Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Сұраныс деген не? Сұраныстың функциясы? Сұраныс заңының және сұраныс заңдар парадоксының (оғаш пікірінің) мәнін ашып көрсетіңіз.
2. Ұсыныс заңын түсіндіріңіз. Ұсыныс қисық сызығы және оның пішіні.
3. Нарық тепе-теңдік моделі (үлгісі). Вальрас бойынша және Маршалл бойынша теп-теңдік.
4. Тепе-теңдік динамикалық моделінің (үлгісінің) мәнін ашып көрсетіңіз.
5. Тұтынушы мен өндірушінің артығы дегеніміз не? Баға белгілеудің мемлекеттік реттеу шаралары оларға қалай әсер етеді?
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Кесте бойынша әр тұтынушыға жеке сұраныс қисық сызығын шығарып, нарық сұранысының кестесін жасап, оның негізінде нарық сұранысының қисық сызығын шығарыңыз.
Тауар бірлігінің бағасы
|
Сұраныс
|
1-ші тұтынушының
|
2-ші тұтынушының
|
3-ші тұтынушының
|
25
|
170
|
120
|
50
|
30
|
140
|
100
|
45
|
40
|
110
|
90
|
35
|
50
|
105
|
70
|
30
|
60
|
80
|
30
|
25
|
2. Осы мәліметтер негізінде сатулардың тепе-теңдік бағасы мен көлемін анықтаңыз. Бағасы 200 болған жағдайда сатулар көлемі қандай болады? Бағасы 280 болса?
Баға
|
Сұраныс көлемі
|
Ұсыныс көлемі
|
160
|
18
|
6
|
200
|
16
|
10
|
240
|
14
|
14
|
280
|
12
|
18
|
320
|
10
|
22
|
3. Тауарға деген сұраныс функциясының түрі: QD = 250 – 4P1. Ұсыныс функиясы: QS = 200 + 4P. Өндіріс тепе-теңдік көлемі мен тепе-теңдік бағаны анықтаңыз.
4.Ұсыныс функциясының түрі: QS = 200 + 4P. Егер сұраныс – қисық сызығы көлденең болса, QD = 320 жағдайда тепе-теңдік баға қандай?
5. Сұраныс функциясы QD = 200 – Р, ұсыныс функциясы – QS = 2Р + 20. Тауардың тепе-теңдік бағасы мен тепе-теңдік санын анықтаңыз. Егер тауар данасына (бірлігіне) 15 шамасында акциз салығы енгізілсе, олардың мағыналары қандай болады?
6 . Графикте нарық моделі (үлгісі) берілген:
P D S
8
2
12 20 Q
а) сұраныс пен ұсыныстың теңдеуін жасаңыз
б) сатушы мен сатып алушының және қоғамдық пайданың ұтыс шамаларын анықтаңыз.
в) 2 доллар шамасында тауар салығын енгізу нәтижесін графикте көрсетіңіз.
г) салық енгізгеннен кейінгі сатушы мен сатып алушының тепе-теңдік бағаларын анықтаңыз.
д) мемлекет алатын салықтың жалпы сомасын есептеңіз.
е) салық енгізуден сатушы мен сатып алушының ұтысын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |