Мазмұны Кіріспе І тарау. Геронтология ғылымы туралы түсінік. Қартаң адамдардың проблемалары. Қартаң адамдардың өмір санасы әлеуметтік проблема ретінде. ІІ тарау. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы


Еңбектен кейінгі кезеңде бейімделуі әр түрлі дәрежедегі егде адамдардың тұлғалық (жекелей) ерекшеліктері



бет4/6
Дата13.06.2016
өлшемі472 Kb.
#134084
1   2   3   4   5   6

Еңбектен кейінгі кезеңде бейімделуі әр түрлі дәрежедегі егде адамдардың тұлғалық (жекелей) ерекшеліктері.

Сынақтан өтуші эксперименталдық топтардық өзіндік сана – сезімінің ерекшеліктері.

А тобы (бейімделудің жоғары деңгейі.

«Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелер берілген топтағы сынақтан өтушілердің көпшілігі өзіндік қабылдаудың жоғары және орта деңгейіне ие екендігін көрсетті (33%). А тобының сынақтан өтушілерінде «Өзіндік қабылдау» шкаласы бойынша төмен көрсеткіштер анықталған жоқ.

Сонымен бейімделуді жоғары деңгейдегі егде адамдар өздерінің қиын жағдайларды жеңу қабілеті мен өздерінің сыртқы көрінісін жоғары бағалайды және өздерін қызықты тұлға ретінде санайды.

Жыныстық айырмашылықтарды зерттеу кезінде мынадай жәйттер анықталды: бейімделуі жоғары деңгейдегі әйелдер еңбектен кейінгі кезеңде өздеріндегі өзіндік қабылдаудың жоғары және орта деңгейдегі бірдей дәрежеде анықтаған (50% және 50%).

Адамның өзін - өзі көру туралы түсінігін қанық зерттеу үшін «Тұлғалық дифференция» әдістемесі қолданылды. ТД арқылы алынған мәліметтерді интерпретациялау 3 фактор бойынша жүргізілді:

- Бағалау (Б1)

- Күш (К)

- Белсенділік (Б2) .

Стандарттық нормаға сәйкес әрбір фактор бойынша 5 деңгей шығады:

- Өте төмен (7-13 балл)

- Төмен (14-20 балл)

- Орта (21-34 балл)

- Жоғары (35-41 балл)

- Өте жоғары (42-49 балл).

Барлық факторлар бойынша бірде – бір топта өте төмен шамалар анықталған жоқ, сондықтан нәтижелерді интерпретациялау кезінде бұл категория зерттелмеді.

Нәтижелер бағалау факторы бойынша өзін құрметтеу деңгейі туралы, күш факторы бойынша тұлғаның жігерлік жақтарының дамуы және белсенділік факторы бойынша тұлғаның экстравертирлендігі туралы куәлік береді.

А тобындағы нәтижелерді талдау кезінде (бейімделудің жоғары деңгейінде) бірде – бір фактор бойынша (бағалау, күш, белсенділік) төмен шамалар анықталған жоқ және де олар «Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған мәліметтермен корригацияланады.

Факторлар бойынша нәтижелерді талдау келесі ерекшеліктерді анықтады: берілген топтағы сынақтан өтушілердің көпшілігінде күш факторы бойынша өзін бағалаудың тиімді деңгейі табылған (58% - орта шамалар , 17% - жоғары) . Сонымен бірге өте жоғары шамалар да кездеседі (25%).

Бұл жағдай еңбектен кейінгі кезеңде бейімделудің жоғары деңгейіне ие егде адамдар өздеріне сенімді және тәуелсіз екенін, қиын кезеңдерде өз күштеріне жүгінетіндерін көрсетеді.

А тобында бағалау факторы бойынша сынақтан өтушілердің үлкен бөлігінің шамалары тиімді деңгейге жатқызылады (жоғары шамалар – 50%, орта - 25%). Сонымен бірге өте жоғары шамалар да кездеседі (25 %), яғни сынақтан өтушілер өздерін тұлға ретінде қабылдайды, әлеуметтік – қалаулы және оң сипаттамалары тасымалдаушы ретінде түсінеді.

Белсенділік факторы бойынша орта (42%) және жоғары (35%) шамалардың көп саны бар. Өте жоғары шамалар сынақтан өтушілердің 28% да кездеседі. Алынған нәтижелер бейімделу деңгейі жоғары егде адамдардың жоғары белсенділігін және ашықтығын көрсетеді. Фишердің Q – критериі арқылы статистикалық өңдеуді жүргізу кезінде (шамалар деңгейі 0,05) күш және бағалау факторлары бойынша елеулі айырмашылықтар анықталды. Эксперименталдық А тобындағы сынақтан өтушілерде күш факторы бойынша орта шамалар, ал бағалау факторы бойынша жоғары шамалар көбірек. Осыған негіздеме жасай отырып, бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдар өздерінің әлеуметтік – қалаулы сипаттамаларын, өздерін тұлға ретінде өздерінің жігерлік қасиеттеріне қарағанда биік бағалайды деген тұжырым жасау мүмкін. Демек, бейімделуі жоғары деңгейдегі адамдар еңбектен кейінгі кезеңде өздерінің әрекеттерінің нәтижесі деп және оларды басқара аламыз деп есептейді. Сонымен, олар сол оқиғалар үшін және жалпы өмірдің барысы үшін жауапкершілік-айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан елеулі емес.
Өзіндік бағалудың әртүрлі деңгейлердегі В тобының сынақтан өтушілерінің көрсеткіштері (факторлар бойынша, %)

Деңгейі

Факторлар



Төмен

Орта

Жоғары

Өте жоғары

Күш

5

75

17

2,5

Бағалау

2,5

62,5

10

25

Белсенділік

7,5

60

22,5

10

Факторлар бойынша нәтижелерді талдау күш факторы бойынша В тобындағы сынақтан өтушілерде өзіндік бағалаудың тиімді деңгейі бар екендігін көрсетті (75%- орта, 17%-жоғары). Сонымен бірге, шамалардың төмен (5%) және өте жоғары деңгейлері де (2,5%) кездесіп тұрады.

Бағалу факторы бойынша өзіндік бағалаудың адекваттық деңгейі басым (62,5%-шамалардың орта деңгейі, 10% - шамалардың жоғары деңгейі). Сынақтан өтушілердегі төменгі көрсеткіш 2,5%-ды құрайды. Өте жоғары көрсеткіштер 25%-ға сәйкес келеді.

Белсенділік факторы бойынша тиімді шамалардың мөлшері мынадай: орта - 60%, жоғары – 22,5%, төменгі – 7,5%, ал өте жоғары шамалар - 10%.

Q – критерийі арқылы (P≤0,01) статистикалық өңдеу кезінде шамалардың «өте жоғары» деңгейде күш және бағалау факторлары бойынша елеулі айырмашылықтар анықталды.

В тобындағы сынақтан өтушілер өздерінің әлеуметтік қасиеттерін асыра жоғары бағалау тенденциясына ие.

С тобы (бейімделуі төмен деңгейлері)

«Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелер берілген топтағы сынақтан өтушілердің көпшілігінде өзіндік қабылдаудың төмен деңгейі (70%) бар екендігін көрсетеді. Сынақтан өтушілердің бір бөлігінде өзіндік қабылдаудың орта деңгейі (30%) болады да, ал сол шкаласы бойынша жоғары шамалар анықталмаған.

Сонымен, бейімделуі төмен деңгейлердегі егде адамдар өздерінің сыртқы көрінісін күрт түрде бағалайды және өздерін ешбір салада ашыла алмаған деп есептейді.

Өзіндің қабылдаудың әртүрлі деңгейлеріндегі С тобының сынақтан өтушілерінің көрсеткіштері (факторлар бойынша, %)

Деңгейі

Факторлар



Төмен

Орта

Жоғары

Өте жоғары

Күш

60

40

0

0

Бағалау

10

80

10

0

Белсенділік

20

80

0

0

С тобының нәтижелерін талдау кезінде бірде-бір фактор бойынша өте жоғары шамалар анықталған жоқ және бұл жағдай «Өзіндік қабылдау» шкаласы арқылы алынған мәліметтерге коррекцияланады. Жоғары шамалар тек бағалау факторы бойынша (10%) кездеседі.

Күш факторы бойынша сынақтан өтушілердің көпшілігінде төмен шамалар (60%) болып, орта шамалар да (40%) кездесіп тұрады. Бағалау жеке белсенділік факторлары бойынша орта шамалардың саны барынша (80%) көбірек. Бағалау факторы бойынша төмен шамалар сынақтан өтушілердің 10% да, белсенділік факторы бойынша 20 % да кездеседі.

Сонымен, С тобындағы сынақтан өтушілерде өзіндік бағалаудың орта төмен шамалары басымырақ. Әсіресе бұл топтағы сынақтан өтушілер өздерінің жігерлік қасиеттерін төмен бағалайды.

Сонымен, төмендегідей тұжырым жасау мүмкін: еңбектен кейінгі кезеңде бейімделуі төмен деңгейдегі егде адамдарға өзіндік бағалаудың төменгі және орта деңгейлері тән. Олар жиі өздерін сынайды, мінез – құлықтарына және жетістіктерінің деңгейіне қанағаттанбайды. Бұл топтағы ерлер өздеріндегі сенімді және қиындықтарды жеңу қабілеттерін төмен бағалайды, ал әйелдер өздерін жалпы тұлға ретінде төмен бағалап жүреді.

Бұл топтың адамдары өз өміріндегі оқиғалардың көпшілігін кездейсоқтық немесе басқа адамдардың әрекеттерінің нәтижесі деп біледі.

Сынақтан өтушілердің топтары бойынша өзіндік сана – сезімінің көрсеткіштерін салыстырмалы түрде талдау елеулі ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді:

1. А тобындағы сынақтан өтушілер (бейімделуі жоғары деңгейдегі) В тобындағылар (5 %) және С тобындағылармен (0%) салыстырғанда өзіндік қабылдаудың жоғары деңгейімен (67%) сипатталады.

В тобына (5%) және А тобына (0%) қарағанда С тобында төмен шамалардың саны көп (70%).

2. Күш факторы бойынша ) Тұлғалық дифференциялдың өте жоғары (25%) және жоғарғы (17%) шамалары А тобындағы сынақтан өтушілерде жиірек кездеседі, ал С тобындағыларда 0 % тең.

С тобындағы оларда А тобындағыларға қарағанда (0%) төмен шамалар көп (60%).

Бағалау сипаты бойынша С тобындағыларға қарағанда (10%) А тобында жоғары шамалар (50%) жиі болады.

А тобымен салыстырғанда (6%) С тобында бағалау факторы бойынша төмен шамалар жиірек (10%) кездеседі, ал орта шамалар да А тобымен салыстырғанда (25 %, Q*=2,72; Р≤0,01) жиі (80%) болады.

Белсенділік факторы бойынша А тобында өте жоғары (25%) және жоғары (33%) шамалар көбірек, ал С тобында жоқ (%).

А тобына қарағанда (6%) С тобында төмен шамалар басым (20%). С тобының сынақтан өтушілері интерналдықтық жоғары деңгейімен (50%) сынақталады.

С тобындағыларда интерналдықтың төмен деңгейі жиі кездеседі (60%), ал А тобындағыларда 0% ды және В тобындағыларда 7,5% ды құрайды (Q*=3,44; Р≤0,01).

Сонымен, А тобындағылар жалпы алғанда тұлғаның орнығу үшін әлдеқайда тиімді өзіндік бағалауға ие және өмірге деген сенімдірек, саналырақ қатынаспен сипатталады.
ІІІ тарау. 1. Эксперименталдық топтағы сынақтан өтуші тұлғалардың себептік-қажеттік сферасының өзгешеліктері

Себептік – қажеттік сфераны зерттеу үшін аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі қолданылуы (қосымша материалды қараңыз).

Нәтижелерді талдау келесі категориялар бойынша өткізіледі:


  1. Болашақ туралы сөйлеу (1, 2, 9, 13).

  2. Өткен уақыт туралы сөйлеу (3, 4).

  3. Зейнеткерлікке шығу туралы сөйлеу (6, 7).

  4. Туысқандарға байланысты сөйлеу (8).

Кәрілікке қатынас көрсетілген сөйлеу.

А тобы (бейімделуі жоғары деңгейлердегі) – қосымшаны қараңыз

1. Болашақ туралы сөйлеулердегі жауаптарда сынақтан өтушілер тарапынан жетістіктерді күту - 29%, («Машина жүргізуді үйренемін»), қоғам проблемаларына қызығушылық - 21% («Егер елдегі жағдай жақсы болса, мен қуанамын»), алдыңғы өмір деңгейін сақтап қалуға үміт - 21%, («Алдыңғыдай белсенді болуға үміттенемін»), туысқандар туралы ойлау - 13% («Болашақтағы менің өмірім – ол менің балаларымның өмірі») жиі кездеседі.

2. А тобындағылар өздерінің өткен өмірін бағалай отырып, өмірге қарай отырып, ойлағандарына жеткендігін - 54%. («Өткен өмірге қарай отырып, оның бекер өтпегендігі туралы ойлаймын», «Неге ұмтылған болсам, сол іске асық»), өз жоспарларымның жартылай орындалғандығын - 21% («Жақсы отбасы құрдым, бірақ балаларға аз уақыт бөлдім») атап көрсетеді.

А тобындағы егде адамдардың 17% өздерінң өткен кездегі мақсаттарының және ұмтылыстарының қате болғандықтарын («Мәні жоқ нәрсеге ұмытылған екенмін») мойындайды.

3. Зейнеткерлікке шығуға тиісті егде адамдардың пікірлерін талдау олардың 25%-ның қобалжығанын, ал 21%-ның қуанғандығын көрсетеді.

Сұхбат арқылы алынған қосымша мәліметтер А тобындағы сынақтан өтушілер үшін мүдделердің әртүрлілігі сипатты екенін белгілейді.

Олардың ішінде кітап оқу 83%, серуендеу 75%, спорт 25%, әңгімелесу 33%, достар және туыстармен осы топтағы егде адамдарға зейнеткерлікке шығуды сабырлы қабылдауға көмектеседі деп ойлауға мүмкіндік береді.


  1. Туыстармен қатынастарға байланысты сөздерінде сынақтан өтушілердің 75%-ы жақындарынан қолдау күтеді («Мен туыстарымның әрқашан қасымда болуын қалаймын»).

«Басқаларды қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелерді талдау кезінде А тобындағылардың 58%-ы басқаларды екендігі анықталды, демек қабылдауға ұмтылыс пен аффилиацияға үлкен үміт бар. Оларға басқа адамдар жалпы алғанда ұнайды, олармен арақатынастары жала және достық деңгейде. Сұхбат арқылы алынған мәліметтер осы топтағы зейнектерлердің 67%-ның араласудан толық қанағаттанғандығын, 25%-ның қанағаттанғандығын, бірақ қазір алдыңғыдан кем араласып тұруына (қатынас шеңбері тарылған) және 8%-ның араласуға уақыты жетпейтіндігін көрсетеді.

Сонымен қатар, қатынас шеңберінің таралуына қарамастан бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдар басқа адамдармен арақатынастарына қанағаттанады.



  1. Кәрілікке өз анықтамаларына бере отырып, сынақтан өтушілердің 33%-ы кәрілік – жақындар туралы қамқорлық деп мәлімдейді («Мен үшін кәрілік – бұл өз өмірімді бағалау мүмкіндігі»).

  2. Өмірдің ең үздік кезеңдері деп А тобының 42%-ы оқу жылдарын, 33%-ы қазіргі уақытты, ал 25%-ы жасөспірімдік шақты белгілейді. Жалпы алғанда бұл егде жастағылар үшін тән жағдай.

В тобы (бейімделуі орта деңгейлері)

1. Болшақ туралы айтқан кездегі сынақтан өтушілердің жауаптарында жиі тұрмыстық проблемалар - 20% («Мен үйді жөндеуден өткізбекшімін»), алдыңғы өмір деңгейін сақтап қалуға үміт - 19% («Мен бұдан кейін де осылай өмір сүрсем қуанамын»), денсаулық туралы ойлар - 14% («Мен денсаулығымның жақсы болуын қалаймын, бұл өмірдегі ең басты жағдай»), туыстар туралы ойлар - 10% кездеседі. Егде адамдардың 9%-ы болашаққа үмітпен қарайды («Мен кейінгі өмірдің қазіргіден жақсы болуын күтемін»).

2. В тобындағылар өздерінің өткен өмірін бағалай отырып келесі мәліметтерді келтіреді: өздерінің мақсатттарын жартылай іске асырғандар - 38%, өздерінің ұмтылыстары мен мақсаттарының қателегін мойындағандар - 35%, ойларын іске асырғандар - 15%.

3. Зейнеткерлікке шығу туралы сөздерді талдау, бұл жағдайға сынақтан өтушілердің 65%-ы жайбырақат қарағандығын, 25%-ы қайғырғандығын және 10%-ы қуанғандығын көрсетті.

Сұхбат арқылы алынған мәліметтер В тобындағылар әртүрлі қызығушылықтардың тән екендігін анықтады (оқу, радио, теледидар, кино, балық аулау, достарымен кездесу, үй жануарлары және тағы басқа). Бұл жағдай зейнеткерлікке шығуға деген жайбырақат қатынас үшін маңызды болып табылады.


  1. Туысқандармен қатынастарға байланысты пікірлерінде сынақтан өткізушілердің 57%-ы жақын адамдарына қамқорлық көрсеткісі келеді, ал 25%-ы жақындарынан қолдауды күтеді. Кейбір жауаптарда жалғыз қалу қорқынышы көрініп тұрады - 25%-ы («Егер менің туыстарым менімен бірге тұрса және мені ұмытпаса мен өте қуанышты болар едім»).

«Басқаларды қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелерді талдау кезінде В тобындағылардың 78%-ы басқаларды қабылдаудың орта деңгейіне ие екендігін анықтанды. Сынақтан өтушілердің 10%-ы басқаларды қабылдаудың жоғарғы деңгейі, ал 12%-ы төмен деңгейі белгіленеді. Демек, бейімделуі орта деңгейдегі адамдар үшін басқаларды қабылдауға деген ұмтылыс сипатты.

Сұхбат барысында егде адамдардың 73%-ы қазіргі уақытта кем араласатынына өкініш білдерген, бірақ жалпы араласуға қанағаттанады. Олардың 15%-ы басқа адамдармен ара қатынастарына көңілдері толады, ал 12%-ы сол қатынас жетіспейді деп есептейді.

5. Кәрілікке деген көзқарас орын алған пікірлерде В тобындағылардың 27,5%-ы кәрілікті жақындары туралы қамқорлық, 17,5%-ы сырқаттар деп санайды. Сынақтан өтушілердің 20%-ның жауаптарында өлімнен қорқыныш бар, ал 25%-ы кәрілікті жұмыстан демалу деп есептейді.

Бейімделуі орта деңгейдегі егде адамдар өз өмірлерінің жақсы кезеңі ретінде балалық шақты (30%), оқу жылдары (30%), жастық шақты (27,5%) және қазіргі уақытты (12,5%) атап көрсетеді.



С тобы бейімделуі төмен деңгейлер

1. Болашақ туралы айтылған жауаптарда өзгерулерді күтпеу - 30% («Болашақта менің өмірім өзгермейді») қиыншылықтарды күту 22,5% («Болашақта менің өмірім қиындай түседі»), тұрмыстық проблемалар – 17,5% жиі кездеседі. Денсаулық туралы ойлар 15% сынақтан өтушілердің жауаптарында орын алған. «Жетістіктерді күту» категориясы бейімделуі төмен деңгейдегі сынақтан өтушілердің жауаптарында кездеспейді.

2. Өткен өмірлерін бағалай отырып С тобындағылардың 40%-ы қолдана келген жұмыстарын істемегендігі туралы айтады. («Өз өміріме қарай отырып, мен оны жақсырақ және көңілдірек өткізуіме боларын ойлаймын»). Олардың 30%-ы жетістіктерге қарағанда сәтсіздіктердің көп болғанын («Өткен өмірге қарай олтырып, көп сәтсіздіктердің болғанын ойлаймын»), 15%-ы өздерінің өткен уақыттағы мақсаттары мен ұмтылыстарының қате болғандығын, 10% ойларын жартылай іске асырғандығын атап көрсетеді. Тек 5% ғана өздерінің мақсаттарына жеткендіктері туралы жазады.

3. Зейнеткерлікке шығуға қатысты пікірлерді талдау кезінде егде адамдардың 60%-ы бұл жағдайды ауыр өткізгендігін 30%-ы жайбырақат өткізгендігін және 10%-ы қуанғандығын көрсетеді. Сұхбат кезінде С тобындағы сынақтан өтушілер үшін пассивтік қызығушылықтар (теледидер көру, тоқу, оқу )сипатты екендігі анықталады, ал көбісі өздерінің сүйікті жұмысы жоқ екендігін атаған. Демек, қызығушылықтың болмауы зейнеткерлікке шығу процессін қиындатады, өйткені еңбектің орны компенсацияланбайды.

4. Туыстар мен қатынасқа байланысты пікірлерінде сынақтан өтушілердің 50%-ы жақындарынан қолдау күтеді, ал 30%-ы жалғыз қалудан қорқады. Жауаптарың 20%-ы туысқандарға қамқорлық көрсете біледі.

5. «Басқаларды қабылдау» шкаласы арқылы алынған нәтижелерді талдау кезінде С тобындағылардың 60%-ы басқаларды қабылдаудың төмен деңгейіне ал 40%-ы орта деңгейіне ие екендігі анықталды, яғни бұл топтағы адамдар басқалармен қызу қатынас жасамайды және өздерін қоршаған адамдарға достық сезімдері бола бермейді. Сұхбат нәтижелерін талдау бейімделуі төмен деңгейлердегі адамдардың 70%-ы қоршаған адамдармен қатынастарына көңілдері толмағандығын көрсетеді, немесе 30%-ы қанағаттанғандығын, бірақ қатынас шеңберінің таралғандығын белгілейді. Кәрілікке өздерінің анықтамаларын бере отырып, С тобының адамдарының 40%-ы кәрілікті ауыр жүк, 20%-ы өлімнен қорқыныш, 30%-ы сырқаттар деп есептейді. Бейімделуі төмен деңгейлердегі егде адамдар өмірінің жақсы кезеңі ретінде балалық шақты (40%), жастық шақты (40%) және тек 10% ғана қазіргі уақытты есептейді.

Себептік-қажеттілік шеңберіндегі ерекшеліктерін салыстырмалы талдау елеулі өзгешеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.


  1. А тобындағылардың болашақ туралы пікірлерінде жетістіктерді күту жиі кездеседі (29%), В тобындағыларда ол көрсеткіш (9%), ал С тобындағыларда 0%. В тобында жауаптардың 20%-ы тұрмыстық проблемаларға байланысты, ал А тобында 4% болады.

  2. Өткен өмір туралы пікірлерде А тобындағылардың 54%-ы өз ойларын іске асырғандығын көрсетеді. В тобында бұл көрсеткіш 15%. Ал С тобында 5%. С тобындағылар А тобы (0%) және В тобындағылармен (6%) салыстырғанда сәтсіздіктердің жетістіктерден басым болғандығын атап көрсетеді. Сонымен бірге олар (46%) В тобындағыларға қарағанда (1%) қолынан келген жұмыстарды жасай алмағандықтары туралы жиі жазады. В тобындағылардың 38%-ы өз ойларын жартылай іске асырғандықтарын атап көрсетеді, ал С тобындағылардың сол көрсеткіші (10%).

  3. Зейнеткерлікке шығуға байланысты пікірлерде С тобындағылардың 60%, А тобындағылардың 25%, В тобындағылардың 25% қобалжығандарын атайды.

  4. Туыстарға қатынасты баяндалған А тобының 75%, С тобының 20% жақындарына қамқорлық жасауды ойлаған.

С тобындағы егде адамдар (30%) А тобындағыларға (0%) қарағанда жалғыз қалудан жиі қорқады.

  1. Кәрілікті тұжырым жасау ретінде А тобының 17%, В тобының 2,5% қабылдаған. С тобындағылрадың бұл көрсеткіші 0%. А тобының 25% кәрілікті өмірдің бір кезеңі, ал 17% еңбектен демалу деп есептейді. С тобындағылардың бұл көрсеткіштері 0%-ға тең.

  2. С тобының 40%-ы кәрілікті ауыр жүк деп біледі, ал А тобында бұл көрсеткіш 0%, В тобында 10% болады.

Жақындарға қамқорлық ретінде кәрілікті анықтау С тобында сирек (10%) болады, ал А тобында және В тобында орта болады.

  1. «Басқаларды қабылдау» шкаласы бойынша елеулі айырмашылықтар анықталады. А тобындағылар жиірік (58%) басқаларда қабылдаудың жоғары деңгейіне ие, ал С тобында (0%) және В тобында (10%). А тобындағы көрсеткіш ????15бет

Басқаларды қабылдаудың төмен деңгейі С тобындағылардың 60%-на тән. В тобында 12,5%, А тобында 0%.

Сонымен, бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдар еңбектен кейінгі кезеңде болашаққа сенімділеу қарайды, өткенді оң бағалайды және басқаларды қабылдаудың жоғары деңгейіне ие.


ІІІ тарау. 2. Экспериментелдық топтардағы сынақтан өтушілердің эмоционалдық шеңберінің ерекшеліктері

А тобы (бейімделудің жоғары деңгейіндегілер)

«Эмоционалдық комфорт» шкаласы арқылы эмоционалдық шеңберді зерттеу кезінде бұл топтағы сынақтан өтушілердің 58%-ы жоғары және 42%-ы орта эмоционалдық комфорт деңгейлері анықталды. Демек, А тобындағы адамдар сабырлы, байсалды және оптимист. Қорқыныштарды зерттеу кезінде сынақтан өтушілердің 42%-ын туыстар проблемасы толғандырғандығы белгіленді («Мен өмірде балалардың бір нәрсесі ойдағыдай болмай қалды ма деп қорқамын?»). Сынақтан өтушілердің 25%-ы үлгермеушілік қорқынышымен, 17%-ы қоғамдық проблемаларды ойлаумен сипатталады («Мен нәтижесінде ауа-райы өзгере ме деп қорқамын?») Теріс эмоцияларды келтіруіші факторлар зерттеу кезінде қалау мен болмыс арасындағы сәйкес келместік (33%), туысқандардың проблемалары (25%), өткен өмірді ойлау (17%) атап көрсетілген. Сонымен бірге басқа да себептер кездеседі - 17% («Ауа райы бұзылған кезде менің көңіл-күйім де төмендейді»). Сұхбат арқылы зейнеткерлікке шығу процесіне эмоционалдық көзқарасты зерттеу барысында бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдардың зейнеткерлікке шыққан соң өмір тәрізді де көптеген оң өзгерсітерді көруі анықталған. Олардың ішінде туыстармен жиі араласу, достармен жиі болу, көп оқу, демалу, денсаулықты қадағалу және тағы басқа мүмкіндіктері аталды.



В тобы (бейімделудің орта деңгейіндегілер)

«Эмоционалдық комфорт» шкаласы арқылы эмоционалдық шеңберді зерттеу кезінде сынақтан өтуішілердің 75%-да эмоционалдық комфорттық орта деңгейі анықталған. Сонымен бірге, 10%-да жоғары және 15%-да төменгі деңгейлер кездеседі.

Қорқыныштарды зерттеу кезінде сынақтан өтушілердің 45%-ы туысқандар проблемасы, 17,5%-ы денсаулық проблемасы, 12,5%-ы қоғам проблемалары толғандырғандығы анықталған. Сынақтан өтушілердің 10%-ы артық жүк болу қорқынышы кездеседі. В тобындағы сынақтан өтушілердің 30%-да туыстар проблемасы теріс эмоцияларды, ал 25%-ы өткен өмірдің естеліктері теріс эмоцияларды келтіреді («Мен жалғыз қалғанда көңіл-күйім төмендейді»). В тобындағылар зейнеткерлікке шығуына байланысты әрі оң, әрі теріс эмоцияларды материалдық қиыншылықтардың пайда болу, араласу шеңберінің тарылу және жалғыздық сезімінің пайда болу мүмкіндіктеріне байланысты.

С тобы (бейімделудің төменгі деңгейіндегілер)

«Эмоционалдық комфорт» шкаласы бойынша нәтижелерді талдау сынақтан өтушілердің 70%-да осы шкала бойынша төмен көрсеткіштерге ие екендігі белгіленді. Сынақтан өтушілердің 30%-ның эмоционалық комфорт деңгейі орта болып шықты. Бұл нәтижелер сынақтан өтушілердің қобалжып жүргендерін және қоршаған ортаға немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. Қорқыныштарды зерттеу кезінде бұл топтағы егде адамдардың артықша жүк болудан (30%), жалғыз қалудан (30%) және денсаулық проблемаларынан (20%) қорқатындығы анықталған. С тобындағылардың 30%-да өткенді еске алу, 20% қалаумен болмыстың сәйкес келмеуі, 20%-да туысқандардың проблемалары, 20%-да сырқаттар теріс эмоцияларды келтіреді. С тобының егде адамдары негізінен зейнеткерлікке шығу нәтижесінде теріс эмоцияларға тап болады. Бұл эмоциялар жалғыздық сезіміне, қоғамға қажетсіздік сезіміне және отбасындағы абыройдың төмендеуіне байланысты. Топтар бойынша эмоционалдық шеңбер көрсеткіштерін салыстырмалы талдау елеулі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік берді.



  1. А тобындағылардың 58%-на эмоционалдық комфорттың жоғары деңгейі тән, ал С тобындағы көрсеткіш 0% және В тобындағы көрсеткіш 10%. Эмоциоландық комфорттың төмен деңгейі. С тобындағылардың 70%-ы кездеседі. Ол көрсеткіш В тобында 15%, ал А тобында 0%.

  2. А тобында бір нәрсені істеп үлгермеу қорқынышы жиі кездеседі (25%), В тобында 7,5%. А тобындағылардың 42%-ы жақын адамдар туралы ойлау С тобына қарағанда (10%) жиі кездеседі.

Артықша жүк болу қорқынышы С тобындағылардың 30%-да кездеседі. В тобында бұл көрсеткіш, 10%, ал А тобының 17% және В тобында 12,5%, бұл проблемалар қызықтырады. Туыстар үшін қайғыру В тобының 45%-да кездеседі, ал С тобындағы бұл көрсеткіш 10%.

  1. Теріс эмоциялар жалғыздық сезімі арқылы болған кезде С тобының 10%-ын қамтиды, ал А тобында 0%. Қалаумен болмыстың сәйкес келмеуіне байланысты теріс эмоциялар В тобындағылардың 12,5%-ы, ал С тобындағылардың 33%-ы кездеседі. Сонымен, бейімделуі жоғары деңгейдегі егде адамдарға эмоционалдық комфорттың жоғары деңгейі тән, ал бейімделуі төмен деңгейдегі зейнеткерлерде ол салыстырмалы түрде төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет