Мазмұны: Кіріспе і-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі



бет5/8
Дата25.02.2016
өлшемі0.55 Mb.
#21521
1   2   3   4   5   6   7   8

Баға саясатының негізгі бағыты еркін тағайындауға көшу болып табылады. Рыноктің қалыптасуы барлық тауар өндірушілердің меншік және шаруашылық жүргізу әдістеріне қарамастан баға белгілеу мен өнімді өткізу арналарын тандауда толық түрде өз бетінше шешім қабылдауын қарастырады. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген белгілі бір мемлекеттік қажеттілікті өтеу үшін мемлекет өндірушілермен ерікті және өзара тиімді контрактіге отырады. Онда келісімді бағадан басқа салықтық, несиелік жеңілдіктер мен материалдық техникалық ресурстарды қамтамасыз ету, өндірістік және өндірістік емес обьектілерді қаржыландыру жөнінде әр түрлі ынталандыру шаралары қарастырылуы мүмкін. Алайда, еркін баға агроөнеркәсіп кешенінің І және ІІІ сфераларындағы кәсіпорындарды демонополизацияланған жағдайда ғана тиімділік беруі мүмкін, ал басқаша жағдайда өндірістің құлдырауы мен бағаның өсуінен қашып құтылуы мүмкін емес.

Селолық өндірушілер табысын қолдау мақсатында өнімді өткізу мен жеңілдік несиелерге жол ашуды қамтамасыз етуге кепілдік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлеріне сауда және сатып алу операциялары қарастырылған. Сондай-ақ, биржалар болашақ өнімді сатып алуға ауыл шаруашылық өндірушілермен келісім-шартқа отырған жағдайда фьючерстік сауда-саттық тегеріші пайдаланылады. Мұндай фьючерстік операциялардың артықшылығы тауар өндірушілер өнім алғанғадейін процентсіз несиелерді пайдалана алатындығында жатыр.

Мемлекеттік реттеусіз монополизм жағдайында өнеркәсіп және ауыл шаруашылық арасындағы бағаның паритетін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да өңдіріс құралдарын шығаратын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қызмет көрсететін немесе олардың өнімін өңдейтін барлық монополист – кәсіпорындар үшін келісімді бағаның жоғарғы шегін (немесе рентабельділік деңгейінің шегін) белгілеу қажет.

Қаржылық саясаты селода көпукладты экономиканы құрудың бастапқы кезеңінде бәсекелестікті тудыруға және дамытуға жағдай жасауы керек. Сондықтан да қаржылық көмек ең алдымен тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекеттік бағаны қамтамасыз етуге, агралық сфераны жеңілдікпен қаржыландыруға көмектесетін коммерциялық банкілердің шығындарын жабуға, сондай-ақ жекелеген селолық аудандар, экологиялық аймақтар жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға, шаруашылық айналымынан шығып қалған ауыл шаруашылығы жерлерін қайта қалпына келтіруге бағышталуы тиіс.

Тауар өндірушілерді бюджет есебінен кең көлемде қаржыландыру нарықтық экономика толық орнатылғанда ғана мүмкін болады. Мұндай жағдайда мемлекеттік қаржылық қолдау шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, табиғат апаттарының шығындарын өтеуге, су шаруашылығы және топырақты суландыру жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығындағы жаңа немесе ерекше қиын өңдірістерді ұйымдастыруға бағытталады.

Экономиканың аграрлық секторындағы несие саясаты ауыл шаруашылығындағы өте төмен табыстылықты есепке алады. Сондықтан да ол төмендегі арналар бойынша бағытталуы тиіс:


  • ауыл шаруашылығын несиелендіретін банкілер қызметін ұйымдастырушы ерекше мемлекеттік несиелік институттар құру;

  • меншік және шаруашылық жүргізу тәсіліне қарамастан барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерін өнім жинағанға дейін өнімнің тауарлық бөлігіне 50%-ке дейінгі көлемде, өнім жинау кезеңінде 20%-ке дейінгі көлемінде процентсіз қаржы, сондай-ақ несиелендірілетін обьектілердің басқа түрлеріне азайтылған несиелік қаржы (10%-ке дейін) алуға жол ашуды қамтамасыз ету;

  • несиені қамтамасыз етуге төмендетілген талап орнату;

  • коммерциялық банкілерге қарыздарын қайтаруға кепілдік беру;

  • ауыл шаруашылығына несие беретін банкілерге бағалы қағаздар шығару құқын беру және олардың эмиссиясы мен айналымы үшін ерекше қолайлы жағдай жасау (эмиссия жөніндегі жеңілдіктер ауыл шаруашылық несиесіне қажетті қаржылық ресурстарды арзандатуымен қатар тез жинақтауды жеделдетеді);

  • несиелік қаржыны төмендетілуі мен қарыздың қайтарылмауынан туындаған шығындарды жабу үшін ауыл шаруашылық несиесін ұйымдастыруды мемлекеттік қаржыландыру.

Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттің салық саясаты өзінің фискальдық мәнін жоюы керек. Салықтың түрлері мен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық салу жолымен жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынталандырушы функцияларына ерекше назар аударылуы қажет.

Жерге біртұтас салық енгізілгеннен кейін, жер негізгі өндіріс құралы болып табылатындықтан, ауыл шаруашылық кәсіпорындары табысқа салық төлеуден босатылды. Бұл аграрлық өңдірістің нәтиже беретін көрсеткіштеріне тіпті салық салудан босатылуға алып келді. Нәтижесінде салық көмегімен бағаны, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудың көлемін, жеке тұтынуға және қорлануға бағытталатын пайданы мемлекеттік реттеу мүмкін болмай қалды. Осыған байланысты салық салудың негізгі обьектісі ретінде мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін – пайда, ал ұжымшарлар үшін жалпы табыс белгіленді.

Жалпы алғанда, салықтар мен аударулар кәсіпорынның жалпы табысының 20-25%-інен аспауы керек. Өйткені, жалпы табыстың 25%-інен 50%-іне дейін салыққа лаынуы тек қана өндірісті қалпында ұстауды қамтамасыз етсе, ал 50%-тен астам салық салу өңдірістің шығынға батып, жабылуына алып келеді. Жеке меншікке негізделген жеке немесе отбасылық еңбек (шаруа қожалықтары, кооперативтер және т.б.) сияқты шаруашылық жүргізудің өркениетті тәсілдеріне болашақта салықтың тек қана бір түрі – жалпы табысқа салық салу қолданылуы керек. Одан әрі ауыл шаруашылығындағы дағдарыстан өту мен аграрлық рынокті қалыптастырудың шама-шарқына қарай салық жүйесі күрделене түседі. Оның негізгі элементтері мыналар болады: пайдаға (таза табыс) салық, капиталдың өсуіне салық, қозғалмайтын мүлікке салық, жалданбалы жұмыс күшін әлеуметтік сақтандыру, акциздер.

Инвестициялық саясат агроөнеркәсіп кешеніндегі көпукладты экономиканың қалыптасу кезеңінде көптеген өзгерістерге ұшырайды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кең көлемдегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, әлеуметтік сферадағы обьектілер құрылысын салу, сондай-ақ селолық тауар өндірушілерді қаржылық жағынан қолдау үшін мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру сақталады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басқа барлық шараларына инвестиция бөлу қайтарылу негізінде жүргізілуі тиіс.

Агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасында инвестициялық саясаттың басым бағыттары мыналар болып табылады:



  • конверсия нәтижесінде босап қалған бұрынғы кәсіпорындарды қайта бағдарлау мен жаңа құрылыстар салу есебінен өзін экономикалық жағынан ақтайтын ауыл шаруашылық және азық-түлік машиналарын жасайтын өзіндік база жасау;

  • түпкілікті техникалық қайта жарақтандыру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жабдықтау;

  • алдыңғы қатарлы технологияға және өндіріс құралдары рыногіндегі коньюнктураның өзгерістеріне тез бейімделетін аз сериялы өндіріспен айналысатын орташа және ұсақ кәсіпорындарды дамыту.

Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға паритетінің сақталмауы жағдайында мемлекеттік қолдау көрсету жолымен меншіктің барлық тәсіліндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының сапалық жаңғыруын, негізгі қордың шапшаң қалпына келтірілуін және жаңартылуын, өндірістік инфрақұрылымның дамытылуын көздейді.

Агроөнеркәсіп кешенінің өңдеу сферасында мемлекеттің қатысуымен тікелей селолық елді мекендерде өңдеу (кіші және орта қуаттылықтағы) жөніндегі кәсіпорындар салынатын болады.

Тұжырымдық бағдарлама сондай-ақ әлеуметтік даму және Республика агроөнеркәсіп кешенін мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі нақты шаралар қарастырылған.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дағдарыстан шығу және нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде дамытудың негізгі бағыттары бойынша қосымша мынаны атап өтуге болады: Батыстың көмегіне сүйену керек әрі ондай көмекті кері қайтаруға болмайды. Бірақ, бұл гуманитарлық көмек немесе мейірімділік актісі ретінде қабылданбуы керек. Өйткені, мұндай мүсіркеушілік – біз үшін басы артық дүние. Жаңа технологиялар, тұтыну тауарларын алу үшін несиелер (ақылға сыйымды мөлшерде), капиталды сырттан әкелу және бәсекелестіктің басқа тәсілдерінің қажеттілігі пісіп жетілгендігін мойындауымыз керек.

Ашық экономика, шетелдік капиталдың, жаңа тауарлар мен жаңа жұмыс орындарының келуі әрқашан да зиян, бірақ біздің экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіп өндірісінің қазіргі жағдайдағы жай-күйі үшін кейбір қазіргі радикалдардың асыра сілтеушілігі сияқты тіптен қауіпті. Қазіргі тынымсыз және қиын уақытта тек салмақты экономикалық шешім мен ұзақ мерзімді саяси тұғырнама ғана табысқа жеткізеді. Біз бұл жерде экономиканың аграрлық секторында, ең алдымен тікелей ауыл шаруашылығы өндірісінде шаруашылық жүргізудің әр түрлі тәсілдерін бағалау және таңдау жолдарын іздестіруге тұспа-тұс келеміз. (13)
2.2.1. Өндірістік қатынастар мен шаруашылық санаттарындағы өзгерістер

Республиканың агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық реформаға дейін 2100 кеңшар, 400 ұжымшар, 20-дан астам ірі ет комбинаттары, сүт зауыттары, жүнді бастапқы өндеуден өткізетін үш аса ірі фабрика, басқа да көптеген кәсіпорындар жұмыс істеді. Тек тамақ өнеркәсібінде 3 мыңнан астам кәсіпорын болды.

Экономикалық реформадан бұрын ауыл шаруашылығында өнім шаруашылықтың екі санатында ғана өндірілетін. Бұл салада реформа экономиканың басқа салаларына қарағанда екпіндірек, қарқындырақ, шапшаңырақ жүргізілді деуге болады. Бірақ бәрі дұп-дұрыс жүргізілді деуге болмас. Реморманың мәнісі ондағы өндіріс құралдарына мемлекеттік және ұжымдық меншікті (ол кездегі ұжымшарлардағы меншікті мемлекеттік меншік десе де болады) жеке меншікке айналдыру болды. Кейбір шет елдердегідей, бізде де негізінен шаруа (фермерлер) қожалықтары осы саладағы меншіктің иесі, негізгі өнім өндірушілер болады деп саналды. Малды бұрынғы ұжымдар мүшелеріне бөліп беру оңай болғанымен, жерді және ауыл шаруашылық құралдарын (машина-трактор шеберханаларын, автопарктерді, тракторларды, комбайндарды т.б.) жеке адамдардың меншігіне бөліп беру іс жүзінде оңай болмады, олар шартты түрде ғана бөліп берілді. Жер болса бүгінгі күнге дейін негізінен мемлекет меншігінде.

Қысқартып айтқанда, бұрынғы кеңшарлар мен ұжымшарларды жүргізудің тиімсіз пошымы деп санап, революциялық жолмен түбіріне балта шауып, бірер жыл ішінде-ақ күл талқанын шығардық. Н.Назарбаевтың Қазақстан Ремпубликасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде айтқанындай: «Нарық өзгерістерін бойына дарытпай келген кеңестік ұжымшар-кеңшар жүйесі келмеске кетті». Сөйтіп 2001 жылдың 1қаңтарында республикада мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан небары 82-сі ғана қалды, оның есесіне 105170 шаруа (фермер) қожалығы дүниеге келді, одан басқа 3342 әртүрлі серіктестік, 293 акционерлік қоғам, 1710 өндірістік кооператив, 1302 басқадай құрылымдар, жиыны, 111899 ауыл шаруашылық кәсіпорны болды.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегеі агенттігінің анықтамасы бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына бұрынғы колхоздар, совхоздар және басқа мемлекеттік шаруашылықтар (ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорындары, акционерлік қоғамдар, серіктестіктер) базасында құрылған өндірістік құрамалар, кәсіпорындар мен ұйымдардың қосалқы шаруашылықтары жатады.

Шаруа (фермер) қожалықтары – адамдардың отбасылық еңбек бірлестіктері болып табылады, олардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығына арналған жерлерді пайдаланумен, сондай-ақ осы өнімдерді өңдеу және өткізумен тығыз байланысты.

Жұртшылық шаруашылығына (біздер жұрт шаруашылығы деп алдық) халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары, ұжымдық бақтар мен бақшалар, саяжай учаскелері жатады. Сан жағы жетерлік, сапа қандай, нәтиже қандай?

Реформа басталар алдында 272 миллион гектар, ауыл шаруашылығы жері, бау-бақша өсіретін үй маңындағы және саяжайдағы аздаған жерді қоспағанда, 2,5 мың кеңшар мен ұжымшардың қарамағында болды. Сондай-ақ барлық егістік жер де, шабындықтар мен жайылымдар да солардың қолында еді. 2001 жылдың басында республикада қалған 82 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорнының қолында барлығы 3,2 миллион гектар ауыл шаруашылық жері, 0,6 миллион гектар ғана егістік жер қалды.

Саланың тірегі, іргетасы, негізгі өндіргіш күші болады деп саналған шаруа фермер) қожалықтарының қолында не бар, олар қанша өнім беріп отыр?

Саны 105 мыңнан асқан фермерлеріміздің қарамағында 2000 жылы 29,8 миллион гектар ауыл шаруашылық жері (шаруашылықтың барлық санаты бойынша жердің 32 пайызы), 6,1 миллион гектар егістік жер (31,8%), барлық дақылдар егістігінің көлемі 4,8 миллион гектар (29,9%), оның ішінде дәнді дақылдар 3,7 миллион гектар (29,9%), техникалық дақылдар егісі 347,4 мың гектар (55%), картоп-көкөніс-бақша егісі 58,6 мың гектар (19,4%), жемшөптік дақылдар егісі 719 мың гектар (25,5%) болды. Сол жылы шаруа қожалықтары 4,3 миллион тонна астық (барлық өндірілген астықтың 37%), 228 мың тонна шитті мақта (79,4%), 153 мың тонна қант қызылшасын (56%), 74 мың тонна күнбағыс дәнін (70%), 191 мың тонна картоп (11,3%), 344 мың тонна көкөніс (22,3%), 202,3 мың тонна бақша өнімін (48%) өндірілді. Сөйтіп шаруа қожалықтары астық, мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, бақша өнімін өндіруде айтарлықтай табысқа жетті.

Мал шаруашылығын алып қарасақ, 1990 жылы шаруа қожалықтарында мал мен құс жоқтың қасы болатын, тек бір мың шақты ірі қара, 51 мың қой мен ешкі, 800 шошқа, 900 жылқы бар-тын. 2000 жылы да шаруа қожалықтарында шаруашылықтың барлық санатындағы ірі қараның 5,3 пайызы, қой мен ешкінің 8,5 пайызы, шошқаның 3,3 пайызы, жылқының 8,5 пайызы, құстың 1 пайызы ғана болды. Сондықтан фермерлер республикада өндірілген еттің жалпы көлемінің 6,3 пайызын, сүттің 4,1 пайызын, жүннің 8,3 пайызын, жұмыртқаның 0,7 пайызын ғана өндірді. Бір сөзбен айтқанда шаруа (фермер) қожалықтарының мал шаруашылығындағы үлесі тым аз, жоқтың қасы.

2000 жылы олардың үлесіне ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 18,6 пайызы, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің 31,5 пайызы, мал шаруашылығы өнімінің 4,8 пайызы келді.

Жоғарыда айтқандай, мемлекеттік және беймемлекеттік 6729 әртүрлі ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қарамағында 2000 жылы 63,2 миллион гектар ауыл шаруашылық жері (яғни шаруашылық санаттарының барлық түріндегі жердің 67,9%), 13,1 миллион гектар егістік жер (68,2%) 10,8 миллион гектар барлық дақылдардың егіс көлемі (66,7%), оның ішінде дәнді дақылдар егісі 8,6 миллион гектар (69,4%), техникалық дақылдар егісі 225,4 мың гектар (35,7%), картоп-көкөніс-бақша егісі 23,8 мың гектар (7,9%), жемшөптік дақылдар егісі 2,0 миллион гектар (70,4%) болды. Сол жылы ауыл шаруашылық кәсіпорындары 7,2 миллион тонна астық (барлық өндірілген астықтың 62,1%), 41 мың тонна шитті мақта (14,3%), 92 мың тонна қант қызылшасын (33,7%), 22 мың тонна күнбағыс дәнін (21%), 71 мың тонна қант картоп (4,2%), 92 мың тонна көкөніс (6%), 25,7 мың тонна бақша өнімін (6%) өндірді. Сөйтіп олар негізінен астық пен қант қызылшасын өндіруде өз орнын тауып отыр.

Ауыл шаруашылығының келесі, үшінші санаты – жұрт шаруашылығы. Реформаға дейін 1990 жылы бұл санаттың қарамағында картоп, көкөніс, бақша өсіретін жарты миллион гектардай ғана жер болды. Аталған үш дақыл өсірілетін егіс көлемінің 131,9 мың гектары, яғни 41 пайызы осы санатта еді. Басқа дақылдар өсіруде бұл санаттын үлесі жоқ десе де болғандай-ды. Оның есесіне жұрт шаруашылығының қарамағында ірі қараның 30,9 пайызы, сиырдың 46,9 пайызы, қой мен ешкінің 18 пайызы, шошқаның 21 пайызы, жылқының 31,4 пайызы, құстың 33,4 пайызы болып, еттің 33,3 пайызын, сүттің 45,7 пайызын, жұмыртқаның 31,6 пайызын және жүннің 27,4 пайызын өндірді. Қысқасы, бұл санатты мал шаруашылығындағы үлесі өте үлкен-ді.

2000 жылы да бұл санаттың қарамағындағы жер өте аз болды. Мұндағы жалпы жердің көлемі 406 мың гектар ғана, одан ауыл шаруашылық жері 347 мың гектар. 252 мың гектар егістік жері, 31 мың гектар шабындық пен жайылым ғана бар. Сондықтан да шаруашылықтың бұл түрі тек үш дақыл өнімін өсіруге ғана маманданған. 2000 жылы мұнда 1.431 мың тонна картоп (яғни барлық өндірілген картоптың 84,5 пайызы), 1.108 мың тонна көкөніс (71,7%) және 193,7 мың тонна (45,9%) бақша өнімдері өндірілді. Мал шаруашылығындағы бұл санаттың үлес салмағы бұрынғыдан да арта түсті. 2000 жылдың аяғында онда ірі қараның 86,3 пайызы, сиырдың 89,2 пайызы, қой мен ешкінің 82 пайызы, шошқаның 87 пайызы, жылқының 84 пайызы, қөұстың 50,3 пайызы шоғырланды. Соның нәтижесінде республикада өндірілген еттің 87,2 пайызы, сүттің 90,9 пайызы, жұмыртқаның 49,1 пайызы, жүннің 80,8 пайызы осы санатта өндірілді. Қорыта айтқанда бүгінгі күні мал шаруашылығы өнімдерін өндіру түгелге жуық жұрт шаруашылығы қолында десе болғандай.

Ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі жұрт шаруашылығының үлес салмағы 1990 жылғы 28 пайыздан, 2000 жылы 60 пайызға дейін өсті, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша, тиісінше, 13 пайыздан 34 пайызға дейін, мал шаруашылығы өнімдері бойынша 44 пайыздан 87 пайызға дейін көбейді.

Тағы да бір көңіл бөлерлік жәйт – ауыл шаруашылығындағы басты өндіріс құралы – жердің осы үш санатқа қалай бөлініп отырғандығы. Реформаға дейін оның бәрі тек мемлекеттік шаруашылықтар – кеңшарлар мен ұжымшарлардың қолында, солардың пайдалануында болатын. 2000 жылдың аяғында, ауыл шаруашылық жердің 93 миллион гектары ғана, егістік жердің 19,2 миллион гектары ғана, екпелі жердің 16,2 миллион гектары ғана жоғарыда аталған барлық үш түрлі шаруашылық санаттарының қолында екен, қалған жерлер запастағы жерлер деп аталатын болыпты. Сонымен бұрын пайдаланылып келген ауыл шаруашылық жерінің бүгінде тек 34 пайызы ғана, егістік жердің 54,8 пайызы ғана, екпелі жердің 46,3 пайызы ғана пайдаға асып отыр. Неге? Себебі көп те және белгілі. Ол жерлерді игеріп, жыртып, басқадай да өңдеп, бұрынғы көлемде егін егуге қолда техника да, жанар-жағар май да, тыңайтқыштар да, тұқым да жоқ, ең бастысы соларды сатып алатын қаржы жоқ. Тіпті соның бәрі қолда бола қалғанда оны ұқсатуға, өндеуге, сатуға шығаруға тағы да қаражат жоқ. Оның үстіне 181 шабындықты шабатын құрал мен қаражат және одан түсетін шөпке сұраным жоқ. Бүгінде жаятын малдың жоқтығынан миллиондаған гектар жайылымдықтардың шөбі тұнып тұр.

2.2.2 Саланың реформадан кейінгі материалдық базасының жағдайы



Енді реформадан кейінгі ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы қандай халде деген сұраққа жауап ретінде біраз дерек келтірейін.

1-кесте

Қолда бар ауыл шаруашылық техникасының саны






1990ж.

2000ж.

1

Тракторлар-барлығы, мың дана

220,1

49,7

2

Астық жинайтын комбаиндар-*-

89,0

20,7

3

Жүгері жинайтын комбаиндар, дана

2069

373

4

Жемшөп жинайтын комбаиндар мың дана

15,6

2,4

5

Картоп жинайтын комбаиндар,дана

747

203

6

Дестелегіштер,-*-мың дана

41,9

7,3

7

Трактор соқалары-*-

48,8

10,3

8

Қопсытқыштар-*-

56,6

9,3

9

Дәнді дақыл сепкіштер-*-

89,0

22,3

10

Жүгері сепкіштер,-*-

12,8

1,4

11

Трактор шөп шапқыштары-*-

30,1

3,6

12

Тырмалар-*-

19,1

2,4

13

Шөпті сығымдап жинағыштар-*-

9,5

1,3

14

Шөмеле салғыштар-*-

8,2

0,6

15

Шөпе салғыштар-*-

2,6

0,9

16

Дән құрғатқыштар дана

535

238

17

Тыңайтқыш шапқыштар, мың дана

7,6

1,4

18

Шашыратқыштар мен тозандатқыштар*

9,5

1,9

19

Жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар,-*-

10,4

1,0

20

Суарғыш машиналар мен қондырғылар, мың дана

4,2

0,3

21

Сиыр сауатын қондырғылар мен агрегаттар,-*-

16,9

1,0

22

Тоңазытқыш қондырғылар,-*-

1,9

0,5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет