Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы


Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері



бет29/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92
Микроэконом каз

3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері

Тұтынушы артығы – ол тауарға деген тұтынушы сұранысының бағасы мен қалыптасқан тепе-теңдік баға бойынша тауар үшін төленген баға араларындағы айырма. Тұтынушы артығы қоғамдық әл-ауқаттың маңызды көрсеткіші болып табылады. Егер нарықтық сұраныстың қисық сызығын сатып алатын тауардан тұтынушы алайын деп тұрған шекті пайдалылықтар сомасының графикалық бейнелеуі ретінде көрсетілсе, тұтынушының артығы – сатып алынатын тауарлардың жиынтық шекті пайдалылығы мен оларды сатып алуға кеткен нақты шығындар арасындағы айырма. Тепе-теңдік бағалары белгіленген нарық тауарларды үлестіргенде сатып алатын тауарлардың жиынтық пайдалылығы ең жоғары болып келеді. Тепе-теңдік бағаны (Р1 – Р2 дейін) көтеретін тауар салығын енгізу ахуалын қайта қарайық (37 сурет).



P2
A B
P1
Q2 Q1
37 сурет. Бағаның өзгеру ықпалымен тұтыну артықтарының өзгеруі

Тұтыну сәйкес Q1 – Q2 дейін қысқарады (азаяды). Тұтынушы шығыны А+В фигурасының көлемін құрайды, мемлекет табысы – А фигурасының көлемі. В үшбұрыштың көлемі – қоғамның қайтпайтын шығындары, олар «өлі жүк» деп аталады (deadweight loss). Осы мысал тепе-теңдік бағаның өсуі қалайша қоғамдық әл-ауқатты өзгеретінін жақсы көрсетеді. өкінішке орай, нарық экономикасында бағалардың өзгеру себептері әр түрлі болады. Мысалы, мемлекеттің араласу ықпалымен (салық енгізу жолы). Бағалар өзгеріп тұрған жағдайда тұтынушының ақшалай табысы өз сатып алу қабілеттілігін өзгертеді. Осыған байланысты сұраныстың өзгеруін толық талдау үшін белгіленген және нақты табыс көрсеткіштерін қарау қажет.


Белгіленген табыс – осы мерзімнің ағымдағы бағаларында көрсетілген табыстың ақшалай сомасы.
Нақты табыс базистік, (өткен) мерзімнің бағаларымен көрсетілген, белгіленген табыс, яғни белгіленген табыстың сатып алу қабілеттілігі. Нақты табысты есептеу үшін белгіленген табысты бағалар индексіне бөлу керек:
Нақты табыс = белгіленген табыс / бағалар индексі
Экономика теориясында ең кең таралған бағалар индекстері: Пааше индексі мен Ласпейрес индексі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет