Мазмұны Кіріспе І тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі



бет1/8
Дата16.06.2016
өлшемі2.82 Mb.
#138859
  1   2   3   4   5   6   7   8
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................3

І Тарау. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және шет елдердің салық салу тәжірибесі
1.1Салықтың экономикалық мәні, мазмұны ............................................................6

1.2 Қазақстан Республикасында салықтардың атқаратын қызметтері,

олардың түрлері.........................................................................................................15

1.3 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі...........................................................32


ІІ Тарау. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөлі (ҚР, Көксу ауданы бойынша Салық Комитетінің мысалында)

    1. Қазақстан Республикасы бойынша бюджетке түсетін салық түсімдерінің көрсеткіштік жағдайына экономикалық талдау................................................44

    2. Көксу ауданы бойынша 2002-2005 жылдардағы бюджетке түскен салық түсімдеріне экономикалық талдау......................................................................60


ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасының салық саясатынын даму жағдайы және оны жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы....................77

3.2 Салық салуды жетілдіру жолдары.....................................................................82
Қорытынды..............................................................................................................86
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................88
КІРІСПЕ
Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформаның тиімділігі мемлекеттің экономикалық дағдарысын, проблемаларын шешуші қызметін атқаруда. Яғни салық – бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардың қайтарымсыз төлемдері.

Салық мәселесімен А.Нұрымов, Б.Ермекбаева, Н.Мамыров, К.Ілиясов, Ө.Шеденов, Құлпыбаев сияқты белгілі ғалымдар айналысады.

Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Мысалы, 2006 жылғы Елбасының Жолдауына зерделей үңілгенде мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен, сараптаулармен, нақты болжаулармен түйінделгенін ұғынамыз. Президент биылғы Жолдауында Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қалай қосылуы жолындағы негізгі жеті басым бағытты айқындаған екен. Сол басымдардың ішінде салық мәселесіне біршама өзгерістер енгізілді. Екінші басым бағыт Қазақстанды жаңа белеске көтеру-тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы болмақ. Яғни экономикалық саланы жаңарту және жаңғырту, қарқынды дамыту жолдарын ұстануымыз қажет деп қарастырылған. Мысалы, екінші басымдықты нақты іске асару мақсатында Президент Үкіметке мыналарды тапсырды:


  1. Валюталық операцияларды жүзеге асару тәртібін оңайлату арқылы

«Валюталық реттеу туралы»Заңға тәуелді актілерді әзірлеу жұмыстарын аяқтайтын болсын.

  1. 2007жылдан бастап қосымша құн салығының ставкасын 1% -ға , ал 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2%-ға азайту.

  2. 2008жылдан бастап әлеуметтік салық шамамен 30% -ға азайтылып, ол жұмыс берушілерді жұмысшылар жалақысын өсіруге ынталандыруы керек.

  3. 2007жылдан бастап, барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10%-дық белгіленген мөлшерлемесі енгізілсін. Еңбек ақысы аз жұмысшылар санатының табыс деңгейін сақтау мақсатында айлық есептік көрсеткіштің орнына олардың салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерін алып тастауды ұсынамын.

  4. 2007 жылдың 1 қантарынан бастап шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай мөлшерлемесі енгізілсін.

  5. Алты ай ішінде жоғарыда айтылған Салық қызметінің арнайы бөлімін құру жөнінде нақты ұсыныс әзірленсін және т.б.[1]

Осы аталған мәселе – дипломдық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан түсетін табыстан ерекшеленеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеті – қойылған мақсатқа жету, ол үшін салықтың мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, шет елдік салық салу тәжірибесін, салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау болып табылады.

Дипломдық жұмыста Қазақстан республикасының салық жүйесіне толық сипаттама берілген. Қазіргі кездегі салықтардың мәнін, маңызын, нарықтық экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын қарастырдық.

Салық салудың негізгі мақсаты – мемлекет қазынасын толтыру, еліміздің экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болып табылады.

Салықсыз мемлекеттің және онымен байланысты барлығының да өмір сүруі мүмкін емес. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде – жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізуде.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Бірінші бөлімде салықтың мәні, мазмұны, атқаратын қызметтері, түрлері және салық салудағы кейбір дамыған шетелдердің тәжрибесі қарастырылған.

Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасы, Көксу ауданы бойынша бюджетке түскен салық түсімдерінің 2002-2005 жылдар аралығындағы көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасалған.

Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы, салық механизмдері және салық салуды жетілдіру жолдары талданды. Сонымен, мемлекеттің нарықтық экономикасын құруға әсер етуіне көмектесетін экономикалық тетіктердің ішіндегі салықтың мәні зор.


І ТАРАУ. САЛЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, МАЗМҰНЫ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ САЛЫҚ САЛУ ТӘЖІРИБЕСІ


    1. Салықтың экономикалық мәні, мазмұны

Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олар – дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалылығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:


  1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты;

  2. „қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидаты.

Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Ал, оларға ғылыми көзқарас ХҮІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти (1623-1687ж.ж.) „Салық пен жиынтық трактаты” – (1662ж), Д.Рикардо „Салық салу және саяси экономияның басталуы” – (1817ж.), А.Смит „Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу” – (1776ж.) А.Смит салық салудың төрт принциптерін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.

1.Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға қатысады. Мемлекеттің қорғауымен қамқорлығын пйдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады. Бұл ережені сақтау немесе сақтамау салық салудың тереңдігіне немесе тепе-теңдігіне ұрындырады.

2.Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салықтық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы дәрлік төлем төлеуші үшін анық әрі ашық болуы қажет және кез келген адамға да солай.

3.Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді.

4.Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасына құйылуы, халық қалтасынан алғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан гөрі, салықты халық қатынасынан алу мен ұстаудың көп болуы да әбден мүмкін. Себебі, оны жинау шенедіктердің көп болуын талап етсе, оларға төленетін айлық сомасы салықтың мол мөлшері арқылы жүзеге асады.

А.Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды қолданудың әлеуметтік – экономикалық салдарын барынша талдады.

Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.

Салық салудың мынадай принциптері бар:

- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;

- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.

Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.

Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.

Салықтардың экономикалық мәні мынада:


  • біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді.

  • екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.

Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған. Мысалы, Ф.Аквиннский „Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде анықтаса, салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А.Смит „Салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп тұжырымдаған.

„Салық” ұғымы әр түрлі әдебиеттерде әр түрлі қарастырылады. Негізінен көптеген экономикалық әдебиеттерде „салық” ұғымы бюджет қорына белгілі бір көлемде және белгілі бір уақытта түсетін міндетті төлем ретінде қарастырылады. [2]

Нарықтық эколномиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады.

Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен тұрады. Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект , салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:

Салық төлеуші (субъект) - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға. Қазақстан Республикасының салық төлеушілері:

1) резидент және резидент емес заңды тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар болып жіктеледі.

Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және тағы да басқа көптеген тауарлық – материалдық игіліктер.

Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.

Салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді. Пайыздық салық ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық (тұрақты) болып бөлінеді.

Прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады.

Пропорционалды ставкалар керісінше, салық салынатын табыстың мөлшеріне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.

Регрессивті салық ставкасы – салық салынатын табыс мөлшерінің өсуіне қарай салық ставкасының төмендеуі. Тұрақты салық ставкасы салық объектісінің көлемінен тәуелсіз бірыңғай сома түрінде белгіленеді.

Салық өлшем бірлігі – есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі.

Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төленетін салық сомасы.

Салық жеілдіктері заңға сәйкес салық төлеушіні бірітіндеп немесе салық төлеуден толық босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту тағы да басқалары жатады. Салық төлеуші шегерімдерді жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізіледі.

Салықты төлеу мерзімі – салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты.

Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезіндегі белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық төлеушілердің құқығы:


  • қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметі органдарынан ақпарат алу;

  • салық қатынастары мәселелері бойынша өз мүдделерін қорғау және оны өзі, не өз өкілі арқылы білдіру;

  • салық бақылауы нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөнінде салық қызметі органдарына түсіндірме табыс ету;

  • салық бақылауы нәтижелерін алу;

  • жеке шотынан салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айрысудың жай-күйі туралы көшірме алу;

  • Салық Кодексінде және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау;

  • салық құпиясының сақталуын талап ету;

  • салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттарды табыс етпеу.

Салық төлеушінің міндеттері:

  • салық міндеттемелерін дер кезінде және толық көлемінде орындау;

  • салық қызметі органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындау, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамау;

  • нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлікті тексеруіне жол беру;

  • салық есептілігі мен құжаттарды заңға сәйкес тәртіптен табыс ету;

  • сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жады бар бақылау – касса машиналарын міндетті түрде пайдалана тұтынушының қолына бақылау чегін бере отырып жүргізу.

Салықты төлеуді бақылау – салық заңдарының орындалуын, мемлекетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығын және олардың уақытылы төлену мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеру. Салықты төлеуді басқаруды тек қана салық қызметі органдары жүзеге асырады.[3]

Салық салу қағидалары:

Салық механизмінің қызметі белгілі қағидаларға сүйеніп іске асырылады. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі салық ісін мынадай қағидаларға негізделіп жүргізілуін талап етеді:



  • міндеттілік қағидасы бойынша салық төлеуші салықтық міндетін толық және белгіленген мерзімде орындауы тиіс.

  • нақтылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасындағы бюджетке төленетін төлемдер мен салықтар нақты болуы тиіс.

  • әділеттілік қағидасы бойынша Қазақстан Республиикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болады, жеке түрдегі жеңілдік жасауға рұқсат етілмейді.

  • біртұтастылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында жалпыға бірдей салық жүйесі қолданылады.

  • жариялылық қағидасы бойынша салықты реттеуші нормативтік құқықтық кесімдер ресми басылымдарда жарық көреді.

Қазақстан Республикасында салық жүйесінің де алатын орны зор. Салық жүйесін мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар, салық механизмі яғни, салық салу әдістері мен тәсілдері, жолдары, салық заңдары мен салыққа қатысты кесімдердің, салық қызметі органдарының жиынтығы құрайды.

Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Еліміздің салық жүйесінің дамуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады:



  • 1-ші кезең (1992-1995 жж) – жаңа салық жүйесі базисінің, салық кезеңінің өңделуі және іске қосылуы;

  • 2-ші кезең (1996-1998 жж.) – нарықтық экономика талаптарына сай келетін салық жүйесін құруды аяқтау;

  • 3-ші кезең (1998-2000жж.) – барлық қағидалардың ескерілуі арқылы салық жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, салық жүйесін одан әрі жетілдіру.

  • 4-ші кезең (2001-2002 жж.) – Жаңа салық Кодексі қабылданып, іске қосылды.

Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасындағы Салық жүйесі туралы Заң тәуелсіз салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады.

Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі болып саналады. Осы кезеңдерде елде көптеген өзгерістер болды және экономиканың дамуына көптеген құбылыстар, атап айтқанда, меншіктің көптеген түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі және тағы да басқа құбылыстар іске аса бастады.[4]

Осы Заң бойынша алғаш рет Қазақстан Республикасында 42 салық түрі қызмет етті және олар 3 топқа бөлінді:


  • жалпы мемлекеттік салықтар – 10,

  • міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар – 11,

  • жергілікті салықтар мен алымдардың 18 түрі.

Бұл салықтардың негізін табыс салығы, пайдаға салынатын салық, қосылған құнға салынатын салық, акциз салығы, жер салығы және тағы басқа салықтар құрады.

Алғашқы салық жүйесінің көптеген кемшіліктері де болды. Атап айтқанда, басқа елдерге қарағанда біздің салық жүйеміздің жинақталған ғылыми және практикалық тәжірибелерінің жеткіліксіздігі, салық түрлерінің көптігі, халықаралық салық салу қағидаларының назардан тыс қалуы, айналымды анықтаудың қиындығы, дәлелсіз берілген жеңілдіктердің көптігі және тағы да басқалары. Осыдан келіп еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі туындады.[5]

Қазақстан Үкіметі 1992 жылдың басында салық жүйесін кезеңді түрде реформалаудың концепциясын қабылдады. Аталмыш концепцияны іске асырудағы негізгі кезең болып Қазақстан Республикасы Президентінің 24-ші сәуірдің 1995 жылында қабылдаған „Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Заң күші бар жарлығы табылады. Ол 1995 ж 1-ші шілдесінен бастап іске қосылды, нәтижесінде бұрын қызмет еткен 42 салық түрінің орнына 11 салықтар мен алымдар қызмет ететін болды. Бұл Салық Заңдылығы бойынша еліміздің салық жүйесі нарықтық қатынастар талабына біршама бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақындатылады. 1999 жылы салық жүйесі 5 рет өзгерістерге ұшырады. Осыған орай 2000 жылы 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында 17 түрі салықтар мен алымдар қызмет етті. 4-ші кезеңде, яғни 2001 жылдың 12 маусымында Жаңа Салық Кодексі қабылданып, 2002 ж. 1-ші қаңтарынан бастап іске қосылды. Салық Кодексінде Қазақастан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген.

Қазақстан Республикасы салық жүйесін басқару Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президентке, Парламентке, Үкіметке, Қаржы Министрлігіне жүктеледі. Салық қызметі органы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық Комитетінен және облыс, Астана, Алматы қалалары, аудандар мен қалалар бойынша салық комитеттерінен тұрады.

Қаржы Министрлігінің салық комитеті салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық әрі уақытылы түсуіне мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін және салық қызметі органдарын басқаратын орталық атқарушы орган болып табылады. Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органдарына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.

Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады.

Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындалады.[6]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет