Мазмұны кіріспе і-тарау. ҰЛыбритания, АҚШ, кеңес одағының МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРының тегеран конференциясы


КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының



бет3/4
Дата25.02.2016
өлшемі439.5 Kb.
#20233
1   2   3   4

2.2. КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның мемлекет басшыларының

Қырым (Ялта) конференциясы.

Үш ұлы державаның жаңа кездесуі туралы келіссөздер белсенді түрде 1944 ж. күзінен бастап талқылана басталды. Тегеран конференциясынан кейін көптеген маңызды оқиғалар өтті. Одақтастардың әскери күштері майдандарда жаңа жеңістерге жетті. Қызыл әскер неміс басқыншыларын өзінің территориясы мен шығыс еуропалық мемлекеттердің жерлерінөн қуып шықты. Гитлерге қарсы күрескен коалицияның жеңіске жету күні жақындап қалды. Сондықтан соғыстан кейінгі әлемдегі жағдайды реттеу мәселелері алдыңғы шепке шыға бастады.

Бұндай жағдайларда "ұлкен үштіктің" кездесуі өте маңызды бола бастады. Қиындықты туғызып отырған мәселе - оның өткізу жерін келісуде болды.

1944 ж. 27 желтоқсанда президент Рузвельт КСРО-ғы американ елшісі Гарриманға өзінің "үлкен үштіктің" кездесуіне 1944 ж. ақпанында Ялта қаласына келетіні туралы хабарлауды тапсырды. Конспирация мақсатында бұл кездесуді келешекте "Аргонавт" деген кодтық атаумен атауға келісілді (келешекте "Магнето" деп өзгертілді).

Осы уақыттан бастап Ялта конференциясына қызу дайындық басталды. Оған қатысушылар конференцияға пресса өкілдерін шақырмай, тек фотокорреспонденттерді шақыруды келісті.

Қырымның өзінде бұл кездесуге дайындық қызу жүріп жатты. "Үлкен үштіктің" жаңа кездесуіне техникалық дайындықпен қатар, оның алдындағы апталарда, конференцияда талқыланатын негізгі саяси мәселелер бойынша қызу пікір алмасулар өтіп жатты.

Бұндай пікір алмасулар үшін Черчилльдің Мәскеудегі келіссөздері пайдаланылды. Одан кейінгі айларда талқыланатын маңызды саяси мәселелер бойынша қызу хат жазысу, кеңес басшыларының АҚШ пен Ұлыбританияның елшілерімен кездесулері жүріп жатты. Американдықтар Кеңес үкіметінің Еуропадағы соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін Жапонияға қарсы одақтастардың жағында соғысқа араласуы туралы келіссөздер жүргізіді. Кеңес үкіметі өз жағынан Қиыр Шығыстағы өз мүдделерін қорғауға тырыстып жатты.

Кеңес үкіметінің Қиыр Шығыстағы мәселелер бойынша ұстанған позициясы американ елшісі Гарриманның И.В. Сталинмен 14 желтоқсан 1944 ж. ресми кездесу барысында түзетілді.

Бұл уақытта екі елдің келешектегі қарым-қатынастарының барысы туралы пікір алмасулар АҚШ-ның астансында жүріп жатты.. Бұл проблема әсіресе, соғыстан кейінгі екі елдің өзара ынтымақтастығын бекітіп, американ-кеңес қатынастарының қомақты экономикалық негізін қалағысы келген, американ президенті Рузвөльтті қатты толғандырды.

1945 ж. 10 қантарында сол уақыттағы АҚШ-ның финанс министрі Генри Моргентау, Ақ үйге американ үкіметінің орасан жеңілдіктермен КСРО-ға кредиттер берудің жоспарының жобасын ұсынды. Онда 35 жылға жылына 2% төлем алынатын 10 млд. доллар кредит беру мәселесі туралы айтылған болатын. Бір аптадан кейін Г. Моргентау АҚШ-ның жаңа мемлекеттік хатшысы Эдварл Стеттиниуспен кездесіп бұл жоспарды талқылады.

Бұл жоспардың мақсаты Моргентаудың айтуынша, Кеңес үкіметін соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ-пен жақсы қарым-қатынастарда болуға итермелеуде. «Біздің Кеңес үкіметіне жақсы көзқараста екенімізді көрсетуге уақыт пісіп жетілді» - деді ол [35, 90 б.].

Шамалы уақыттан кейін мемлекеттік хатшының көмекшісі Клейтон КСРО-дағы американ елшісі Гарриманға Рузвельттің бұл жоспарды қолдағаны және оның бұл мәселені Ялтада Сталинмен кездесу барысында талдайтыны туралы хабарлады.

Ялтадағы кездесу алдында Черчилль бұл конференцияда КСРО-ға қарсы одақтастардың бірігіп әрекет жасауын үйымдастырумен айналысты. Рузвөльттің бұл идеяны қолдамайтынын біліп ол Мальта аралында АҚШ пен Ұлыбританияның біріккен штабтарының бастықтарының кеңесін өткізіп оған ағылшын премьері мен американ президентінің қатысқаны дүрыс болар деген үсыныс жасады. Бұл кездесу туралы Рузвельтке жазған хатында, ол екі батыс лидерлеріне Ялта конференциясының алдында «орыстарға қатысты емес мәселелерді талдап алуды ұсынды», бірақта Рузвельт бұл Черчилльдің ұсынысын қабылдамады. Ол Черчилльге берген жауабында Мальтаға келе алмайтынын, тікелей Ялтаға ұшатыны туралы хабарлады. Бірақта Черчилль айтқанынан қайтпай, 8 қантарда жіберген жаңа телеграммасында, Рузвельтті Сталинмен көздеспей тұрып көптеген талданатын мәселелер бойынша келісіп алуға тағы да шақырды, өздері болмаса бұл мәселелр бойынша сыртқы істер министрлерінің келісіп алуын.

Американдықтарды Мальтадаға кездесуге көндіру үшін Черчилль бұл мәжіліске Молотовты шақыру мүмкіндігі бар екенін айтты. Тек осыдан кейін Рузвельт американ генералдары Кинг, Арнольд, Маршаллдың британ әріптестерімен кездесіп екі елге қатысты мәселелерді талдауға рұқсат берді. Бірақта Рузвельт екі елдің сыртн істер министрлөрінің кездесіп келісуіне рұқсат бермеді. Черчилльд кездесу туралы жаңа өтініштеріне жауап ретінде ол Лондонға өзін меншікті өкілі Гарри Гопкинсті жіберді.

21 қантарда Г. Гопкинс Лондонға келіп Черчилль мен Иденмен тек «ұлкен үштіктің» Ялтадағы талдайтын мәселелерді ғана емөс, ағылшын американ қатынастарына қатысты бөтен мәселелерді де талдады. Оны ішінде американдықтардың наразылығын тудырып отырға ағылшындардың Италиядағы әректтері.

Мәселе мынада еді. Ағылшындар Италияның басында Муссолиниді билікке жіберген, фашисттік тәртіпке қолдау көрсеткен король Виктор-Эммануилды сақтап қалғысы келді. Вашингтон оны қолайсыз деп, Италияда либералдық үкіметті құруды ұсынды. Сол мақсатпен АҚШ Римге эмиграцияда жүрген белгілі итальян саяси қайраткері граф Скорцаның келуін ұйымдастырды. Бірақта ағылшындар оны өздері құрған итальян үкіметінің құрамына кіргізбей қойды. АҚШ-ның жаңа мемлекеттік хатшысы Э. Стеттиниус бұл мәселе бойынша Ұлыбританияға арнайы нота жіберіп, Черчилльдің саясатына наразылық білдірді. Бұл әрекеттер Черчилльдің ызасын келтірді.

Лондонннан Г. Гопкинс тікелей Парижге де Голльмен кездесуге барды. АҚШ-ның үкіметі де Голльді жаратпай, оның орнында генерал Жироны көргісі келетін еді, сондықтан Г. Гопкинс келешек американ-француз қатынастарының перспективаларын анықтауға барды. Одан кейін Гопкинс Римге барып, папа Пий ХІІ кездесіп, Италиядағы жағдай туралы толық мәлімет алды.

1944 ж. 31 қантарында Гопкинс Мальтаға ұшып келіп, бұған дейінгі келісімдер бойынша Ұлыбритания мен АҚШ-ның бірікен штабтарының бастықтарының кездесуіне қатысты. Бірақта онымен іс біткен жоқ. Черчилль дегөніне жетіп әйтеуір Рузвельтпен кездесіп тынды. Американ президенті Ялтаға бару үшін 2 ақпанда ауыр крейсер "Куинсимен" Ла-Валетта портында түскенде оны рейдте Орион кемесінде Черчилль күтіп тұрды. Екі лидердің кездесуі "Куинси" крейсерінің үстінде кешкі сағат 6-да өтті.

Еуропадағы әскери жағдайды талқылау барысында Черчилль американ президентін "Қызыл әскерден бұрын Австрияның көптеген территорияларын басып алуға үгіттеді. Бірақта Рузвельт оған көнбеді. Оған Черчилльдің бұндай одақтасына қатысты опасыздық саясаты ұнамады. Ол, бұндай саясат соғыстан кейінгі ұлы державалар арасында орнайтын ынтымақтыққа нұсқан келтіреді деген пікірде болды.

Кешке жақын американ президенті ұйымдастырған салтанатты қабылдауда Ялта конференциясында талқыланатын мәселелер бойынша жалпы пікір алмасу өтті. Жарым түнде делегация мүшелері Ялтаға бет алды [36, 92].

Конференция ресми түрде ашылмастан бұрын державалар басшылары алдын ала кездесу өткізді. 4 ақпанда Қырымдағы Воронцов сарайында түскі сағат үште И.В. Сталин ағылшын премьер-министрі Черчилльмен кездесті. Черчилль өзінің естеліктерінде, бұл кездесуде Сталин кеңес-герман майданындағы жағдайды сипаттап, неміс әскерлерінің қатты қарсылық көрсетіп жатқанымен, Германияның ұлы держава болуынан айрылғанын атап көрсеткенін және өзінің Италиядағы қалыптасқан жағдайды сипаттағаны туралы айтады [37, 60.]. Сол күнгі күндізгі сағат төртте Ливадия сарайында орналасқан американ президенті Рузвельт пен Сталиннің кездесуі болды. Кездесу барысында Рузвельт кеңес басшысына Ялтаға келер жолдағы немістер жасаған талқандауды көргеннен кейін оның немістерге қарсы дұшпандылығының артта түскені туралы айтты.

Батыс майдандағы әскери жағдайды сипаттай келе ол Сталинге генерал Эйзенхауэрдің Рейн өзенін тек науырыз айында, мұз ерігеннен кейін өте алатындығын және соған байланысты одақтастардың Германияға негізгі шабуылының мерзімінің жазға қалдырылатыны туралы ескертті [38, 80.].

1945 ж. 4-11 ақпанында өткен Ялта конференциясының Екінші дүниежүзілік соғысының дипломатиялық тарихында алатын орны өте маңызды. Ол Гитлерге қарсы күрескен үш ұлы державаның басшыларының екінші кездесуі болды және онда 1943 ж. Тегеран конференциясында сияқты бұл державалар көптеген бірлескен шешімдер қабылдады.Ялта конференциясының күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:


  1. Германия мәселесі;

  2. Азат етілген Еуропа тағдыры;

  3. Польша және Югославия мәселелері;

  4. Кеңес үкіметінің Жапонияға қарсы соғысқа араласуы туралы.

1.Германия мәселесі. Конференция мүшелері мәжілістің бірінші күні Кеңес Бас штабының бастығы генерал А.И. Антонов пен АҚШ-ның Бас штабының бастығы генерал Дж. Маршаллдың майдандағы жағдай туралы хабарландыруларын тыңдап шығып, Германия толық тізе бүккенге дейін әскери қимылдарды жалғастыратынын мәлімдеді.

Ялтада одақтас державалар Германияға қатысты ұстанған саясатының жалпы мақсаттарын жариялады. Үш одақтас держава жауды талқандаудың біріккен әскери жоспарларын жасады. Бұл мәселені шешу үшін одақтас үш ұлттың әскери штабтарының басшылары күнде мәжіліске жиналып отырды. Бұл мәжілістер бойынша қабылданған коммюникеде, олардың жұмысы нәтижелі болғаны және үш одақтас мемлекеттің әскери жоспарларының тығыз координацияда болғаны туралы айтылды. Әр мемлекет өзінде бар мәліметтермен олақтас мемлекеттерді толық таныстырды. Германияға шығыстан, батыс пен оңтүстіктен одақтастардың әскерлері мен әскери-ауе күштері жасайтын шабуылдарының мерзімдері, жерлері келісілді [39, 28.].

"Біздің бірлескен жоспарларымыз адамзатқа олар жүзеге асырылғаннан кейін белгілі болады" - деп айтылған еді бұл мәселе бойынша қабылданған коммюникеде, - "бірақта біз үш әскери штабтардың бірлесіп атқарған жүмысы соғыстың тезірек аяқталуына септігін тигізеді деген сезімдеміз. Үш штабтың бірлескен мәжілістері қажет болған әр уақытта болып тұрады. Нацистік Германияның күні санаулы. Неміс халқы келешегі жоқ қарсылықты жалғастырьіп, өздерінің жеңілісі үшін өте жоғары баға төлейіндеп отыр"

Конференцияда Германияны оккупациялау мен келешекте ондағы жағдайды бақылау туралы мәселе талданды. Бұл мәселе бойынша қабылданған коммюникеде былай делінген еді: " Үш одақтас держава Германия толық тізе бүккенннен кейінгі Германияда жүргізітін жалпы саясаты мен оны жүзеге асыру жоспарлары бойынша келісіп қойды. Бірақта ол жоспарлар Германия толық талқандалғанға дейін жарияланбайды. Үш державаның әскери күштерінің бірлесіп бекіткен жоспары бойынша, Германия арнайы зоналарға бөлініп онда одақтастардың әскерлері түрады. Келісілген жоспар бойынша, ол зоналарды басқару Берлинде орналасатын үш державаның Жоғарғы қолбасшыларынан түратын Орталық Бақылау Комиссиясына тапсырылады. Егер Франция келісім берсе оны үш держава бірігіп Германияны оққупациялауға шақырады. Ол Бақылау Комиссиясының 4-ші мүшесі болып жарияланып, оған оққупациялау зонасы бөлінеді. Оған бөлініп берілетін оққупациялау зонасының мөлшерін Еуропалық Кеңес беруші Комиссиясындағы 4 үкіметтің мүшелері шешеді.

Біздің негізгі мақсатымыз - герман милитаризмі мен нацизмді жою және де Германия еш уақытта әлемдегі бейбітшілікті бұза алмауына кепілдік беру болып табылады. Сондықтан біз алдымызға мынадай мақсаттар қойдық: герман қарулы күштерін қарусыздандырып, тарату; герман милитаризмінің жандануына осымен 2 рет әрекет жасаған германдық Бас штабты мәңгілік жою; барлық герман әскери обмундированиесін жою; келешекте әскери өндірісті жандандырып қарулануға пайдаландырмау үшін герман өнеркісібін жою; соғыс отын тұтатқандардың әділ жазасын беру; немістерге соғыс барысында бөтен елдерге келтірген шығындарын өтету; жер бетінен нацистік партияны, нацистік заңдармен, ол.ардың үйымдары мен мекемелерін жою; Германияның экономикасына, мәдени өміріне нацистік және милитаристік тұрғыдан ықпал етіп отырған қоғамдық ұйымдарды жою. Сонымен қатар келешекте Германияны тағы да соғыс ошағына айналдырмауға кепілдік беретін бөтен де шараларды жасау.

Бізідің мақсатымыз неміс ұлтын жою емес. Тек қана нацизм мен милитаризмді біз жойғанда ғана, герман халқы әлемдік қауымдастықта өзіне лайық орнын алып, өнегелі өмір сүруге мүмкіндік алады" [40, 30].

Конференция жеңілген Германияның одақтастар державаларымен басқарылуының формалары мен функцияларын белгіледі. Ортақ келісім бойынша Кеңес Одағы - Германияның шығыс бөлігін, Ұлыбритания - солтүстік-батысын, АҚШ - оңтүстік - шығыс оккупациялайтын болды. Одақтас державалар Францияны Германияны бірлесіп оккупациялауға Шақырды. Конференцияның шешімі бойынша Үлкен Берлиннің ауданы одақтас 3 державаның бірікккен күштерімен оққупацияланатын болды.

Германияға қатысты біріккен келісілген саясат жүргізу үшін Берлинде Орталық бақылау комиссиясын құру ұйғарылды. Ол Германиядағы барлық жоғары билікті атқаратын болды. Бұл комиссияға Герман территориясында орналасқан КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның қарулы күштерінің қолбасшылары кірді.

Одақтас мемлекеттердің мемлекет басшылары Германиядан репарация алуды шешті. Бұл мәселе бойынша, Терманиядан натуралдық түрде репарациялар алу мәселесі бойынша Қырым конференциясына қатысушы үш үкіметтің келісім сөздері деген Хаттама қабылданды.

Үш үкіметтің басшылары мынадай мәселелер бойынша келісті:

1. Германия натуралдық түрде соғыс барысында одақтас ұлттарға келтірген зиянын өтеуге міндетті.

Репарацияны бірінші кезекте соғыс барысындағы соғыстың ауыртпалығын көтерген, көптеген шығын шығарған және фашизмді жеңуге зор үлес қосқан мемлекеттер алады

2. Германиядан репарациялар мынада үш түрде алынады:

а) Германия тізе бүкеннен немесе ұйымдасқан қарсылық көрсетуін қойғаннан көйінгі 2 жылда Германияның өзінің территориясы мен шет елдерде ораналасқан ұлттық байлығынан репарация (құралдармен, станоктармен, кемелермен, поездармен, шет елдік банктегі ақшаларымен, онеркәсіптік, транспорттық, кеме және бөтен де өнеркәсіптік салаларының акцияларымен) алынады және де ол алымдар неміс халқын тонау үшін емес Германияның әскери потенциалын жою үшін жасалады;

б) мерзімі кейін белгіленген уақытта, Германия репарацияны жылдық өнеркәсіптің табысынан төлеп тұрады;

в) репарация есебіне одақтас державалар Германияның жұмыс күшін пайдаланады.

3. Жоғарыда көрсетілген принциптерге негізделген нақты толық репарациялық жоспарды жасау үшін Мәскеу қаласында КСРО, Ұлыбритания, АҚШ мемлекетінің өкілдерінен тұратын одақтастар аралық Репарациялық комиссия құрылады.

5. Германия төлейтін репарацияның жалпы сомасы мен оны герман агрессиясынан зардап шеккен мемлекетерге бөлу туралы мәселе бойынша американ және кеңес делегациясы мынадай шешімге келді: "Мәскеу Репарациялық комиссиясының ұсынысы бойынша, әзірше талқылауға Кеңес үкіметі ұсынған мынадай көрсеткіштер қабылданады: 1. Репарациялардың жалпы сомасы 20 миллиарда долларға теңеледі және оның 50 % Кеңес үкіметіне беріледі." Британ делегациясы Германия төлейтін репарациялардың жалпы сомасын атау әлі ертерек деді.

Қырым конференциясында батыс мемлекеттері қайтадан біріккен герман мемлекетін жоюды ұсынды. Американ президенті Рузвельт Германияны 5-7 мемлекетке бөлшектеп жіберуді ұсынды. Черчилль өз жағынан бұған қарсылық білдірмеді.

Бұл жоспарлар Кенес үкіметінің басшысынан батыл қарсылық көріп, сондықтан қабылдамбай қалды.

Қырым конференциясында Германия мәселесінен басқа мынадай мәселелер талданды және олар бойынша шешімдер қабылданды:


  1. Азат етілген Еуропа бойынша Декларация қабылданды;

  2. Польша және Югославия мәселесі талқыланды;

  3. Бірккен Ұлтар Ұйымын құру мәселесі;

  1. Кеңес үкіметінің Еуропада соғыс аяқталғаннан кейінгі Жапонияға қарсы соғысуы туралы;

Қырым конференциясының тарихтағы маңызы зор.

Бұл конференцияда соғысты жүргізу мен аяқтаудың және соғыстан кейінгі әлемдегі жаңа тәртіптің орнатылуы туралы мәселелер табысты шешілді. 1943 ж. Тегеран конференциясында сияқты бұл мәжілісте одақтастар тек өздерінің саясатын ғана емес әскери жоспарларын дг келісіп алды, Бұл оқиға адамзатқа қоғамдық құрылыстағы айырмашылықтардың фашизмге қарсы коалиция құруға және әскери саяси ынтымаққа кедергі болмайтынын көрсетті және келешекке үлгі болды.

Конференциядан қайта сала АҚШ конгресінің алдында соөлеген сөзінде президент Рузвельт былай деген болатын: "Қырымдағ конференция, менің ойымша, біздің тарихымыздағы және адамзат тарихындағы маңызды оқиға. Қырым конференциясы ғасырлар бойы нәтижесіз өмір сүріп келген біржақтылық қимыл-әрекет, жабық одақты ықпал үлестерін бөлу, күштердің тепе-теңдігін орнату сияқты тарихти аксессуарларын жойып, оның орнына әлемнің барлық бейбітшілік сүйгіш мемлекеттердінің басын қосатын әлемдік одақты құруды ұсынды [41,12].

Қырым конференциясының нәтижелерін шығара келе американ саясатшысы Гарри Гопкинс былай деді: "Біз бұл конференцияның табысты шешілуін құдайдан сұрағанбыз. "Біз" дегенде мен тек американдықтарды емес барлық адамзатты айтып отырмын. ... Орыстар бұл жерде өзінің көрегендігі мен ақылдылығын көрсетті, бұл істерімен олар біздің прөзидентіміздің фашизмді жеңу жолында барлық елдердің бірігіп әрекет ету керек деген сөздерін қолдағанын көрсетті" [40, 85.].

Қырым конференциясының шешімдері соғыстың ақырғы кезеңіндегі Гитлерге қарсы коалицияның бекуіне және нацистік Германияны жеңуге зор үлес қосты. Қырым конференциясының шешімдерін толық түрде жүзеге асыру үшін күрес 1944-1945 жж. американ, ағылшын, кеңес дипломатиясының негізгі мазмұны болды.

Негізіннен Ялта конференциясының жұмысы өзара түсініктік конструктивтік рухта өтті.

Қорыта айтқанда, Қырым конференциясының нәтижелері мынада болды: 1.Ялтада Біріккен Ұлттар Ұйымын (БҰҰ) құрудағы соңғы кедергілер жойылды. Американ президенті Ф.Д. Рузвельттің ұсынысы бойынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде мәселелер бойынша қарарлар қабылданғанда бір ауыздан қабылдау принципі енгізілді. Біріккен Ұлттар Ұйымынның Құрылтай конференциясы Сан-Франциско қаласында 25 сәуірде 1945 ж. шақырылады деп шешілді.

2.Кеңес Одағы одақтастарына Еуропадағы Германиямен соғысты аяқтағаннан кейін 2-3 айдан соң Жапонияға қарсы соғысатыны туралы уәдесін берді.

3.Конференцияның нәтижелері бойынша, "Азат етілген Еуропа туралы" Декларация қабылданды. Онда фашизмді жеңген одақтас-мемлекеттер азат етілген Еуропа континентін қандай принципетерге негізделіп қайта құратыны туралы айтылды.

Жоғарыда айтылғандармен қатар, бұл конференцияның бөтен де маңызды нәтижелері болды. Онда 1945 жылдан 1991 жж. дейінгі 50 жылдан астам өмір сүрген халықаралық қатынастардың биполярлық жүйесінің негізі қаланды. Бұл оқиғаның негізінде, екі ұлы держава - АҚШ пен КСРО - ның ортақ қуатының, бөтен елдермен салыстырғанда соғыстың аяқталуына таман өсіп кетуі жатты. Олардың өзара қуаты тең түсті және олар бірі-бірін теңестіріп отырды. Сонымен қатар олар бөтен мемлекеттерді өзінің шеңберіне тартатын екі орталыққа айналды. Бұл екі мемлекеттің соғыстан кейінгі әлемді билейтіні және оның параметрларын белгілейтіні айқын көріне бастады. Қырым конференциясында осы туралы Ф.Д. Рузвельт пен И.В. Сталин өзерінің кездесу барысында келісті. Сондықтан өкі мемлекет басшысы өздерінің ықпал ететін сфераларын бөліп алды. Сондықтан олар басында адамзаттың келешегіне зор әсер ететін Еуропадағы өздерінің ықпал ететін сфераларын бөліп алуға тырысты. Көне Әлемді олар былайша бөліп алды: Батыс Еуропа АҚШ-ның ықпалына бөрілді, ал Шығыс Еуропа - КСРО-ның ықпалына "берілді. Кейінірек олар бірі бірін бұл келісімнің шарттарын бұздың деп көп кінәлайды, бірақта қуаттары тең болғандықтан бұл келісім ұзақ уақыттай бұзылмады.

Бұл істер келешекке қатысты еді, ал қазір одақтастар Германияны тезірек жеңуі керек еді. 1945 ж. ақпан айының басында кеңес әскерлері Одер өзенінің жағалауына шықты. 13 ақпанда Германияның Еуропадағы қалған соңғы одақтасы Венгрияның астанасы Будапештті кеңес әскерлері басып алды. Осы 1945 ж. ақпан айында КСРО-ның одақтастарының Батыс майдандағы шабуылы басталды. Немістерден көп қарсылық көрмей олар науырыз айында Рейн теңізінің жағалауына жетті. Енді одақтастардың әскери қимылдары Германияның өзінің жерінде жүре бастады. 1945 ж. 13 сәуірінде кеңес әскерлері Австрияның астанасы Венаны немістерден азат етті, 25 сәуірде Берлин үшін шайқас басталды. 29 сәуірде Италиядағы неміс әскерлері тізе бүкті. Бұның алдында итальян патриоттары Муссолиниді түтқындап дарға асқан болатын. 30 сәуірде Гитлер өзін мерт қылды. 1945 ж. 2 мамырында берлиннің гарнизоны тізе бүкті. 5-9 мамырда Прага үшін шайқас болды. 8 мамырда 1945 жылы немістер толық және сөзсіз капитуляцияға қол қойды. Еуропадағы соғыс айқталды.

Бұл оқиғалардан бұрын, 1945 ж. 25 сәуірінде бүдан бүрын жоспарланғандай, Сан-Франциско қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Құрылтай конференциясы өтті. Оған әлемнің 42 елінің өкілдері қатысты. Құрылтай конференциясының күн тәртібінде бір-ақ мәселе қаралды- ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қабылдау. Біріккен Ұлттар Ұйымының Құрылтай конференциясы өзінің жүмысын 1945 ж. 26 маусымында аяқтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бір ауыздан қабылданып, халықаралық құқықтың негізгі құжатына айналды..

Германияның талқандалуымен Екінші дүниежүзілік соғысы аяқталған жоқ, бірақта әлемнің бұл соғыста кім жеңетініне және кім соғыстан кейінгі әлемді билейтініне көзі жеткен еді. Германия мен оның одақтастарының тағдырын, соғыстан кейінгі Еуропаның құрылысын талқылау және де халықаралық жағдайларға қатысты бөтен де мәселелерді шешу үшін 1945 ж. 17 шілдесі мен 2 тамызына дейін Берлиннің қасындағы Потсдам қаласында "үлкен үштіктің" конференциясы өтті. Оған қатысушылардың құрамы күрделі өзгеріске үшырады. 1945 ж. 12 сәуірінде фашизмді жеңуге зор үлес қосқан американ президенті Ф.Д. Рузвельт қайтыс болып, АҚШ президенті болып Гарри Трумэн тағайындалды. Конференция барысында Ұлыбританиядағы парламенттік сайлауда У. Черчилль жеңіліп қалып, оның орнын Клемент Эттли басты. "Үлкен үштіктің" баяғы мүшелерінен тек И.В. Сталин қалды.

ІІІ - ТАРАУ. БЕРЛИН (ПОТСДАМ) КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛЕРІНІҢ КЕҢЕСІНІҢ (СІМК) ҚҰРЫЛУЫ

3.1. Потсдам конференциясы. Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесінің (СІМК) құрылуы.

Соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін 1945 ж. 17 шәлдесі - 2 тамыз аралығында Берлиннің қасындағы Потсдам. қаласында одақтас 3 державаларының мемлекет басшылары кездесті. Бұл кездесуге Кеңес үкіметінің басшысы И.В. Сталин, АҚШ президенті Г Трумэн және Ұлыбританияның премьер-министрі У. Черчилль (соңғыны 28 шілдеден бастап парламенттік сайлауда жеңіп шыққан лейбористтік партияның көсемі К. Эттли айырбастады), үш державаның сыртқы істер министрлері.

Ең бірінші болып конференцияға қатысушылар Еуропадағы мәселелерді бейбіт жолмен реттеуге кірісті. Олар Германиямен және оның бұл соғыста одақтасы болған Италиямен, Румыниямен, Болгариямен, Венгриямен, Финляндиямен бейбіт келісімдерді жасасатын халықаралық орган құру керек еді.

Ұлы державалардың басшылары Потсдамда бұл мәселелерді шешетін Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесін (СІМК) құрды. Бұл мекемеге соғыста жеңілген Германия және оның одақтастары Италиямен, Румыниямен, Болгариямен, Венгриямен, Финляндиямен бейбіт келісімдердің шарттарын жасау және бөтен де одақтас державалар ұсынатын мәселелерді шешу тапсырылды.

СІМК-ге КСРО-ның, АҚШ-ың, Ұлыбританияның, Қытайдың және Францияның сыртқы істер министрлері қатысты. Жеңілген мемлекетпен бейбіт келісім шарттың жобасын бұл елдің капитуляциясын қабылдаған мемлекеттердің өкілі жасайтын болды. Сондықтан Финляндиямен бейбіт келісімнің жобасын жасаған КСРО мен Ұлыбританияның бұл Кеңестегі өкілдері болды, Румыниямен, Болгариямен Венгриямен бейбіт келісімнің жобасын жасаған КСРО, Ұлыбритания және АҚШ болды. Италиямен бейбіт келісімнің жобасы жасалғанда оған одақтас үш державаның өкілдерімен қатар Францияда қатысты.

Бұл мәселе бойынша қабылданған Коммюникеде былай делінді: "Конференцияға қатысушылар жеңіске жеткеннен кейінгі Еуропада орнатылатын тәртіп бойынша мынадай мәлімдеме жасауды шешті.

Үш Мемлекет қазіргі замандағы Италиядағы, Болгариядағы, Финляндиядағы, Венгриядағы, Румыниядағы қалыптасқан аномалдық жағдайды олармен бейбіт келісімдер жасау арқылы тоқтатуды шешті. Бөтен де бұл мәселелерді шешкісі келіп отқан Бізге одақтас мемлекеттердің Үкіметтері де бұл шешімімізді қолдайды деп сенеміз. Үш Үкіметте өз жағынан СІМК-нің Италиямен тезірек бітім жасауын кідіртуге болмайтын маңызды іс деп есептейді, себебі Италия фашистік осьтің ішіндегі бірінші мемлекет болып Германиямен байланысын үзіп, оны талқандауға біраз материалдық үлес қосты және қазір де Жапониямен соғысу үшін одақтастармен бірігіп отыр. Италия өз бетімен фашистік тәртіптен құтылып демократиялық билену бағыты жолында әжептәуір прогресске жеткен мемлекет. Әлем таныған Италияның Демократиялық Үкіметімен бейбіт келісім жасасу, Үш одақтас Үкіметке Италияның БҰҰ ұйымына мүшө болғысы келген мақсатын қолдауға мүмкіндік береді.

Үш Мемлекет Сыртқы Істер Министрлерінің Кеңесіне Болгариямен, Румыниямен, Венгриямен, Финляндиямен бейбіт келісімдердің жобасын жсауды ұсынды. Әлем таныған бұл мемлекеттердің Демократиялық Үкіметтерімен бейбіт келісім жасасу, Үш одақтас Үкіметке бұл мемлекеттердің БҰҰ ұйымына мүше болғысы келген мақсатын қолдауға мүмкіндік береді. Үш Мемлекет өз бетімен бұл мемлекеттермен бейбіт бітімдердің жобалары жасалғанса олармен диппломатиялық қатынастарды орнатудың шарттарын талқылауға қарсы емес.

Үш Мемлекет соғыс аяқталғаннан кейінгі Еуропадағы жағдайлардың өзгергеніне байланысты, одақтас мемлекеттердің прессасының өкілдері сөз еркіндігіне ие болып Румынияда, Болгарияда, Венгрия мен Финляндияда болып жатқан оқиғалар туралы әлемге шынайы ақбарат беріп тұрады деп сенеді" [41,168.].

Бөтен мемлекеттердің БҰҰ мүшелігі туралы мәселеге келетін болсақ, ол туралы БҰҰ Жарғысының ІV бабында былай делінген:

"1. Біріккен Ұлттар Ұйымына оның Жарғысында жарияланған шарттарды мойындап оны орындауға кепілдік берген барлық бейбітшілік сүйгіш мемлекеттерге жол ашық.

2. Бұл шарттарды орындауға келіскен әрбір мемлекетті Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке алу Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша Бас Ассамблеяның шешімімен жасалады.

Үш Мемлекет, бұл мәселені шешу оларға қатысты болғандықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне, соғыс барысында бейтараптық ұстаған мемлекеттерді және жоғарыда көрсетілген шарттарды мойындап оларды орындауға кепілдік берген мемлекеттерді қабылдауға қарсы болмайды.

Сонымен қатар Үш Мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне Испания мемлекетін қабылдауға қарсы екенін жариялайды, себебі бұл мемлекет фашистік ось державаларының қолдауымен құрылған болатын, сондықтан өзінің пайда болуымен, сипатымен, өзінің қызметі мен агрессор мемлекеттермен байланыста болғандықтан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болатын шарттарға сәйкес келмейді [41, 172.].

Потсдамдағы конференция Ялтадағыдай достық, ынтымақтық жағдайда өткен жоқ. АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдері КСРО-ға одақтастық пікір танытқан жоқ. Соғыс аяқталғаннан кейінгі 1945 ж. мамыр айының соңында Трумэнге жазған хатында У.Черчилль Шығыс майданда "Темір сахнаның" жабылғаны туралы жазған еді. Ол баяғыдағы фашистік Германияның Насихат министрі Пеббельстің "темір сахна" туралы сөзін қайталаған еді. Сондықтан бұл конференцияға қатысқан У.Черчилль мен Д. Рузвельт КСРО-ға көз аларта бастады. Көптеген батыс тарихшыларының жазуынша, Ф.Д. Рузвельттің бұндай саясат үстауы, АҚШ-ның алғашқы болып ядролық қаруға ие болуына байланысты болды. Олардың айтуынша, Трумән маңайындағыларға былай деген екен: "Енде менің қолымда Кеңес үкіметін қорқытып үстайтын үлкен сойылым бар" [42, 44.].

Бұл конференция барысында Ф. Рузвельт У. Черчилльмен алдын ала келісіп И.В. Сталинге АҚШ -да атом бомбасының сынақтан өткені туралы хабарлады. Бірақта бұл хабар күткендей эффект бермеді. Маршал Г.К. Жуков " Мысли и размышления" деген естелігінде былай деп жазады: "Трумэнмен сойлесіп бұл хабарды есіткеннен кейін, Сталин кеңестік делегаттардың ортасында, батыс өкілдерінің құлағына жеткізу үшін, "Қурчатовқа атом қаруын дайындауды тездетуге тапсырма беріңдер деді" [43,24.].

Потсдам конференциясында бірқатар мәселелер бойынша одақтастар арасында елеулі келіспеушіліктер болды. Оның бірі болған -Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі жағдайлар туралы мәселе. Румыния мен Болгарияны кеңес әскерлерімен азат етілуі бұл жерлерде өткен фашизмге қарсы халық көтерілістерімен қатар келді. Румынияда кескілескен саяси күрес барысында мемлекет басына 1945 ж. науырыз айында П. Гроза басқарған демократиялық үкіметі келді. Болгарияда 1944 ж. қыркүйегінен бастап елді үздіксіз басқарған Отандық майдан үкіметі болды.

Кеңес әскерлері немістерден азат еткен Венгрияда демократиялық партиялардың одағынан түрған коалициялық мемлекет билік басына келді. Бұл елдерде қайта құрулар жүргізіліп, үкіметтерінің фашизмнің қалдықтарын жоюға, демократиялық билену принциптерін жаңғыртуға жасап жатқан іс-әрекеттері бұл елдердің қолдауын тапты.

Потсдам коыференциясына қатысқан батыс мемлекеттерінің өкілдері бұл елдерде қалыптсқан жағдайларды өзгертуге тырысты. Мысалы АҚШ дөлегациясы "Румыния мен Болгариядағы өмір сүріп жатқан билену түрін дереу өзгерту туралы" қарар қабылдауды ұсынды [44, 84].

Потсдам конференциясында ең кескілескен күрес Польша және Германия мәселесі бойынша жүрді.

Польша мәселесі. Қырым конференциясының шешімі бойынша Польша солтүстігі мен батыста өзінің территорияларын кеңейту керек еді. Потсдамда американ және ағылшын делегаттары Кеңес үкіметінің Польшаға немістердің басып алған батыс аудандарын қайтып беруіне қарсылық білдірді. Бірақта дискуссия нәтижесінде АҚШ пен Ұлыбританияның өкілдері "баяғыда Балтық теңізінен Одөр мен Батыс Нейсе бойынша Чехословакияға дейінгі немістер жаулап алған жерлердің және Данциг қаласының (полякша Гданьск қаласының) Польшаға қосылуына" келісті. Және сонымен қатар одақтастар бұл жерлердің неміс тұрғындарының Германияға көшірілетіні туралы келісті. Бұл шешімдердің барлығы, конференцияға қатысқан елдердің Польшаға қайтарылып берілген жерлердің заңдылығын және мызғымастығын мойындайтынын көрсетті.

Польша мәселесі бойынша қабылданған арнайы Коммюникеде былай делінген еді:

"Конференция Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметі мен Польшаның батыс шекараларына қатысты мәселелерді қарастырды.

Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметіне қатысты позицияларымызды төмендегі Мәлімдемеде жариялаймыз:

А. Біз Қырым Конферециясының шешімдеріне сәйкес эмиграциядағы және елдегі поляктардың келісімге келіп үш держава мойындаған Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметінің құрылғанына ризашылығымызды білдіреміз. Британ Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметімен дипломатиялық қатынастарды орнатқаннан кейін эмиграциядағы Лондондағы Польшаның Үкіметін мойындамайтынын мәлімдейді және ол үкімет таратылу керек. Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметтері өздері ресми түрде мойындаған Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметінің мүдделерін және қандай түрде болса да Польша жерлерінде өмір сүретін меншігін қорғайтынын мәлімдейді.

Одақтастар Польшаның меншігін бөтен үшінші жаққа беріліп кетпеуінің жағдайларын жасады. Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметіне олардан заңсыз тартып алған барлық меншігін қайтып алуға юридикалық құқық берілді.

Одақтас Үш Үкімет Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметіне тез уақытта шет елде жүрген өз еркімен елге қайтқысы келген поляк азаматтарын, сауда флотын және әртүрлі әскери құрамдарда жүрген әскери адамдарын қайтаруға көмек көрсететінін мәлімдөйді. Одақтас Үш Үкімет бұл Отандарына қайтып оралған азаматтарға Польшаның азаматтарына сияқты толық азаматтық қүқықтары беріледі деген сенім білдіреді.

Одақтас Үш Үкімет Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметінің Қырым Конференциясының шешімдеріне сәйкес таяу уақытта еркін және ешқандай кедергілер жасамай жаппай даус беру негізінде барлық Польшадағы партиялардың қатысуымен сайлау өткіземіз деген шешімін қолдайды және ол сайлау барысы туралы одақтастардың баспасөз өкілдерінің әлемге мәлімет беріп тұруына Польшаның Уақытша Үкіметі кедергі жасамайды деген сенімін білдіреді.

В. Польшаның батыс шекаралары бойынша мынадай Келісім қабылданды:

Қырым конференциясында Польша мәселесі бойынша қол жеткен Келісім бойынша Үш Үкіметтің басшылары Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметінің Польшаның солтүстік пен батыста алғысы келетін территориялар туралы пікірлерін қарастырды. Польшаның Краева Рада Народованың төрағасы мен Польшаның Ұлттық Бірлігінің Уақытша Үкіметінің мүшелері Конференцияда қабылданып бұл мәселе бойынша өз қөзқарастарын жариялады. Үш Үкіметтің басшылары бұл мәселені жан-жақты талқылап, Польшаның батыс шекарасын белгілеуді ендігі бейбіт конферөнцияға шешуге қалдырды. Үш мемлекеттің басшылары Польшаның батыс шекаралары толық белгіленгенге дейін, Берлин Конференциясының шешімдері бойынша КСРО-ға берілген жерлер мен Дангиг қаласынан басқа, Балтық теңізінің жағалауында орналасқан Свинемюнде ден басталып Одер өзені бойынша Батыс Нейсеге, одан Чехословакия шекарасына дейін жатқан жерлерді уақытша Польша қарамағына беріледі және олар Германиядағы кеңестік зона оққупациясына жатпайды деп шешті" [44, 90].

Потсдам конференциясында қаралған ең маңызды мәселелер қатарына Германия мәселесі жатты.

Германия мәселесі. Потсдам конференциясы герман милитаризмі мен нацизмінің түбегейлі жойылып, келешекте Германия тарабынан адамзаттың бейбіт өміріне қауіп төнбейтініне кепілдік берді.

Потсдам конференциясының шешімі бойынша, оккупация уақытында Германия біртұтас мемлекет ретінде қарастырылатыны туралы мәлімдеді. Германияны толық қарусыздандыру, фашизмнің қалдықтарын жойып демократияландыру үшін "герман экономикасының децентрализацияланатыны, ол үшін синдикаттардың тресттердің және бөтен де монополисттік бірлестіктердің жойылатын туралы" айтылды.

Одақтастардың Бақылау органдарының Германияда тек өнеркәсіптің бейбіт салалары мен ауыл шаруашылығының дамуын қатаң қадағалайтыны туралы айтылды.

Конференцияның шешімінде былайша делінді:

13. Соғыстан кейінгі Германияның экономикасының дамуын ұйымдастырғанда негізгі назар оның ауыл шаруашылығы мен халықтың қажөттілігіне керекті тауарларды шығаратын өнеркәсіптің бейбіт салаларын дамытуға аударылады.

14. Оққупация уақытында Германия біртұтас экономикалық бірлестік ретінде қарастырылады. Соған байланысты мынадай мәселелер бойынша ортақ саясат жүргізіледі:

а) тау-кен және өңдеу өнеркәсіп салалырының шығаратын өнімдерін бөлуде; б) ауыл шаруашылығы, орман және балық аулау өндірістерінің өнімдерін бөлуде;

в) жалақы мен бағаны қоюда;

г) Германия үшін импорт және экспорт бағдарламаларын анықтағанда;

д) ақша және банк жүйесін ұйымдастырғанда; салықтар мен кеден алымдарын тағайындағанда;

е) Германияның әскери-өнеркәсіптік потенциалын жойғанда және репарацияларды алғанда;

ж) транспорт және коммуникация жұйелерін қайтадан құрғанда. Одақтастар бұл салалардағы бірлескен саясатты жүргізгенде

жергілікті жағдайларды ескеріп отырады.

15. Герман экономикасына одақтастардың бақылауы орнатылады.

17. Мына мәселелер бойынша дереу шаралар жүргізіледі:

а) транспорт құралдарын жөндеуде;

б) көмірді өңдеудің көбейтуінде;

в) ауыл шаруашылық тауарларымен халықты жабдықтауда;

г) әскери қимылдар барысында қирап қалған халықтың баспаналары мен коммуналдық мекемелерді қалпына келтіруде [44,110.].

Потсдам конференциясының шешімінде барлық Германияда қызмет ететін демократиялық партиялар мөн кәсіподақтарға қолдау көрсетілітіні туралы айтылды.

Кеңес Одағының делегациясының ұсынысы бойынша Германияның әскери қылмыскерлерінің соты тезірек өткізілетін болды. Германияға төртжақты - КСРО, Ұлыбритания, АҚШ және Францияның оккупациялық бақылауы орнады және ортақ билеу үшін Одақтық бақылау кеңесі құрылды. Бұл Одақтық бақылау кеңесіне мынадай мәселелерді шешу тапсырылды:

1. Германияны толық қарусыздандыру және демилитаризациялау және сонымен қатар келешекте әскери қару-жарақ шығармау үшін неміс экономикасын жою және оған бақылау орнату. Бұл мақсаттарды шешу үшін:

а) Германияның барлық құрлықтық, теңіз және ауе әскери күштерін, СС, СА, СД және Гестапоны барлық үйымдарымен, штабтарымен және мекемелерімен толық және түбегейлі жою, келешекте герман герман милитаризмі мен нацизмі қайтадан жанданбау үшін;

б) барлық қару-жарақ, амуниция, соғыс құралдары және оларды жасайтын құралдар одақтастардың бақылауына берілуге тиісті немесе жойылу керек. Ұшақтар және бөтен қару-жарақтар, амуниция, әскери техниканы жасау тоқтатылады".

Конференцияға қатысушылар, оққупацияның ең негізгі мақсаты -"нешетүрлі нацистік және милитаристік қызмет пен насихатты тоқтату" екенін мәлімдеді".

2 Национал-социалисттік партия мен оның филиалдарын және оған бағынышты мекемелерді тарату, барлық нацистік ұйымдарды тарату, келешекте олар бөтен түрде жандануына тиім салу және нацистік, милитаристік насихатқа жол бермеу.

Германияның саяси өмірін қайта құруға, демократиялауға дайындау және оның қайтадан халықаралық қатынастар жұйөсіне кіруін дайындау.

3.Гитлерлік тәртіптің орнауына әкелген, нәсілі, діні және саяси көзқарастары бойынша дискриминациялауға әкелген нацистік заңдарды жою. Келешекте ешқандай құқықтық, әкімшілік немесе бөтен де дискриминацияға жол бермеу.

4.Әскери қылмыскерлер және немістердің адамзатқа жасаған қылмыстары мен зұлымдықтарына қатысы бар барлық қызметкерлер тұтқындалып, сотталады. Нацистік көсемдер, оларды қолдаған ықпалды жақтаушылары және нацистік мекемелердің басты қызмөткерлері және бөтен де оққупациялық тәртіпке қас адамдар тұтқындалып, сотталады.

5.Барлық фашисттік тәртіпке қатысты болған қызметкерлер өздерінің қызмөттеріненалынады.

Әзірше ешқандай орталықтанған герман үкіметінің мекеме-лері құрылмайды. Бірақта күнбе-күнгі өмір үшін қажетті қаржы, транспорт, коммуникация, сыртқы сауда және өнеркәсіп салаларында мемлекеттік хатшылар басқаратын орталық неміс әкімшілік департаменттері құрылады. Олар Бақылау Кеңесінің басшылығымен қызмет атқарады.

10. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сөз, баспасөз, дін бостандығы жарияланады. Ерікті кәсіподақтарды құруға рүқсат беріледі".

Үш елдің басшылары барлық Германияға бір Бақылау Кеңесі басқаратын қаржы, сыртқы сауда, өнеркісіп департаменттерін құруды ұйғарды [44, 112].

Репарациялар мәселесі бойынша, Германия одақтастардың шығындарын өтеуге міндеттелді және олар бойынша мынадай шешімдер қабылданды:

1. КСРО-ның репарациялық претензиялары оның оккупациялаған неміс зонасы мен Германияның шетелдегі банктерде жатқан ақшаларымен өтеледі.

2.Польшаның репарациялық претензияларын КСРО өз үлесінен төлейді.

3.Америка Құрама Штаттарының, Ұлыбританияның және бөтен де елдердің Германияға қойылған репарациялық талаптары батыс оккупациялық зонасы мен Германияның шетелдегі банктердегі ақшаларынан өтеледі.

4. Өзінің оккупациялық зонасынан алған репарацияларға қосымша КСРО батыс елдерінің оккупациялық зонасынан: а) пайдалануға жарайтын металлургиялық, химиялық және машина салу салаларының комплектік өнеркәсіптік капиталдық құралдарының 15% аладыб бірақта ол үшін арнайы келісім бойынша германияға азық-түлік, көмір, құрылыс материалдарын береді: б) герман бейбіт экономикасына қажет емес өнеркәсіптік капиталдық құралдардың 10% алады, бірақта олар үшін ешнәрсе бермейді, себебі олар репарация есебіне кетеді.

Кеңес Үкіметі батыс елдерінің оккупациялық зонасында орналасқан герман өндірістерінің акцияларынан репарация алмауға сөз береді және бұл мекемелердің шетелдік активтерінен де бас тартады.



  1. Өз тарапынан АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері Германияның шығыс оккупациялық зонасында орналасқан герман өндірістерінің акцияларынан репарация алмауға сөз береді және бұл мекемелердің Болгариядағы, Финляндиядағы, Венгриядағы, Румыниядағы және Шығыс Австриядағы шетелдік активтерінен де бас тартады.

10. Кеңес Үкіметі батыс одақтастарының Германияда басып алған алтын қорларынан бас тартады [44, 115.].

Потсдам конференциясы КСРО-ға маңындағы территорияларымен бірге Кенисберг қаласын беруді шешті.

"Кеңес Үкіметінің үсынысы бойынша, одақтастар Балтық теңізінің жағалауындағы территориялық мәселелер толық шешілгенге дейін КСРО-ның батыс шекарасы Данциг бухтасынан басталып, солтүстікке қарай Браунсберг-Гольдап және Литва, Поляк Республикасы мен Шығыс Пруссияның шекаралары түйіскен жерге дейін өтөді деп шешілді.

Конференция негізінде Кеңес үкіметінің үсынысымен келісіп, маңындағы территорияларымен бірге Кенисберг қаласын КСРО-ға беру керек деп шешті" [44, 117].

Сонымен қатар бұл конференцияда Гитлер басып алған жерлерде орнығып алған неміс тұрғындарын қайтадан Германияға қайтару мәселесі шешілді.

"Конференцияға қатысушылар Польшаға, Чехословакияға және Венгрияға орнығып алған немістерді қайтадан өз еліне қайтару туралы мынадай келісімге келді.

Үш Мемлекет бұл мәселенің барлық аспектілерін қарастырып бұл елдердегі орныққан немістерді Германияға қайтаруды шешті және бұл көшірілу гуммандық және үйымдасқан түрде жүргізілетінін атап көрсетті.

Сонымен қатар бұл Конференция Польша, Чехословакия, Венгрия үкіметтерін өз тарапынан одақтастардың Бақылау Кеңесінің рұқсатысыз бұл неміс тұрғындарын көшіруге тиым салды" [44,120].

Потсдам конференциясының тарихи маңызы өте зор болды. Ол қабылдаған шешімдер соғыстан кейінгі әлемнің демократиялық билеуінің жоспарын ұсынды. Әлемдік прогрессивтік баспасөз оны солай бағалады да. Нью-Йоркта шығатын "Пост Меридиан" газеті "Потсдам конференциясының шешімдері тек бір-ақ мақсатқа бағытталған - әлемде бейбітшілікті орнату" - деп жазған еді [45].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет