Мазмұны Кіріспе І тарау. Геронтология ғылымы туралы түсінік. Қартаң адамдардың проблемалары. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде. ІІ тарау. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы



бет1/6
Дата13.06.2016
өлшемі472 Kb.
#134084
  1   2   3   4   5   6
Мазмұны

Кіріспе


І тарау.

1. Геронтология ғылымы туралы түсінік.

2. Қартаң адамдардың проблемалары.

3. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде.

ІІ тарау.

1. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.

2. Егде адамдар бос уақытының психологиялық-педагогикалық типологиясы және шетелдегі бос уақытты өткізудегі тәжірибесі.

3. Егде жастағы психофизиологиясының өзгеруі.

ІІІ тарау.

1. Эксперименталдық топтағы сынақтан өтуші тұлғалардың себептік-қажеттік сферасының өзгешеліктері

2. Экспериментелдық топтардағы сынақтан өтушілердің эмоционалдық шеңберінің ерекшеліктері.

3. Егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі


Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпанда халыққа жолдаған жолдауындағы 3.6 бөлімінде былай деп айтқан болатын: «Биылғы жылдан бастап біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптасырудағы бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру ақыр аяғында бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады».

Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген.

Қарттарды әлеуметтік қорғау шараларының бірі жасқа қарттық келіп немесе жоғалған қарекетін өзіне-өзі қызмет ету жалпы қызметтің әртүріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін тұратын, сондай-ақ қарттардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін әрі олардың құқықтары мен қабілет, мүмкіндіктерін іске асыруын қамтамасыз етуін оңалту болып табылады.

Соңғы он жылдықта адам өмірінің ұзақтығының артуына байланысты бұл проблемаға назар көбірек аударылды.

Егде кезде белсенді өмір сүруді сақтау қажеттілігі қазіргі замандағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселесі. Берілген контексте (еңбек қызметінің жоқтауы дағдыны қатынас шеңберінің жарылуы және тағы басқа). Жаңа сыртқы шарттарға бейімделу, ойдың мүмкіншіліктерінің төмендеуі жоғары бағаланушылық холнинг – механизмдер (механизмдер жағдайымен) және тағы басқа сияқты сұрақтар қарастырылады. (М.Д.Александрова, Л.И.Анциферова, Л.В.Кирасимов, С.Г.Максимов, М.Н.Сачук, Н.П.Петрова және тағы басқа).

Көптеген зерттеулер адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды. Б.Г.Аканеьев жетекшілігінде ғалымдар егде адамдардың психоэволюциясына зерттеу жүргізген. Осы зерттеу нәтижелері даму динамикасын бақылауға мүмкіндік берді, яғни жеке жалпы физиологиялық, психмоторлық және психологиялық функцияларынң жоғарлауы, бір қалыпты болуы және төмендеуін көруге мүмкіндік алды.

Жоғарды аталған топтың бір белгісі – денсаулық жас өткен сайын адамның денсаулығы төмендейтіндігі белгілі. Әсіресе, қалаларда өмір сүруші егде адамдардың организмінң әсер етеді. Осы жаста оның алдыңғы өмірінің өмір салтының нәтижесі көрінеді. Балалық шақтан бастап, матеиалдық жағдайы сияқты жағдайлар оның денсаулығыынң нәтижесін береді. Егде адамдардың денсаулығы туралы айтқанда, олардың ауруы және мүгедектігі ғана емес, толыққанда, гармониялық және адамгершілік тұрғысынан да қараау керек. Егде адамдардың денсаулығы еңбек және қоғмадық қызметке қабілеттілігінен ғана емес, сондай-ақ еңбек ету қаюілетін және қоғмадық белснеділігін сақтауынан да көрінеді. В.П.Казначеев және М.Г.Субботин атап өткендей, адам организмі қартайғанда тек қана жайлылықты ғана емес, сондай-ақ белгілі бір жайсыздықты, барлық функцияларынң қысымға ұшырауы мен жаттықтыруын да сезінуі керек.

Зейнеткерлікке шығуына байланысты егде адамдар көбіне жұмысынан айырылады, ал жұмыс оның өмірінің мәні болуы мүмкін. Содан егде адам қарт шағында психикалық тұрғыдан қарусызданады. Оның өмір салтының бірден өзгеруі психикалық денсаулығының өзгеруіне, өмір салтының ауысуына әкеледі. Мұның өзі оған үлкен сілкініс тудыруы мүмкін.

Жас ерешелігі құрамының оның басқа сапасы жақтарынан сипатталдуы үшін осы кезеңде мір сүріп жатқан түрлі ұрпақтар жиынтығы қарастыру кеерк. Осы ұрпақтардың әрқайсысы белгігі бір әлеуметтік санаға ие. Олар былай құралады: біріншіден: өткен өмір қорытындысы, сол ұрпақтың жеке өмір тәжірибесінің сомасы; екіншіден, осы ұрпақ қоғам өмірінде қанадй нақты тарихи оқиғаларды бастан кешіргеніне байланысты.

Қарттықтың басталуы денсаулық пен тән күшінің нашарлауы, әлеуметтік-кәсіби рөлдер құрылымы сананың азаюы және өзгеруі, отбасының өмірден айырысуымен сипатталады. Адамның есеюі де, қартаюы да біркелкі жүрмейді. Бұл оның сана-сезімінеде әртүрлі қалыптасады. Өкінішке орай, отандық геронтологияда психо-физиологиялық процестер және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі жақсы зерттелінеді де, ал олардың өзіндік санасы мен ішкі дүниесі аз зерттелген.

Кең тараған түсінік бойынша, - деп атап өтеді И.С.Кон, - геде адамдар өздерінің әлеуметтік және жеке иденттілігіне назар аудара бермейді. Әрине, өмірге деген көзқарас жас өскен сайын өһзгеріп отырады. Геде жастағы адамдар өз жеке пікірлерін, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерін жастарға қарағнада шешілуі қиын деп ойлайды. Тағдырға пассив түрде бағынады. Сондай-ақ мұны ақылдылықтың пайба болуы, гармонияға талпыныс, табиғат пен адамның гармониялық бірлігі деп есептеуге болады. Сонымен қатар, шарашау күштің сарқылуы, субъективті уақыт перспективасының қысқаруы да көрініс табады. Көп жағдайда егде адамдар өздерін орта жастағы адамдардан төмен санамайды. Өзін төмен санау жолы болмайтындар мен ыңғайсыз әлеуметтік жағдайға тап болғнадарға тән.

Бұл дипламдық жұмыстың мақсаты - егде жастағы адамдардың қоғмдағы алатын орнының маңыздылығын анықтау. Яғни, бұл тақырыптың маңыздылығын дәлелдеп, сол пролеманың объектісін, затын таптық. Ал мақсаттың өзі төмендегі міндеттердің орындалуын, қадағалауын, талап етеді.



1 міндет: Егде адамдарға түсініктеме беру және оның тарихын анықтау. Яғни біз бұл міндет арқылы егде адамдар деген кімдер, оларға қай жас аралықтар жатады және бүкіл әлемдік атақты зерттеушілер ұсынған тарихын білеміз. Сол әлемдік зерттеушілер егде жастағылардың жас шамасын әр қалай жорамалдайды және олардың әрқайсысына маңызды түсініктеме береді.

2 міндет Егде жастағы адамдарға сыртқы ортаның әсері. Мұнда егде жастағы кісілер бос уақытысында қандай жұмыстар атқарады, қандай мәдени орталықтарға барады және жалпы сыртқы ортадағы болып жатқан барлық құбылыстарды қалай қабылдайтындығын айтуға болады.

3 міндет ҚР-ғы егде жастағы адамдардың жағдайы. Бұл үшінші міндеттің орындалу барысында көптеген егде жастағы адамдарға сұрақ-сауал қою арқылы олардың жеке ойларын білдік және сонымен қатар статистика көрсеткіштерін көре отырып, республикадағы егде адамдардың сандық дәрежесін білдік.

4 міндет: Шетелдегі егде жастағы адамдармен салыстыру. Шетелдерде егде жастағы адамдарға арналған ұйымдар өте көп. Мәселен олар- «Америка зейнеткерлер қоғамы», Ұлыбританиядағы «Зейнеткерлердің ұлттық одағы», Германиядағы –«Аға ұрпақтың федералды конгрессі», Канададағы «Жасы үлкендер қоғамы», Австралиядағы «Егде адамдардың істері бойынша кеңестер», Жапониядағы «Егде адамдар клубынын ұлттық федерациясы» сияқтылар жатады. Бұл ұйымдар арқылы біз шет елдегі егде жастағылардың сандық көрсеткішін, оларға қандай жеңілдіктер берілетінін білдік және де оларға жеке кәсіпкерлікпен айналысуға, жоғарғы оқу орындарында әрбір үшінші университет қарт адамдар үшін арнайы оқу курстары мен бағдарламаларын түзіп, мүмкіндік бергені туралы айтылған.

5 міндет: Методикалық ұсыныс беру.

Біздің ҚР-ғы егде адамдарға шет елдердегі тәжірибелерді, ұсынған жоспарларын пайдалана отырып көмек көрсету.

Зерттеу нысаны – қарт адам тұлғасының ерекшеліктері және олардың әлеуметтік ортасы.

Зерттеу заты – қарт адамдарың әлеуметтенуі мен бос уақытын өткізудегі шетел тәжірибесінде зерттелуі.


І тарау. 1.Геронтология ғылымы туралы түсінік.

Бүкіл әлемде қарт азаматтардың саны айрықша өсуде, ал қарттық және қартаю мәселесі өзекті мәселе болып отыр.Адамның қартаюының өзіне назар аудартуының жоғарылауына қарамастан көптеген сұрақтар осы уақытқа дейін өңделмеген.Қазіргі уақытқа дейін қартаю ұғымының дәл анықтамасы жоқ. Homosapins деген адам түрінің латынша атауына саналы деген сөзден басқа қартаюшы не, қарттық адамның мінездік белгісі деген сөздерді де білдіреді.

Қартаю кезеңі «кеш естиярлық», «қарттық жас» деген анықтамалар кездеседі. «Демографиялық-энциклопедиялық» сөздікте 1985 ж. мынадай анықтамалар келтіріледі.

Қартаю бұл - адамзат тарихының әртүрлі тарихи-эволюциялық кезеңдерімен және әртүрлі экологиялық манипулияциялық әлеуметтік алмасушы биопсихологиялық және әлеуметтік ұғым.

Қазіргі кезде жоғары дамыған елдерде адамдардың қартаю кезеңі созылып, өмірлері ұзарып, ол отыз жылдай уақытты алатын болды. Алайда, педагогика, психология ғылымында бұл кезең адам өмірінің 311 бөлімінің алғашқы кезеңіне қарағанда аз зерттелген. Сонда да соңғы 20 жылдықта психологтар қарт адамдардың мінезінің психологиялық болмысы туралы маңызды материалдар жасады.

С.И.Ожегованың сөздігінде «егде» - «қартая бастаған», «қарттық» - «организм әлсізденетін, кемелдеген кезеңнен кейінгі өмір» және «қарт» - «қартаюға жеткен». Мұндай анықтамалар мынадай ойға әкеледі, біздің елімізде анық бейнеленген, біз адам қартайғанда қандай болатынын және қарт кісілердің тобына 60-та 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін әлеуметтік-психологиялық бейімделуі және осы арқылы психологиялық, педагогикалық өзін жақсы сезінетінін бұзу маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Жалпы алғанда қартая бастағанда ренолитруктивтегі деструктивтік процесстерін меңгеруге байланысты динамикалық өмір сүруді түсінеді, ал қартаю – осы өзгерулердің жетістігі. Бұл өзгерулер биологиялық деңгейде мына жағдайда өтеді организм өзгере бастағанда, өлім жақындағанда; социологиялық деңгейде – адам зейнетақыға шығып статус өзгергенде; психологиялық деңгейде – адам болып жатқан өзгерістерді байқап және оған үйрене бастайды.

Қарттық нормасының физиологиясы мен медицинадағы ортақ мағынасы адамның организмнің, оның мүшелері мен функцияларының бірдейлік қоршаған орта шартында оптимальды өмір қызметін қамтамасыз етуші. Организмнің структуралық және функционалдық нормасы – оның жалпы денсаулықты қамтамасыз ететін тұрақты-резистенттілігі, жұмысқа қабілеттілігі, адаптацияға қабілеттілгі және ұзақ өмір сүруді белсенді сақтауы.

Қарттық жас – қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі.

Қазіргі кезде қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар. Ғалымдардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық стурктура өзгерісі есебінен реактивті клеткалдардың біртіндеп өзгеруі деп қарайды. Басқалардың ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, мінез-құлықтың, физиологияның, биологияның төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды өмір сүруімен және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінез-құлықпен организмнің есейгендегі өзгеруі.

Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық эволюцияның бірінші элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.

Қартаюдың себебіне ең көп ескі анық ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің еңбегінде жазылған Аристотельдің ойынша қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін, «туылғаннан бастап берілген жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысып, сол арқылы биожас есебінің негізін салды. Бірінші бөлім – жастық, екінші бөлім – кемелдену, үшінші – қартаю.

Қартаю мәселесі ерте заманда адам өмірінде маңызды орынға ие болды. Қартаюдың алғашқы анықтамалары мен оның себептері антикалық дәуірге жатады. Ұлы көне грек дәрігері Гиппократ (б.д.д.Ү-ІҮғ.ғ) қарттықты – табиғи жылудың азаюы және ағзаның кебуінің нәтижесі деп санаған.

Сол кезеңде өмір сүрген философ Платон, қаратаюға әсіресе орта жастағы өмір сүру салты әсер етеді деп көрсеткен.

Қартаю өз даму жылдарында мына сала мамандары бойынша: дәрігерлерден және физиологтардан, философтардан және биологтардан, психологтардан, социологтардан, тарихшылар және құқықтанушылардан өзіне жаңа білімдер жинады.

Қартаю мәселелері туралы Цицирон, Аристотель, Роджерс, Бэкон, Ж.А.Кондорсе өз еңбектерінде жазған. Мәңгілік жастық, ұзақ жасау және мәңгі жасау туралы мифтер мен аңыздар адамзат дамуының барлық кезеңінде пайда болып қолдау тауып отырды.

Адам қартаюының нормалы процесін оның негізгі көрінулері мен факторларын, мінез-құлыққа әсер етуін, үлгілері мен қарттық өзгерістерінің күшейе түскендігін зерттейтін ғылым – геронтологияның басын әдетте ағылышын философы Бэкон есімімен байланыстырады. Бэкон қартаю процесін жүйелі зерттей отырып, қартаюдың себептерін ашуға мүмкіндік береді және ол қартаю процесіне жағымсыз әдеттер әсер етеді, - деп санаған.

Ресейде қартаюдың белсенді ұзартуына байланысты алғашқы еңбектер ХҮІІІ ғасырда пайда болған. Мәселен, орыс дәрігеріИ.Фишердің «Қартаю, оның деңгейлерімен аурулары туралы» атты кітабын айтуға болады.

Ғылыми геронтологияның негізін салушы И.И.Мечников болып табылады. Геронтологияның, қазіргі ұғымы ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Геронтологияның тапсырмаларының бірі – орта әсеріне, өмір салтына, еңбегіне, әлеуметтік қатынастарына және өзара қарым-қатынасына байланысты қартаюдың ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

Қазіргі кезде геронтологияны қарт адамдар ауруын зерттейтін медицина облысы, әлеуметтік геронтология, яғни оның өмір салтымен, ұзақтығын зерттейтін геронтология бөлімі бөліп қарайды.

Жас ерекшелік психологиясы мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау қартаю ұғымының анықтамасы «мәңгі мәселе» қатарына қосты. Қазір қартаюды қалай түсіну, оның алғашқы белгілері қандай, қартаю жасы дегеніміз не? Және оның шекаралары қандай? деген сұрақтарға пікір-таластар жүргізілуде. Анықтамаға қиындық тудыратын қартаю – ұзақ, жастық процесс және оның орта жас пен аралығында шекара болмайды. Жалпы алғанда қартаю – жеке процесс, кей адамдарда ол ерте басталады, ал кейбіреулерінде кеш басталады.

Қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдерінде және әртүрлі мәдениеттерінде қартаю мынадай жолмен анықталады: Пифагор – 60 жас, Қытай ғалымдары – 70 жас, ХХ ғасырдағы ағылшын физиологтары – 50 жастан жоғары, неміс физиологі М.Рубнер – 50 жас қарттық, 70 жасты қадірлі қарттық деп санаған.

Ю.Б.Гварнавский бүкіл қарттық кезеңді жеке топтарға бөлуді ұсынады: егде жас – 50-65; қарттық жас - 65-тен жоғары.

Ғылымда жас ерекшелік кезеңнің келесідей сызбасы қабылданған:



  • егде жас еркектер үшін 60-74 әйелдер үшін 55-74 жас.

  • қарттық кезең, әйелдер мен еркектер үшін 75-90 жас.

  • ұзақ жасаушылар әйелдер мен еркектер үшін 90- жас және одан әрі жоғары жас.

Сондай-ақ, зейнеткерлік жасты мемлекет жасайды. Зейнеткерлік жасты анықтауда хронологиялық жас кезеңі, яғни өмір сүрген жылдардың санын есепке алмайды, бірақ жұмыс атқарған жылардарына қарай анықтайды.

Функциялық жас кезең – жас ерекшелік динамикасының физиологиялық функциясында көрініс береді, генетикалық компонентінен, өмір салтымен жүре пайда болған ауруларымен, стресстік жағдайларымен, физикалық-психикалық және интеллектуальды белсенділікпен анықталады.

Психологиялық кезең – көрсеткіштер тобы. Психиканың жас ерекшелік өлшемдерімен сипатталады.

Биологиялық кезең – жастық структура және ағза функциясының деңгейлерінің көрсеткіші.

Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық инвоинернің бірінші элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.

Қартаюдың себебіне ең көп ескі және оның ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің «De juventute te senectute» еңбегінде жазылған. Арситотельдің ойынша, қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін, «туылғаннан бастап берілетін жылудың» біртіндеп азаюымен түсіндірілді. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысады, сол арқылы биожас есебінің негізін салды. Біріші бөлім – juventus (жастық), virilitas (кемелдену), senium (қартаю), Гиппократтың «De diaeta» шығармасында «табиғи ыстықтықты» жоғалту туралы ой бар.

Гиппократ пен Аристотельдің ойлары қартаю кезіндегі жылдың бөлімді жас кездегі жылу бөлінуге қарағанда баяу өтеді дегенге негізделген.

Гален одан ары барады. Оның ойынша қартаю тәннің ылғалдығын азайтуын табатын «табиғи ыстықтан» анықталады. Гален қарт адамдары қалпының көлемі азаяды, нәтижелерінде өмірді ұстап тұратын негізгі жылу кетеді. Бұл ой ХҮІІІ ғасырға дейін үстемділік құрды. Дірігер А де Лауренсон қартаю шырын мен «табиғи ыстықтың» үздіксіз 4 соғысты көрсетеді деп жазды. «Майшам майды қалай керек етсе тән де ылғалды солай керек етеді. Ылғалдық тән тамақтанғанда ғана қалпына келеді, бірақ бұл қалпына келу әрқашан толық болмайды,біздің тәніміздің органикалық заттары тамақпен сұйық болады. Организм құрғақ және салқын болады және соңында өмір өшеді. ХҮІІІ ғасырда «табиғи ыстық» деген ескі термин «өмірлік күш (энергиямен)»» алмастырылды. Ағылшын дәрігері Э.Дарвин атақты биологтың ағасы «өмірлік түршігудің жүдеуіне әкелетін витамитикалық болжам жасады», бұл жерде қартаю клеткалардың ауыстырылмайтындай болуын құрауы ретінде растайды. Орта ғасырларда өмірді жеті кезеңге бөлген.

ХХ ғасырда «өмірлік күш» спецификалық жоғалту теориясы қалды. Одан кейін бір болжам екіншісімен алмасып отырды. Қартаюдың себептері былайша қарастырылды. Ситоплазмадағы алмасушы процестердің баяу төмендеуі (Рубнер), қандай да бір өмірлік ферментті таусылды. (ОТТО НОЧИЛИ) белгілі бір химиялық заттарды жоғалту (леп), организмнің интокациясы организмнің және потологиялық фагосцитоез (Мечников), организмнің химиялық құрамының сұйықтығының өзгеруі (Каррель), Регенероцияға қабілеттінің әлсіреуі (Минот, РобертРессле) және тағы басқа.

Қартаюдың себебін анықтауға қанша ұмтылғанына қарамастан, оны күнге дейін ұзақ жасау проблемасын шешетін түзу теориялық жоқ. Келесі бөлімдерде қартаюдың себебінің қазіргі заманға ұсыныстары сипатталады.
І тарау. 2. Қартаң адамдардың проблемалары.

Соңғы дамыған онжылдықта дамыған елдерде бақыланып келе жатқан тенденциялардың бірі – тұрғылықты жердегі қартаң адамдардың санының абсолютті өсуі.

Тұрғылықты жердің жалпы санында балалар мен жастар санының үлесі азайып, қартаң кісілердің санының үлесі өсу процесі айнымай жүріп жатыр.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, 1950 жылы әлемде 200млн. шамасында 60 және одан жоғары жастағы адамдар болса, 1975 жылға дейін олардың саны 550 млн-ға өскен. Болжам бойынша, 2025 жылы 60-тан жоғары жастағылар саны 1 млрд. 100млн. адамға 5 есе өседі, ол кезде планета тұрғындарының саны 3 есе өседі.

Тұрғындардың қартаюының басты себебі – туылудың азаюы, медицина прогресінің арқасында жасы үлкен адамдар топтарының өмір сүруінің жалғасуының көбеюі, тұрғындардың өмір деңгейінің көтерілуі. Экономикалық бірігіп қызмет істейтін және дамушы елдерде орташа есеппен ерлердің өмір сүру ұзақтығы 30 жыл ішінде 6 жылға, әйелдерде – 6,5 жылға өскен. Ал ресейде соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығының төмендегені байқалады.

Қартаң адамдардың әлеуметтік-демографиялық категориясымен, олардың проблемаларының анализін әлеуметтік жұмыс теоретиктері мен практиктері әртүрлі көзқарас арқылы анықтайды – хронологиялық, социологиялық, биологиялық, психологиялық, функционалдық және тағы басқа. Қартаң адамдардың жиынтығы айтарлықтай ерекшеліктері мен сипатталады, онда 60-тан 100 жасқа дейінгі адамдар жатады геронтологтар тұрғындардың осы бөлігін «жастар» және «қарттар» (немесе «тереңдер») кәрілер деп бөлуді ұсынады, осыған ұқсас Францияда «үшінші», «төртінші» жас деген түсініктер бар. «Үшіншіден», «төртіншіден» шекараға өту жасы 75-80 жаста шекара сыртын жеңіп шыққаны болып есептеледі. «Жас» кәрілер «қарт» кәрілерге қарғанда басқа проблемалар сезімді мүмкін, «қарт» кәрілерге қарағанда – мысалы, еңбекпен айналысу, жанұяда басты болу, үй міндеттерінің бөлінуі және тағы басқа.

Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының классификациясына сай қартаң адамдарға 60-тан 77 жасқа дейінгілер, қарттарға 75- тен 89 жастағылар, ұзақ өмір сүрушілерге 90 жастағы және одан үлкен жастағылар жатады.

БҰҰ және халықаралық еңбек организация құжаттарына сәйкес қартаң кісілердің 60 жастағы және одан да үлкендер. Дәл осы берілгендер, ереже бойынша, көптеген дамыған елдерде зейнетке шығу жасы 65 жас болса, тәжірибе жетекші болады (Ресейде зейнетке шығу жасы әйелдермен ерлерге 60 және 55 жас).

Қартаң адамдарға- дені сауға жататындар,мықты қарттар, ауру ауыртпалығы түскен әртүрлі әлеуметтік қабаттардан шыққан және әртүрлі білім деңгейін квалификация және әртүрлі қызығушылықтар игерген адамдар жатады. Олардың көбі қартайғанда зейнетақы ала отырып жұмыс істемейді.

Бүкіл әлемде қартаң адамдар арасында ерлерге қарағанда әйелдер әлде қайда көп. Бүкілресейлік тұрғындардың 1989 жыл санағы бойынша 60-64 жас арасындағы 1000 әйелге 633 ерден келген, 35-69 жастағы әйелдерге 455 ер, ал 80 және одан үлкен жастағыларға 236 ер сәйкес келген. Он жыл өткен соң бұл тенденция өзгермеген.

Сонымен, үлкен жастағы топтарға әйелдер саны көп. Мұндай үлкен айырмашылық ерлердің ерте қайтыс болатынымен, әйелдердің ұзақ уақыт өмір сүретіндігімен түсіндіріледі. Ресейде, екінші дүниежүзілік соғыстан зардап шеккен, бұл диаспоранының соншалықты үлкен өлшемге жеткен әскери өлімдер, сондай-ақ ерлердің табиғи емес себептермен өту деңгейлерінің жоғарғылығы зерттелінуде.

Қартаң адамдардың өмірлерінің әлеуметтік шарттары ең алдымен олардың денсаулық жағдайымен анықталады. Денсаулық жағдайының көрсеткіштері сапасында өзіндік бағалу кеңінен қолданылады. Қартаю процесі жеке топтар мен индивидтерде бірдей бола бермейді. Өзіндік бағалаулары қатты ерекшеленеді.

Денсаулықтың жағдайымен тағы бір көрсеткіші – белсенді өмір қызметтілігі қартаң адамдарда хронологиялық аурулар күшінде төмендейді, естудің, көрудің нашарлауы, ортопедикалық проблемалар бар болады.

Қартаң адамдардың ауру деңгейі , жастарға қарағанда 6 есе жоғары.

Ресейде бір қартаң адамға 2-ден 4 ауруға дейін келеді, ал қартаң адамдарда емдеу, жастарды емдеуге қарағанда 1,5 – 1,7 есе жоғары. Жасерекшелік қажеттіліктері кәрілерге ұзақ уақыт қарағандағы шығынды көбейтеді, бұл фактіге ерекше назар аудару керек.

Денсаулықпен таласа алатын жалғыз проблема – материалдық жағдай. Қартаң адамдар өздерінің материалдық жағдайларымен, инфекция деңгейіне, медициналық көмектің жоғары тұратынына қиналады. 1998 жылы әлеуметтік-экономикалық кризис нәтижесінде зейнетақыны көбейту мәселесі өзекті болды. Симокованың мәліметтері бойынша зейнеткерлердің әрбір бесінші жанұясы киім мен аяқ киім алуға келгенде қиындық сезіледі екен. Дәл осы топтарға ашты-тоқты өмір сүрушілер жатады. Көптеген қартаң адамдар материалдық түсініктерімен жұмыс істеуді жалғастырады. Өткізілген әлеуметтік зерттеуге сәйкес, зейнектерлердің 60%-ы жұмыс істегісі келеді екен. Қартаң адамдардың үй жағдайында тұратындардың және қарттар үйінде айтарлықтай әртүрлілік байқалады.

Кейбір бағалаулар бойынша қарттар үйінде тұратындардың 56%-ының психикасында хронологиялық тежелулер болса, 16%-ы психикалық аурулардан зардап шегеді. Үй жағдайында өмір сүретіндердің 5-6%-ы қартайғандағы ақыл әлсіздігімен ауырады, стационарлық мекемелерде олардың үлесі әлде қайда жоғары. Сонымен бірге, қартаң адамдарға арналған интернат үйлерінде психиатр, психолог, әлеуметтік педагог әлеуметтік жұмыспен тегін қызмет көрсетеді.

Қазіргі қартаю туралы теориялар қартаң адамдармен әлеуметтік жұмыс организациясында маңызды рөл атқарады, не тәжірибені, информацияны және бақылау нәтижелерін түсіндіріп береді және аздап қорытады, болашақты көруге мүмкіндік береді. Олар әлеуметтік жұмысшыға ең алдымен өзінің бақылауын реттеуге ұйымдастыру үшін қажет. Сол немесе басқа теорияны таңдау маман жинайтын информцияның, сондай-ақ клиентпен интервью ұйымдасытратын әдістердің көлемі мен сипатын анықтайды. Теория маманға «дистанцияны сақтауға» ситуацияны әділ бағалауға, клиенттің дискомфорттылық психологиялық себебі, сондай-ақ проблеманы шешудің табиғи жолы. Әдейі таңдап алынған теория - әлеуметтік жұмысшы өзінің иллюзиясының, сенімі-нанымының және сипаттамасының тұтқынына түспейтінің кепілі.

Сол немесе басқа теорияны қолдана отырып немесе бірнеше теориетикалық құрылымдарды синтездей отырып, әлеуметтік көмек қызметшісінің мақсатқа бағыттай өзіне берілген миссияны орындай бастайды – индивидтің, жанұяның, организация топтарының әлеуметтік функциялауын тұрақтандырады және түзетеді. Айтпақшы, дәл осы бағыттылығымен әлеуметтік жұмыс достық қатысу немесе туысқандық араласу ерекшеленеді.

Қартаң адамдармен әлеуметтік жұмыс босату, белсенділік, аздық, субькультура, жасерекшелік стратификациясы және тағы басқа теорияларды қолдануда қарастырады.

Босату теориясына сәйкес адамдар өздерімен жастаулардан бөлшектенеді, сонымен бірге, қартаң адамдардың әлеуметтік рөлдерден босату процесі жүреді – рол деп отырғанымыз, еңбек қызметіне байланысты, сондай-ақ жетекші және жауапты рөлдер. Бұл босату және бөлшектену процесі қартаюшы адамдар жататын әлеуметтік ситуациямен шартты. Оны сондай-ақ, қартаң адамдардағы өзінің мүмкіндіктерінің шектелуіне және жылжып келе жатқан қашып келісуіне дайындығы деп санауға болады.

Әлеуметтік аспектіге, бөлшектену ч теориясына сәйкес олардың атқаратын қызметі қандай да бір кезде олардан жастау, еңбекке продуктивті қабілеттену адамдарға ауысу керек болғандықтан бөлшектену процесімен қашып құтыла алмайды.

Қазаргі кәрілермен әлеуметтік жұмыс БҰҰ 15 жыл бұрын 2001 жылға дейін есептеп жасаған кәрілер әрекетінің жоспарлауымен сәйкес келуі керек. Бұған алғы сөзге әлемнің барлық елдері сапасы оның ұзақтығымен кем емес маңызды, қартаюшы адамдар жемісті дені сау, өміріне қанағат әкелетін және қоғамның органикалық бөлігі болып саналатын өздерінің отбасыларында тұрғаны дұрыс. Берліген құжаттан шыға отырып барлық ел үкіметтеріне қартаң адамдарға әлеуметтік қолдау облысында келесі шараларды жасау ұсынылады:


    1. қарттарға қатысты ұлттық саясатты жасап, сол арқылы заман арасындағы байланысты нығайту;

    2. қайрымдылық организацияларын мадақтау;

    3. қартаң адамдарды экономикалық күйзелістен қорғау;

    4. қарттарға арналған арнайландырған мекемелерді өмір санасы қамтамасыз ету;

    5. қартаң адамды оның тұрғылықты жерінен – отбасында не басқа елде екенін тәуелді толығымен қамтамасыз ету.

Ресейде қазіргі уақытта авторлары ойластырғанның теоретикалық тазалғын аз ойлайтын федералды әлеуметтік проблемалар қабылданған. Өкінішке орай, көптеген әлеуметтік бағдарламаларға декларативтілік, жүйесіздік, ішкі қайшылықтар тән. Сонымен, федералды бағдарламалар жобаларында «жасы үлкен заман» мына құжатта Ресей тарихында алғаш рет «Қартаң адамдардың проблемасын саналы деңгейде шешуді» ұсынатынын оқимыз. Бірақ, қартаң адамдар - әртүрлі әлеуметтік көмектің объектісі емес, шешімі қабылдаушы субъект; қартаң адамдардың көп бөлігі жалпы әлеуметтік проблемалар сияқты шешілмейтіндер разрядына жатады және әр келесі заманға солай ауысады.

Қартаң адамдардың құрамын зерттеуге әлемде интернат үйлерінде үлкен назар аударылуда. Бұған Отандық зерттеушілердің зерттеулерінің еңбегі арналған. АҚШ-та 70 жылдары «Омбудсмандық ұзақ мерзімді қамқорлық программалары» жұмыс істейді. Тәжірибе БҰҰ-ның құрылымының «қартаюшыларға өз отбасыларында өмір сүруге мүмкіндік беруінің» өзектіленген қуаттайды, өйткені қартаң адамдар интернат-үйлерінде қиын ситуацияға түседі. Қоршаған орта жағдайының тез ауысуы, екінші жағынан ұжымдық өмірге ауысу, қойылған тәртіпке бағыну, тәуелсіздігін жоғалтамын деген қорқынышы. Бұл нервті-психикалық жағдайдың тұрақсыздануын тереңдетеді, көңіл-күйдің түсуіне себеп болады, өз іс-әрекеттерінде денсаулық жағдайын керісінше көрсетеді. Бірдей халат киіп алған, өз бұрыштарынан айырылған қарттар толық деперсонализацияны басынан кешіреді. Интернат үйінде тұратын қарттар негізінен оларға дұрыс қойылмайтынан тамақтануына, олардың құқықтарының бұзылуына шағымданады.

Қартаң адамдармен әлеуметтік жұмыстың басым бағыты – орта организациясы, оларды игеруге сол арқылы, қартаң адамда үнемі осы ортамен өзара іс-әрекет жолдарының болуы. Таңдау еркіндігі қорқынышсыздық, еңбегі күнге сенімділік, өзінің және басқаның өміріне жауапкершілік сезімін оятады.

Қартаюшы адамдар үшін қала орталықтарындағы жаяу жүретін зоналар қоршаған ортаның тамаша жаратылысына сәтті мысал – адамдар таңдалған маршуртты жаяу жүріп өту үшін ғана емес, сондай-ақ олар жаяу жүріс зонасында қоршаған ортаны басқаша қабылдайды. Жаяу жүріс өзіне ұқсайтын адамдарды бақылау мүмкіндігін беріп қана қоймай, өзінің зейінін ғимараттың архитектурасына аударады, қала орталықтарының атмосферасын оның жалпы атмосферасымен салыстырады.

Ресей қалаларында отыратын орындар өте аз. (Әңгіме ресторан және кафе жайында емес). Бұл тек уақыт өткізу емес немесе демалыс емес – бұл бір уақытта қарт адамдар үшін «қозғалыс әдісі» және автономиялық позициясының демонстрациясы, қаланың тынығу бұрыштарында ғана болмауы керек.

Кейбіреулер адамдары көп көшелер мен алаңдардан қашады, бірақ кейбіреулері үшін бір жерге асығып бара жатқан адамдардың ортасында болу олардың өмірді сезінуін күшейтеді, қосымша эмоционалды заряд береді.

Қаланың тағы бір ынталандырушы элементтері кіші архитектура, ағаштар, жылға және өзендер «достық сезімін тудырады» қауіпсіздік сезімін нығайтады. Әрине, қарт адамдардың мекендейтін жерлері қалалы жерлерге ұқсамайды.

Порадоке біз қарттарға қанша көп көмектесуге тырыссақ, олардың эффективті, профиссионалды көмек алу мүмкіндігі соншалықты аздығында, өйткені қарт адамға көмектесу жауапкершілігін өзгеше алу, оның тағдырын қолдан алу екен. Эгоцентризмнің бұл фомасы профессионалды көзқарас бойынша мүмкін емес. Қартаң адам әлеуметтік көмек клиенті болып тұрса да – шешім қабылдаушы субъект.

Мұндай тапсырмалардың шешімінде өзіне-өзі көмектесу тобы маңызды рол атқарады. Әлеуметтік қажеттенушілердің өз бетімен бірігу Ресейде бұрыннан бар.

«Адамдардың өзара көмекке бейімділігінің шығу тегінің алшақтығы сонша, оның бастауы адамның эволюциялық түбірімен өріліп, тарихтың құбылмалы кезеңдеріне қарамастан қазіргі уақытқа дейін сақтаған» - деп жазды П.Кропаткин. Өзара көмек тобы – бұл белгілі бір жерге бауыр басқан, мүшелерінің проблемалары ортақ (бір-біріне айта отыратын қажеттіліктерді) бір-біріне көмектесетін кіші топ. Мұндай топтар бір-біріне жақын тұратын 5-7 адамнан тұрады. Мұндай топтар кейде спонтанды пайда болады, бірақ көбіне оларды оның болашақ белсенді мүшесі немесе оларға тұрмыстық көмек көрсететін әлеуметтік жұмысшы ұйымдастырады. Топтың әр қатысушысы өзінің ресурстарының дамыта және өзектелендіре отырып көмекті қабылдап қана қоймай, оны жасайды, өмірдің бұрынғы нормаларын толығымен жоққа шығару емес, позитивті өмірге дағдылануға ақырындап үйрету.

Өзара көмек топтарының пайда болу себептері:


  1. өзіндік реализация және жеке тұлғаның дамуы;

  2. кризисті ситуация немесе қайғы;

  3. әлеуметтік жағдайдың нашарлығы, денсаулық жағдайы, мүгедек болуы;

  4. аздаған және тағы басқа топтар жататындығы.

Бір қарағанда, өзара көмек терапевті топтарға тән сияқты. Бірақ, толығырақ алғанда оның қызметі азырақ болады, өзара көмек топтары үшін басқа жақтан кәсіби жұмысшының басқарғаны емес, өзін-өзі басқарғаны, өзара көмекке тән.

Сонымен, адам көмектің формасын іздейді, өйткені мемлекеттің көмек тіпті өз уақытында емес, эффективті емес; сонымен қатар, «Тоқ ашқа түсіндіре аламайды» дегендей. Өзін-өзі көмек топтарында иерархиялық структура жоқ, оның мүшелеріне олар тастағысы келгенде тастап кетуіне болатын топ өміріне максималды қатысу қамтамасыз етіледі.

Алайда, өзіне-өзі көмек топтары барлық қимылдықтар үшін понопция емес және олардың көмегімен проблемаларының барлығы шешілмейді. Дания мамандарының ойынша, мұндай топтар «антипрофессионалды», өзінің мүшелеріне балдақ береді де, олардың көмегі жеткілксіз шамадан тыс авторитарлы, топтар да құрылымдық туралы келісім шарт жоқ және тағы басқа.

Ресейдегі мұндай топтардың тәжірибесінің аздығы сонша, әзірге экспертиза мүмкін емес. Алайда, З.А.Янковның айтуынша, өзара көмек топтары, өзін-өзі басқару органдарында істейтін әлеуметтік жұмысшылар қолдауын керек етеді.

Осы арқылы, автор қартаң адамдар толық өмірге құқылы деген қорытындығы келеді. Және бұл олар егер өздеріне қатысты мәселені шешуде қатысатын болса ғана мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет