Мазмұны Кіріспе І тарау. Геронтология ғылымы туралы түсінік. Қартаң адамдардың проблемалары. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде. ІІ тарау. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы


Еңбектен кейінгі кезеңдегі бейімделудің факторы ретіндегі егде адамдардың тұлғалық (жекелей) ерекшеліктері



бет9/22
Дата06.03.2024
өлшемі451.5 Kb.
#494571
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Дип Геронтология ғылымы туралы түсінік

Еңбектен кейінгі кезеңдегі бейімделудің факторы ретіндегі егде адамдардың тұлғалық (жекелей) ерекшеліктері
Егде жастағы бейімделудің ерекшеліктері
Бейімделу дәрежесін зерттеу үшін К.Роджерс және Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделуді диагностикалау әдістемесі қолданылды.
Бейімделудің интегралдық көрсеткішін талдау негізінде сынақтан өтушілердің 3 эксперименталды топтары белгіленді:

  1. Бейімделуі жоғары деңгейдегі зейнеткерлер – А тобы.

Бейімделу көрсеткішінің шамасы 66-дан 72 баллға дейін (М=67).

  1. Бейімделуі орта деңгейдегі зейнеткерлер – В тобы.

Бейімделу көрсеткішінің шамасы 49-дан 65 баллға дейін (М=56,6).

  1. Бейімделуі төмен деңгейдегі зейнеткерлер – С тобы.

Бейімделу көрсеткішінің шамасы 38-ден 48 баллға дейін (М=541,3).
Эксперименталдық топтар арасындағы бейімделу деңгейіндегі айырмашылықтардың шамасы стьюденттің t-критерийі арқылы тексеріледі. P≤0,01 кезінде А және В, В және С, А және С топтары арасындағы айырмашылықтар статистик елеулі болып келеді. Сонымен, егде адамдар еңбектен кейінгі кезеңдегі бейімделудің әртүрлі дәрежесімен сипатталады деген тұжырым жасау мүмкін.
Егде адамдардың көпшілігіне бейімделудің орта дәрежесі тән (65%). Бейімделуі жоғары дәрежедегі зейнеткерлер 19%, ал бейімделуі төмен деңгейдегі зейнеткерлердің тобы 16%-ды құрайды.
Еңбектен кейінгі кезеңде бейімделуі әр түрлі дәрежедегі егде адамдардың тұлғалық (жекелей) ерекшеліктері.
Сынақтан өтуші эксперименталдық топтардық өзіндік сана – сезімінің ерекшеліктері.
А тобы (бейімделудің жоғары деңгейі.
«Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелер берілген топтағы сынақтан өтушілердің көпшілігі өзіндік қабылдаудың жоғары және орта деңгейіне ие екендігін көрсетті (33%). А тобының сынақтан өтушілерінде «Өзіндік қабылдау» шкаласы бойынша төмен көрсеткіштер анықталған жоқ.
Сонымен бейімделуді жоғары деңгейдегі егде адамдар өздерінің қиын жағдайларды жеңу қабілеті мен өздерінің сыртқы көрінісін жоғары бағалайды және өздерін қызықты тұлға ретінде санайды.
Жыныстық айырмашылықтарды зерттеу кезінде мынадай жәйттер анықталды: бейімделуі жоғары деңгейдегі әйелдер еңбектен кейінгі кезеңде өздеріндегі өзіндік қабылдаудың жоғары және орта деңгейдегі бірдей дәрежеде анықтаған (50% және 50%).
Адамның өзін - өзі көру туралы түсінігін қанық зерттеу үшін «Тұлғалық дифференция» әдістемесі қолданылды. ТД арқылы алынған мәліметтерді интерпретациялау 3 фактор бойынша жүргізілді:
- Бағалау (Б1)
- Күш (К)
- Белсенділік (Б2) .
Стандарттық нормаға сәйкес әрбір фактор бойынша 5 деңгей шығады:
- Өте төмен (7-13 балл)
- Төмен (14-20 балл)
- Орта (21-34 балл)
- Жоғары (35-41 балл)
- Өте жоғары (42-49 балл).
Барлық факторлар бойынша бірде – бір топта өте төмен шамалар анықталған жоқ, сондықтан нәтижелерді интерпретациялау кезінде бұл категория зерттелмеді.
Нәтижелер бағалау факторы бойынша өзін құрметтеу деңгейі туралы, күш факторы бойынша тұлғаның жігерлік жақтарының дамуы және белсенділік факторы бойынша тұлғаның экстравертирлендігі туралы куәлік береді.
А тобындағы нәтижелерді талдау кезінде (бейімделудің жоғары деңгейінде) бірде – бір фактор бойынша (бағалау, күш, белсенділік) төмен шамалар анықталған жоқ және де олар «Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған мәліметтермен корригацияланады.
Факторлар бойынша нәтижелерді талдау келесі ерекшеліктерді анықтады: берілген топтағы сынақтан өтушілердің көпшілігінде күш факторы бойынша өзін бағалаудың тиімді деңгейі табылған (58% - орта шамалар , 17% - жоғары) . Сонымен бірге өте жоғары шамалар да кездеседі (25%).
Бұл жағдай еңбектен кейінгі кезеңде бейімделудің жоғары деңгейіне ие егде адамдар өздеріне сенімді және тәуелсіз екенін, қиын кезеңдерде өз күштеріне жүгінетіндерін көрсетеді.
А тобында бағалау факторы бойынша сынақтан өтушілердің үлкен бөлігінің шамалары тиімді деңгейге жатқызылады (жоғары шамалар – 50%, орта - 25%). Сонымен бірге өте жоғары шамалар да кездеседі (25 %), яғни сынақтан өтушілер өздерін тұлға ретінде қабылдайды, әлеуметтік – қалаулы және оң сипаттамалары тасымалдаушы ретінде түсінеді.
Белсенділік факторы бойынша орта (42%) және жоғары (35%) шамалардың көп саны бар. Өте жоғары шамалар сынақтан өтушілердің 28% да кездеседі. Алынған нәтижелер бейімделу деңгейі жоғары егде адамдардың жоғары белсенділігін және ашықтығын көрсетеді. Фишердің Q – критериі арқылы статистикалық өңдеуді жүргізу кезінде (шамалар деңгейі 0,05) күш және бағалау факторлары бойынша елеулі айырмашылықтар анықталды. Эксперименталдық А тобындағы сынақтан өтушілерде күш факторы бойынша орта шамалар, ал бағалау факторы бойынша жоғары шамалар көбірек. Осыған негіздеме жасай отырып, бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдар өздерінің әлеуметтік – қалаулы сипаттамаларын, өздерін тұлға ретінде өздерінің жігерлік қасиеттеріне қарағанда биік бағалайды деген тұжырым жасау мүмкін. Демек, бейімделуі жоғары деңгейдегі адамдар еңбектен кейінгі кезеңде өздерінің әрекеттерінің нәтижесі деп және оларды басқара аламыз деп есептейді. Сонымен, олар сол оқиғалар үшін және жалпы өмірдің барысы үшін жауапкершілік-айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан елеулі емес.

Өзіндік бағалудың әртүрлі деңгейлердегі В тобының сынақтан өтушілерінің көрсеткіштері (факторлар бойынша, %)



Деңгейі
Факторлар

Төмен

Орта

Жоғары

Өте жоғары

Күш

5

75

17

2,5

Бағалау

2,5

62,5

10

25

Белсенділік

7,5

60

22,5

10

Факторлар бойынша нәтижелерді талдау күш факторы бойынша В тобындағы сынақтан өтушілерде өзіндік бағалаудың тиімді деңгейі бар екендігін көрсетті (75%- орта, 17%-жоғары). Сонымен бірге, шамалардың төмен (5%) және өте жоғары деңгейлері де (2,5%) кездесіп тұрады.


Бағалу факторы бойынша өзіндік бағалаудың адекваттық деңгейі басым (62,5%-шамалардың орта деңгейі, 10% - шамалардың жоғары деңгейі). Сынақтан өтушілердегі төменгі көрсеткіш 2,5%-ды құрайды. Өте жоғары көрсеткіштер 25%-ға сәйкес келеді.
Белсенділік факторы бойынша тиімді шамалардың мөлшері мынадай: орта - 60%, жоғары – 22,5%, төменгі – 7,5%, ал өте жоғары шамалар - 10%.
Q – критерийі арқылы (P≤0,01) статистикалық өңдеу кезінде шамалардың «өте жоғары» деңгейде күш және бағалау факторлары бойынша елеулі айырмашылықтар анықталды.
В тобындағы сынақтан өтушілер өздерінің әлеуметтік қасиеттерін асыра жоғары бағалау тенденциясына ие.
С тобы (бейімделуі төмен деңгейлері)
«Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелер берілген топтағы сынақтан өтушілердің көпшілігінде өзіндік қабылдаудың төмен деңгейі (70%) бар екендігін көрсетеді. Сынақтан өтушілердің бір бөлігінде өзіндік қабылдаудың орта деңгейі (30%) болады да, ал сол шкаласы бойынша жоғары шамалар анықталмаған.
Сонымен, бейімделуі төмен деңгейлердегі егде адамдар өздерінің сыртқы көрінісін күрт түрде бағалайды және өздерін ешбір салада ашыла алмаған деп есептейді.
Өзіндің қабылдаудың әртүрлі деңгейлеріндегі С тобының сынақтан өтушілерінің көрсеткіштері (факторлар бойынша, %)

Деңгейі
Факторлар

Төмен

Орта

Жоғары

Өте жоғары

Күш

60

40

0

0

Бағалау

10

80

10

0

Белсенділік

20

80

0

0

С тобының нәтижелерін талдау кезінде бірде-бір фактор бойынша өте жоғары шамалар анықталған жоқ және бұл жағдай «Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған мәліметтерге коррекцияланады. Жоғары шамалар тек бағалау факторы бойынша (10%) кездеседі.


Күш факторы бойынша сынақтан өтушілердің көпшілігінде төмен шамалар (60%) болып, орта шамалар да (40%) кездесіп тұрады. Бағалау жеке белсенділік факторлары бойынша орта шамалардың саны барынша (80%) көбірек. Бағалау факторы бойынша төмен шамалар сынақтан өтушілердің 10% да, белсенділік факторы бойынша 20 % да кездеседі.
Сонымен, С тобындағы сынақтан өтушілерде өзіндік бағалаудың орта төмен шамалары басымырақ. Әсіресе бұл топтағы сынақтан өтушілер өздерінің жігерлік қасиеттерін төмен бағалайды.
Сонымен, төмендегідей тұжырым жасау мүмкін: еңбектен кейінгі кезеңде бейімделуі төмен деңгейдегі егде адамдарға өзіндік бағалаудың төменгі және орта деңгейлері тән. Олар жиі өздерін сынайды, мінез – құлықтарына және жетістіктерінің деңгейіне қанағаттанбайды. Бұл топтағы ерлер өздеріндегі сенімді және қиындықтарды жеңу қабілеттерін төмен бағалайды, ал әйелдер өздерін жалпы тұлға ретінде төмен бағалап жүреді.
Бұл топтың адамдары өз өміріндегі оқиғалардың көпшілігін кездейсоқтық немесе басқа адамдардың әрекеттерінің нәтижесі деп біледі.
Сынақтан өтушілердің топтары бойынша өзіндік сана – сезімінің көрсеткіштерін салыстырмалы түрде талдау елеулі ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді:
1. А тобындағы сынақтан өтушілер (бейімделуі жоғары деңгейдегі) В тобындағылар (5 %) және С тобындағылармен (0%) салыстырғанда өзіндік қабылдаудың жоғары деңгейімен (67%) сипатталады.
В тобына (5%) және А тобына (0%) қарағанда С тобында төмен шамалардың саны көп (70%).
2. Күш факторы бойынша ) Тұлғалық дифференциялдың өте жоғары (25%) және жоғарғы (17%) шамалары А тобындағы сынақтан өтушілерде жиірек кездеседі, ал С тобындағыларда 0 % тең.
С тобындағы оларда А тобындағыларға қарағанда (0%) төмен шамалар көп (60%).
Бағалау сипаты бойынша С тобындағыларға қарағанда (10%) А тобында жоғары шамалар (50%) жиі болады.
А тобымен салыстырғанда (6%) С тобында бағалау факторы бойынша төмен шамалар жиірек (10%) кездеседі, ал орта шамалар да А тобымен салыстырғанда (25 %, Q*=2,72; Р≤0,01) жиі (80%) болады.
Белсенділік факторы бойынша А тобында өте жоғары (25%) және жоғары (33%) шамалар көбірек, ал С тобында жоқ (%).
А тобына қарағанда (6%) С тобында төмен шамалар басым (20%). С тобының сынақтан өтушілері интерналдықтық жоғары деңгейімен (50%) сынақталады.
С тобындағыларда интерналдықтың төмен деңгейі жиі кездеседі (60%), ал А тобындағыларда 0% ды және В тобындағыларда 7,5% ды құрайды (Q*=3,44; Р≤0,01).
Сонымен, А тобындағылар жалпы алғанда тұлғаның орнығу үшін әлдеқайда тиімді өзіндік бағалауға ие және өмірге деген сенімдірек, саналырақ қатынаспен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет