2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар
Сыртқы әсерлердің салдарын қарастыра отыра, біз 2 жағдайда да нәтижесіздіктің орын алғанына көзіміз жетті. Нәтижелілік ережесіне сәйкес осы мәселенің шешімі – шекті шығындарға шекті пайданың теңеуін қамтамасыз ету, яғни MSC = MSB. MSC мен MSB мағыналарын қойып, келесіні аламыз: МРС + МЕС = МРВ + МЕВ. Сонымен, жағымсыз сыртқы әсерлерге қатысты МРС – МЕС шамасына, ал жағымды сыртқы әсерлерге қатысты МРВ – МЕВ шамасына үлкейту керек (өндіріс бағасы мен көлемі тепе-теңдік мағынасына жету үшін). Ресурстардың нәтижелі қайта үлестіруі сыртқы әсерлерді ішкі шығындар мен пайдаларға түрлендіргенде қамтамасыз етіледі. Осы мақсатпен жағымсыз сыртқы әсерді жою үшін фирма өнім бірлігіне салықты енгізу шарасын қолданады. Бұл салықтың аты – Пигу салығы. Пигу салығы фирма ұсыныс қисық сызығын МС+t күйіне жылжытып, шығару көлемін оңтайлы деңгейге дейін шектейді (100 сурет). Бірақ тәжірибеде Пигу салығын енгізу қиынға түседі, себебі сыртқы шығындар шығару көлемімен бірге өзгереді де, оларды анықтау оңайға түспейді. Жағымсыз сыртқы әсерлерге сәйкес, жағымды сыртқы әсерлерді әкелетін өндірісті ынталандыру үшін Пигу субсидиясын енгізуге болады. Ол фирма ұсыныс қисық сызығын МС+S күйіне жылжытады (101 сурет). Пигу субсидиясы тұтынушыға төленуі мүмкін, бұл жағдайда ол жағымсыз сыртқы әсер графигінде Пигу салығына сәйкес. Пигудың салығын немесе субсидиясын енгізу сыртқы әсерлерді интернационалдауға мүмкіндік береді. Сыртқы әсерді интернализациялау – өндірушінің (тұтынушының) жеке таңдау үдерісіне кіретін ахуалды жасау (құру) процесі. Меншік құқығы анықталған жағдайда ғана өндірушілер мен тұтынушылар сыртқы әсерлерді интернализациялау мүмкіндігін алады. Тәжірибеде бұл да қиынға түседі, кейде тіпті болмайды, трансакциялық шығындар болу себебінде. Егер трансакциялық шығындар «0» тең болса, ал меншік құқықтары айқын анықталса, жеке және қоғамдық шығындар мен пайдалар теңеліп, ресурстардың нәтижелі қайта үлестіруі болушы еді. Бұл – Коуз теоремасы. Коуз теоремасы бойынша, мәселенің шешімі сыртқы әсерлерге меншік құқықтарын белгілеуде, еркін нарық айырбаста және трансакциялық шығындардың жоғында жатыр. Бірақ бұл шарттар болжауда ғана мүмкін. Сондықтан осы мәселе мемлекет арқылы, яғни әкімшілік және экономикалық сипатты шаралар кешені арқылы шешіледі. Әкімшілік шараларға өндірісті немесе игіліктерді шектеу, экономикалық шараларға салықтар мен субсидиялар кіреді. Жағымсыз сыртқы әсерлерді реттеудің ең жиі қолданатын әкімшілік шаралары – зиянды ластау бойынша стандарттар. Реттеудің осындай әдісінің мақсаты – жағымсыз сыртқы әсерлермен өндіретін игіліктердің ұсынуын азайту. Бірақ стандарттар ресурстардың нәтижелі реттеуін қамтамасыз ете алмайды. Бұл мағынада ең тиімдісі – экономикалық шаралар, мысалы ластаған үшін төлем (салық) еңгізу. Өндірілген игіліктерге немесе ластауға белгіленген салық МЕС шамасына тең болу керек, сүйтіп ол шекті шығындарды MSC деңгейіне дейін көтереді. Бірақ салық салудың да кемшіліктері бар. Ең бастысы – бағалардың өсуі. Ұтымды шара – сыртқы әсерлерге меншік құқықтар нарығын құру (жеке алғанда, ластауға құқықтар нарығы), яғни ластайтын заттарды лақтырып тастауға лицензияларды, келісімдерді сату-сатып алу. Ластау (лимитін) шегін анықтап, мемлекет ластайтын заттарды лақтырып тастауға рұқсат беретін (белгіленген көлемін) лицензияларды шығарады. Олар нарық айналымына түседі. Келісімдер (мысалы, өтемақы механизмі). Ол фирмалар арасындағы ластауға құқықтармен айырбастасу – фирма екінші фирмадан лақтыруға құқығын сатып алады, ал екінші фирма ақша үшін лақтыруды азайтады. Жағымды сыртқы әсерлерді реттеудің мақсаты: игілікті тұтыну көлемін MSВ деңгейіне дейін түзету. Оған жәрдемақылардың көмегімен жетуге болады. Олар сұранысты немесе ұсынысты ынталандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |