Мазмұны Кіріспе І тарау. Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді рухани- адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі



бет4/5
Дата21.06.2016
өлшемі456.5 Kb.
#151800
1   2   3   4   5

Ысырапшылдықақша, мал және Аллаһ Тағала тарапынан бізге берілген рызықты, немесе байлықты орынсыз жұмсау, шашу.

Үнемдеу (иқтисод) - жегенде, ішкенде, байлығын жұмсағанда, орташа жолын тауып және олардан артылғанын сақтап қорға айналдырып қою.

Ысырап қылушыларды Мусриф деп атайды. Аллаһ (Т) мусриф адамдарды жақтырмайды. Ысырапқа кері келетін амал - Сараңдық. Ысырап та, сараңдық та ислам дінінде арам.

Бұларлың біріншісі қолдағы барды шашып, орынсыз жұмсау.

Екіншісі қолдағы байлықтың пайдасын өзі де көрмейді, басқаларға да тигізбейді.

Бұл екі жолдың ортасында иқтисод (үнемділік) бар. Ислам діні барлық істерде орташа жолды-бірыңғайылықты ұстанады.

Пайғамбарымыз бір хадисінде: "Істеріңнің жақсысы орташа болу",-деп айтқан. Құран Кәрімде Алаһ тағала жомарт адамдарды мақтап былай дейді: "Олар мал сарып қылғанда, ысырапта қылмай, сараңдықта істемей, осы орталықта тұрады". (Фурқан с-сі, 67-аят). Демек олар ысырап етушілерден де, сараңдық етушілерден де емес. Қандай іс болса да сол істегі ысырап арам. Мысалы, бір оқушы өзіне керекті оқу-құралдарын-қалам, өшіргіш, дәптер сияқты заттарды артығымен: алып оларды жартылай ғана пайдаланып, қалғанын босқа тастап қойса, бұл ысырап болып есептелінеді. Егер адам бірнеше костюм немес аяқ киім алып, оларды киім пайдаланбаса, бұл да ысырап: болады. Асқанада өзің тоятын тамақтан артық тамақ алып, тауысып жемей тастап кетсең, ол да ысырап. Намаз және ғұсыл дәретін алғанда артық су пайдалану да ысырап болады. Мұндай адамдар жайында Аллаһ тағала Құран Кәрімде: "Шынында ысырап қорлар шайтанның туысы. Ал, шайтан Раббыне өте қарсы". (Исра с-сі, 27-аят).

Әр істе ысыраптан сақтанған жөн. Тіпті ғибадат еткенде де орташа болу ұсынылады. Пайғамбарымыздың сахабаларының бірі күні-түні намаз, Құран оқып, күндіз ораза ұстады. Бір күні осы кісінің әйелі пайғамбарымыздың алдына барады: "Уа Расулуллаһ. менін ерім тек ғибадатпен шұғылданады. Маған да, балаларға да қарауға уақыты жоқ. Бізді ауыр жағдайға түсіріп қойды", - деді. Пайғамбарымыз бұл сөзден кейін, әлгі сахабаны шақырып алып, ғибадатын, оразасын азайтып, отбасы мен балалары үшін уақыт қалдыруды бұйырды.

Кей адамдар тек қана мал-мүлкі емес, уақыттарында ысырап етеді. Уакыт та Аллаһ тағаланын нығыметі. Оны жақсы, пайдалы, тиімді, адал істерге жұмсау кажет.

Пайғамбарымыз бір күнді үш бөлікке бөлетін. Бір бөлігі үй ішіне, бір бөлігі ғибадатқа, ал бір бөлігін мемлекет ісіне арнайтын. Егер мемлекет ісіне уақыты жетпесе, отбасына бөлінген уақыттан пайдаланар еді, ғибадат уақытына тиіспейтін.

Құран Кәрімде "Ғасыр" сүресі: "Заманға серт,"-деген аяттан басталады. "Заманды" айта отырып, уақыттың адам баласы үшін қаншалықты мәнді екендігі еске салынады. Пайғамбарымызда бір хадисінде былай дейді: "Екі байлық бар, адамдар бұлардын қаншалықты қымбат екендігін ескермейді. Олардың біріншісі денсаулық ал екіншісі болса уақыт". Демек, адамдар бос уақыттарын ізгілікке, өнегелілікке, білім алуға, ғибадатқа арнап, дұрыс пайдаланбаса, ол адамдар уақытты ысырап еткен болады. Қиямет күнінде адамдардың өз өмірін қай жерде және қандай істермен өткізгені де сұралады. Жеуде, ішуде, киінбек те, керекті үй жабдықтарын алғанда ысыраптан ықтият болу керек. Өзімізге жететін: болса, қажетімізді өтеп тұрса артық нәрсенің керегі жоқ.

Құран Кәрімде бұйырады: "Әй Адам балалары! Әр бір құлшылық орнында зейнетеріңді алындар (киініндер) және жеңдер, ішіндер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Аллаһ ысырап етушілерді сүймейді. (Ағраф с-сі, 31 -аят). Демек, үнем таза киім киюге, адал нәрселерден тәбетің тартқанын ішіп-жеу бұйырылған, бірақ ысырап жасауға жол жоқ.

Мінез-құлық өзгере ме? деген сұраққа келейік. Бұл мәселе аясында көпшілік үш түрлі пікірге кеп тоқтайды:


  1. Адам баласының мінез-құлқы ешқашан өзгермейді. Өйткені, мінез-құлық адамның өзгертуге күші жетпейтін жаратылысы.

  2. Мінез-құлық екі түрлі: Біреуі адамның бірге жаратылған, бұл өзгермейді. Екіншісі, кейіннен пайда болған әдеттер. Бұлар өзгеруі мүмкін.

  3. Мінез-құлық кейіннен пайда болады. Сыртқы процесстерге байланысты өзгеруі мүмкін.

Ислам ғалымдары үшінші пікірді қолдайды. Яғни, адамның мінез-құлқы өзгереді. Негізінде адамзат қандай құлыққа мейілді, қабілетті болып дүниге келеді? Ғалымдар, адамзат жақсылыққа, тура жолға қабілеті болып дүниеге келеді. Сөзімізге дәлел хадис-шарипте: «Әрбір адам мұсылманшылыққа бейім, қабілеті болып дүниеге келеді. Кейіннен қоғам, ата-ана тарапынан өзгертіледі» деп бұйырылады. Адам баласының құлқының жақсылыққа бейім болуы, мінез-құлқының өзгеруіне дәлел. Тек адамның қалау күші басым болса игі. Мінез-құлықтың адам бойындағы орнынан сөз еткен екенбіз, мұның екі қырына да үңіліп көрейікші. Мінез. Адам мінезі. Күрделі әрі қызық. Қу да, сұм да, аңқау да, аңғал да тағысын тағылар-бәрі де айналып келгенде адамнан шығады. Өз мінезінен өзі таяқ жеп жүогендер қаншама?! Мінез мәйегі адамға туа бітеді. Анасының бөтен нәрестені құшақтағанын көрсе, сәбидің өзі қызғана бастайды. Сәл бір оқыс әрекет жасасаңыз, өзінше ашуланғанын байқайсыз. Ондағы осы қызғаныш пен ашу қайдан-пайда болады? Кім үйретті? Бұл адамдағы табиғи қасиет. Оны Ұлы Жаратушы сыйлаған. Сәбидегі осы тәтті қылықтар өсе келе жаман мінезге айналуы да ғажап емес. Ал енді осы тектес-түрлі қасиеттер адам болмысына не үшін дарыған?

Тереңірек үңілсек, адам табиғатындағы әр қасиеттің ерекше мәні бар екен. Мысалы, қызғаныш. Аллаһ Тағала осы өзіңнен асып бара жатқандарды көре алмай күндеу үшңн берген жоқ. Керісінше, жақсы ниетке жұмсасын деп береді. Мәселен, жақыныңды жаттан қорғау, мұсылман қыздардың бұзылуына жиіркене қарау үшін, арам пиғылдардан қызғану үшін берілген. Ендеше, жөнін білсе, қызғанышпен адамға пайдасы да бар. Жанашыр жақынға деген қызғаныш болмаса, бұл көкірегі шала бақсыған ездік, намыссыздық емес пе? Сол секілді ашуды да жаман қасиетке байламаңыз. Оның да өз орны бар. Ашу ұлтыңды, дәстүріңді, туыңды, мемлекетіңді, дініңді қорлатпай қасқая қарсы тұру үшін берілген. Ашу болмаса адамның ынжық, бүгежек, қорқақ, сатқынға айналуы түк емес. Ашу-намысты оятатын рефлекс. Яғни, ақиқат үшін өрісі биік ашу болмаса, адам адам бола ма? Сахабалардан бір мысал бере кетейік, Хазіретті Омар (р.а) мұсылман болғанға дейін түйелермен күресіп, әркіммен бір төбелесетін қызба мінезді, өте ашушаң, қатал кісі еді. Жаңа Ислам дінге кіргеннен кейін бұл мінезді жақсылыққа айналды. Ешкімнен қорықпайтын батылдығымен езілгедердің қорғаушысы болды. Қара қылды хақ жарар әділдікке келгенде күнде күркіреп, алмастай жарқырады. Әділетсіздікке жаны шыдамады. Ендігі жерде қайырымсыздықты, кісі ақысын жеуді, әлдінің әлсізге тізесі батқанын көре қалса қатты ашу шақыратын болды. Оның мінезі осылай өзгерді. Сонысымен де Ислам тарихиындағы «Ең әділетті басқарушы халифа» атанды. Қандай да мінезді жақсы қырынан ашу, игі мақсатқа бағыттау адамның өз қалауында. Осы тұрғыда бұдан өткір мысал айту қйын.

Парасаттылық пен қулық. Біле білсеңіз, екеуігің де түп тамыры, дәнегі бір. Көктеуі сізге байланысты. Егер ақыл-айлынды өзгелер өмірім қаппаса одан ары, әйтеуір, өзім аман болайын деп жақсылығыңды қара басыңнан асырмай пайдалансаң, ол-қулық. Ал егер ақылың ақылың мен айлаң еліңді қиын-қыстаудан алып шығу үшін жараса, онда бұл-қулық емес, парасаттылық, тіпті, көргендік.

Тәкәппарлақ пен өрлік. Бұл да негізгі бір қасиет. Бірақ, екі бөлек көрініс береді. Көлеңке мен күнге іспетті. Егер өзіңді әрдайым өзгелерден жоғары санап тек «мен» деп тұрсаң, онда бұл тәкәппарлық. Ал егер «Өзгеге берген ақылды Құдай тағалам маған да берген, олай болса мен кімнен кеммін» деп өз-өзіңді ширатуға қолдансаң, онда бұл өр мінезділікке айналмақ.

Қырсықтық пен қайсарлық. Екеуі де бір дәннен шығады. Қалау сізде. Шындыққа бас имей, жақсылыққа жуымай, тоңмайындық танытып, өзіңнен басқа ешкімді таңдамасаң, ол-қырсықтық. Ал, сол өжет мінезіңді қыңырлыққа жеңдірмей, адамдық, ақиқат үшін қылша мойным тылша деп қажырлы күреске салсаңыз ол- қайсарлық.

Ынжықтық пен кішіпейілдік те-бір мінездің екі түрлі құбылығы. Егер адам әт нәрсеге бас шұлғып, әркімнің дегенінен аса-алмай, көрінгенге күлкі-мазақ болса-бұл ынжықтық. Ал өзін биік ұстай тұра «ұлық болсаң, кішік бол» деген қағидаға бас исе бұл-кішіпейілділік.

Демек, Ұлы Жаратушымыз адам болмысына түрлі қарама-қайшы қасиеттердің мәйегімен дәнегін бекерге сеппеген. Ерік тізгінін өз қолына ұстап, сынау үшін берген. Мысалы, «мен» деген сананы мақтан үшін емес, өз кінәңді өзің «мен сітедім» деп мойындау үшін берген. «Мен» ді дұрыс қолдансақ-ізгілік, теріс қолдансақ «менмендік» туады. Біреуден кінә іздеу дағдысы да жетістікке қол жеткізсе «менен» яки мүлт кетсе «сенен» деу үшін берілмеген. Қайта жетістікті өзгеден, кемшілікті өзіңнен іздеу үшін қолдансын деген. Әр қасиетті игі іске арқау етіп, жақсы адам болу да, жаман пиғылмен іске асырып жаман болу да-бәрі өз қолымызда. Ерік өзімізде. Ендеше, ойлана келсек мінезлің өзгеруі әбден мүмкін екен. Ұлы Абай: «Егер заң күші қолымда болғанда мінез өзгермейді деген кісінің тілін кесер едім» дейді. Олар өздерінің парасаттылығымен өмір ағымындағы тәжірибеден көп көрген.

Ғалымдардың пікірлері бойынша, мінез-құлық өзгереді. Ешкімнің мінезі жаратылысындағыдай болып алмайды. Кейіннен өзгереді. Егер мінез-құлық өзгермейтін болғанда, пайғамбарлардың алып келген діндері пайдаға аспайтын, қажетсіз болар еді. Ғалымдардың қанатты, тәрбиеге байланысты сөздері сынағы болмас еді. Бұлай болғанда жаратушының сынағы болмас еді. Бүкіл ғалымдар өз ұрпақтарына жақсы тәрбие берген және тәжірибеде пайдалы болғандығын көрген. Олай болса, мінез-құлықтың өзгеретіні күндей ар-айқын. Бірақ кейбір құлықтар бар, рухқа сіңіп, орналасып алған. Мұндай мінездерді өзгерту, қиындыққа әкеп соғады. Бұл мінездер көбіне надан, көргенсіз кісілерде болады. Мұндай кісілер өзгер үшін табандылық көрсетуі, ықылысты болуы керек. Адамға Аллаһ Тағала адамға ақыл, ерік сияқты ұлы нығметтер берген. Бұл нығметтерді дұрыс бағытта пайдаланғанда ғана адам өз нәпсісін тазартып, рухани шыңдалған болады.

Өз қолыңмен бұзып жатсың өзіңді

Аллаһ көркем жаратқан еді сені...

Жаратушы иеміз бізді жақсы көреді. Жақсы көргендігі үшін бізге сансыз нығметтер беріп, оң мен терісті үйретті; даналығын білдірді. Дін-дүние және ахыретте бақытқа жеткізу кілті. Ал, ол бізге сол бақытқа жетуіміз үшін бағыттар көрсеткен. Сол бағытпен жүру біздің қолымызда, алдамшыға қызығып, мәңгіліктен қол үзіп қалмауға тырысқанымыз жөн.

Ислам дәстүрлері негізінде жеткіншек жастағы адамгершілік тәрбиесі ислам қағидаларына жүгінеді. Сонау жеті ғасырдың бастау алатын діннің қалыптасқан қағидалары, уақыт үлесіне қарай ұласатын өміршеңдігі мен қуылды. Өзіндік салт-дәстүрі бар қазақ халқы үшін ислам дініндегі қағидаларжанына қабыса алды. Адалдық, әділеттілік, кешірімшілдік, шыншылдық, ар-ұят, жауапкершілік, тіл тәрбиесі, аманат, т.б. сияқты қағидалар халықтың адамгершіліктің мұратының ұсталымы бола біледі. Халықпен жасасып дамып отырады. Адамның адами келбетіне деген талап қоғам талабына байланысты жаңа үрдістерде, жаңаша мазмұнмен толықты. Қазақ халқының тәлім-тәрбиесінде бұл қаидалар ұлттық мәдениетінің сан-саласының өзегі болып, тәрбие негізі болды. Ар-намыс қағидасы барлығынан жоғары тұрды. «Сондықтан малым-жанымның, жаным-арымның садақасы» деген сияқты ой-тұжырымдар пайда болды.

Ислам дәстүрлеріндегі адамгершілік қағидалардың өміршеңдігін бүгінгі халқымызды бұрынғысы мен бүгінгісін сабақтастыру абзал. Ол үшін адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын, даму заңдылығын, ерекшеліктерін, әдістерін белгілеместен бұрын, халқымыз ғасырлар бойы нәр алып келген ислам дәстүріндегі адамгершілік қағидаларды анықтай, оларды зерделей түсіп, оларды оқу-тәрбие жүйесіндегі жаңа жолдарын айқындау қажет.

Ислам дәстүріндегі адамгершілік қағидалар адамзат тарихымен бірге жасасып, қоғамдық қызмет атқарып келеді. Ол өзінің қалыптасу, қоғамдық қарым-қатынастардың, саяси-әлеуметтік, ұғымдардың, көзқарастардың, қатынастардың, мүдделердің адамгершіліктік өлшемін бойына жинаған.

Жеткіншек жастағы оқушыларға міндетті түрде адамгершілік қағидаларды танытып, ол туралы кез-келген пәндік сабақтарда сабақтастырып, талдап отырған жөн. Бұл қағидалар адам баласының адамгершілік өлшемі болатынын сезінту қалыпты жағдай. Бұл жеткіншіліктің сезімдік ерекшеліктері мен сезім қасиеттерін қалыптастырады. Сезім ерекшеліктеріне сезім қозғыштығы, сезім тұрақтылығы, сезім қарқыны жатады. Сезімдік ерекшеліктер мінез-құлыққа, адамгершілік сезімдік қасиетіне сапалы ісер етеді. Сондықтан адамгершіліктік қағидалар адамгершіліктің адамгершіліктік сезім, сала, мінез-құлыққа әсер етіп әлеуметтеледі, әрі мәнді сипатқа ие болады. Сондықтан, оның адам баласын тәрбиелеудегі маңызы зор.
ІІ тарау. Жеткіншектердің рухани – адамгершілігін қалыптастыруда Ислам дәстүрлерін пайдаланудың көріністері
2. 1. Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектердің рухани – адамгершілігін қалыптастыруының тәжірибелік көрінісі
Ахлақтық мінез- құлық – Ислам дінінің адамгершіліктік рухани саласымен ерекшеленіп көзге түседі. Мұнда адамзат өмірінің бес сатысына да қажетті әрі маңызды қағидаттар берілген. Бұл қағидалар арқылы адам өз өмірін жүйеге келтіру, өзін- өзі тәрбиелеу жолдары, қоршаған орта әсерімен тәрбиелеудің бағыттары, әдіс- тәсілдерімен қоса көрсетіліп, бақытқа жету кілті ұсынылған. Сондай- ақ ахлақтық танымның рухани- адамгершілікке тәрбиелеу тұрғысынан берері мол. Ахлақтық мінез- құлық – жеткіншектік адамгершілік туралы танымымен, сезім және ол туралы адамгершілік сана дамуымен байланысты. Адамгершіліктік таным, адамгершіліктік мінез- құлықтық болуының кепілі дей алмаймыз. Діни тұрғыдан алынған ахлақтық танымды жеткіншек бірден мойындай қоймайды. Ол сол білген танымдық материалдарының өзін зерттеп, толқу үстінде болады. Арнайы дінтану пәнінің өтілмеуіне байланысты дінтанудың қарастыратын негіздерінің бірі – ахалақ туралы арнайы түсініктердің берілгені жоқ. Оны түрлі тәрбие сағаттары немесе сыныптан, мектептен тыс жұмыстар арқылы жүргізуге болады. Мұнда жеткіншектердің адамгершілікке байланысты негіздері қарастырылады.

Рухани- адамгершіліктік мінез- құлыққа байланысты биліктер – кітап, сүннет, жинақтау және салыстыру сияқты төрт бастаудан алынады.

1. Кітап – Алланың тарапынан Жәбірейіл ғ.с. дәнекерімен арабша сөз және мағына ретінде Мұхаммед Пайғамбарымызға түсірілген, Кітапқа жазылған сөздер – Құран Кәрім. Құран Кәрім Исламдық биліктің алғашқы қайнар көзі.

2. Сүннет – Пайғамбарымыздың Құраннан тыс болған сөз және әрекет, мақұлдаудан тұратын жақсы мінездемесі.

- Сөз сүннеті – Пайғамбарымыздың сөздері;

- Әрекет сүннеті – Пайғамбарымыздың ісі мен әрекеті;

- Мақұлдау сүннеті – Пайғамбарымыздың басқалар орындаған істерді көрген кезде немесе айтқан сөздерін естігенде үн шығармай, оларды жөн деп санауы.

3. Жинақтау – Мұхаммед Пайғамбарымыздың қайтыс болғаннан кейінгі әрқандай бір дәуірде дін биліктері жайлы дінтанушы ғалымдардың ортақ пікірге келуі.

4. Салыстыру – Кітап, Сүннет, Жинақтауда белгіленіп көрсетілмеген діни мәселелерге орай салыстырмалы жағдайда осы қайнар көздердің бірінде болған жарлыққа билік беру.

Рухани- адамгершілік мінез- құлық діннің негізінің бірі ретінде Кеңес дәуіріне дейін медреселерде оқытылды. Мешіттерде, медреселерде діннің бір негізі ретінде насихатталып айтылды. Осыған сай адасдар өз мінез- құлқын ахлақ талаптарына сай реттеп отырды. Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов т.б. қазақтың көрнекті ойшылдары ахлақ туралы хабардар болып қана қойған жоқ, ол туралы өз істерімен, мұраларымен өнеге көрсетті. Ахлақтық сана жетілуінің үлгісі бола білді. Бүгінгі оқу-ағарту жүйелерінде халықтық педогогикасының оқу-тәрбие ісінде өзекті орын алуымен қатар, сол халықтық педогогикаға өзек болған дін туралы да мәліметті, ахлақтық талаптар, міндеттер, оларды реттеп отыру туралы кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Қазақ халқы біз қарастырып отырған он үш, он алты жас аралығындағы жастарды қатты қадағалап қойған жоқ, сонымен қатар азамат ретінде үмітін ақтаушы болашағы деп жауапкершіліктер артты. Бұл кезеңдегі оқушыларға «Мен» тұлғалық келбетіне деген жауапкершілігі, «ата-анасы, туған- туыс, ағайындарына» деген жауапкершілігі, «мемлекет» алдындағы жауапкершілігі сияқты тақырыптарда жеке басына қатысты борышы мен парызы туралы халықтың сарқылмас мол қазынасы, ауыз әдебиеті, әні мен өлеңі, жыры мен дастаны, әңгіме- сөз, үлгі- өнеге және т.б. формаларда насихаттау мейірімділік, талапкерлік, ұлт, ар- намыс және т.б. адамгершілік қағидаларын меңгереді.

Жетекшілік кездегі оқушылар өзінің қандай екенін, қабілеті мен мүмкіндігін білгісі келеді. Көпшілік көзіне түсіп, өзінің батылдығын, өжеттігін, тұлғалық т.б. қасиеттерін сынап көргісі келеді. Міне, осындай кезеңдерде олардың адамгершілік туралы ой- пікірлерін анықтауда сауалнаманың берері мол. Ол біріншіден, рухани- адамгершілік туралы ойын анықтауға мүмкіндік береді; Екіншіден, бұл сауалнамалар арқылы болашақтағы бағдарға, жұмыстарды белгілеуге бағдар болады.

№ 1 Сауалнама. 5 сынып.

1. Адамгершілік деген не? Ол туралы не оқыдың? 2. Адам рухындағы орын алған жақсы әдет деген не және ол не үшін қажет? 3. Адам рухындағы жаман әдетке не жатады, одан арылу үшін не істеуге болады? 4. Адам өзінің ахлақтық мінез- құлқын өзгерте алады ма? 5. Исламдағы ахлақ немесе адамгершілік деген не?

№ 2 Сауалнама. 6 сынып.

1. Ең тамаша ахлақ үлгісін кімнен көруге болады және ол туралы не оқыдың? 2. Адамгершілік міндеттерді белгілеген кім және ол не үшін қажет? 3. Адамзатқа ахлақ не үшін қажет және қоғамдағы маңызы қандай? 4. Адамгершіліктің ақыл мен ілімге, шығармашылық пен кәсіптегі орны қандай? 5. Игі ахлақ иесі болуға не қажет? (Сенім мен ғибадаттың ролі)

№3 Сауалнама. 7 сынып.

1. Исламдағы адамгершілік бізден нені талап етеді немесе ахлақи міндеттер туралы не білесің? 2. Жеке басымызға байланысты міндеттеріміз туралы ойың қандай? 3. Ислам дініндегі тиым туралы не білесің және оны сақтау қажеттілігі туралы пікірің? 4. Тән алдындағы міндеттер туралы не білесің және оны орындау міндеттілігі неде? 5. Рух алдындағы міндет және оның маңыздылығы туралы не айтасың?

№ 4 Сауалнама. 8 сынып.

1. Аллаһ және Пайғамбарымыз алдындағы міндеттер туралы не білесің және оның адам баласына қажеттілігі қандай? 2. Тән мен рух алдындағы міндеттер мен қағидалар туралы не білесің? 3. Адамгершіліктегі тілдің орны мен оны тәрбиелеп, түзету қажеттілігі қандай? 4. Отбасының біз үшін маңыздылығы және ол туралы Исламда не айтады? 5. Бауырлардың, ата- аналардың өзара парыздары қандай?

Толғандырып жүрген ойлар немесе Ислам дініндегі адамгершілік туралы ой- толғанымдар педагогтарды, ата- аналар қауымын толғандырары сөзсіз. Осы кезеңде жеткіншек үшін отбасынан гөрі өзгелерден түсіністікті, мақұлдауды қажет ететін бұл кезең үшін сауалнама арқылы ой- пікірлер деңгейлері анықталып қана қоймай отбасы мүшелерімен қоса, баса назар аударылатын мәселелер анықталады. Сауалнама тікелей әрбір оқушымен жеке жұмыс істеуге негіз болады. Осы саладағы білімділікті көтеру, оны қажеттілігі мен маңыздылығы, өміршеңділігі дәлелдене түседі.

Жеткіншек кез- келген ойлардың нақты іс- әрекеттерде байқап көруге бейім тұрады. Шылым, есірткі, арақ ішу т.б. келеңсіз көріністерге бой алдыруға бейім тұратыны белгілі. Адал мен харам, адамның тәні мен рухына залалы туралы ғылыми дәлелденген деректермен салыстырмалы түрде түсіндіру қоғам алдындағы міндет.

Адамгершілік міндеттері мен қағидалары туралы дұрыс түсініктерді қалыптастыру үшін мектепте «Адамгершілік мұраттар» мектебінің (үйірмесінің) жұмыс бағдарламасы істегені тиімді. Мұндай үйірмелер:

- Пікірсайыс;

- Адамгершіліктік тағлым;

- Адамгершіліктік әрекеттер көрінісін – дөңгелек үстелдерде өзара талқылау сияқты мәселелерді қамти отырып жүргізуге болады.

«Адамгершілік мұраттар» мектебіне 5 – 8 сыныптар қамтылады, тәрбие мектебі әр сыныппен төрт жыл бойы жұмыс істейді.

Мақсаты: Ислам дәстүріндегі адамгершілік туралы мәлімет беру; Рухани- адамгершіліктік саласын, мінез- құлқын, көзқарасын қалыптастыру.

Мазмұны: Оқушылардың ахлақ туралы білімін тереңдету, ынта- ықыласын, ниеті мен сенімін арттыру, адамгершіліктік міндеттер, қағидалар туралы өзіндік ізденістері немесе өзіндік пікірлерін, өзін- өзі реттеу, түзету жұмыстарын қолға алу, биік адамгершілік мұраттарды орындауға даярлау.

Түрі: Теолог ғалымдар, қайраткерлер, көпті көрген қариялар, зиялы азаматтар, пікір алмасу, Құран, сүннет және діни ахлақ жайындағы әдебиеттер, ахлақтық мәселелердің халық ауыз әдебиетіндегі үлгілері, адамгершілік туралы әңгімелері, пікір- сайыстар, поэзия кештері, дөңгелек үстелдер т.б. ұйымдастыру.

Нәтижесінде: Адамгершілік туралы дұрыс түсінік қалыптасқан, өзін- өзі тәрбиелей алатын, биік адамгершілік мұраттарды орындауға атсалысатын өзіндік ой- пікірі мен адамгершілік мінез- құлқы қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуге жетелеу.

«Адамгершілік мұрат» мектебінің жұмыс істеу барысында рухани- адамгершілік танымның деңгейін анықтауға байланысты сұрақтар тізбегі

- Исламдағы ахлақтық мінез- құлық деген не?

- Ислам дәстүріндегі ахлақтың маңызы неде?

- Жеке адам үшін ахлақтың маңызы неде?

- Ахлақтың адам жан дүниесіне әсері қандай?

- Ахлақи міндеттеріміз нешеу?

- Аллаһ, Пайғамбар алдындағы міндеттеріміз қандай?

- Тәніміз бен рухымыз алдындағы міндеттеріміз қандай?

- Жақсы және жаман мінез- құлықтарымыз қандай?

- Сөйлескен кездегі адамгершілік қағидалары қандай?

- Ислам дәстүріндегі отбасының маңызы қандай?

- Ата- ананың балаларына деген міндеті қандай?

- Баланың ата- ана алдындағы міндеті қандай?

- Туған- туыстарымыз алдындағы міндетіміз қандай?

- Көршілерге деген міндеттеріміз қандай?

- Отанға және ұлтқа сүйіспеншіліктің маңызы неде?

- Ислам дәстүріндегі бірлікке берілетін маңыз қандай?

- Ислам дәстүрі бауырластық пен кішіпейілдік жөнінде не айтады?

- Ұлттық бірлік пен бүтіндікті қамтамасыз ету үшін атқаруға тиісті міндеттеріміз қандай?

- Мемлекеттік нышандарға қатысты міндеттеріміз қандай?

- Аға ұрпақты неліктен құрметпен еске аламыз?

- Мемлекет алдындағы міндетіміз қандай?

- Жалпы адамзат алдындағы міндетіміз неде?

- Қонақтар мен достарымыз алдындағы міндеттеріміз?

- Жан- жануарлар, айналадағы барша тіршілік иелері алдындағы міндеттеріміз қандай?

2. 2. Ахлақтық міндеттер, қағидалар, биліктерді орындауда сенімнің ролі
Сенім мен адам болмысы арасында үлкен байланыс бар. Доктор Генри Линк «Дінге оралу» атты кітабында АҚШ- та психологиялық зерттеулер бөлімінің бастығы ретінде 15 321 әйел мен ер адамдарға зерттеу нәтижесі мен 73 226 психологиялық тестінің қорытындысын былайша келтіреді: «Бір дінге сенген және құлшылық орындарына үнемі барып тұрған адамдарда тұлғалық қасиет пен мінез, дінсіз, сенімсіз адамдарға қарағанда берік әрі жоғары болмақ.»

Дейл Карнеги «Уайымды таста, өмір сүруіңе қара» атты кітабыда уайым- қайғының алдын- алу шараларының бірі ретінде мыналарды жазған: «Бүгін жарты сағаттық тынығуға уақытымды бөлемін. Бұл кезде Жаратушыны ойлаймын.»

Психология мамандары дұға мен қуатты сенімнің реніш, уайым мен қорқынышқа жол бермейтіндігін дәлелдеген. Бұл үшеуі де (реніш, уайым, қорқыныш) науқастануға басты себептер болып саналады. Психиаторлардың ең атақтыларының бірі Доктор Карл Юнг «Modern Man in Search of Soul» атты еңбегінде былай деп жазады: «Соңғы отыз жыл ішінде дүниенің түкпір- түкпірінен мені іздеп науқас адамдар келді. Олардың көпшілігін қолымнан келгенше емдеп жібердім. Солардың ішіндегі отыз жастан асқандарының ауруға шалдығуының басты себептері діни сенімнің жоқтығынан туындаған. Олар өмірге діни тұрғыдан қарамай, діндар жолдастары сияқты әрекет етпегендігінен. Олар діни сенімдеріне қайта оралмай, толығымен шипа таба алмайды.»

Нобель сыйлығының иегері Доктор Алекс Каррел «Readers Digest» журналына жазған мақаласында: «Бір адамның істей алатын ең күшті ісі – дұға. Дұға - әлемнің тартылыс күші сияқты шынайы құдірет. Ешбір ем пайда бермеген жағдайда, адамдар тек қана дұғаның күшімен ауруларынан айыққандарын көрдім.» дейді.

Жак Ковалиер «Pascal» атты шығармасында: «Аллаһтан ұзаған, оны іздемеген адам не өзінде, не өзгеде ақиқатты және бақыттылықты таба алмайды.» деп жазған.

Сондай- ақ, сенім – жеке басымызға байланысты міндеттерді атқаруда орны ерекше. Жеткіншек өзіне және өз мүмкіндіктеріне ғана сенім үйретуі қажет. Осы орайда, тән және рух алдындағы міндеттерін орындап, жетілдіріп, нығайтып отыру керек.

Тән алдындағы міндеттердің бірі – пропорционалды немесе шақтап қоректену жатады. Тәннің сау және мықты болуы осыған байланысты. Тамақтану әдебін ғана емес, тамақтану кезінде сақталатын шарттарды, тамақ әзірлеу кезіндегі әдеп- жөнді білуі керек. Осындай мәліметтерден сауатсыздық, тәнді жетілдіруге деген қиянат болмақ. Тәнге зиянды азық- түліктен, харам нәрселерден тиылу да тән алдындағы ахлақтық міндеттерімізге жатады.

Жеткіншектер өз денсаулығын қорғау міндетін білгені жөн. Осыған байланысты тәнді шынықтыру, түрлі аурулар мен зиянкестен қорғау және ол үшін алдын- алу шараларын қолдану, ауырған жағдайда емделу, аурудың алдын- алу шараларын орындау міндеттерін толықтай үйреніп, іс жүзінде қолдануға түсіргені өзіне де, қоғамға да пайдалы іс- әрекет болмақ.

Тән алдындағы келесі бір міндет – тазалық сақтау. Киімі, тәні, қоршаған ортасы, айналасы таза болуы керек. Бұлар жеткіншектің күнделікті есінде болар және орындайтын ережелеріне жатады.

Рух алдындағы міндеттерге тоқталар болсақ, бұл адамның өмірлік жүйесін реттеудегі ең негізгі де қажетті шарттарының бірі. Жеткіншектің рух алдындағы міндеттері мына төмендегі кестемен беріледі:

Сенімнің жанұя тыныштығын сақтауда да ролі орасан зор. Атақты ғалым Домениен «Ажырасу» атты кітабында: «Діни дәстүрлер бойынша жасалған некелердің басқаларға қарағанда аз ажырасумен нәтижеленетіндігін» айтады. Сол шығармада сенімі жоқ адамдарда ажырасу дәрежесінің өте жоғары екендігі статистикалармен дәлелденіп көрсетіледі.

Ислам дінінің иман негіздері мен шарттары жеке тұлғаның қалыптасуына берер әсері мол. Ең алдымен Ислам діні ұлт меншігіндегі дін емес. Ол адам таңдамайды. Мейлі ол қара болсын, ақ болсын, бай болсын, кедей болсын бөліп жармайды. Исламият бүкіл ғаламдық дін болғандықтан, ұлтшылдықты, нәсілшілдікті қоштамайды. Бір ұлттың немесе нәсілдің басқаларға үстемдігін қабылдамайды, Аллаһ Тағала жаратқан адамдардың бәрін бірдей тең көреді. Үстемдікті тек моральдік, рухани, ахлақи сапаларда іздейді яғни, таза адам, адал адам, тақуалықты берік ұстайтын адамның ғана жаратушының алдында дәрежесі жоғары болмақ. Адамдарды қорлаған, тәкәппарлық жасаған залымдардың қай ұлттың өкілі болғаны түкке керек емес. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде, «Хужурат» сүресінің, он үшінші аятында былай деп бұйырады: «Ей адамдар! Шынында сендерді бір еркек пен бір ұрғашыдан жараттық және бір-біріңмен танысуларың үшін сендерді қауымдарға әрі ұлттарға бөлдік. Ал, Аллаһтың құзырында ең қымбаттыларың, Одан ең көп қорқатындарың! Күмән жоқ, Аллаһ біледі, Ол әрнәрседен хабардар!»

Демек, ұлт дегеніміз бір-бірімізді танудың құралы, бөлу, қорлау, дискриминациялау үшін емес. Өйткені, адам бұл дүниеге қай ұлттың өкілі болып келетінін білмейді.

Ислам діні таптырмас рухани азық болып табылады. Рухы бай адам әрқашан биікте тұрады. Рухы аш адамның адамгершілік қасиеті де төмен болады. Тарихта рухани азыққа мән бермеген жеке тұлға болсын, тіпті қоғам болсын азғындыққа ұшырап, езіліп- жаншылып отырған. Ондай тұлғалар ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, өмірдегі өз орнын жоғалтқан. Рухани дүниесі бай адамдар тарихқа өз аттарын алтын әріптермен жазып, ұрпаққа өшпес із қалдырған. Қазақта рухани азықтың көзін діннен іздеп, еңбектерінде жазып келген ақын- жазушыларымыз кенде емес. Кезінде аталарымыз, рухани азықтың негізі болып саналатын дін үшін кез- келген қиындыққа бас тіккен. Оның айғағы ретінде қоғам қайраткері Мұхаммеджан Тынышбаевтың Ресей империясының Министрлер Кеңесінің Төрағасына жазған хатында ең алдымен дінге байланысты мәселені қозғағандығын көрсете аламыз. Сол хатта: «Әрбір шенеунік біздің дініміздің ішкі ісіне араласуды парыз деп санайды. Мешіттер мен мінәжат орындары жабылады, Құран мен дініміз қорланады. Біздің балаларымыз оқитын мектептердегі өз дінімізді оқытуға салынған тиым, әкімшіліктердің біздің ел арасында христиандықты уағыздап жүрген миссионерлерге деген қарқындығын талап етушілердің қуғынға ұшырап, түрмеге қамалуы, осының бәрі қазақ даласында орын алған заңсызықтар мен зорлық- зомбылықтардың бірер мысалы ғана.

- Діни- рухани мәселелер бойынша қазақтарға толық бостандық берілуі тиіс;

- Мешіттер, медреселер және өзге мінәжат орындары орыс басшылығының қандай да бір рұқсатынсыз салынуы тиіс;

- Қазақ, араб және татар тілдеріндегі кітаптарға салынған цензура жойылуы тиіс» деп дінге көрсетілген қыспаққа қарсы бас көтерген. Олардың осылай шырылдап жүргенінде үлкен негіз бар. Бұл жерде Міржақып Дулатұлының: «Әуелі үйренетін бір ғылымың,

Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың,

Шарттарын Исламның кәміл білсең,

Ақыреттік азық берер шын ғылымың» -

деген өлең жолдары біраз нәрсені айқындап береді.

Ислам дәстүрінде Аллаһтың сөздері – Құран мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ғ.с. хадистеріне сүйене отырып, шариғат заңдарын толық орындаумен айқындалады. Адамдардың адамгершілікті ұстап, Аллаһ Тағаланың айтқандарымен жүруге, қайтарғанынан тиылуға үйретеді. Мұсылмандық әдеп сияқты шектегеннен тиылу да басты борыш.

Ислам дәстүрінде тиымдарға байланысты он ереже белгілі.

Тиымдарға байланысты он ереже: Дүние – ережелер мен заңдылықтардан құралған жүйе. Айналамыздағы көзімізбен көріп, сезім мүшелерімізбен сезіп білетін заттар қаншалықты бар және шындық болса, көзімізбен көре алмаған, сезім мүшелерімізбен сезе алмаған нәрселер де сондай бар және шындық. Егер оларды білмейтін болсаңыз, әсерін сезесіз. Мысалы, ақыл, үрей, сүйіспеншілік, мейірім, т.б. Егер өмірдің осындай шындықтары туралы мағлұматыңыз жоқ болса, бұл сіздің немесе басқалардың қателігі деген мағынаға келмейді. Өмірде әрбір тұлға тал бесіктен жер бесікке дейін – үйренуші. Сондықтан әркім өмірдің өрнектелген қағидаларын білуге тиіс және сол қағидаларға сай қарым-қатынас жасау керек, әрекет ету керек. Төменде сіздерге арнап, өміріңізді түрлендіре алуыңыз үшін, мәнді ете білу үшін үйренуге болатын он түрлі тиым ережесін ұсынамыз.

1 ереже. Не ексең, соны орасың. Себеп және нәтиже өмірдің негізгі қағидаларынан болып табылады. Не ексең, соны орасың. Тек сыртыңды сылап-сипасаң, сыртқы көрінісіңді ғана тәрбиелеп өң берсең, тексіздікті табасың, ал руханиятыңа сіңіре отырып, рухыңды тәрбиелесең, бұдан тектілік, адамгершілікпен қатар мәңгілік өмірге ие боласың. Демек, ақынның ескертпе өлеңіне құлақ түрсек теріс болмас:

Сыртыңды сыланасың өң беріп,

Ішіңнің түзетпейсің қатасын.

Айла мен алдағанды жөн көріп,

Адамды аң орнына атасың...

Бұл ережеге байланысты мынадай әрекеттерді мысалға бере аламыз: Егер темекі шексеңіз, жөтелесіз, тіпті өкпе рагына да ұшырауыңыз мүмкін. Қаржыңызды беталды жұмсап, шаша берсеңіз, қажеттіліктеріңізді қамтамасыз ете алмай, аштық шегуіңіз мүмкін. Ал мысалды керісінше айтсақ, егер жақсы тамақтанып, жүйелі түрде жеп-ішсеңіз, тазалығыңыз орынды болса, тұмауға немесе басқа ауруларға аз шалдығуыңыз мүмкін. Егер қаржыңызды ақылмен қолдансаңыз, қарыздарыңызды да өтейсіз әрі азық-түлікке де ақшаңыз жетеді.

Бірақ, кейде адамдар не ексе, соны ора бермейді. Мысалы, қарызданған кезіңізде, қалтаңызды олай-бұлай шашқаныңыз үшін төлей алмай қалып, орныңызға әкеңіз төлейді. Сонда қиыншылықтан құтқарып отырған әкеңіз, ал сіз оңай құтыласыз. Міне, осы мысалдағыдай «не ексе, соны ору» ережесі кейде теріске шығуы мүмкін және көбінесе бұл ереженің теріске шығуына себепші болатындар, өмірде «белгілі тиым (шек қою) ұстанымдары жоқ» жандар. Егер де біз адамдарды қасақана қайта- қайта жасаған қателіктерінің қиыншылықты нәтижелерінен құтқарсақ (бұл игі іс, әрине бірақ), олардың жауапкершілік сезімдерінен жұрдай болуына жол ашамыз. Біз оларға керісінше, қалай құтылудың бағытын, жөн- жоралғысын көрсетуіміз қажет (Сөзбен, іс- әрекетпен...).

«Не ексең, соны орасың» ережесін, «Себеп және Нәтиже» ережесі деп атауымызға да болады. Тиымдар, «егу» ісін орындаған кісіге, «ору» ісін де орындауға мәжбүрлейді. Қолданылатын жалғыз шара, басқалардың «егу, ору» мәселелеріне араласпау.

2 ереже. Жауапкершілік. Адамдар өз өмірлеріне байланысты тиымдар немесе жауапкершілікті сезіну туралы әңгіме болғандығын естігенде көбінесе: «біз бір-бірімізді сүюіміз және бір-бірімізді ұмытпауымыз қажет» дейді. Бірақ, біреуге бір жақсылық жасаса, өздерін «кінәлі» сезінеді. Ал, бұл жауапкершілікке жаңылыс тұрғыдан қарау болып саналады.

Жауапкершілік ережесі өзгелерді де сүюді талап етеді. Өзгелерді сүймеген әрбір уақытымызда, жауапкершілік міндетімізді толық орындамаған боламыз, өз жүрегімізге ие бола алмаған боламыз.

Жауапкершілік тиымдары қарастырылатын болса, көптеген мәселелер туады. Бір-бірімізге ұқсауымыз керек емес, бір-бірімізді сүюіміз керек. Мен сіздің орныңызға сезе алмаймын. Мен сіздің орныңызға ойлана алмаймын. Сіздің орныңызға әрекет ете алмаймын. Тиымдардың сізге әкелген ауырлығын мен жеңе алмаймын. Қысқасы, мен сіздің орныңызға өсе алмаймын, мұны тек өзіңіз ғана орындай аласыз. Тура сол сияқты сіз де менің орныма жоғарыдағылардың ешқайсысын жасай алмайсыз. Сіз өзіңізден есеп бересіз, мен өзімнен есеп беремін. Демек, сіз өзіңізге қандай қарым-қатынас жасалуын қаласаңыз, сіз де өзгелерге сондай қарым-қатынас жасаңыз. Егер нашар күйге түссек, жағдайымыз төмендесе, шарасыз қалып, үмітсіздікке түссек, әрине жәрдем көрсетілуді, кейбір нәрселердің қамтамасыз етілуін қалаймыз. «Кімнің алдында» жауапты екендігіміздің ең маңызды жағы тағы бар. Өзгелерге пайдалы болуда тиымдарды, белгілі шектерді қоя білуіміз керек. Олардың нәтижесін ойланбастан басқан қадамдарын дұрыстап қою емес, жауапкершілігін ескертіп, бағыт беру қажет. Өзгелердің алдында белгілі шекараға ие бола алмау, тұлғаға зиянды нәтижелер тудырады.

3 ереже. Қуат. Адамдар тиымдарды (шектеулерді) өз өмірлеріне орнықтыруға тырысқан сайын, жалпыға ортақ бір сұрақ пайда болады: Мен әрекеттерімді бақылап, басқаруыма күшім жетпей жатыр ма? Күшім жетпей жатса, не істеуім керек? Нелерді істеуге күшім жетеді?

Ең алдымен, өз кемшіліктеріңіз бен әлсіздіктеріңізді мойындауыңыз керек. Қандай нәрседе, неге, қалай әлсіз екеніңізді білгенде ғана, шара қолдануға болады. Сонда ғана сіз өзіңізді бақылау күшіне ие боласыз. Өз әдеттеріңізді байқайсыз.

4 ереже. Сый-құрмет. Адамдар шектеулерге, тиымдарға байланысты мәселелерді тілге тиек еткенде, көбінесе былай дейді: «Жоқ десем, олар мұны қабылдамайды», «Шынында не ойлағанымды айтсам, олар менімен сөйлеспей қояды.»

Осылайша өзгелердің шектеулерімізге, ұстанымдарымызға құрметпен қарамайтынынан қорқамыз. Өзгелердің қалауымен әрекет етіп, өз ұстанымымыздан тыс қаламыз. Ал, мұндай азаматтың тұлғасы белгілі бір жүйеде қалыптасады деу қиын.

Өзгелердің тиымдарға байланысты көзқарастарын талқылап, олардың неге, қалай әрекет етулері керектігі туралы ең жақсы білетін біз ғана деп ойлаймыз. Ал, бұл көбінесе «ол маған қалағанымды, менің қалаған түрімде беруі керек» деген мағынаға келеді. Бірақ мынаны ұмытпауымыз керек, егер біз өзгелерді талқылайтын болсақ, бізді де олар талқылайды. Сондықтан бір-біріміздің құқықтарымызға құрмет көрсете отырып, әрекет етуіміз керек. Айналадағымыздағылардың шектеулеріне, тиымдарына құрмет көрсетуіміз керек. Өз ұстанымдарымызға құрмет көрсетілуін талап ететін болсақ, әуелі өзгелердің ұстанымдарына құрмет көрсетуіміз керек.

Әрбір тұлғаның бойында рухани еркіндік болу керек. Егер өзгелердің еркіндігін мойындағанымызда ғана, өз еркіндігімізді жақсы сезіне аламыз.

5 ереже. Бағдарлану. Көбіне көп адамдар өз істерінің дұрыс нәтиже бермегендігін немесе дұрыс бағаланбағанын ойлайды. Бірақ сонда да өзгелердің шарттарынан бас тарта алмайды. Өзгелер өзі туралы әрдайым жақсы ойда болу керек деп ойлайды. Адамдар көбінесе басқалардың сүйіспеншілігін жоғалтып алудан немесе ашулануынан қорыққандығы үшін олпрдың талаптарын мақұлдайды. Осындай жалған, екіжүзді мақұлдаулар бізге ұстанымдар, тиымдар, шектеулер қоюдан бас тартқызады. Мұндай әрекеттердің кейбіреулері мыналар:

1. Сүйіспеншілікті жоғалтып алу немесе еленбей қалу қорқынышы. Мұндай жандар сүйіспеншілікке бөлену үшін ғана болымды жауап береді, егер сүйіспеншілік көрмесе өздерін еленбей қалдық деп есептейді.

2. Ашу-ызадан қорқу. Адамдардың ашуланып, жек көруінен қорқу.

3. Жалғыздықтан қорқу. Кейбір адамдар сүйіспеншілік тауып, жалғыздықтан арыламыз деп ойлап өзгелердің талаптарына мойынсұнады.

4. Ішкі дүниеміздегі «жақсы адамды» жоғалтып алу қорқынышы. Біз сүю үшін жаратылғанбыз. Сондықтан сүймесек қиналамыз. Олар сүюді әрдайым «мақұл» деген мағынаға келеді деп ойлайды.

5. Кінәлі сезіну.

Бағдарлану ережесінің ұстанымы: Ең бірінші орында еркіндік тұрады, сонан соң қызмет. Егер қорқыныштарыңыздан құтылу үшін қызмет етсеңіз, табысқа жете алмайсыз.

6 ереже. Бағаландыру. Шектеулер қоюдың нәтижелерін бағаландыра отырып, жауапкершілік міндетіңізді білуіңіз керек. Тиымдарымыздың нәтижесінде пайда болған қиыншылықтарды бағаландыруымыз және өзімізді басқа адамның орнына қойып көруіміз қажет. Өзгелерге ұнамайтын ұстанымдарды белгілеп, олардың қиналуына жол бергеніміз сияқты, олардыкі дұрыс болмаған жағдайда бетпе-бет келйде өзімізге қиындық тудырады. Ал сол ашу-ыза, өкпе-ренішімізді басқа біреулермен бөліспесек, ішкі дүниемізге жек көру сезімі орнығуы мүмкін. Реніш, жек көру болған соң, әділ үкім бере алмаймыз. Сондықтан қимыл-әрекетімізді алдын-ала пайымдап, парасатпен шешкеніміз жөн, әрі соңында да дұрыс бағаландыруымыз қажет. Мұның ең тиімді шарасы, ешқашан өтірік айтпау, достарымыздың ескертпелерін «жәрдем» деп санау.

7 ереже. Жайдарылық. Әрбір әрекетімізге байланысты оң немесе теріс нәтижелер шығуы мүмкін. Қоғамда мойынсұнғыш, айдағанға көнгіш адамдардың бірден бас көтеріп жатқанын көреміз. Осындай адамдарға демеу беріп, олардың одан ары жеке әрі тәуелсіз өмір сүруіне көмектесуіміз, түсіністікпен қарауымыз қажет.

Әркім өзін қалай көрсе, көршісін де солай көруі керек. Әрдайым теріс әрекетке көшкеннен, түсіністікпен жайдарылық танытып, тиымдарын жайдары, сіңімді ұстанымға айналдырғаны жөн. Мұның шарасы, сүйіспеншілік, ләззатқа бөлене білу, өзгелерге қызмет ету және еркіндік. Жайдары жандар өздерінің нені ұнататынын, нені қалайтынын, мақсаттарын, міндеттерін жақсы біледі және дәлелдей алады. Жайдары жандар талап етпейді, өздері кірісіп кетеді. Жайдары жандар өзгелерді өзіндей көріп, сүйе білетіндер. Олар құрметтей біледі, жамандыққа да жақсылық көрсете алады.

8 ереже. Қызғаныш. Тиымдар мен шектеулердің қызғанышқа қатысы қанша деуіңіз әбден мүмкін. Қызғаныш – бойымыздағы ең негізгі құлық болып саналады. Оның кіріспейтін жері жоқ екендігін бәріміз мойындаймыз. Ал, қызғаныштың ең зиянды жағы, қалағанымыздың орындалмайтынына үзілді-кесілді сендіруі, бізді ашкөз, тойымсыз халге ұшыратуы. Үміт пен әрекет жоғалмаған жағдайда қалаған нәрсеміздің уысымызға түсетінін ұмытпауымыз керек. Қойған шектеулеріміз бен ұстанымдарымызға қызғаныш сезімінің араласуы табысқа жеткізбейді. Қызғаныштықты қызыға қарау құлқына айналдырғанымыз жөн. Басқалардың жеткен жетістіктеріне қызыға қарап, тілектестік білдіріп, өзімізді де алға ұмтылдыру. Ақылды, парасатты, қалыптасқан тұлғалы азаматтар осындай болады. Тіпті өзгелердің мінез-құлқына да қызыға қарауымыз мүмкін. Қызыға қарау бізге, біздің нені қалап, нені қаламайтынымызды, неміз бар, неміз жоқ екенін т.б. нәрселерді үйретеді. Адам өзіне не қажет, не қажет емес екенін білген соң пайдалы, тиімді шектеулер қоя алады.

9 ереже. Әрекет. Адамдар әрі бастауыш, әрі баяндауыш. Яғни, не ексе,соны орушы. Тиымдарға (шектеуге) байланысты мәселелердің туындауы көбінесе, жайдары яғни өзімізді қоғамда еркін сезіне алу қабілетіміздің болмауының кемшілігінен келіп шығады.

Ең мықты тиымдар, тұлғаның өзін қоғам, табиғат алдында еркін, табиғи ұстауының нәтижесінде болады, өйткені тұлғаға байланысты қоғам мен табиғат өз тиымдарын шектеп үлгерген. Рухани әрі сезім саулығымыз, бойымыздан еркіндік рухының өшпеуіне байланысты. Хикаялардағы оқиға барысын ойлаңызшы, табысқа кенеліп, жеңіске қол жеткізгендер - әрдайым әрекет етіп, өз хақ-құқықтарын талап еткендер.

Тіпті, әлемдегі, табиғаттағы құбылыстар мен молекулалардың өзі бізге «әрекет еткенде» ғана көздеген мақсатқа жету мүмкіндігін көрсетіп тұр. Өйткені олар әрдайым әрекет етуде. Әлсіздік, пассивтік ешқашан пайда бермейді. Жаратушы әрекетіміздің нәтижесін міндетті түрде береді, бірақ ешқашан діздің орнымызға істеуіміз керек нәрсені істемейді. Мұны жақсы білуіміз керек. Ол, біздің әрдайым ізденісте, әрекетте, құқығымызды біліп, талап етуімізді және заңдылықтарға мойынсұнуымызды қалайды. Кінә, тәжірибе жасап жетістікке жете алмау емес, тәжірибе жасауға да әрекет етпеу. Тәжірибеге ендіру, үйрену деген сөз. Пассив, әлсіз түрде кері шегінбеуіміз керек. Тиымдарымыз (шектеуіміз, ұстанымдарымыз) тек қана әрекетшіл, күресшіл, іздемпаз, талапкер болғанымызда ғана пайда болып, құралады.

10 ереже. Сынақ. Тиым – жеке тұлғалық шекара. Қайдан бастап, қай жерде аяқтайтыныңызды анықтайды. Неліктен мұндай шекараны қажетсінгеніңізді білесіз бе? Өйткені, сіз боп-бос көкжиекте жалғыз емессіз. Сіздер, жаратушы, қоғам алдындағы қарым-қытынастарыңызды реттеп отыруыңыз керек. Қарым-қатынастарды реттеу жүйесіндегі тиымдардың рөлі зор. Шектеулер мен тиымдар сіздің жеке тұлға ретінде «бар» екеніңіздің белгісі. Шектеулеріміз бен тиымдарымыз өзгелер тарапынан білінген соң, олардың біздің құлқымызға баға береді, сынға алады. Қарым-қатынастарымыздағы қорқынышымызға байланысты көпшілігіміздің шкетеу, тиым қою барысында мәселелеріміз бар. Күнәлілік, жақсы көрілмеу, қарым-қатынасымыздың үзілуі, қорытынды шығара алмау, ашу-ыза т.б. қорқыныштарға көміліп қалғанбыз. Бұлардың бәрі сүйіспеншілікті жоғалтып алғанымыздың нәтижесі. Демек, сүюді үйренуіміз керек. Сонда ғана бірлік, ынтымақ, дұрыс сынақ, баға беріледі.

Қорқыныштарымыздың себебінен жасырын тиымдар мен шектеулер қоюға тырысамыз. Жақсы көретін адамымызға түсінікті тілмен «жоқ» деудің орнына, өзімізді әлсіз түрде үндемей кері тартамыз. Басқаларға бізді ренжіткені үшін ашуланғанымызды айтудың орнына жасырын ызадан булығамыз. Біреулердің жауапкершіліксіздігінен туған қиыншылықтарды жалғыз өзіміз көтереміз. Оларға бұл әрекеттерінің бізге қалай әсер еткендігін айта алмаймыз. Ал, бұлардың бәрін түсіністікті тілде, бейбіт түрде оларға айтып жеткізу, олардың дұрыс қалыптасуына және олардың да, біздің де рухани саулығымызға қажетті екенін ескергеніміз жөн.

Тиымдарға байланысты ескерілуі тиіс ең маңызды жайт, тиымдарды білдірсек те, білдірмесек те олар әр тұлғада бар және әсер етуші. Өзге планеталық жер бетіне түсіп, ондағы ережелер мен шектеулерді білмегендіктен қалай қиналатын болса, біз де өз шектеулеріміз бен тиымдарымызды білдірмеген кездерде қиналамыз. Бірақ тиымдарымыз ашық түрде білдірілмесе де, басқа жолдармен қимыл-әрекетімізден, бет-әлпетімізден көрінуі әбден мүмкін екендігі жайлы есте сақтауымыз керек.

Ислам дәстүрінде тиым салынған істер үшке бөлінеді:

1) Арам деп саналатындар;

2) Орындауына қатаң шектеме қойылмаған, алайда, айғақ көрсетіле отырып тиым салынған істер. Мұны «жиіркеніштілік, әдепсіздік» (мәкруһ) деп атайды.

3) Ғибадатты бұзатын істер. Мұны «бұзушы» (муфсид) деп атайды.

Арам деп саналатындар – Ислам дәстүрінде істеуге қатаң түрде тиым салынған істер: адам өлтіру, зинақорлық істеу, ұрлық жасау, өтірік айту, әке-шешенің бетінен алу, азғындық жасау және т.б. жатады.

Орындалуына қатаң шектеме қойылмаған, алайда айғақ көрсетіле отырып, тиым салынған істер – арамға тән болған, тиым салынған жиіркеніштілік; тазаруға байланысты жиіркеніштілік.

Ғибадатты бұзатын істердегі «бұзушылық» - тікелей адамгершілікке қатысты болмағанымен, шартты немесе міндетті әрекеттерді орындау кезіндегі бұзушылықтар, яғни, басталып қойған құлшылықтың бұзылуы жатады.

Жеткіншектер бұл тиымдардың адамдар қалауымен белгіленбегендігін білгені жөн. Бұл әрбір адамның жадында болуға тиісті тиымдар, тек жеткіншектің ғана емес, барша жас өкілінің ғұмырында басты назарда ұстанар заңдылығы десе болады. Осыған қарама- қайшы адамзаттық өсіп- өнуіне қажетті бірден- бір адамгершілік заңдылығын – тілектестік десе де болады. Тілектестік ұғымын қарастырып көрелік.

Бүгінгі таңда тілектестік мағынасында қолданылып жүрген эмпати, психиатрияда және психологияда жиі қолданылып жүрген маңызды ұғымдардың бірі. Психиатрияда, психологияның түрлі салаларында, айрықша клиникалық-әлеуметтік психологияда, психодиагностикада эмпатиге байланысты көптеген зерттеулер жасалынып, маңызды мағлұматтар ұсынылуда. Бірақ сонда да бұл тақырып жайлы әлі ашылмаған нүктелер бар.

Эмпати сөзінің анықтамасы және тарихы. Эмпати – бір адамның, өзін басқа бір адамның орнына қойып, оның сезімдерін және ойларын дұрыс түсінуі, өзіне нені қаласа, өзгеге де соны тілеуі.

Жай ғана, қарапайым нәрсе сияқты болып көрінген бұл анықтаманың астарында өмірлік маңызды мәселе жатыр. Сондықтан да болар, эмпати сөзінің анықталуы, халыққа жеткізілуі ұзақ уақытты талап еткен.

Қолданып отырған «эмпати» ұғымының екі түрлі түбірі бар. Біріншісі, неміс тіліндегі «einfuhlung» және екіншісі, көне грек тіліндегі «empatheia» ұғымдары. Екеуі де жоғарыдағы мағынаны береді.

Жоғарыда айтып өткен эмпати анықтамасы үш негізгі элементтен тұрады. Бір адамның басқа бір адаммен эмпати (тілектестік) құруы үшін мынадай шарттар қажет:

1. Адам өзін алдындағы кісінің орнына қойып, болып жатқан жағдайларға оның көзқарасының терезесінен қарау керек. Яғни, қарсы алдындағы адамның феномонологиялық алаңына кіруі керек. Феномонологиялық алаң дегеніміз не? Психологияда әрбір адамның өзіндік феномонологиялық алаңы бар. Әр адам өзін, қоғамды өзіне тән құлық арқылы таниды. Яғни, әр адам дүниеге өзіне тән көзқарас тәрізімен қарайды. Егер бір адамды түсінгіміз келсе, дүниеге оның көзқарас айнасынан қарауымыз, жағдайларды ол сияқты қабылдауымыз, ол сияқты сезуіміз қажет. Сол кісінің роліне кіргеннен соң, аз уақыт сол қалыпта тұрып, біраздан кейін бұл ролден шығып, өз орнымызға өтуіміз керек, егер бұлай жасай алмасақ, «эмпати» (тілектестік) әдісін құрмаған болып саналамыз. Роліне кірген адамды түсініп, өзімізді сол сияқты сезінуге тырысуымыз керек.

2. Қарсы алдымыздағы адамның ойларын, сезімдерін дұрыс түсінгенде ғана «эмпати» (тілектестік) әдісін құрған боламыз. Тек ойын немесе тек сезімін түсіну жеткілікті емес.

3. «Эмпатидің» (тілектестік) соңғы шарты, қарсы алдымыздағы адамның роліне кіріп, бүкіл болмысымызды сол сияқты көзқарас, құлыққа айналдырып, оның сезімдері мен түсінігін, ойын дұрыс түсінген соң, осы түсінігімізді оған жеткізу іс-әрекеті. Кейде қарсы алдымыздағы адамды жақсы түсінсек те, оған бұл сезімімізді жеткізе алмауымыз мүмкін. Жеткізу әрине екі құрал арқылы болады: 1) тіл, сөз; 2) іс-әрекет.

Әрине достарымыз, замандастарымыздың халін ойлап, түсініп, біліп, жай сөзбен білдіруге болады, бірақ іс-әрекет қашанда маңызды. Бұл тілектестік (эмпати) ұғымының іске асуы деп аталады. Тілектестік адамзатты сүйіспеншілікке бөлейді. Сүйіспеншілік бар жерде ынтымақ, бейбіт өмір бар.

Біз күнделікті «симпатия» ұғымын қолданып отырамыз. Эмпатидің симпатиядан айырмашылығы: эмпати – қарсы алдыңдағы кісінің кебін киіп, оған тілектестігіңді жеткізу болса, симпатияда – қарсы алдыңдағының орнына өзіңді қойып, ол сияқты көріп, сезіп, ойлап түсіну шарт емес, тек қана оған серік болып, жұбату айтып, «демеуші» болсаң болғаны. Бір адамды «түсіну» басқа, «сенікі дұрыс» деу басқа. Эмпатиде бір адамның тұла бойын түсінуге міндеттісің, симпатияда түсінсең де, түсінбесең де «сенікі дұрыс» дей саласың, екеуі екі түрлі ұғымдар. Бұл екі ұғым психологияға ХҮІІІ ғасырдың орта шенінен бастап енген. Бұл ұғымдар тұлғаны эгоизмнен құтқаруға тәрбиелейді.

Күнделікті өмірде эмпати (тілектестік) өте маңызды. Өйткені, тілектестік адамдармен қарым-қатынасымызды реттеп, оңай қалыпқа түсіреді. Адамдар өздерімен тілектестік операциясының жүргенін байқағанда, өзгелердің өздерін түсінгендерін, адам ретінде мәні бар екенін сезінеді. Өзгелер жағынан түсінілу, мән берілу бізді жұбатады, өзімізді жақсы сезінеміз. Тілектестік екі жаққа да пайдалы, бірінші жақ өзінің бір нәрсе келетінін, бауырмашылдықты, бөлісуді, т.б. осы сияқты мінездерді үйренеді. Екінші жақ өзгелерді сүюді, өзіне деген сенімділігі артады.

Зерттеулерге қарағанда, үй жануарларын ұстайтын отбасынан шыққан балалар, үй жануарларын ұстамайтын отбасынан шыққан балаларға қарағанда, тілектестік қабілеті жоғары болып келеді. Адамдар неғұрлым тілектестік құлқына ие болса, соғұрлым қоғамға сіңімді болып, қатынастарын қалыптастырады.



Міне, осындай құлықтық жақсы әдеттер жеке тұлғаның бойында қалыптасса, адамгершіліктің шыңына шығып, әлем тәртібі белгілі жүйеге енген болар еді. Бірақ дүние адамзатқа сынақ әлемі ретінде берілгендіктен, әрине әртүрлі терезелерден қарайтын, әртүрлі құлық-пікірге ие адамдар болады, бұл заңдылық. Олай болмағанда, сынақ әлемінің сыны кетер еді, Жаратушы, қоғам алдындағы міндеттердің де маңызы қалмайтын еді. Ал, осыларды түсіне отырып, бізге түсетін міндет: Жаратушы берген ақыл және еркіндік нығметін пайдалана отырып, дұрыс бағытты таңдап, мәңгілік өмірге дайын болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет