Мазмұны. Кіріспе i-тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны



бет3/4
Дата07.07.2016
өлшемі324 Kb.
#183487
1   2   3   4

4 кесте




мақсат




міндеттері









технология










Білімдік дамытушылық және тәрбиелік жағынан білім мазмұнын оқыту үшін оқулыққа қандай талаптар қойылуы керек?

Мұғалім бағдарламаны толық орындауға міндетті болуымен қатар,өздігінен сабақ мазмұнын құрастыруға, оқу құралы немесе оқулықты таңдауға, жоспарлауда айтарлықтай еркін құқы болуы тиіс.Дегенмен де, еркімен таңдау барысында педагогтың өзі оқытатын оқу пәні туралы дидактикалық түсінігі болуы керек.

Білім мазмұнын құрастыру,оқу пәнінде ғылымның көрініс беруі, оқулықтарға қойылатын талаптар, оқушылардың оқу танымына басшылық жасау, оқу үрдісін ұйымдастыру, мазмұнның тәрбиелік потенциялын жүзеге асыру-осының бәрі оқу пәнәнің типі мен оның жетекші мақсатына байланысты болады. Оқу пәндерінің типологиясын білу мұғалімге өз пәнінің басқа пәндерге қарағандағы ерекшелігі мен орнын айқындап, өз қызметін тиімді ұйымдастыруға көмек беруімен қатар, әріптестерінің тәжірибесін шығармашылықпен ұғуға, әдістемелік бірлестіктердің жемісті еңбек етуімен қатар, сабақты, озат тәжірибені құрылымдық жағынан талдауына да көмек береді.

Шығармашыл бағытта жұмыс істейтін мұғалім өз жұмысының соңғы нәтижесінде тек бағдарламалар мен оқулықтарды «сөйлетуші» ғана емес: барлық материалдың меңгерілуін қамтамасыз етіп,осы немесе басқа да мәселелерге байланысты жіберілген қателер, қиындықтар мен кемшіліктердің орынын толытушы болып табылады.

ОҚУ ПӘНІ

Оқу пәні-білім мазмұнын жүзеге асыратын басты құралдардың бірі.

Оқу пәнінің дидактикалық үлгісі-пән мазмұны мен оны игеру құралдары, оқушыларды дамыту және тәрбиелеу сияқты бөлшектеуге келмейтін тұтастықты білдіреді. Оқу пәнінің үлгісі екі бөлім-екі блоктан тұрады: негізгі, оқу пәні мазмұнының оқу бағдарламасына енуі себебі және құралдар блогы (немесе үрдістік) білімді меңгеріп, (жалпы,арнайы,еңбек) біліктілік пен оқушылардың дамуы мен тәрбиесін қалыптастырады.

Алдымен оқулықтың негізгі блогын қарастырайық.

Педагогикалық ғылым мен практика оқу жоспарына енген барлық пәндерді: жаратылыстану ғылыми және гуманитарлық деп екі циклға бөлу шарт. Бұндай бөлу ғылымдарды зерттеу объектілеріне қарай бөлуге сәйкес (табиғат туралы ғылым және адам туралы ғылым: математиканы жаратылыстану ғылыми пәндерімен байланыстыру шартты түрде болған) келеді. Мысалы әр мұғалімнің алгебра, физика сабағына дайындығы әр түрлі болатыны жақсы білседе, дегенмен де, мектеп пен әдістемелік бірлестік осы қағиданы жиі ұстанады. Аталған пәндердің арасындағы пән аралық байланыс оларды оқыту мен меңгерудің толық негізін құрамайды. Сонымен қатар мысалы, тарих пен қазақ тілі бір гуманитарлық циклге жатқанымен, оқыту тәсіледерінен, оқыту үрдісінен ұйымдастырудың ортақтығын табу қиын.

Оқу үрдісін ұйымдастырудың жалпылығы мен ерешелігін тереңірек түсіну үшін оқу пәндерін басқа негізде біріктіру керек. Оқу жоспарындағы пәндерді жетекші мақсаттарына қарай біріктірген ұтымды. Тек жетекші мақсат қана оқу үрдісі мен мазмұнын құрастырудағы неғұрлым жалпылықты анықтай алады.

Әрбір оқу пәні бірнеше мақсаттан тұрады. Мысалға, физика оқу пәнінің алдында: белгілі бір біліктілік пен ғылыми білім жүйесін оқыту, диалектикалық-материалистік көз-қарасты қалыптастыру. Ғылымға деген тұтас қарым-қатынасты тәрбиелеу және т.б. тұр. Дегенмен, оқу пәнінің түрлі мақсаттары арасында оқулықтың оқу жоспарына енген жетекші мақсаты бар. Бұл оқу пәнінің басты мақсаты-оның жетекші компонентін анықтайды.

Бағдарламалар мен оқулықтарды құрастырып, оқу үрдісін ұйымдастыру үшін оқу пәнінің қай типке жататындығын білу маңызды.

Бір оқу пәндерде жетекші рөлді (физика,тарих) білім атқарса, басұасында біліктілік пен қызмет тәсілі (еңбек) атқарады. Осыған байланысты дидактикада оқу пәндері мазмұнына қарай жетекші компоненттері бойынша топтастырылып, осының негізінде оқу пәнінің үш типі енген типология әзірленді.



Бірінші тип,ғылыми білімді жетекші компонентері бар оқу пәндері құрайды. Бұл типке:физика, химия, биология, астрономия, география,тарих және т.б. жатады.

Екінші типке, мазмұнында қызметтік тәсіл компоненттері бар оқу пәндері кіреді. Оқушылар тартылатын практикалық қызмет түрлері алуан түрлі: бұл еңбек, спорт-сауықтыру, сызу. Осы типке тілді дамытатын оқу пәндернің ерекше тобы да қатысты. Оның практикамен ұқсастығы ондағы моторлық сезімдердің (тіл мен есту мүшелерінің,сонымен бірге жазудағы қол сезімдері) атқаратын рөлі. Бұл ұлттық мектептегі орыс тілі мен ағылшын тілі және мемлекеттік тілде оқытатын мектептегі қазақ тілі.

Екінші типке жататын оқу пәндері оқушылардың практикалық мәдениетін,күш-қуаты мен тілдің ерекшеліктерін дамытып қалыптастырады.



Үшінші типке, оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыратын пәндер жатады. Бұлар музыка, бейнелеу өнері, әдебиет.

Келтірілген типологияның мағынасы-ол әр пәнінің мазмұнындағы басты нәрсені көруге көмектеседі.

Жетекші компоненттері бйынша жаратылыстану және кейбір гуманитарлық оқу пәндерін біріктіргенде (мысалға,химия мен тарих) бір типке түседі. Мазмұндарын құрастыру мен оқу үрдісін ұйымдастырғанда тарих пен ана тілі сабағының арасындағы байланысқа қарағанда, жаратылыстану мен гуманитарлық оқу пәндерінің біріктірілуі олардың арасындағы жалпы ұқсастықтың көп екенін көрсетеді. Математика, әдебиет, ана тілінің қай типке енетінін кейінірек талдаймыз.

Енді оқыту үрдісінің дидактикалық үлгісіндегі үрдістік блокқа келейік. Ол неден тұрады? Үрдісті блок:көмекші, «фондық» кешенді білімдер (ғылыми аралық-логикалық, методологиялық және т.б.; пән аралық;тарихи-ғылыми;бағалау); қызмет тәсілдері;оқу үрдісін ұйымдастыру нысандары (зертханалық жұмыстар,практикумдар).

«Қосымша білім» атауы шартты. Олар жетекші компоненттік қарым-қатынасына қарай солай аталған. Негізгі оқу пәнін игеруге көмек беруімен қатар, оқушыларды дамыту мен тәрбиелеу үшін құндылығы үлкен құралдардың бірі болып табылады.

Көмекші кешен білімдеріне қысқаша сипаттама береміз.

Логикалық білім-оқушылардың логикалық ойлауын дамыту және ғылыми біілімді толық меңгеру үшін қажетті (ұғымды анықтау,) логикалық білімдер жинағынан тұрады. Оның болмауы біілмді немқұрайлы меңгерудің басты себебі болып табылады. Методологиялық білім-ғылымдардың негізін саналы жүйелі меңгеру, оқушылардың ғылыми ойы мен ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін қажетті методологиялық (теория туралы, дәріптеушілік туралы білім) ғылымдардың білімдер жинағы. Философиялық білім-материя мен оның нысандарының болуы туралы, әлемді тану туралы,абсолюттік және біршама шынайы т.б. білімді меңгеру нәтижесі мен құралы болып табылатын оқушылардың диалектико-материалистік дүниетанымын қалыптастыруға тартылады.

Тарихи-ғылыми білімдер-ойлардың, теориялардың, ұғымдардың, түсініктердің эволюциясын, нақты ғылыми жаңалықтардың ашылу жолдарын, ғалымның адамгершілігі мен жауапкершілігі туралы түсінік береді. Танымның нәтижесін саналы ұғуға көмек бере отырып, олар басты дамытушы және тәрбиелеуші қызметті атқарады.

Пән аралық білімдер-аталған оқу құралының жетекші компонентеріне «қызмет көрсетуге» тартылған түрлі оқу пәндеріндегі білім. Таным объектісіне тұлғаның құнды қарым-қатынасы ретінде оқу үрдісінде жазылатын бағаланатын білімдер. Шебер дәлел туралы, ой ізденісінің эстетикасы туралы солай айтамыз. Бағалау білімдері оқуға енгізіліп, оқушылардың эмоцианалды-мотивациялық саласын тәрбиелеуге қызмет етеді. Білімді меңгеру құралы мен меңгерудің тұлғаға маңызды нәтижесі болып табылады.

Үрдістік блок қосымша білімнен басқа ғылыми және практикалық тәсіл қызметтері мен оқыту үрдісін ұйымдастырудың белгілі бір нысандарынан да тұрады.

Оқу пәнінің дидактикалық үлгісін келесі түрде ұсынуға болады.

НЕГІЗГІ БЛОК

ҮРДІСТІК БЛОК ҚҰРАЛДАРЫ

ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕР

1.ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕР

2.ҚЫЗМЕТ ТӘСІЛДЕРІ

3.КӨРКЕМДІК БІЛІМ МЕН ЭСТЕТТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

КӨРКЕМДІК БІЛІМДЕРДІҢ КЕШЕНІ

Пән аралық,ғылым аралық,бағалау, тарихи-ғылыми

ҚЫЗМЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

ОҚЫТУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ НЫСАНАДАРЫ

Оқу пәнінің жетекші компненттеріне байланысты үдістік блокты құрастырушы бір компонент ауыстырмалы болды.

Егер «қызмет тәсілдері» жетекші компанент болса, онда үрдісті блок қажетті ғылыми білім кешеніне енеді; егер «көркем білім мен эстетиткалық тәрбие»

жетекші компонент болса,онда үрдісті блокға ғылыми білімдердің кешені мен арнайы тәсілдері енеді.

Ғылыми жүйелік пәндер жүйелі болуы керек. Оның жетекші элементтері мектеп сатыларына байланысты түрлі: бастауышсатыда бұл түсінік және түсініктер жүйесі орта сатыда-түсініктер жүйесі мен заңдар;жоғары стаыда-теориялар негізі.

Екінші және үшінші типтегі оқу пәндері ғылыми білімдерге енеді,бірақ бірінші типтегі пәндерден ерекшелігі, жүйе түрінде емес тек кешен немесе жиынтық ретінде ұсынылады.

Ана-тілі, математика және әдебиетті оқу пәндерінің қай типіне жатқызуға болады? Оның бәрі бұл пәндердің алдына қойылған басты міндеттеріне байланысты. Егер басты міндет екеу болса, бұл оқу пәнінің екі жетекші компоненті бар: «ғылыми білімдер» және «қызмет тәсілдері» (ана тілі мен математика) немесе «ғылыми білімдер» және «эстетикалық тәрбие» (әдебиет). Екі қызметі оқу пәнінің оқыту үрдісін қатты қиындадаты, себебі түрлі мақстақа түрлі ұйымдастыру қажет. Мүмкін, жоғарыда аталған оқу пәндерін біржетекші компонентке бағыттау керек шығар. Онда «ана-тілі» оқу пәнінің жетекші компоненті « қызметтің пратикалық тәсілдері »болып шығады. Математика пәні жетекші компонеті жағынан әр текті: Геометрияны «ғылыми білімдер» жетекші компоненті бар оқу пәндеріне, алгебраны «қызметтің ғылыми тәсілдері» жетекші компоненті бар оқу пәндеріне бағыттаған жөн. Әдебиет ең алдымен «адамгершілік- эстетиткалық тәрбиеге » бағытталады. Әрине, алгебрада, әдебиетте ғылыми компонент маңызды. Жоғары сыныптардың әдебиет курсында ғылыми компоненттілігі зор болуы соншалықты, әдебиетті екі функциялы оқу пәні деп санауға негіз бар. Осыған байланысты оған не бағынады деген сауал туады?

Біз түрлі пәнедердің үлгілерін суреттедік. Шындығында оқу пәндері аралас сияқты, көрінгенімен, жетекші компонент жайлы ұмымпаған жөн. Оған байланысты оқу пәнінің мазмұнын қалыптастыру мен оқу үрдісін ұйымдастыру өзгеріп тұрады.

Бір жағдайда біз ғылыми білім жүйесін, басқа жағдайда- олардың кешенін немесе қарапайым жиынтығын құрастырды.

Оқу пәнінің ерекшелігі оқу үрдісінің барлық сатысында көрінеді. Әсіресе бастауыш сыныптан бастап барлық талаптар орындалуы қажет.

«Ғылыми білімдер» жетекші компоненті бар оқу пәндері жаңа мазмұнды баяндау (түрлі нысанда) көренкілік, демонстрация, көркем фильмдермен ұсынылады. «Қызметтің ғылыми тәсілдері» жетекші компоненті бар оқу пәндері жаңа мазмұнды көрсету немесе айту (олардың бірлігінде) жолдармен жеткізеді.

Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту және оқу үлгерімін жетілдіру мұғалім мен оқушылардың бірлескен еңбектеріне тәуелді. Ұстаздың біліктілігімен балалардың белсендіктері, саналы түрде оқу материалдарын түсіну және оқу іс-әрекеттеріне өздерінің үлестеріне тәуелді.


2.2.Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру әдістемесі

Оқыту- бірлескен қызмет, мұғалім оқыту, сабақ беру, оқуға қалыптастыру міндетін атқарады. Оқушы оқу, білім алу, сапалы түрде алған білімін практикада қолдана біліу арқылы оны толықтыру, дамытуға ұластыру және өз бетінше білім алу.

1.Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру дегенміз мұғалім мен оқушылардың бірлескен, ынтымақтасқан іс-әрекеттерде оқыту дістемесін ұтымды,оңтайлы, нәтижелі пайдалануға жету.

Оқыту әдістері көп функцияны орындайды, оның ең бастылары:

-білім беру;

-мотивациялық;

-дамытушы;

- тәрбиелеуші;

-ұйымдастырушылық;

Оқыту әдісі-ол мақсатқа жету жолы, бастауыш сыныптан бастап оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру, ол үшін мұғалім әдістерге таңдау жасайды. Білім беру көздері бойынша ертеден белгілері:



  • практика;

  • көрнектілік;

  • сөз, ол қазіргі мәдени дамуға процесіне сәйкес төртіншісі болып кітаптар, соңғы жылдары қуатты ақпарат көзі-бейнк жаңа компьютерлік жүйе қосылуы.

Білім көздері бойынша оқыту

5 кесте

Сөздік

Практикалық

Көрнектілік

Кітаппен жұмыс

Бейне әдіс

түсіндіру

баяндау


әңгімелесу

түсініктеме беру

нұсқау,

пікірлесу




Тәжірбиелер,

жаттығулар,оқу-

өндірістік,зертха

налық дидактикалық

ойындар,

көрсетулер,

байқаулар,тестілеу


иллюстрация,

көрсетулер

оқушылардың бақылаулары

моделдер,

стенділер

баннерлер

тренежерлер

плакаттар

портреттер


оқу, зерделеу

парақтау,

баяндау,жоспар

жасау,танысу,

қайталау,пысық-

тау



Көріп шығу, білім алу,электр

онды мұғалім,

бақылауымен жаттығу,бақылау

"Он лайн" тәсілінде білім алу



2.Оқыту әдістерін мақсатқа сай-дидактикалық мақсатпен-ерекшелігі реттік сабастастық-берізділік кезеңдермен өтетін процестер:

а) білім алу;

ә) іскерлік, икемділік және дағдыларды қалыптастыру;

б) білімдерін практикада қолдану;

в) шығармашылық қызмет;

г) сабақтың материалын бекіту;

д) білімдерін,іскерліктерін,икемділіктерін, дағдыларын бекіту;

3. Бастауыш сыныптың оқушыларының оқу үлгерімін жетілдірудің бір жолы оқыту әдістерін тиімділікпен пайдалануға тәуелді.

4. Оқушылардың оқу үлгерімдерін жетілдірудің бір жолы оқушылардың танымдық қызметін жүйелі, жоспарлы жүргізу, сапалы орындау, олар:

- түсіндіру-иллюстрациялық (ақпараттық-рецесивті) әдіс;

- репродуктивті әдіс (қайта шығару);

- проблемалы баяндау әдісі;

- жартылай-ізденушілік (эврикалық);

- зерттеушілік;

5. Білім беру,оқыту,сабақ берулердің мақсаты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру сатндарты, типтік бағдарлама, жұмысшы бағдарлама, күнтізбе-тақырыптық жоспар, оқу әдістемелік нұсқаулар, озат тәжірбие, тиімді әдістер, нәтижелі технология, ең үлгілі амал "он-лайн-сабақ" негіздеріне талаптарды мүлтіксіз орындаудың өзі оқушылардың оқу үлгерімдерін бір дәрежеге жеткізеді.

6.Бастауыш сыныптан оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының бірі мұғалім мен оқушылардың бірлескен, ынтымақтастығы оқу іс-әрекеті:

-оқу материалын-жаңа сабақты баяндау жолында тыңдау, жазу, жаттығу тапсырмаларын ынтамен орындау арқылы;

- үйге берілген тапсырмаларды зерделеп, жүйесі, сапалы орындау, қажеттілігіне қатысты қайталау,пысықтау,толықтыру;

- жаңа сабақта баяндау, түсіндіруге байланысты оны бекіту кезінде, түсініктеме беру кезінде зейін қоя тыңдау, практикалық жұмыстарды жасау;

- үйге тапсырма беруде оны орындау амалдарын, нақты тапсырмалардың үлгілерін баяндауға көңіл бөлу, үй тапсырмаларын жазып алу, үй тапсырмаларын сол берілген күні орындау, оның маңыздылығы бәрі есіңізде, ерекшелігі мүмкіндіктер бар, уақыт, сыныптастыққа ұстаз, ата-аналармен кеңесу, пікір алысу, қажет болса көмек сұрау,қайталап шығу, хрестоматиялар оқу;

- оқушылардың оқу үлгерімін жетілдірудің қазіргі кезеңдегі маңызды жолы өз бетінше оқу, өздігінен білім алу, өзін-өзі байқау, өзін-өзі салыстыру, өзін-өзі матрицалық тестілеуден өткізу, өзін-өзі практикалық жұмыстар жасау, компьютерлік жұмыстар жасау, ойын элементтері бар дидактикалық іс-әрекеттермен ұсыныстарға сәйкес жұмыстар жүргізу.

Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары.

7.Ұстаздың сабақты оқыту әдісіне,білім беру әдісіне байланысты,оқыту әдісін ұтымды таңдай білу,тиімділігіне қатысты білім беру әдісін пайдалану.

6кесте

Оқыту әдісі

Білім беру әдісі

1.ақпарттық-хабарлаушы

2.түсіндіруші

3.нұсқау-іс-тәжірбиелік

4.түсіндіру-ынталандырушы

5.ынталандырушы


1.орындаушы

2.репродуктивті

3.өнімді-практикалық

4.жартылай-ізденушілік

5.ізденушілік

8. Басты мақсат оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру, сондықтан сапалы білім беру амалдары, түрлендіріліп, жетілдіріп пайдалану арқылы шәкірттердің өз бетінше оқуларын жеткізу әдістер мен ынтымақтастықтың формаларын үйлестіру керек.



7 кесте

Монологты әдіс

Ынтымақтастық формасы

Диологтық әдіс

Әңгіме, көрсету

Жекелей,топтық,жаппай(фронталды)

ұжымдық


әңгімелесу,сұрақ-жауап,пікір алысу

9. Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру амалдарының ең бастысы оқушылардың өзін оқу процесіне белесен қатыстыру, оқу материалдарын баяндау қызу сұрақтар қою, тарихы,болашағы, қолданылуы, практикада орын алған сәттері, ұсыныстар, ойын айту оқу-танымдық жұмыстармен жалғасатын болса, онда оң нәтижелерді күтіңіз.

Оқу-танымдық қызметтерді ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері.

8 кесте

Сөздік,көрнекілік,

практикалық



Индуктивті,

дедуктивті амалдар



Қайта шығару,

проблемалы-ізденушілік



Өз бетінше жұмыс (ОӨЖ) оқушылардың

мұғалімнің басшылы

мен жұмыс(ОМӨЖ)

Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру ұстаздың еңбегінің нәтижесін көрсетеді,педагогикалық процестің кезеңдерінің:

- дайындау кезеңі (диагноздау,болжау,жобалау, жоспарлау);

- негізгі кезең (диагносттика, бақылау, өзіндік бақылау) сабақтың мақсаты,мазмұны, формасы,әдістері педагогикалық шарттар, ынталандыру).

- қорытынды кезең-нәтижелері жоспарлағандай өтуінде. Оқу үлгерімін жетілдіру оқыту мәні мен мазмұнына тәуелді олар;

- оқыту процесінің мәнін түсінуге;

- дидактикалық жүйеге;

- оқыту құрылымына;

- оқыту мазмұнына;

- оқыту мазмұнының элементтеріне;

- оқу стандарты,типтік бағдарлама, оқу жоспарлары, оқулықтар,оқу құралдары, электронды жабдықтарға және т.б.

Оқу үлгерімін жетілдіру білім беру мотивациясы,оқыту принциптерін,оқыту әдістерін орындау жүзеге арттыру сапаларына мән беру ықпалы мол.

10. Білім беру арқылы оқу үлгерімін жетілдірудің амалдарының бірі оқушылардың оқу танымдық қызметтерін ынталандыру және мотивациялау әдістерін.

Оқу танымдық қызметті ынталандыру және мотивациялау әдістері.

9 кесте

Оқушыларды білім алуға ынталандыру және

мотивациялық әдістері



Оқушының борышын және жауапкершілігін ынталандыру және мотивациялық әдістері

11. Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарның бірі оқу процесінің нәтижелеріне бағалау жасаудың және өзін-өзі бағалаудың әдістерін жетілдіру, әділеттілікті сақтау. Сонда оқушыларының еңбегін бағалайтындығын көреді, біледі, оқк еңбегіне, оқу ісіне, оқу әрекеттеріне кіріседі. Мақсаттың сәйкес:

- көп мақсаттылық-оқу-тәрбие, әдістемелік, ғылыми зерттеу, материалдық-техникалық баға, оқушылардың оқу үлгерімі, санитарлық-гигиеналық талаптар, техника қауіпсіздігінің сақталуы және т.б.

- жан-жақтылық-жаппай, тақырыптық мұғалім қызметін жеке бақылау, салыстыру сияқты және т.б.

- көп сатылы-түрлі деңгейдегі басқару орггандарына қатысты тексеру бақылау;

12. Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының бірі бақылау әдістерін жетілдіру түрлендіру.



Бақылау және өзіндік бақылау әдістері.

10 кесте

Ауызша бақылау және өзіндік бақылау әдістері

Жазбаша бақылау және өзіндік бақылау әдістері

Іс-тәжірбиелік бақылау және өзіндік бақылау әдістері

13. Бастауыш сыныпта да оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының бірі балалардың барлық еңбектерін:ойын іс-әрекеттері, еңбек іс-әрекеттері, оқу іс-әрекеттерін әділетті бағалау оқуға, оқу іс-әрекеттеріне деген ынта-ықыласты арттыра түседі. Ең бастысы пәнге деген қызығушылық төмендемеу үшін шәкіртерді алдамауы қажет, сонда оқу процесі дұрыс өтеді, Ықыласты еңбек орында оқуға-ол дұрыс нәтижелерге жеткізеді.

Практикалық қызметте мұғалім оқыту әдістерінің бәрін үйлесімді пайдаланады-олар бірін-бірі толықтырады,алмастырады,дамытады. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының бірі бақылау нәтижелеріне сай түрлі әдістерді пайдалану. Несиелік технологияда оқу процесінің басым бөлігі оқушылардың өзіндік жұмысына, практикалық жұмыстарға бөлінуге,бұл технологияның артықшылығы оқушылардың өздерін оқу пройесіне қатыстыру, нәтижесі-сапалы білім беру, нәтижесі шәкіртердің оқу үлгерімін арттыру.

14.Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдірудің жолдарының бірі оқыту әдістерін мақсатты түрлендіре пайдалану,айтып өткеніміздей олар бірін-бірі толықтырады,дамытады, 7 кестеде көрсетілгендей проблемалық топ үшін қарастырайық.



Проблемалық топ үшін әдіс.

11-кесте


Оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарын іздестіру жалғаса береді.,оқыту әдістерінің қарама-қайшылық теориясына анық негізілген, педагогтарға практиканы жетілдіруге көмектесер еді.

15. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдрының бірі-оқу материалдарын шәкірттердің саналы игеру, ол бір қатар шарттармен факторларға тәуелді:

- оқыту мотивациясына;

- оқушының танымдық белсенділігіне, сипатына және деңгейіне;

- оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға;

- танымдық қызметін басқаруға;

- мұғалімнің оқытудың әдістерімен құралдарын пайдалануға және т.б.

Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгермін жетілдіру әдістемесі:



  • Алдағы жұмыстың мақсатын және міндеттерін айқын түсіну:оларды оқушыларға көрсетіңіз, маңыздылығын түсіндіріңіз, қолданылуыны тоқтатылыңыз;

  • Оқу іс-әрекеттерін не үшін, қалай жасау, орындау қажеттілігін көрсетіңіз, оны саналы орындасын,игерсін;

  • Оқу,оуқ,оқу түрлерінде, жазу іс-әрекеттерінде танымдық қызметтің барлық түрін және формасын пайдаланыңыз талдауды біріктірумен, индукцияның,дедіукциямен байланыстырыңыз, бастауыш сыныпта мысалдармен толықтырыңыз, көрнекілікке көп көңіл бөліңіз:

  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлегрімін жетілдірудің бір жолы әрбір сөздің,сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіріңіз,жазылуын үйретіңіз, сауаттылығын арттырыңыз, дамытыңыз,оқушылардың өздерін қатыстырыңыз, олардың білімдеріне негіздеңіз, салыстырулар жасаңыз;

  • Оқушылардың өзара оқыту үшін пайдаланыңыз. Дұрыс жауапты ұжым бойынша іздестіруді дамытудың шартарын қамтамасыз етіңіз;

  • Белсенділігін дамыту үшін уақытты аямаңыз,әрбір жауабына назар аударып, ұтымдысын қолдаңыз, қуаттаймыз деп себебіне түсінік беріңіз, бүгінгі белсенді оқушы-қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі;

  • Оқушыларға белгісізді қисынды түрде белгілімен байланыстырып айтыңыз,қисынды байланыс жоқ жерде игерілу мен саналық арасында әлсіз буын түзіледі;

  • Оқыту,тәрбиелеу,дамыту процесінде ең басты сіз оқытатын пән емес, сіз қалптастыратын тұлға екендігін ұмытпаңыз. Оқушы оқу пәнінен «қосымша емес», оны игеретін белсенді субьект деп оқытыңыз және тәрбилеңіз. Есіңізде болсын тұлғаны пән емес,өзінің пәнін зерделеуге байланысты мүғалім өзінің қызметімен тұлғаны қалыптастырады;

  • Оқушыларды түрлі жағдайларға келтіріңіз, әсіресе бастауышта оқытуда әрбір әріптің әрбір сажету маңыздылығын көрсетіңіз оларды байқау, себептерін түсіндіру үшін білім, олардың ержелерін білу қажеттігін көреді, үйрену мәнді болуы;

  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру табысты болады, егерде әрбір ереже жеткілікті, оңтайлы мысалдар мен қосымша түсіндірілсе, әрине қолданылуы айтылатын болса;

  • Зерделенетін оқу материалындағы ең басты не, мәтіндегі ой неде,неге үйретеді,нені ескертеді, есте сақтауды талап етеді, соларды түсіндіруге керекті мысалдарды анықтаңыз;

  • Бастауышта оқушылардың үлгерімін жетілдіру үшін үй таптсырмаларын орындауы, сабақта тапсырмаларды орындау сапаларын назарда ұстап, дер кезінде түзетіп, себептерін түсіндіріп, дәлелдеңіз;

  • Бастауыш сыныптан бастап оқу-танымдық қызметте ең өнімді әдістерді үйретіңіз, игеруге көмектесіңіз, әрбір еңбегіне бақылау, бағалау жасаңыз;

  • Оқушылардың оқу үлгеріміне кедергі келтіретін факторларды ішкі (ойының шашырауы, сабақта басқа іспен айналысуы және т.б) бақылаңыз, болдырмаңыз, ол үщін оларды ұрыспай, жекімей, тапсырма беріңіз, үйренсін пысықталып, пайдалы- сауатты көшірсін, жаттықсын, сыртқы факторларды (сабаққа кешігу, тәртіпті бұзу және т.б.) Қолайсыз әсерлерді туындататын себептерді болдырмаңыз;

  • Оқу материалдарын баяндауда, түсіндіруде «неге?», « не себептен» сұрақтарын жиі қойыңыз, ойлансын, себептерін білсін, «себепті-салдарын, байланыстарын» болатындығын ескерсін- сонда дамушы оқыту шарттарын біледі,ойлайды;

  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімдерін жетілдіру жолдарының бірі стандарт, типтік бағдарлама, күнтізбе –тақырыптық жоспар, озық тәжірбиелер,оқу-әдістемелік нұсқаулар,зерттеу материалдары, жаңа нәтижелі педогогикалық технологиялар негізінде оқыту;

  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары-өзіңіздің шәкірттеріңіздің жеке қызығушылықтарын тұрақты зерттеңіз, оларды тиімділігі мен пайдалылығына қарай дамытыңыз, бағыттаңыз;

  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімдерін жетілдіру жолдары-ол практикалық ситуацияны кеңінен пайдалану, әрбір пәннің материалын практикамен байланыстыру, бақылау факторларына мән беру;

  • Зерделенген білім сенім күшіне ие болып, іс-әрекетіне басшылық жасауына пайдалнуға баулыңыз;

  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарның бірі-шәкіртеріңіз өз бетінше ойлауға және әрекеттер жасауға үйретіңіз;

  • Проблемалық жан-жақты талдап, танымдық міндеттерді бірнеше қисынды жолдармен нұсқаларды бірнеше қисынды жолдармен нұсқалардыа шешуі ойластырыңыз, шығармашылықпен ойлау амалын қарастыру, оның себеп салдарын елестету, шығармашылық тапсырмаларын іс-тәжірибеде көріңіз.

  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдірудің жолдарының бірі;

  • Ынталандырудың маңызды шарты және белсенділігін тұрақтандыру, арттыру-ол сұрақтарды қою шеберлігі және жауаптарын мұқият тыңдай білу. Қандай сұрақ болса,жауапта сондай,мұғалім оқушыны қалай тыңдаса-оқушыларда сондай дәрежеде тыңдайды. Жақеп әңгімелесуші болудың бірғана тәсілі бар. Ол-тыңдай білу.

  • Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолы-дидактикалық ұстанымдарды, педагогикалық процесс құраушыларын кезекпен емес,сызықты ретте емес,қажеттілігіне қарай, бір нәтижелі болуына сай паралель,кешенді. Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін жетілдірудің жолдарын атап өттік, сонымен бірге балаларды психологиялық тұрғыдан қарастырып, тану, жас ерекшелігін, қызығушылығын ескеру, олардың дамуда болатындығын біліп тұрақты зерделеп, бақылап, даму динамикасын түсініп еңбек етуді еске салады. Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін жетілдіру жолы мұғалімнің өзінің үздіксіз білімін толықтыруын,жаңа педагогикалық инновацияларды зерделеп дамыту қажет екендігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет