Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы



бет42/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92
Микроэконом каз

Тұрақты шығындарөндіріс көлемдерінің өзгерістеріне байланысты шамалары өзгермейтін шығындар, яғни, оның қызметі пайдалы немесе шығынды болғанына қарамастан фирма әрқашан оларды жабуға тиісті. FC (fixed costs). Оған: жалға төленетін төлем, сақтандыру жарналары, салықтардың кейбір түрлері және т.б. кіреді. Ауыспалы шығындар – өндіріс көлеміне байланысты шамасы өзгеретін шығындар. VC (variable costs). Бұл мынадай шығындар: шикізатқа, материалдарға, электр энергиясына, көлік және басқа да қызметтерге кететін шығындар. Тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасы жалпы (жиынтық) шығындарды құрайды. TC (total costs): TC = FC + VC. Кобба – Дуглас моделі (үлгісі) үшін жалпы шығындар функциясының түрі:
TC = PKK + PLL, мұнда K,L – капитал және еңбек бірліктерінің саны: PK K, PLL – капитал мен еңбектің бағалары
Келтірілген жіктеудің сызбасы:
С ыртқы Ішкі


Ш ығындар
Б ухгалтерлік (көзге көрінетін) + көзге көрінбейтін = экономикалық
Тұрақты + ауыспалы = жалпы
Экономикалық талдау үшін орташа және шекті шығындардың есебі орынды.
Орташа шығындар – өнім бірлігіне есептелген жалпы шығындардың шамасы:
ATC (AC) = TC/Q;
AFC = FC/Q; AVC = VC/Q;
ATC = AFC + AVC.


Шекті шығындар – бір бірлікке өндіріс көлемінің өсуімен туындаған валдық (жалпы шығындардың өсуі):
MC = Δ ТC/ΔQ
Таяу уақыттан бері микроэкономикада шығындардың ерекше түрі – трансакциялық шығындар зерделенеді. Трансакциялық шығындар (лат. Transactio – мәміле) – өндіріс үдерісімен емес, айналыс аясымен емес, мәміле жасау барысында нарықтық агенттерінің өзара әрекеттесу үдерісімен байланысты шығындар. Экономикалық теорияда олар инсти­туционалистер арқылы пайда болды. Осы бағыттың өкілдері экономикалық талдауға әлеуметтік-саяси пәндердің элемент­терін еңгізіп, (Т. Веблен, Дж. Коммонс, Дж. Гэлбрейт, Р. Коуз) фирма теориясына көптеген жаңалықтарды әкелді. Р. Коуздің пікірінше, трансакциялық шығындар нарықтық агенттердің ақпаратты іздеу мен талдауға уақыты мен күшін жіберу (шығару) қажеттілігімен себептелген (әлуетті сатып алушылар, жеткізушілер, бағалар мен тауарлар жөнінде), келіссөздер, оларға бақылау жасау, келіссөздердің заңдық қамтамасыз етуі және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет