кристалда (А2) ( ) жазықтықта болады. Екілену үшін жанама кернеу белгілі критикалық кернеу шамасына жеткенде пайда болады. Екілену процесі өте жылдам өтеді және бұл процестің арқасында өзіне характерлі сызаттар пайда болады. Екілену кезінде жазықтағы атомдардың ығысуы аса елеулі болмағандықтан, қалдық деформацияға үлесі аса үлкен болмайды. Мысалы, мырыштың толық екілену бағытқа көшкендегі үлгісінің ұзындығы 7,39% -ға өскені анықталған. Сондықтан сырғанау арқылы пластикалық деформация жасайтын кристалдарда жалпы деформацияға екіленудің үлесі аса елеулі болмайды. Сырғанау деформациясы дамымайтын валентті кристалдардағы қирау алдындағы елеусіз деформация екіленуінің арқасында пайда болады. Гексагональды кристалдардағы сыртқы күш бағытына қолайсыз орналасқан кристаллиттер екіленудің арқасында өзінің бағытын өзгертіп, сырғанаудың арқасында қалдық деформацияға елеулі үлесін қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет