Мазмұны Кіріспе i-бөлім. Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны



жүктеу 0.67 Mb.
бет1/2
Дата07.07.2016
өлшемі0.67 Mb.
  1   2
Мазмұны
Кіріспе
I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны

1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және көрсеткіштері

1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
II-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау

2.1.«Қант»ААҚ жалпы сипаттама

2.2.«Қант»ААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді

талдау


III-Бөлім.Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу

3.1.Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлім-

дері мен көрсеткіштері

3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруа-шылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.

Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.

Қазіргі жағдайда көптеген ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ банктерде маркетинг қызметі,ал олардың кейбіреуінде департаменттер іс-әрекет етеді.Бұлардағы маркетинг бөлімдерін ұйымдастырудың нақты сызба-лары мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін,бірақ олар:нарықты маркетингтік зерттеу,сұраныс жағдайын,тауарлық өткізу,баға және коммуникация ұйым-дастыру сияқты жалпы міндеттерге негізделеді.

Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұғыл-данбайды.Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді.Қазақстандық компа-ниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді,сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста.Мұндай тұжырым қате,жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек,жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады.Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мә-нінде жоспарлау барысын қиындатады,алайда фирма басшылығына өзгеріс-терді болжауға,оларға әрі қарай қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді.

Америкалық төрт жүз жетекші компанияны зерттеу мәліметтері жос-парлауды жүйелі жүргізетін компаниялардың сату көлемдері мен пайдасы жоғары қарқынмен өсіп тұратынын көрсеткен.

Көптеген фирмаларға өздерінің ресми қабылдаған жоспарлау мен бақы-лау жүйелерін жетілдіру қажет екені айдан анық.Әртүрлі шешімдерді үздіксіз қабылдау жоспарлауды алмастыра алмайды.Фирма үшін жоспарлау көп жағ-дайда өткізу және табыс көрсеткіштерін жақсартатын жоғары сатылы жұмыс болып саналады.

Фирманың жақсы талқыланған бағдарламалық мәлімдемесін құрастыру өте жауапты іс.Жоспарлау-фирма өзінің құрамына кіретін әрбір өндірісті ба-ғалап,оларды кеңейту,сақтау,доғару не олардың жемістерін жеу туралы қо-рытынды шығаруды талап етеді.

Берілген жұмыстың тақырыбы кәсіпорындағы маркетингті жоспарлау болып табылады.Нарықтық экономика заманында әрбір кәсіпорын өз жұмы-сының тиімділігін арттыру үшін әртүрлі жоспарлар жасайды.Өйткені жос-парлау-басқарудың маңызды бір функциясының элементі болып табылады. Сондықтан да курстық жұмыстың тақырыбы маркетингті жоспарлаудың теориялық негіздері мен «Қант»ААҚ-ның жұмысын тиімді жоспарлаудың маңызы зор.Ол үшін курстық жұмыстың бірінші бөлімінде барлық осы жос-парлаудың тиімділігі және де оның қажеттілігі толық ашылып көрсетілген.

Жалпы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:

1.Теориялық:бұл бөлімде маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны тура-лы түсініктемелер берілген.

2.Зерттеліп отырған «Қант»ААҚ-ның жалпы қызмет жағдайына талдау жүр-гізілген.

3.Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруда стратегиялық жоспарын әзірлеу.

Курстық жұмыстың осы бөлімдерден кейін қорытынды жүргізіліп,қолданыл-ған әдебиеттер тізімі беріледі.

I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны

1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және көрсеткіштері


Жалпы жоспарлауды нарықтық қарым-қатынастардың дамуы шарты негізінде қолдана бастады.Жоспарлау-өндірістің пропорциялық қарым-қатынасына және аяқталған ішкі экономикалық заңға,жолдауға,бөлу мен тұтынуға бағытталған саналық адам қызметін көрсетеді.Сондықтан, жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты бөлімшелерінің бірі болып келеді.Оның мақсаттары экономиканың даму ортасында өзгерушілік пен анықталмағандықтың кері әсерін жоюға негізделген.

Яғни,жоспарлау-алдағы қызметтерді қамтамасыз етуге анық бағытталған ақпаратты ой үрдісінде өңдеу.Жоспарлау-бұл ең бірінші, қоғамдық өндірістің нәтижесі мен дамуын ғылыми алдын алу,оның заңдылығын құру,ғылыми-техникалық үрдістің,обьективті тәуелділіктің және экономикамен байланысты себептік салдарлықтың әлеуметтік тенденциясы.

Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары,өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның әлеуметтік - экономикалық даму жоспары жатады.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.

Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың барысында, жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:

- жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық негіздеуді ұлғайту;

- қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;

- өндірісті техникалық - экономикалық негіздеу;

- баланстық есептеулер жүргізу;

- өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;

- материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;

- еңбек өнімділігін арттыру;

- жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;

- жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.

Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық - экономикалық нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.

Норматив дегеніміз-салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсететін көрсеткіш.

Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, технологияның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.

Техникалық - экономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар бойынша жасалынады:

- нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);

- нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);

- материалдық шығындар нормасы (шикізат, материал отын, жылу, энергия, жабдықтарын үлестік нормалары);

- еңбек құрал - жабдықтарын қолдану нормативтері (машиналарды, ірі құрал - жабдықтарды, механизмдерді, құрал - саймандарды қолдану нормативтері);

- өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклінің ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары);

- іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндіріс куатын игерудің нормасы. Бұл арқылы өндіріс қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.

Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық материалдың жеке түрлері анықталады.

Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады.

Жоспарларды техникалық - экономикалық негіздеу арқылы олардың көрсеткіштерін анықтайды.

Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:

- сандық;

- сапалық;

- көлемдік ;

- үлестік.

Сандық көрсеткіштерге - жалпы өнім мен тауар өнімнің көлемі, сатудың көлемі, жұмысшылардың саны, жалақының қоры, пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.

Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды азайту, өндірістің тұрақтылығы, қор сыйымдылығы, өнімнің сапасы жатады.

Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты болады.

Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.

Үлестік көрсеткіштерге - бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады, мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.

Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.

Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық жэне сандық көрсеткіштерді қамтиды.

Еңбек өлшемдері - еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма - сағатпен белгіленеді.

Құн өлшемдері - көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.

Маркетингті жоспарлау

Маркетингтік жоспар жалпы корполративтік жоспардың маңызды бір бөлімі.Оған кәсіпорынның әр функционалдық бағыттарының (өндіріс,қаражат,өткізу,кадр,маркетинг) жоспарлары кіреді.

Маркетингтік жоспар кәсіпорынның маркетингтік қызметін жоспарлау мен жүргізу құралы.Оның көмегімен үздіксіз кәсіпорынның мүмкіндіктерін нарықтың талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған талдау,басқару және тексеру үрдісі қамтамасыз етіледі.

Маркетинг жоспарының кезеңдері:

1.ағымды жағдай мен маркетингтік мүмкіндіктерді талдау;

2.мақсаттарды анықтау;

3.стратегиялық шешімдерді қабылдау;

4.маркетингтік шаралардың жоспарын әзірлеу;

5.шығындардың жалпы көлемі мен құрамын есептеу,

6.тексеру және жоспарға түзету;

Маркетинг жоспарларын ұтымды етіп жасап,оны зор табыспен жүзеге асыру үшін нысанды амалдар (процедуралар),ұйымдастыру жүйесі,сауатты әдістеме,жазбаша жоспардың болуы қажет.

Маркетингтік жоспар айқын көрсетіліп,ұжымда талқылануы керек.Жоспарлауға қатысушы менеджерлер маркетинг жоспарын әзірлеудің мәнін,рөлін,мақсаттарын,талдау мен жасау тәсілдерін білгені жөн.Жоспардың табысты орындалуы үшін менеджерлер арасында міндеттерді дұрыс бөліп,оның жасау мерзімін,бюджетін белгілеу қажет.

Маркетинг жоспары-бұл белгілі уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленген жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы нысандандырылған құжат.

Ол-маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі құралы.Көптеген ұйымдарда маркетингтік жоспарлар жетекші бөлімдердің қызметкерлерінің бірлескен тобымен жасалып,басқарудың сәйкес деңгейлерінде жүзеге асырылады.

Маркетингтік жоспарлар корпорация және оның бөлімшелері,стратегиялық шаруашылық бөлімшелер (СШБ),компания,өнім түрлері және жеке өнім,жеке нарықтар және маркетинг кешенінің әрбір элементі бойынша жасалынады.

1.2 Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау


Көптеген фирмалар ресми қабылданған жоспарсыз жұмыс атқаруда. Жаңадан құрылған фирмалардың басшылары жұмыспен сонша көп айналысатындығынан олардың - жоспармен айналысуға уақыты жоқ. Кемелденген фирмаларда, көптеген басқарушылардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін формалъды, жоспарлаусыз да жұмыстарын орындап келе жатқандықтан, оның онша маңызы болмағаны ғой деп санайды. Олар жоспарды жазбаша дайындауға уақытын алғызғысы да келмейді. Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай соншама тез өзгеретіндіктен, жоспарлаудан онша пайда болмай, ол ақыр аяғында шаң болып сатыда жатады. Міне, сондықтан және де басқа бірқатар себептерден көптеген фирмалар өздерінде формальды жоспарлаумен айналыспайды.

Дегенмен, формалъды жоспарлау бірталай пайдалардан дәмелендіреді. Ол пайдаларды Мелвиил Бранч мынадай ретімен атап өтеді:

1.Жоспарлау басшыларды тұрақты түрде келешекті ойлауға итермелейді.

2.Ол фирманы алдын ала жасалған әрекеттеріне тура үйлестіруге мүмкіншілік береді.

3.Ол келешекте бақылауға болатын жұмыс көрсеткіштерін белгілеуге мүмкіншілік береді.

4.Ол фирманың өз міндеттерін және саяси нұсқауларын дәл анықтауға мәжбүр етеді.

5.Фирманың төтенше езгерістерге дайыңдығын жоғарылатады.

6.Ол барлық лауазымды адамдардың міндеттерінің өзара байланысын көрнекті көрсетеді.

Стратегиялық жоспарлау фирма шегіндегі басқа жоспарлар үшін плацдарм болатын болғандықтан оны ең алдымен қараймыз. Стратегиялық жоспарлауға былай деп анықтама береміз:

Стратегиялық жоспарлау - бұл маркетингілік өрісте фирма мақсаты мен потенциальды мумкіншіліктерін стратегиялық қатынаста болдыру және жалғастыруға керекті басқару процесі. Ол фирманың дәл тұжырымдалған бағдарламалық мәлімдемесіме, көмекші мақсаттар мен міндеттер мазмұндамаларына, дұрыс шаруашьшық портфеліне және өсу стратегиясына сенеді.

Стратегиялық жоспарлау үш негізгі шарттарды сақтауды талап етеді:

Бірінші шарт-компанияның қызметі инвестициялық қоржынды басқару принципінде құрылады.оның мәні-компанияның әрбір қызмет бағытын орындау үшін ресурстардың тиісті түрде бөлінуінде.

Екінші шарты-әрбір қызмет түрінің келешегін бағалау.Осы мақсатпен нарықтық өсу көрсеткіштері және компанияның нақты нарықтағы позициясы зерттеледі.тек ағымдық сату немесе пайда көлеміне бейімделген компаниялар олардың шектеулі екндігіне көздері жетті.Мысалы,1970 жылдары «Ford Motor» компаниясы үшін үлкен машиналарды өндіру тиімді болды.алайда нарықтық зерттеулер тұтынушылардың сұранысы шағын литражды автомобильдер жағына ауғанын көрсетті.Сондықтан компания инвестицияларды өндірісі сол кезде залалды болған шағын автомобильдерге жұмсады.

Үшінші шарты-стратегияны әзірлеу.Әр бизнес үшін ұзақ мерзімді мақсаттарға жету жоспары жасалады.Сондықтан,әрбір компания іс-әрекетін,мақсаттарын,мүмкіндіктерін,ресурстарын зерттей отырып,өз стратегиясын әзірлейді.Егер компания саясаты шығындарды төмендетуге бағытталса,оның бәсекелесінің саясаты жаңа өнімге өндіруге бағытталуы мүмкін.

Стратегиялық жоспарлаудың кезендері 1 суретте келтірілген, ал оларды суреттеу төменде беріледі:



Фирма бағдарламасы

Фирманың міндеті және мақсаты

Шаруашылық портфелінің өркендеу жоспары

Фирманың өсу стратегиясы


1 сурет. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері

Ақпарат көзі:1,426 бет

Көптеген ірі компаниялардың ұйымдық құрылымы төрт деңгейден тұрады.Олар-корпоративтік,бөлімше,бизнез-бірлік және өндірістік желі деңгейлері.Компанияның бас кеңесі іс-әрекетін келешекте пайда берсе,штаб-пәтер оның бөлімшелерін дамыту,бизнестің жаңа бағыттарын ашу немесе келешегі жоқтарын жабу туралы шешім қабылдайды.Компанияның әрбір бөлімшесі іс-әрект бағыттары бойынша ресурстар бөлінген жоспарын әзірлейді.Бизнес-бірліктің стратегиялық жоспары оны ұзақ мерзімді рентабельділікке,ал өндірістік желінің жоспары мақсаттарына жетуге бағыттайды.

Көптеген компанияларда маркетингтік жоспар стратегиялық және тактикалық екі деңгейде әзірленеді.Стратегиялық жоспар компанияның даму келешегін анықтайды, тактикалық-ағымдық міндеттерді шешуге бейімделген.Стратегиялық жоспар тек бір ғана өнім желісіне немесе нарық секторына байланысты жасалып қоймайды,ол кәсіпорынның барлық іс-әрекетін қамтитын бірыңғай жоспардан тұрады.

Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауда қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік күрестегі басты фактор болып табылады.

Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетістіктері жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесінде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың мәні болашақта технологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге байланысты өсіп отырады.




II-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау

2.1.«Қант»ААҚ жалпы сипаттама


«Қант»ААҚ Жамбыл Облысының Тараз қаласының Шығыс өңірінде орналасқан. Қант өндірісі жалпы тамақ индустриясында ең алғы саласы болып табылады.«Қант»ААҚ шаруашылық объектісі ретінде қалыптасқан. Кәсіпорынның 1993 жылы 17 желтоқсанда тіркелінді. Куәлік N 10508. жарғы облыстық әділет басқармасымен бекіттілді. «Қант»ААҚ заңды тұлға және өндірістік қызметін Қазақстан Республикасының қызмет етуші заңы және жарғысы негізінде жұмысын жүргізуде. «Қант»ААҚ өз алдына балансы, банктік есел шоты және өзінің аты көрсетілген мөрі бар. «Қант»ААҚ-ның қызметінің мақсаты болып өндірістік қызметтен табыс алу. «Қант»ААҚ-ның негізгі өндірісіне - ком, патока, әк шығару өнімдері жатады. Қосымша өндірісіне - жылу, электро энергияларын, су қамтамасыз ету және су коймаларын, химиялық тазартылған су, қысылған ауа, қаптарды шығару және жөндеу, теміржолдық көлікке кызмет көрсету, жөндеу - механикалык шеберхананың қызметі, электроцехтың қызметі, КИПиА цехының қызметі, жөндеу - құрылыс учаскісі жатады.

«Қант»ААҚ өзінің тарихын Жамбыл қант комбинаты болып бастады. Оның құрылысы 1932 жылы каңтарда басталды,ал 1937 жылы ақпанда іске қосылды.Уақыт ағысымен кәсіпорынның аты да, басқаруы да өзгеріп отырды.

1932 жылдың қаңтарынан ССРО құрылыс жөніндегі халық комиссариатының қант зауыттарының құрылысы мен монтажы жөніндегі бүкіл одақтың трестінің Әулие-Ата қант зауытының құрылыс конторасы.

1935 жылдың қаңтарынан ҚазССР Оңтүстік Қазақстан Облысының Алматы қант қызылша трестінің Әулие - Ата зауыты.

1938 жылдың қаңтарынан ҚазССР Оңтүстік Қазақстан Облысының Жамбыл қант қызылша зауыты.

1939 жылдың қаңтарынан – «Жамбыл қант комбинаты».

1993 жылдың қазанынан «Қант»ААҚ. «Қант орталығы» ЖШС-тің мерзімі 5 жылға созылған сенімділік басқармасының қол астында. Бизнес - жоспары өнеркәсіптің өзінде жасалынады,кәсіпорынды шикізатпен фирманың президенті қамтамасыз етеді (шетелдік қант - сырец). Одан басқа күзде зауыт жеке тұлғалармен, шаруа қожалықтармен келісім шартқа тұрып олардың өткізген қант қызылшасын өңдейді. Қызылшаның өңдеген ақысына өңделген заттың 35 % кәсіпорында қалады.

«Қант»ААҚ шығарылатын өніміндерінің негізгі номенклатурасы: кұмшекер, кант рафинады және т.б. ассортименттер.

«Қант»ААҚ-ның келесі құрылымдық бірліктерден тұрады: қант қызылша зауыты, рафинад зауыты, ТЭЦ, механикалық цехі, шикізат бөлі-мі.Олардың бәрі кәсіпорын территориясында орналасқан және қызметтерін Қазақстан Республикасы заңына сәйкес атқарады.

АӨК қант өнеркәсібі республикада ең ірі Тараз шақпақ қант шығаратын комбинаты негізінде дамыған. Бұл комбинат жергілікті шикізаттарды пайдаланып, республиканың барлық шақпақ қаңтын өңдіреді. Қант өндірісінің қалдығын пайдалану негізі де осы АӨК республикада шығарылатын этил спиртінің 2/3 жуығы өндіріледі.

Қант өнеркәсібі көп көлемді шикізат өндеп аз көлемді ілеспелі өнім береді.Сондықтан қант кәсіпорындарын шикізат көздеріне және осы саланың қалдықтарын тұтынушыларға жақын орналастыру жөн.

Кез келген әлеуметтік - экономикалық жүйе біршама дербес бірақ өзара байланыс екі бөліктен тұрады:олар басқару және басқарылатын бөліктер.

Басқару - ұйымдасқан жүйеге нысаналы түрде ықпал жасау оның белгіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдау. Түрлері: заттарды басқару - технологиялық процестерді басқаруға саяды, адамдарды басқару - өндірісті (өндірістік ұжымдарды) басқаруға саянды. Органдар (ақпараттың болуы), кадрлар (басқарушылар, мамандар орындаушылар), басқару техникасы (ақпарат жинау, тарату, өңдеу құралдары) жүйесі басқарудың материалдық негізі болып табылады.

Кәсіпорынды басқару - басшының не басқару органдарының адамдарды бірлескен еңбек үшін келістіретін және біріктіретін нысаналы, реттеушілік ықпал жасауы. Ол басқару принциптерін және меншік иесінің өз мүлкін шаруашылыққа пайдалану құқықтарын ұштастыру негізінде кәсіпорынның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы алғанда кәсіпорынды басқару басқарушылық шешімдердің принциптерін, функцияларын, әдістерін, теориясын, ұйымдық құрылымды, техникалық құралдар мен технологияны автоматтандырылған басқару жүйелерін қамтиды.

Басқару әдістері - басқару қызметінің тәсілдері, олардың көмегімен еңбек ұжымының, жекелеген орындаушылардың жұмысы басқару объектісінің алдында тұрған мақсаттарға жетуге бағытталады. Олар экономикалық заңдар талаптарын тәжірибеде іске асыру кұралы болып табылады, оларды зерделеу және пайдалану әрбір басқарушылық шешімді тәжірибелік негіздеу, басқарудың нақты мақсатына қол жеткізу үшін қажет. Олардың көмегімен басқару қызметкерлеріне, олар арқылы және солардың қатысуымен өндіріске немесе қызметтің басқа да саласына ықпал етеді. Жекелеген жұмыстарды немесе ережелерді орындау тәсілдерін, басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін қамтитын басқару процесінің әдістерінен өзгеше түрде басқару әдістері басқару объектісіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығымен сипатталады. Басқару әдістері жүйесінде өзара байланысты және өзара тәуелді, жиынтығында баскару объектісінің алдында тұрған кешенді міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістердің мынадай топтары қабылданған: экономикалық әдістер, әкімшілік (ұйымдастыру - өкім беру) әдістер және әлеуметтік–психо-логиялық әдістер. Бұлардың әрқайсысында басқару объектісіне ықпал жасаудың белгілі бір сипаты бар және олардың жиынтығы кешенді жүйені құрайды.

«Қант»ААҚ-ның басқару құрылымы келесідей формада белгіленген:

Атқарушы директор – кәсіпорынының барлық өндірістік – шаруа-шылық қызметіне басшылық етеді. Директорға: техникалық директор, президент кеңесшісі, бас бухгалтер, заң бөлімінің басшысы, бас бухгалтер, заң бөлімінің басшысы, экономика бөлімінің басшысы, бас агроном, маркетинг және коммерция бөлімінің басшысы, кадрлар бөлімінің басшысы бағынады.

Техникалық директор - негізгі өндірісті және көмекші цехтардың жұмыстарын қадағалайды. Оған құмшекер және шақпақ қант зауыттарының бас инженерлері, ТЭЦ жэне ТВК, КИПиА басшылары, электорцехтар, теміржол цехы, жөндеу - құрылыс учаскісі және механизациялау цехы бағынады.

Бас бухгалтер - шаруашылық жұмысының қаржы және бухгалтерлік есеп мәселелерін жүргізетін директордың көмекшісі қызметін атқарады. Бас бухгалтер шикізаттың, материалдардың, дайын өнім және оның сатылуын бақылайды. Бас бухгалтерге еңбек ақыны есептеумен айналысатын есептік бөлім және орталық бухгалтерия бағынады.

Заң бөлімінің бастығы - заң бөлімін басқарады, кәсіпорынның заңды -құқықтық мәселелерімен, келісім шарттарды, бұйрықтар, еңбек және өндірістік тәртібін қадағалайды.

Экономика бөлімінің бастығы – «Қант»ААҚ-ның экономикалық жұмысын басқарады. Бұл бөлім өнімді өндеу бағасы бойынша көптеген қызмет түрлерінің статистикалық және өндірістік есепті құраумен айналысады.

Бас агроном - шикізат бөлімі және шикізат лабораториясын қадағалайды. Қант қызылшасын қабылдау және дайындау жөніндегі директордың орынбасары. Ол қызылша өндірушілермен келісім шартқа тұрады.

Маркетинг және коммерция бөлімінің бастығы - өткізу және жабдықтау бөлімдерінің жұмыстарын қадағалайды. Жабдықтау бөлімі қосымша материалдармен, техникамен, құралдармен қамтамасыз етуді қадағалайды. Өткізу бөлімі - дайын өнімді өткізуді ұйымдастырады.

Кадрлар бөлімінің басшысы - кадрлар бөлімінің жұмысын басқарады. Бұл бөлім жұмысшылардың жеке құрылымының есебін жүргізеді. Кадр бөліміне жұмысшылардың жұмыс уақытысының есебін жүргізетін өткізу бюросы бағынады.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты-жоғары сапалы өнімдерді ұсына отырып,отандық нарықты жаулап алу,рухани және материалдық мінез-құлқын қанағаттандыру мақсатында адамдарға қуаныш әкелу болып табылады.Біздің бизнесіміздің дамуына бағытталған негізгі көзқарастарды анықтадық.Яғни,кәсіпорын өндірушілері әлемдік стандартқа сай құмшекер және қант өнімдерін өндіруде,келесідей қызметтерді жоспарлауда:

-тұтынушылардың күтілімін арттыру;

-нарықта бірінші болу,нарық мүмкіндіктерін құру және жаулавп алу;

-тұтынушыларға өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік беру;

-қоршаған ортаға бизхнестің негативті ықпалын үнемі төмендеуін алдын алу;

-заңдардағы барлық бизнес элементтеріне,табиғатты қорғау қызметіне және еңбектің қауіпсіздік шарттарына сәйкес келуі;

жоғары класстағы мамандарды қызықтыру,масштабын кеңейту және сақталуын қамтамасыз ету;

-бизнестің жоғалуын алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Төмендегі кестеде «Қант»ААҚ-ның техника-экономикалық көрсеткіштері келтірілген.

1 Кесте.«Қант»ААҚ-ның техника-экономикалық көрсеткіштері.





Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2002

2003

2004

Ауытқу (+;-)

1.

Нақтылы бағада тауарлы өнім:

мың.тг

725640

672791

1212097

486457

2.

Салыстырмалы бағадағы тауарлы өнім

мың тг.

8790268

7207996

10260324

1470056

3.

ІПығарылған өнім көлемі,барлығы

тонна

140814,7

111565,8

144633,0

3818,3

а


Қант

қызылшасынан



тонна

6726,2

8062,9

7692,6

966,4

Шақпақ кұмшекер

тонна

4671

4602,4

7692,6

3021,6

Үгітілмелі шақпақ қанты

тонна

940,2

1400,5

-

-

«Шамбон» шақпақ

қанты


тонна

1115,0

2060,0

-

-

б

Шетел

шикізатынан



тонна

134088,5

103502,9

136940,4

2851,9

Шақпақ құмшекер

тонна

130198,5

100585,5

125646,1

4552,4

Үгітілмелі шақпақ қант

тонна

2566

1841,4

2748,7

182,7

«Шамбон» шақпақ

қанты


тонна

1324

904,8

3115,0

1791

1 кг-дық буылған шақпақ қант

тонна

-

-

5430,6

-

4

Еңбеккерлер саны

адам

1123

1123

1182

59

-жұмысшылар

адам

1002

1006

1064

62

5

Еңбек ақы қоры

мың тг.

160465,3

182488,6

243446,8

82981,5

- жұмысшылар

мың тг.

130715,2

149535,9

201026,8

70311,6

6

1еңбеккердің орта-ша айлық еңбек ақысы

теңге

11910

13540

17160,0

5250

- 1 жұмысшының

теш е

10870

12390

15740,0

4870

7

Еңбек өнімділігі
















- 1 еңбеккердің

мың тг.

646,16

599,1

1025,5

379,34

- 1 жұмысшының

мың тг.

724,2

668,8

1139,2

415

8

Негізгі қолардың жылдық құны

мың тг.

1138662

1141886

1191377

52715

9

Өндірістік қорлар

мың тг.

1117226

1120679

1180666

63440

10

Қор қайтарымы

тг/тг

0,64

0,59

1,02

0.38

11

Өзіндік құн ТӨ

мың тг.

762216

558965

1097361

335145

12

1 теңгеге шығын

теңге

1,05

0,83

0,90

-0,15

13

Өнімді өткізуден түскен табыс

теңге

824375,131

700449,0

1274649,341

450274,2

14

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

теңге

715167,13

598189,0

1122768,758

407601,6

15

Жалпы кіріс

теңге

109207,983

102260,0

151880,583

42672,6

16

Нақтылы бағадағы ТӨ түскен таза табыс (шығыс)

теңге

-36025,979

20116,0

2822,338

38348,32

17

Табыс (шығыс)

мың тг.

-36576

113826

114736

151312

Ақпарат көзі:Ішкі бухгалтерлік есеп деректері бойынша

Сонымен, «Қант»ААҚ-ның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдайтын болсақ, есепті жылмен өткен жылды салыстырғанда тауарлы өнім көлемі 486457 мың теңгеге артқан. Ал сатылған өнімнің өзіндік құны 2003 жылы 598189,0 болса 2004 жылы 1122768,758 мың теңге болды. Яғни,ол 87,69 %-ға артты. Яғни, бұл салыстырмалы бағамен тауарлы өнімнің артуына байланысты, сонымен ол есепті жылмен өткен жылды салыстырғанда 3052328 мың теңгеге өсті. Ал натуралды түрде шығарылған өнім көлемі 2002 жылы 140814,7 тонна, 2003 жылы 111565,8 тонна, 2004 жылы 144633,0 тонна өнім шығарылды. 2004 жылы кәсіпорынның кейбір қант ассортименттері (үгітілмелі шақпақ қанты,«Шамбон» шақпақ қанты) өндірістен мүлден шығарылып, өндіріске басқа қант түрі, яғни 1 кг-дық буылған шақпақ қантты шығарыла бастады. Оның 2004 жылы натуралды түрде шығарылған көлемі 5430,6 тонна.

Кәсіпорынның еңбеккерлер саны есеп беру жылы базистік жылға қарағанда 59 адамға көбейген. Соның ішінде жұмысшылар саны 58 адамға, яғни 5,3 %-ға көбейген.

«Қант»ААҚ-ның еңбек ақы қоры 2002 жылы 160465,3 мың енгеден 2004 жылы 243446,8 мың теңгеге дейін өскен. Соның ішінде жұмысшылардың еңбек ақы қоры 2004 жылы 2002 жылға қарағанда 5,8% -ға өскен. 1 еңбеккердің орташа айлық еңбек ақысы 2004 жылы 17160,0 теңге болса, 2003 жылы 13540 теңге болған, яғни, 3620 теңге өскен. Ал 1 жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы есеп беру жылы 2003 жылға қарағанда 3350 теңгеге, яғни 27%-ға өскен. 1 еңбеккердің еңбек өнімділігі 2003 жылы 599,1 мың теңге, 2004 жылы 1025,5 мың теңге болды. Ал 1 жұмысшының еңбек өнімділігі 2004 жылды 2003 жылмен салыстырғанда 470,4 мың теңгеге өсті.

Кәсіпорынның негізі өндірістік қорының орташа жылдық құны 2003 жылы 1141886 мың теңге болса,2004 жылы 1191377 мың теңге болды. «Қант»ААҚ-ның өндірістік қорлары есеп беру жылы базистік жылмен салыстырғанда 59987 мың теңгеге өскен.

«Қант»ААҚ-ның табысын есептеу маңызды мәселе болып табылады. Себебі, мұның әсерінен кәсіпорынның қаржылық жағдайын, яғни, табыстылықпен бе шығынмен бе жұмыс атқарғанын айқындаймыз. «Қант»ААҚ-ның 2003 жылы 113826 мың теңге табыс түсірсе,2004 жылы 114736 мың теңгеге табыс көрді.

2.2.«Қант»ААҚ маркетинг мүмкіндіктерді талдау


Өнім көлемі - жеке бір кәсіпорынның немесе саланың белгілі уақыт ішінде шығарған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері. «Қант»ААҚ-ның өнімдерінің көлемі келесі кестеде көрсетілген.

2 Кесте. «Қант»ААҚ-ның өнімдерінің көлемі



р/с

Көрсеткіштер



жылдар

Өсу қарқыны 2004 жылға қатынасы

2002

2003

2004

2002

2003

1

Нақты бағада тауарлы өнім көлемі,мың.тг.

725640

672791

1212097

167,04

180,16

Ақпарат көзі:Ішкі бухгалтерлік есеп деректері бойынша

1 График

Бұл кестеден көріп отырғанымыздай нақты бағадағы тауарлы өнім көлемі есеп беру жылын базистік жылмен салыстырғанда 486457 мың теңге

3 Кесте.«Қант»ААҚ-ның тауарлы өнім көлемі

р/с

Жылдар

ТӨ нақты бағада мың теңге


Өсу қарқыны

базистік

тізбектелген

1.

1999

200113

100

100

2.

2000

292051

145,94

145,94

3.

2001

384109

191,95

131,52

4.

2002

725640

362,62

188,92

5.

2003

672791

336,21

92,72

6.

2004

1212097

605,71

180,16

Ақпарат көзі:Ішкі бухгалтерлік есеп деректері бойынша

2 График

Орташа жылдық өсу қарқыны

1+1,4594-1,3152+1,8892+0,9272-1,8016=2,89%

«Қант»ААҚ-ның тауарлы өнім көлемін 1999-2004 жылдар аралығында өскен болса,2003 жылы 52849 теңгеге төмендеп,2004 жылы қайталап өскен.

Тпр=194,74-100=94,74%

4 Кесте.1999-2004 жылдар аралығындағы тауарлы өнім көлемінің динамикасы.



р/с

Көрсеткіштер



Жылдар

Абсолют

ауытқу


(+;-)

2002

2003

2004

1.

Өнім көлемі,мың тг.

725640

672791

1212097

+486457

2.

Кәсіпорындағы адам саны, адам

1123

1123

1182

+59

3.

Бір жұмысшының еңбек өнімділігі,мың теңге

646,16

599,1

1025,5

-379,34

4.

Өнім көлемінің өзгеруі барлығы:соның ішінде факторлардың өзгеруіне байланысты













-еңбек өнімділігі










448379,9

Ақпарат көзі:Ішкі бухгалтерлік есеп деректері бойынша

Бұл кестеден көріп отырғанымыздай өнім көлеміне факторлардың әсеріне талдау жүргізу барысында өнім көлемі өскен өнімділігінің, жұмыс-шылар санының ұлғайғаны әсер еткенін анықтадық.Себебі,жұмысшылар саны есеп беру жылын базистік жылмен салыстырғанда 59 адамға,ал өнім көлемі 486457 мың теңгеге өскен.

5 Кесте. «Қант»ААҚ-ның өнімдер көлемі




Көрсеткіштер


Өлшем бірлік


2002ж.

2003ж.

2004ж.

Абс.ауытқу

Өсу қарқыны



2003

2004

2003

2004

1

Салыстырмалы бағада тауарлы өнім

мың тг.

879026

720799

10260324

1470056

+3052328

116,72

142

2

Натуралды түрдегі шығарылған өнім

тонна

140814,7

111565

144633,0

3818,3

+33067,2

102,71

130

а

Қант қызылшасынан

тонна

6726,2

8062,9

7692,6

966,4

-370,3

114,36

95




Шақпақ құмшекер

тонна

4671

4602,4

7692,6

3021,6

+3090,2

164,68

167




Үгітілмелі шақпақ қанты

тонна

940,2

1400,5

-

-

-140

0,5


-

-




«Шамбон»шақпақ қанты

тонна

1115,0

2060,0

-

-

-2060

-

-

б

Шетел шикізатынан

тонна

134088,5

103502,9

136940,4

2851,9

-334

37,5


102,12

132




Шақпақ құмшекер

тонна

130198,5

100585,5

125646,1

-455 2,4

+25060,6

96,50

125




Үгітілмелі шақпақ қанты

тонна

2566

1841,4

2748,7

182,7

-907,3

107,12

149




«Шамбон»шақпақ қанты

тонна

1324

904,8

3115,0

1791

-221

0,2


235,27

344




1кг-дық буылған шақпақ қант

тонна

-

-

5430,6

5430,6

-543

0,6


-

-

3

Қызмет көрсету бойынша

мың тг.

725640

672791

1212097

-486457

+539

306


167

180

Ақпарат көзі:Ішкі бухгалтерлік есеп деректері бойынша

Кестеде келтірілгендей тауарлы өнім көлемі 2004 жылы 2003 жылға қараған-да 3052328 мың теңгеге,ал 2002 жылға қарағанда 1470056 мың теңгеге өскен.Натуралды түрдегі шығарылған өнім көлемі 2004 жылы 2003 және 2002 жылмен салыстырғанда 33067,2.Яғни 0,3%-ға және 3818,3 мың теңге,яғни 3% ұлғайған.Сонымен қатар қант қызылшасынан 7692,6 тонна қант өндірілген,яғни ол 2003 жылмен салыстырғанда 370,3 тонна немесе 5%-ға төмендеген.Ал 966,4 тонна немесе 14%-ға 2002 жылға қарағанда өскен.Қант қызылшасынан шығарылған қанттың үлесінің көбісінен шақпақ қант өндіріледі,соның есебінен 2004 жылы үгітілмелі және «Шамбон» шақпақ қанты мүлдем өндірістен шығарылды.Бірақ,2002 жылы 940,2 тонна 1115,0 тонна болса,2003 жылы 1400,5 тонна және 2060,0 тонна өндірілген.Шетел шикізатынан өндірілген қант көлемі 2004 жылы 136940,4 тонна өндірілген болса,2002 жылға қарағанда 2851,9 тонна,яғни 2%-ға және 2003 жылға қарағанда 33437,5 тонна,яғни 32%-ға ұлғайған.Шетел шикізатынан өндірілген өнім ассортименті 2004 жылы ұлғайды,іске 1 кг-дық буылған шақпақ қанты қосылды.Оның 2004 жылы шығарылған көлемі 5430,6 тонна.Көрсетілген қызмет көлемі 2004 жылы 2002 және 2003 жылмен салыстырғанда 486457 мың теңге,яғни 67% және 539306 мың теңге,яғни 80%-ға өскен.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесінде шығарылған ассортимент келесі,өнім өндіру мінездемесі,өнім бағалары үлкен әсерін тигізеді.

6 Кесте.«Қант»ААҚ-ның өні көлемінің ассортиментіне талдау



Көрсеткіштер



Тауарлы өнім салыстырмалы бағада

Үлес салмағы

2002

2003

2004

2002

2003

2004

а

Қант қызылшасынан

4390471

656069,6

553867,2

4,9

9,1







Шақпақ құмшекер

289602

294553,6

553867,2

3,3

4,1







«Шамбон»

65814

100836




0,7

1,4




б

Шетел шикізатынан

8351227

6651926

9694139,8

95,0

92,3







Шақпақ құмшекер

8072307




8795227

91,8

0







«Шамбон» шақпақ қанты

179620

143629,2

219896

2,0

1,9







Үгітілмелі шақпақ қант

99300

-255430

1,1

0










1 кг-дық буылған шақпақ қант

-

-

11999,2

0

0







Жай қант







42358,68













Барлығы

8790268

7207996

10260324

100

100




Ақпарат көзі:Ішкі бухгалтерлік есеп деректері бойынша

«Қант»ААҚ-ның өнім түрлеріне талдау жасар алдында өнім көлемінің кейбір ассортиментіне сұраныс ескерілуі тиіс.Сонымен қатар еңбек,техника-лық және т.б. ресурстарға қажетсінуі тиімді пайдалануы керек.

Өнім түрлерінің ассортимент бойынша өнім көлемін өндіруге баға беру:

1.Ең кіші пайыз әдісі бойынша 99,6%-ды құрады.

2.Орташа пайыз әдісі бойынша 7194494,4/7207996*100=99,8%-ды құрады.

3.Бұл жағдайда ассортиментің өзгеру есебінде өнім шығару көлемінің өсу резерві мынаған тең:(10260324*0,998)*10260324=-20520,648 мы4 те4ге


  1   2


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет