Паашеиндексі – базистік (өткен) мерзімнің бағаларындағы ағымдағы тұтыну себетінің құнын бағалау ретінде есептеледі. Тұтыну себеті – тұтынудың оңтайлы деңгейін қамтамасыз ететін тұтыну заттар жиынтығы.
IP = ∑P1 X1/∑P0 X1 – Пааше индексі, мұнда
P0 – өткен жылы ағымдағы тұтыну Х себетіне кіретін тауарлар бағалары
P1 – ағымдағы жылы ағымдағы тұтыну X1 себетіне кіретін тауарлар бағалары.
Ласпейрес индексі– ағымдағы мерзімде болған базистік тұтыну себеті бағаларының өзгеруі ретінде есептеледі:
IL = ∑P1 X0/∑P0 X0 , мұнда
P0 – өткен жылы негізгі тұтыну, X0 – себетіне кірген тауарлар бағалары;
P1 – ағымдағы жылы негізгі тұтыну себетіне кірген тауарлар бағалары.