Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Әр түрлі өнімді шығаратын көптеген шағын фирмалар сәйкес ...
а) олигополияға
б) монополистік бәсекелестікке
в) нағыз бәсекелестікке
г) монополияға
д) таза бәсекелестікке
2. Монополия бәсекелес жағдайлардағы ұзақ мерзімді тепе-теңдік деген, ол ...
а) Р = LRACmin
б) Р = МС
в) фирмалар экономикалық табыс алмайтындығы
г) өндірісте барлық өндірістік ресурстар пайдаланады
3. Монополия бәсекелес нарықтың мысалын келтіріңіз. Егер нағыз бәсекелестік нарығы болса, онда қандай өзгерістер болушы еді? Осы мысалдың негізінде монополия бәсекелестігінің жағымды және жағымсыз жақтарын түсіндіріңіз.
4. Фирма монополия бәсекелес болып табылады. Оның шекті табысының функциясы: MR = 10 – 2q; ұзақ мерзімді шығындардың өсетін бөлігі: MC = 2q – 2. егер LRACmin = 6, фирма өндірістік қуаттарының артығы қандай болады?
ОЛИГОПОЛИЯ
Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
Бірнеше ірі бәсекелес-өндіруші қызмет жасайтын нарық олигополия деп аталады. Көптеген өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі таза олигополияның мысалдары болып келеді (болат, мыс, алюминий және т.б.); – автомобиль жасау, тұрмыстық техника өндірісі және т.б. Ауқым әсерімен себептелген олигополия сипаттары: шоғырланудың жоғары дәрежесі, өндірушілердің айтарлықтай нарық билігі. Олигополиялардың (монополиялардың да) пайда болуының негізгі себебі ретінде ауқым әсері болып табылады. Мысалы, АҚШ автомобиль өнеркәсібі қалыптасуының алғашқы сатысында 80 астам фирмалар қызмет жасады.
Ауқым әсерімен себептелген көптеген банкроттық пен қосылулар (бірігулер) нәтижесінде бүгін бұл сала – олигополияның классикалық мысалы, мұнда тек қана 3 ірі компания қызмет жасайды). Басқа нарық үлгілерден айыратын олигополияның ең басты ерекшелігі – фирманың стратегиялық мінез-құлқы (іс-әрекеті). Олигополист-фирмалар бір-бірінен өзара тәуелді, өз бәсекелес басымдықтарын жоғалтпау үшін бір-бірімен санасуға тиісті. Олигополистер әрқашан «бәсекелестеріне қарап» өмір сүреді. Ол таңдаған өндірістің көлемі мен бағасы бәсекелестер өндірісінің көлемі мен бағаларынан жоғары дәрежедегі тәуелділікте, себебі олигополия нарығы аз ғана бәсекелес арасында бөлініп, әр қайсысының іс-әрекеті (мінез-құлқы) басқалардың жүріс-тұрысынан тәуелді. Сондықтан, пайданы көбейтуге ұмтылған олигополист шекті шығындар мен шекті түсімді теңдеудің классикалық әдісімен пайдалана алалмайды (яғни шекті түсім сұраныс функциясынан тәуелді). Осыған орай олигополия жағдайларында барлық фирмалар ұмтылатын тепе-теңдіктің бірыңғай нүктесі жоқ. Стратегиялық мінез-құлық (жүріс-тұрыс, іс-әрекет) сипатына байланысты олигополияның бірнеше үлгісі бар. Егер олигополист – фирмалар кооперативтік стратегияы пайдаланса, өндіріс көлемі мен бағалар монополиялық түріне жақындайды (бұндай стратегияның шекті түрі – картельді құру). Бұл жағдайда кооперативтелген олигополия туралы айтады. Егер олигополист – фирмалар бір-бірінен тәуелсіз қызмет жасаса, бағалар мен ұсыныстар бәсекелеске жақындайды (осындай іс-әрекеттің шекті түрі «бағалар соғысы»), ал нарық кооперативтелмеген олигополия деп аталады. Кооперативтелмеген олигополия жағдайларында бәсекелестердің (қарсыластардың) іс-қимылдарына қатысты болжамдарындағы айырмашылықтар басты рөл атқарады. Олигополистердің іс-қимылдары (әрекеттері) неменеге, неге мақсатталғанына байланысты – бағаны немесе өндіріс көлемін белгілеуге ме, сандық олигополия (фирма өндіріс көлемін белгілейді) мен бағалық олигополияны (фирмалар бағаларды белгілейді) айырады. Олигополияның бірінші үлгісін 1838 жылы француз математигі әрі экономисті А. Курно ұсынып, оны Курно дуополиясы деп атайды. Сол уақыттан бастап, қазіргі күндерге дейін олигополияның көптеген теориялары пайда болды. Негізгілерін қарайық:
Олигополияның кооперативтелмеген үлгілері – Курноның сандық дуополиясының үлгісі, Бертранның бағалық дуополиясының үлгісі, сандық олигополия үлгісі, сұраныстың сынық қисық сызығы;
Кооперативтелген олигополия үлгілері – картель мен баға белгілеуге және ықтималдық теория негізінде ойындар теориясына кедергі болатын бағалық көшбасшылық (жетекшілік).
Достарыңызбен бөлісу: |