Мазмұны Кіріспе I. Ақшаның теориялық негіздері



бет7/9
Дата16.06.2016
өлшемі188 Kb.
#138671
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ақшанын объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша – бул тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір – бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі әдемілігі және тозбайтындығы; екіншіден, құны өте жоғары, сондай – ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.

Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:

- жалпыға тікелей айырбасталу формасы;

- айырбас құнының дербес формасы;

- еңбек өлшемінің эаттай (материалдану) формасы.

Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген

материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Ақшаның өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар [4].

Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс және жаны гурт деп аталады.

Толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

II. АҚША АЙНАЛЫСЫ

2.1. Ақша айналыс заңы мен оның мәні

Қайта кезеңіне дейін “ақша айналымы” мен “ақша айналысы”үғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз тұрғындардың ақшалай табыстарының

бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақша бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің теңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы ары қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитализм айналымына қызмет ете отырып, барлық жиыптық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады.

Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолдануы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.

Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.

Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мұмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу ұшін қолданылуы мүмкін.

Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдаым артық болады. Ақшаның тек сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, бакнтен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.

Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолиа-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қолақшаның қолдануын шектеу, есеп айырылысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.

Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолиа-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті.Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген дерективті саясаттың орнына республыкамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғы шарттары жасалынды.

Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәір бөлігін орталық банктерден шығарылған бакнтік билеттер құрайды.Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді

Қолма-қолсыз ақшалар айналысы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақща мен қолма-қолсыз ақщалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отруынан байқалады.

Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:

өнімді өндіру және сату процесін, яғни таурлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

таурлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет