2. Олигополия үлгілері
Курно дуополиясы. Олигополияның ең қарапайым үлгісі нарықта тек қана 2 бәсекелес – фирманың болуын ұйғарады. Бұл жағдай дуополия деп аталады. Курно үлгісінің алғышарты: олигополист – фирмалар өнім шығару көлемі бойынша (өнім біртүсті) бірдей шешім қабылдай отыра, бәсекелестің өндіріс көлемін тұрақты шама ретінде қарайды. Олигополия нарығында А және В фирмалары бар дейік (76-а сурет). Нарықтық сұраныс = D, ал шекті шығындар тұрақты. А фирмасы өндіріс көлемі жөнінде шешімдерді қабылдайды. Егер ол В фирмасы ештеңе де өндірмейді деп болжау жасаса, оның ұсынысы Q құрайды. Егер ол В фирмасының өндіріс көлемі Q тең деп болжаса, өзінің өніміне деген сұранысының төмен және солға, D1 деңгейіне дейін ауысуы деп түсінеді де, өнімнің Q бірлігін өндіреді. В фирма ұсынысы көбеюін ары қарай болжай отыра, А фирмасы өнім шығарымын сәйкес санға азайтып, нәтижесінде өндіріс көлемін ынталандыратын жаңа нүктелерді табады. Бәсекелестің іс-қимылдарын дұрыс бағалай отыра, әр фирма өз үшін осы жағдайда пайданы жоғарылатуға мүмкіндік беретін оңтайлы стратегияны таңдайды. 76-б суретте фирмалар шекті шығындар деңгейінде өндірсе, (нағыз бәсекелестік жағдайларда сияқты) осы нарықта болуы мүмкін бәсекелестік тепе-теңдік көрсетілген. Бұл жағдайда олардың пайдасы кәдімгі (нольдік) болушы еді.
Курноның олигополиялық моделі фирмалар үшін ұтымды, себебі ол экономикалық пайда алуға мүмкіндік береді.
PA QA
В фирманың әсер тигізу қисық сызықтары
QA1 бәсекелес тепе-теңдік
QA2 Шарттардың
D қисық сызық-
MC QA3 тары
А фирманың әсер тигізу қисық сызығы
QA*
D
D2
1 QA4 MR
MR2 MR1
Q2 Q1 Q QA QB1 QB2 QB* QB3 QB
76 сурет. Әсер тигізу қисық сызықтары (а) және тепе-теңдік()
Бертран дуополиясы. Бертран дуополиясы Курно дуополиясына өте ұқсас, бұл үлгідегі олигополистер бәсекелестерінің өндіріс көлеміне емес, бағалардың өзгеруіне ғана назар аударады. Бәсекелес өнімге бағаны түсіреді деп болжай отыра, А фирмасы, пайдасын жоғалтқысы келмей, бағасын түсіреді. Курно үлгісінде өткізгендей сәйкес операциялардан кейін біз А фирманың В фирмасы баға өзгеруіне тигізген әсерінің қисық сызығын табамыз. Сондай әдіс арқылы В фирманың А фирмасы баға өзгеруіне тигізген әсерінің қисық сызығын табамыз. Сол әдіспен Бертран тепе-теңдігі – бағалар кеңістігінде әсер тигізу қисық сызықтарының қиылысу нүктесінде табылады (77 сурет).
PA В фирманың әсер тигізу қисық
сызықтары
А фирманың әсер тигізу қисық
сызықтары
45°
PB
77 сурет. Бертран тепе-теңдігі
Бертран үлгісінің Курно үлгісінен айырмашылығы: 2 әсер тигізу қисық сызықтары ұлғаймалы. Ол Бертран дуополистерінің бағалары Курно дуополистердің шығаруларына кері, жақындасу үрдісін көрсетеді. Осыған орай, Бертран үлгісінде тепе-теңдік жағдайдағы баға әр фирманың шекті шығындарына тең болады, әйтпесе нарықта тұтастай иеленуге ұмтылып, фирмалар бағаларын төмендете береді, бәрі де және шекті шығындар да бірдейленгенше. Бұл жағдайда да алынатын пайда нөлдік болып шығады. Курно мен Бертран үлгілерінің маңызды айырмашылығы келесіде: Курно үлгісінде нағыз бәсекелестік нәтижеге жету тек олигополистер санын көбейткен жағдайда ғана мүмкін. Бертран үлгісінде нағыз бәсекелестік нәтиже монополиядан дуополияға ауысқанда келеді. Бұл айырмашылықтың себебі: Курнода сұраныс қисық сызығы төмен түседі, ал Бертранда сұраныс икемді, сондықтан бағаның түсуі әрқашан пайдалы, егер ол МС жоғары тұрса. Екі үлгінің де шала жақтары бар:
-
олар тұрақтылықты ұйғарады: Курнода – өндіріс көлемінің, Бертранда – бәсекелестер бағасының, өмірде бұған жету қиын.
-
фирмалардың өндірістік қуаттары «өлшемсіз», яғни керек кезінде олар кеңееді не азаяды. Шекті және орташа шығындар өзгеріссіз қалып, ауқым әсері мүлде жоқ, осының негізінде келесі түйін туады: Курно бойынша және Бертран бойынша дуополия үлгілері олигополия жағдайларындағы стратегиялық мінез-құлық, іс-қимылдар туралы түсінік берсе де, олигополия барлық теорияларының ішіндегі ең қарапайым болып табылады.
Сұраныс сынық қисық сызығының үлгісі – сынық қисық сызығының үлгісін 1939 жылы П. Суизи ұсынды. Бертран үлгісінде сияқты, мұнда негізгі басқару ауыспалы ретінде бағалар тұрады. Сұраныс сынық қисық сызығының үлгісі негізінде бағалардың «жабысқақтығы» деген қасиеті түсіндіріледі. Олигополия нарығындағы фирмалар бір түрлі тауар сатады дейік: Р бағасы бойынша сатулар көлемі Q бірліктерін құрайды (78 сурет).
P2 MC2 MC1
Майысу (бүгілу) нүктесі
P
P1
D саланың
MR Dфирманың
q2 Q2 Q q1 Q1
78 сурет. Сұраныс сынық қисық сызығының үлгісі
Енді А фирмасы бағаны Р1 дейін төмендетеді дейік, онда оның сату көлемі Q1 дейін өсуге тиісті. Бірақ, қаралатын үлгіге сәйкес бәсекелес – фирмалар бағаның түсуін нарықты билеу деп түсінеді, себебі олардың ешқайсысы нарықтан кеткісі келмейді, сондықтан олар А фирмасы сияқты бағаны түсіреді, оның нәтижесінде нарық сұранысының қисық сызығы ауысады. Енді А фирмасы өнімнің тек қана q1 бірлігін сата алады. Егер А фирмасы төмендетпей, бағаны Р2 дейін көтерсе, бәсекелестер оған ермейді де, сату көлемі Q2 құрайды. Осы 2 жағдайда да біз сұраныстың сынық қисық сызығын аламыз. Олигополистер баға көтеру стратегиясынан бас тартады, өйткені бұл пайданың жоғалуына әкеледі.
Бағаның «жабысқақтығы» осында көрінеді – олигополист – фирмалар бәсекелестердің бағаны көтеруіне емес, түсуіне назар аударады. Сұраныстың сынық қисық сызығы үлгісінің ең шекті жағдайы – бағалар соғысы. Бұл бағаларды бірте-бірте төмендету жолымен бәсекелестік тудыру, бірақ ол олигополистер үшін тиімсіз. Сұраныстың сынық қисық сызығының үлгісінде де кемшіліктер бар. 1) Бәсекелестер көбінесе бағаның түсуін нарыққа ие болу, оны билеу деп қабылдамайды. Белгілі экономист, Нобель премиясының лауреаты Дж. Стиглер сұраныс сынық қисық сызығының үлгісін зерделеуінің керегі жоқтығы туралы, оны баяғыда ескірген деген пікір айтқан. Бұл сында шындық бар: осы үлгі олигополияның негізгі үлгісі ретінде қарала алмайды. Бірақ, сонымен бірге, ол олигополистердің белгіленген ахуалдарда мінез-құлықтары жөнінде түсінік береді (мысалы, жаңа нарықта, фирмалар бір-бірін жаңа «тани» бастағанда).
Картель. Олигополистердің кооперативтелмеген стратегиясы кооперативтелгеннен экономикалық жағынан тиімсіз, ұтымсыз. Олигополист – фирмалар қосылып, монополия сияқты қызмет жасауы мүмкін. Картель – олигополист – фирмалар тобы. Олар нарықты бөлу жөніндегі келісіммен бірігіп, өндірістің көлемі мен бағаларға қатысты бірдей іс-қимылдар жасап, монополиялық пайда алуға көзделген. Сондықтан, өз өніміне сұранысты біле тұра, олигополист – фирмалар жоғарылау баға және шектелген өндіріс көлемі туралы келісіп тұрақты экономикалық пайданы алады.
Картельге фирмалар немесе елдер де кіреді. Екінші тұрпатты картель мысалы – мұнай экспорттаушы елдердің Ұйымы (ОПЕК). Егер картельге бірігуге заңнама бойынша тыйым салынса (мысалы, АҚШ-да сияқты), жасырын картель келісімдер құрылады. Оларды жасырын сөз байлау деп атайды. ОПЕК мысалында картельдің құруының пайдасын қарайық. 13 мүше – елдер кіретін ОПЕК 1973-74 жж 6 айдың ішінде мұнайға деген дүниежүзілік бағаларды бір барреліне 2,5 доллардан 11 долларға дейін көтерді. 1980 жылы мұнай бағасы 1 баррельге 32-34 долларға дейін жетті. Картельдің келісілген саясатының нәтижесі – ОПЕК мүше – елдердің адам айтқысыз пайдалары мен мұнайды импорттаушы – елдердің көптеген шығындары (70-ші жылдары болған «мұнай естен танулары») ОПЕК-тің сондай нәтижелі саясатының себептері:
-
Дүниежүзілік мұнай нарығындағы билік – картельдің мүше – елдері дүниежүзілік нарыққа мұнайды жеткізетін жалғыз өздері ғана болған.
-
Сатып алушылар жағынан мұнайға деген күннен күнге өсіп жатқан сұраныс
-
Мұнайға деген сұраныстың икемсіздігі – өндірістің тіпті аз ғана (сәл) қысқаруы бағаның айтарлықтай өсуіне әкеледі. Жоғары баға өсіп кеткен валдық (жалпы) шығындарды, ал өндірістің қысқаруы – валдық (жалпы) шығындардың төмендеуін көрсетеді. Нәтижесінде бұл пайданың өсуіне әкеледі.
Осы шарттарды сақтаса, кез келген картель келісімі нәтижелі болады. Бірақ, бұрын айтып кеткендей, картельдің қирау механизмі картель табиғатының өзінде. Енді бұның қалай болатындығын қарайық. 79 суретте нағыз бәсекелестік (РК және QK) жағдайында салада өндірістің болуы мүмкін бағасы мен көлемі, сонымен қатар картель келісімін жасағанда белгіленетін баға мен өндіріс көлемі көрсетілген (Рkr мен Qkr). Картельдің бағасы жоғары, ал өндіріс көлемі бәсекелес нарықтан төмен, осының арқасында МС = MRkr экономикалық пайда алынады. Бірақ экономикалық пайданы алудың шарты – әр олигополист – фирма qkr өндіріс көлемін (өндірістің жиынтық көлемі Qkr құрау керек) қатал ұстануға тиісті. Әр жеке фирма q1 өнім шығарымында (мұнда баға шекті шығындарға тең) өз пайдасын көбейтетіні мәлім. Сондықтан, олигополист – фирмалар жасалған келісімге қарамастан, өндірістің q1 дейін өсуіне ұмтылады. Егер олар барлығы бағаны көтеріп, өндіріс көлемі Q жетіп, ал баға РК дейін түсетін деңгейге жетсе, экономикалық пайда нөлдік болады.
Рkr Сала MC P Фирма MC AC
Рk
P1
MRkr Dсала
Qkr Qk Q1 qkr qk q1
79 сурет. Картельдің қирау механизмі
Сонымен, картельдің тұрақтылығы оған кірген олигополист – фирмалардың әр қайсысы қаншалықты қатал келісім шарттарын сақтап, ұстанатынына байланысты.
Баға билігі (баға көшбасшылығы). Картельдің құруына көптеген жағдайларда заңмен тыйым салынған (монополияға қарсы реттеу шара ретінде), сондықтан, олигополист – фирмалар картель артықшылықтарын алудың басқа тәсілдерін іздейді. Олар жасырын келісім жасауы да мүмкін, бірақ ол заңсыз болып саналады. Өз іс-қимылдары жөнінде жасырын түрде келіседі. Мұндай мінез-құлық саналы параллелизм деп аталады, оның бір түрі – баға көшбасшылығы. Баға көшбасшылығы – олигополистер баға стратегиясының жасырын түрі, олардың арасынан біреуі, қалғандардың қалауымен, баға көшбасшысы мәртебесін алып, осының негізінде өнім бағасын реттейді де басқалары оның бәсекелес ортасы, айналасы болады. Бұл стратегияның маңызды сипаттамасы – бәсекелес айнала, яғни олар баға көшбасшысы қойған бағаны қабылдайды. Әдетте, нарықтағы ең кұшті фирма – баға көшбасшысы. Баға көшбасшылығының 2 түрін айырады: ең төмен шығындары бар фирманың көшбасшылығы және сату көлемі бойынша нарықта беделді орын алатын фирманың көшбасшылығы. Мұндай үлгі барлық фирмалар үшін пайдалы. Көшбасшы – фирма монополист артықшылықтарына ие болып, ал қалған фирмалар өздерінен сұраныс зерттеулерінің және оңтайлы стратегияны іздеу ауырпалықтарын (қиындықтарын) түсіреді. Енді баға көшбасшылығы үлгісінде оңтайлы бағаны табу үдерісін (процесін) қарайық (80 сурет).
D Sn=ΣMCn
P1 MCL
PL
P2 MRL DL
Qn QL QD
80 сурет. Баға көшбасшылығы
Ең бірінші: көшбасшы – фирма өз өніміне деген сұраныс қисық сызығын салу керек. Нарық сұранысы (D) қисық сызығын және басқа фирмалардың жиынтық ұсынысының қисық сызығын біліп алу қажет, олардың ұсыныс қисық сызығы шекті шығындар қисық сызықтарының сомасы – Sn, ол өз өніміне деген сұраныс функциясын (D – Sn) деп анықтайды. Р2 баға бойынша барлық салалық сұраныс баға көшбасшысымен қамтамасыз етіледі, Р1 баға бойынша – басқа фирмалармен. Сондықтан, көшбасшы – фирма (DL) өніміне сұраныс қисық сызығы – сынық қисық сызығы Р1 Р2 DL . Ары қарай көшбасшы – фирма оңтайлы бағаны анықтайды: ең жоғары пайданы әкелетін баға (яғни MCL = MRL) – PL. Осы бағаны белгілеген жағдайда көшбасшы – фирма QL тең өндіріс көлемін қамтамасыз етеді, ал қалған фирмалар – Qn (олардың өндіріс көлемдері шекті шығындарға сәйкес қалыптасады). Өзіне көшбасшы рөлін алған фирма үшін осы үлгіде әрқашанда тәуекел бар: қалғандары оның мәртебесін танығысы келмей, бағаның өзгеруіне дұрыс назар аудармауы мүмкін. Тіпті бұл жағдайда баға соғысы басталады. К. Макконелл, С. Брюдің «Экономиксінде» осындай мысал келтірілген: «Америкэн тобакко» мен «Рейнольдс» компанияларында 1924-1941жж. кезеңінде бағалар 8 рет өзгертілді. Нәтижесінде, баға көшбасшысы ақыры анықталғанда, сала фирмаларының пайдасы нормадан 2 есе көбейді.
Қоршалған баға белгілеу. Қоршалған баға белгілеудің үлгісі тәжірибеде баға көшбасшылықтың біліну түрі болып табылады. Оның мақсаты: салаға жаңа фирмалардың кіріуіне кедергі жасау. Бұл басқа фирмалар үшін де пайдалы, сондықтан олар қалыптасқан жағдайларды сақтауға тырысады. Әдетте, олигополия жағдайларында кіру кедергілері бар (негізінде ауқым әсерімен, яғни саладағы өндірістің жоғары шығындарымен себептелген).
Егер бұл кедергілердің нәтижесі аз болса, олигополист – фирмалар оларды нарық бағасын түсіру жолымен жасанды түрде көтереді. Бұл қалай болатынын қарайық. 81 суретте Р бағаға және Q өндіріс көлеміне сәйкес нүкте кооперативтелген олигополия жағдайларында қызмет жасайтын фирмаларға экономикалық пайда алуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, экономикалық пайда алу мүмкіндігі салаға жаңа фирмаларды тартады, оның нәтижесінде экономикалық пайданың деңгейі төмендейді. Оны болдырмау үшін олигополист – фирмалар нарық бағасын Р1 деңгейде (ең ұзақ мерзімді орташа шығындарға сәйкес) белгілеп, ұстауға тырысады. Бұл фирмаға экономикалық пайда алуына кедергі болса да, жаңа бәсекелестерден құтқарады. Олигополист – фирмалар таңдаған баға деңгейі шығындар деңгейінен тәуелді.
Қоршалған баға белгілеу стратегиясы саладан бәсекелестерді ығыстырып шығарып тастауға да мүмкіндік береді. Баға көшбасшылықпен бірге келесі нұсқаны береді: фирма – баға көшбасшысы бағаны ең аз қысқа мерзімді орташа шығындардың деңгейінде белгілейді, бұл кейбір бәсекелестерді нарықтан кетіреді. Бірақ, фирма өзі де аздаған шығынға тап болады, бірақ оны ұзақ мерзімді кезеңде бәсекелестікті төмендету есебінен толтырады.
P
MC
LRAC
P1
D
MR
Q Q1
81 сурет. Қоршалған баға белгілеу үлгісі
Ойындар теориясы. Дж.фон Нейман мен О. Моргенштерннің 1944 жылы жазылған «Ойындар теориясы мен экономикалық мінез –құлық» деп аталатын кітабында баяндалған ойындар теориясын қарайық. Олигополия нарығында тепе-теңдікті іздеудің мүлде басқа методологиялық тәсілді ұсына отыра, ол басқа үлгілерге тән кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Балама теориялармен салыстырғанда, ойындар теориясының жағымды жағы – бәсекелестіктің нақты жағдайларына жақындығы. Онда берілген шамалар, параметрлердің тұрақтылығы, ақпараттың толықтығы деген түсініктер жоқ. Керісінше, ойындар теориясында шарт есебінде анықсыздық, тұрақсыздық, ақпараттың шектеулігі, демек, тәуекел қабылданады.
Ойындар теориясы көптеген ойындарды ұсынады –қатысушылар (ойыншылар) әр түрлі ахуалдарда оңтайлы шешімдерді қабылдауға тиісті. Мысалы, баға белгілеу, шығару көлемін, жарнамаға шығындарды анықтау немесе нарықта тауарларды жылжыту мақсаттарды қоятын ойындар. Ойыншылардың мінез-құлқының түріне байланысты ойындар кооперативтік және кооперативтік еместерге жіктеледі. Нәтижесіне байланысты нөлдік сомасы бар және нөлдік емес сомасы бар ойындарға бөлінеді. Ойындар теория методологиясының қағидасын белгілі «Тұтқын дилеммасы» мысалында түсіндіруге болады, – бұл қарапайым кооперативтік емес ойын (нөлдік сомамен). Жеке камерада (бөлмеде) отырып, бір-бірімен байланыса алмайтын 2 тұтқындардың шешім қабылдау процесін (үдерісін) қарастырады. Әр қайсысының алдында дилемма тұр: барлық шындықты айту немесе үндемеу. 3 мүмкін нұсқаның әр қайсысында қандай оқиға болатындығы оларға мәлім.
-
Егер біреуі де шындығын айтпаса, олардың күнәсі дәлелденбейді, әр қайсысы ең аз жаза – 1 жыл тұтқынға алынады.
-
Егер екеуінің біреуі шындығын айтса, екіншісі – үндемесе, шындығын айтқан босатылады, ал екіншісі – 15 жылға бас бостандығынан айырылады.
-
Егер екеуі де шындығын айтса, 3 жылға бас бостандығынан айырылады.
Шешімдердің балама нұсқаларын есептеу матрица (қалып) түрінде көрсетіп аламыз:
|
Шындықты айту
|
Үндемеу
|
Шындықты айту
|
3,3
|
0,15
|
Үндемеу
|
15,0
|
1,1
|
Егер тұтқындар дұрыс шешімге келіп, екеуі де шынын айтса, ең жоғары жазаны алу мүмкіндігі әрқайсысы үшін азаяды. Нәтижесінде екеуі де түрмеге 3 жылға отырады. Егер олар келісіп жасаса, (кооперативтік ойын жағдайында сияқты), шешімнің ең тәуір нұсқасын алушы еді. Осылай бұл ойын микродеңгейдегі оңтайлы шешімдер микродеңгейде оңтайлы емес нәтижеге әкелетіндігін көруге мүмкіндік береді. Бұл ойын экономика мәселелерінен алыстау болса да, негізінде олигополистердің мінез-құлқын көрсететін жақсы мысал болып табылады. Олардың алдында әрқашан стратегиялық бағыт (мінез-құлық) таңдау дилеммасы тұрады: агрессивтік бәсекелестікке, баға соғысына дейін барып, нәтижесінде жеңу немесе жеңілу: келісу (райласу), екеуіне де оңтайлы, ұтымды болатын нәтижеге жету. Олигополистердің оңтайлы (тепе-теңдік) стратегиясын таңдау мақсатын қоятын ойындардың мүмкін нұсқалары: бағаны түсіру немесе сол күйінде (деңгейде) қалдыру. «Тұтқын дилеммасы» сияқты, бірақ мүмкін нәтиже ретінде таңдалған бағыттың арқасында фирманың алынған/жоғалтқан пайдасы. Демек, олигополист – фирмалардың алдыңда тепе-тең (оңтайлы) мінез-құлық (іс-әрекет) бағыты, стратегиясын әзірлеу мәселесі тұрады. Мұнда 4 мүмкін нәтиженің біреуі іске асырылады:
-
Басым болып тұрған стратегияның (бағыттың) тепе-теңдігі (оптимум) – бір ойыншының іс-әрекеті басқасының іс-әрекетінен тәуелсіз ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді («Тұтқын дилеммасы» ойында нәтиженің бұндай нұсқасы мүмкін емес).
-
Нэштің пікірі бойынша тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншының стратегиясы екінші ойыншы тарапынан белгіленген іс-қимылдардың (әрекеттердің) барында ғана ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді, себебі екеуінің біреуі де жалғыз ең жоғары нәтижеге жетпейді (Нэш бойынша, тепе-теңдік тұтқындардың екеуі де бір жылдан бас еркінен айырылған ахуалда жетеді).
-
Парето бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншы жағдайының жақсаруы екінші ойыншы жағдайының нашарлауынсыз болмайды (тұтқындар 1 жыл немесе 3 жыл бас бостандығынан айырылған ахуал).
-
Штакельберг бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – ойыншы нәтижесінің жақсаруы екінші ойыншының белгілі шешімін қабылдау нәтижесінде болады (әр ойыншы үшін ол мына ахуалда болады: біреуі босатылып, екіншісі 15 жыл бас бостандығынан айырылғанда). «Тұтқын дилеммасы» ойыны бір кезеңдік ойын, онда ойыншылар өзара әрекеттесте 1 рет. Көп кезеңдік (динамикалық немесе қайталанатын) ойындар да болады. Бұндай ойындарда ұзақ мерзімді бағытты таңдаудың маңызы зор.
3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары
Бағалық кемсіту – сапасы бірдей өнімді әр түрлі бағамен әр түрлі сатып алушыларға сату, яғни, бағаның әртараптануы. Бағалық кемсітудің көптеген мысалдарын келтіруге болады: дәрігерлердің гонорарлары аурулардың табыстар деңгейіне, телефон байланыс қызметінің тарифтері тұтынушылары заңды немесе жеке тұлға болуына байланысты және т.б. Алайда, бағалық бәсекелестік нарық билігін іске асыру нысаны ретінде өзін монополия және олигополия жағдайларында көрсетеді. Тұтынушылардың әр топтар сұраныс икемділігінің айырмашылықтарын пайдалана отырып, өндіруші тұтынушы артығын өз пайдасына қайта үлестіре алады. Бағалық кемсіту нәтижесінде өндіріс көлемі кеңееді де, пайда өседі, (себебі жоғарылау баға бойынша тауардың көбірек бірлігі сатылады). Бағалық кемсітудің 3 дәрежесін айырады: бірінші дәрежедегі бағалық кемсіту тұтынушы табысына байланысты бағаның әртараптануын және әр тұтынушы үшін жеке бағаны белгілеуін ұйғарады. Бұл жағдайда фирма тұтынушының барлық артығын тұтастай алады да оның пайдасы ең жоғары болып шығады. Екінші дәрежедегі бағалық кемсіту – тұтыну көлеміне байланысты сатып алушылардың әр топтарына бағаны әртараптандыру (сатып алушы тауардың неғұрлым көп бірліктерін сатып алса, баға да соғұрлым төмендейді). Тұтынушылар тобы артығының бір бөлігі (аздау санын сатып алатын) өндірушінің пайдасына қайта бөлінеді, ал екінші бөлігі – тұтынушылардың екінші тобының пайдасына үлестіріледі (көптеу санын сатып алатын)), мұндай кемсітуді мемлекет қолдайды. Үшінші дәрежедегі кемсіту – тауардың өзіне байланысты бағаның әртараптандыруын ұйғарады (тауардың әр топтарына әр түрлі бағаларды белгілеу). Ол нарықтың сегменттеуіне, бөлінуіне байланысты, яғни бір белгілер бойынша нарықтың сегменттерге (бөліктерге) бөлінуі, бұнда бағалық икемділігі нарықтың әр бөлігінде әр түрлі. Мысал ретінде авиабилеттердің сатуын қарауға болады. Сатып алушылар нарығы 3 сегментке (бөлікке) бөлінеді дейік: (іс сапарға бара жатқандар, олар бағасына қарамай билетті алады – икемсіз сұраныс), студенттер (олар билетті бағасы төмен болса ғана алады – икемді сұраныс) және басқалар. Сонан соң баға осы топтардың әрқайсысы үшін әртараптанады. Тұтастай алғанда, олигополия жағдайларындағы баға бәсекелестігі бәсекелестер үшін күрестің ауыр әдісі, сондықтан оны көбінесе қолдай қоймайды. Демек, олигополия жағдайларында маңызды рөл бағадан тыс бәсекелестікке беріледі. Мұндай бағадан тыс бәсекелестіктің ұтымдылығы көрініп тұр. Соның арқасында ұзақ мерзімді және тұрақты артықшылықтарды алуға болады. Бағадан тыс бәсекелестіктің нысандары: тауардың әртараптануы, сатудың жеңілдіктерін беру (шегерім, несие және т.б.), сатудан кейінгі қызмет көрсету, нарықты сегменттеу (бөлу), жарнама және т.б. маркетинг тәсілдері.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
-
Олигополия нарығын сипаттаңыз. Оның ерекшелігі неде?
-
Олигополия үлгілердің жіктеуін келтіріңіз.
-
Олигополияның әр түрлі үлгілерін сипаттаңыз. Әрқайсысы олигополиялық бәкелестің қай жақтарын көрсетеді?
-
Бағалық кемсіту деген не? Бағадан тыс бәсекелестіктің мәнін түсіндіріңіз.
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Монополистік бәсекелестік нарығы және олигополияның бірдейлігі неде?
а) нарық кіру кедергілері жоқ
б) фирмалар стратегиялық мінез-құлқымен сипатталады
в) бәсекелестердің аз ғана саны әрекетте (бар)
г) фирмалар нарық билігіне ие
Достарыңызбен бөлісу: |