Олигополия нарығын сипаттаңыз. Оның ерекшелігі неде?
Олигополия үлгілердің жіктеуін келтіріңіз.
Олигополияның әр түрлі үлгілерін сипаттаңыз. Әрқайсысы олигополиялық бәкелестің қай жақтарын көрсетеді?
Бағалық кемсіту деген не? Бағадан тыс бәсекелестіктің мәнін түсіндіріңіз.
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Монополистік бәсекелестік нарығы және олигополияның бірдейлігі неде? а) нарық кіру кедергілері жоқ
б) фирмалар стратегиялық мінез-құлқымен сипатталады
в) бәсекелестердің аз ғана саны әрекетте (бар)
г) фирмалар нарық билігіне ие
2. 2 фирма өзара қатынасын Курно дуополиясы ретінде жіктеуге болады, егер а) бәсекелес бағаларды қолдау саясатын жүргізетініне фирмалар сенеді
б) бәсекелес өз шығарымын өзгертпейтінін әр фирма үйғарады (сенеді)
в) фирмалар бірлесіп өндіріс көлемін таңдайды
г) барлығы да дұрыс (жоғарыда айтылғандар)
3. Ойындар теориясына сәйкес олигополистердің шешімдері қабылдау процесі (үдірісі) ұйғарады: а) бәсекелес үшін фирмалар кез келген стратегия нәтижесін бағалап талдайды
б) фирмалар өз әрекеттеріне бәсекелестің іс-қимылдарын (әсер тигізуін) есептемейді
в) фирмалар әрқашан бәсекелестер сәйкес стратегияны таңдайды деп ұйғарады
г) барлық жауаптар дұрыс емес (қате)
4. Курно үлгісіндегі нарық сұранысының қисық сызығы
Р = 200 – Q теңдеуден берілген. А фирмасының шекті шығындары шығарудың әр көлемі үшін 30 тең.
Келесі сауалдарға жауап бер:
а) егер В фирмасы өнімнің 50 бірлігін өндірсе, оған ең жоғары пайданы қамтамасыз ету үшін А фирмасының көлемі қандай болу керек?
б) А фирмасы В фирмасының өндіріс көлемі 60 бірлікті құрайды деп санаса, оның өз шығаруы қалай өзгереді?
5. Баға көшбасшы – фирманың шекті табыс функциясы: MR = 9 – q. Шекті шығындар функциясы: MR = 1+q. Саланың қалған фирмалар ұсынысының қисық сызығы: Sn = 2 + 2q. Салалық ұсынысты анықтаңыз.
6. 2 олигополист – фирмалар өніміне деген сұраныс функциясы белгілі: Q1 = 20 – 3P1 + 2P2 және Q2 = 20 – 3P2 + 2P1, сонымен бірге олардың валдық (жалпы) шығындары: TC1 = 3Q1 және TC2 = 3Q2. Фирмалардың әрқайсысы балама бағалық стратегиясының біреуін таңдап алуға тиісті: нарықты иелену мақсатымен 10 долларды құрайтын бағаны қалдыру немесе оны 8 долларға дейін түсіру. Ойындар теориясы методологиясын пайдалана отырып, есепті шығарыңыз.
7. Олигополия нарығы 2 фирмамен көрсетілген әрқайсысының пайдасы тек қана өз шешімдері емес, бәсекелестер шешеімдерінен де тәуелді. Фирманың әр қайсысы 2 мүмкін стратегиясының 1 таңдайды: бағаны түсіру немесе сол қалпында қалдыру (бәсекелестің іс-қимылын білмей отыра). Мүмкін нәтижелер матрицасы кестеде көрсетілген (1 цифра – 1 фирманың пайдасы, 2 – екінші фирманың пайдасы сәйкес стратегияны таңдаған жағдайда).
1 фирма
2-ші фирма
Бағаны түсіру
Бағаны түсірмеу
Бағаны түсіру
(10,10)
(18,5)
Бағаны түсірмеу
(5,18)
(14,14)
Фирмалар қандай бағалық стратегияны ұстанады, неге? Олар осылай ең жоғары пайдаға жете ме?
8. Картель құрған 3 фирма шығындарының функциясы келесі кестеде көрсетелген:
Q
Жалпы шығындар
1 фирма
2 фирма
3 фирма
0
20
25
15
1
25
35
22
2
35
50
32
3
50
80
47
4
80
120
77
5
120
160
117
Егер картель өнімнің 11 бірлігін шығарамыз деген шешім қабылдаса, олар шығындарды азайтуға тырысқан жағдайда осы көлемнің өндірісі 3 фирма арасында қалай бөлінеді?