Мазмұны Кіріспе І тарау. Геронтология ғылымы туралы түсінік. Қартаң адамдардың проблемалары. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде. ІІ тарау. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы


В тобы (бейімделуі орта деңгейлері)



бет11/22
Дата06.03.2024
өлшемі451.5 Kb.
#494571
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Дип Геронтология ғылымы туралы түсінік

В тобы (бейімделуі орта деңгейлері)
1. Болшақ туралы айтқан кездегі сынақтан өтушілердің жауаптарында жиі тұрмыстық проблемалар - 20% («Мен үйді жөндеуден өткізбекшімін»), алдыңғы өмір деңгейін сақтап қалуға үміт - 19% («Мен бұдан кейін де осылай өмір сүрсем қуанамын»), денсаулық туралы ойлар - 14% («Мен денсаулығымның жақсы болуын қалаймын, бұл өмірдегі ең басты жағдай»), туыстар туралы ойлар - 10% кездеседі. Егде адамдардың 9%-ы болашаққа үмітпен қарайды («Мен кейінгі өмірдің қазіргіден жақсы болуын күтемін»).
2. В тобындағылар өздерінің өткен өмірін бағалай отырып келесі мәліметтерді келтіреді: өздерінің мақсатттарын жартылай іске асырғандар - 38%, өздерінің ұмтылыстары мен мақсаттарының қателегін мойындағандар - 35%, ойларын іске асырғандар - 15%.
3. Зейнеткерлікке шығу туралы сөздерді талдау, бұл жағдайға сынақтан өтушілердің 65%-ы жайбырақат қарағандығын, 25%-ы қайғырғандығын және 10%-ы қуанғандығын көрсетті.
Сұхбат арқылы алынған мәліметтер В тобындағылар әртүрлі қызығушылықтардың тән екендігін анықтады (оқу, радио, теледидар, кино, балық аулау, достарымен кездесу, үй жануарлары және тағы басқа). Бұл жағдай зейнеткерлікке шығуға деген жайбырақат қатынас үшін маңызды болып табылады.

  1. Туысқандармен қатынастарға байланысты пікірлерінде сынақтан өткізушілердің 57%-ы жақын адамдарына қамқорлық көрсеткісі келеді, ал 25%-ы жақындарынан қолдауды күтеді. Кейбір жауаптарда жалғыз қалу қорқынышы көрініп тұрады - 25%-ы («Егер менің туыстарым менімен бірге тұрса және мені ұмытпаса мен өте қуанышты болар едім»).

«Басқаларды қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелерді талдау кезінде В тобындағылардың 78%-ы басқаларды қабылдаудың орта деңгейіне ие екендігін анықтанды. Сынақтан өтушілердің 10%-ы басқаларды қабылдаудың жоғарғы деңгейі, ал 12%-ы төмен деңгейі белгіленеді. Демек, бейімделуі орта деңгейдегі адамдар үшін басқаларды қабылдауға деген ұмтылыс сипатты.
Сұхбат барысында егде адамдардың 73%-ы қазіргі уақытта кем араласатынына өкініш білдерген, бірақ жалпы араласуға қанағаттанады. Олардың 15%-ы басқа адамдармен ара қатынастарына көңілдері толады, ал 12%-ы сол қатынас жетіспейді деп есептейді.
5. Кәрілікке деген көзқарас орын алған пікірлерде В тобындағылардың 27,5%-ы кәрілікті жақындары туралы қамқорлық, 17,5%-ы сырқаттар деп санайды. Сынақтан өтушілердің 20%-ның жауаптарында өлімнен қорқыныш бар, ал 25%-ы кәрілікті жұмыстан демалу деп есептейді.
Бейімделуі орта деңгейдегі егде адамдар өз өмірлерінің жақсы кезеңі ретінде балалық шақты (30%), оқу жылдары (30%), жастық шақты (27,5%) және қазіргі уақытты (12,5%) атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет