7. Ұсыныс артығы әдетте:
а) бағаның көтерілу жағына ықпал жасайды
б) бағаға ешқандай ықпал көрсетпейді (жасамайды)
в) бағаның төмендеу жағына ықпал етеді
г) сұраныс көлемін үлкейтеді
д) сатып алушыларды тауар сатып алуға ынталандырады
8. Тауар тепе-теңдік бағасы Р дейік. Егер мемлекет бағаның төмеңгі деңгейін 2Р деп белгілесе, нәтижесінде:
а) тауарға ұсыныс азаяды
б) тауар артығы пайда болады
в) ұсыныс қисық сызығы оңға жылжиды
г) барлық жауаптар дұрыс
д) дұрыс жауап жоқ
9. Тауарға сұраныс азайды, сонымен бірге тауарға ұсыныс көбейді. Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік санға бұл қандай әсер етеді:
а) тепе-теңдік сан азаяды, ал тепе-теңдік бағаның өзгеруін болжау қиын
б) саны азайып, бағасы көтеріледі
в) саны көбейіп, бағасы төмендейді
г) бағасы төмендеп, саны көбееді не азаяды
10. Сұраныс қисық сызығының жылжуы мына себептерден болуы мүмкін:
а) тауар өндірісі технологиясының жетілдіруінен
б) тұтынушы табысының азаюынан
в) тауар сатып алу көлемінің өсуінен
г) тауар бағасының өзгеруінен
2 тақырып. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ.
САЛЫҚТАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
1. Баға бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі.
Икемділік – бір өзгеріспен шақырылған екінші өзгеріс. Экономика теориясында сұраныстың икемділігі жиі талданады. Икемділік тура және айқас болуы мүмкін. Сұраныстың баға бойынша тура икемділігі (сұраныстың баға икемділігі) – сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Икемділік бағаның пайыздық өзгеру нәтижесінде сұраныстың пайыздық өзгеру түрімен білінеді. Сұраныстың баға икемділік коэффициенті жалпы формула бойынша есептеледі:
Еd = сұраныстың пайыздық өзгеруі/бағаның пайыздық өзгеруі.
Баға бойынша сұраныс икемділігі теріс сан болып келеді, өйткені сұраныс пен ұсыныс араларындағы тәуелділік, байланыстылық кері. Бірақ, кей жағдайларда (ахуалдарда) сұраныс пен ұсыныс заңы әрекетсіз (олар өткен тақырыпта қаралды). Талдаудың жеңілдігі үшін алу белгісі жазылмайды. Есептеу тәсіліне байланысты икемділік коэффициентінің2 түрін айырады:
Достарыңызбен бөлісу: |