7. Жеке адамның қисық сызығы оның еңбек ұсынысының қисық сызығы болып келе ме? Жауабыңызды негіздеңіз.
6 тақырып. ӨНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАР
1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция
Алдыңғы тақырыптарда біз тұтынушы мінез-құлқын нарықтық қатынастар субъектісі ретінде талдадық. Енді олардың басқа қатысушысы – өндірушінің мінез-құлқын талдауына кірісейік. Осыған арналған микроэкономика теориясы өндіріс теориясы деген атау алды (фирма теориясы). Өндіріс теориясы методология жағынан тұтыну теориясымен бірдей, бірақ оның айырмашылығы – зерттелетін категориялардың табиғаты субъективтік – психологиялық емес, объективтік.
Сонымен, өндіріс теориясында қызметі зерделенетін субъекті – өндіруші. Өндіруші ретінде (рөлінде) кез келген жеке тұлға болуы мүмкін, бірақ микроэкономикада өндіруші ретінде әдетте фирма болады.
Фирма (итал. Firma – қойылған қол) – санасыз нарық аясында адамдардың саналы ұйымдасу орындары. Фирма – пайда алу мақсатымен сауда қызметін жүзеге асыратын ұйым. Заң тұрғысынан алғанда, фирма – жеке мүлік және мүліктік құқықтары бар шаруашылық бірлік. Фирманың анықтаулары көп. Ол бірнеше адамнан ғана тұратын ұсақ кәсіпорын немесе дүние жүзінде филиалдары бар көпмиллионды бірлестік болуы мүмкін. Қазір дүние жүзінде 40 млн аса фирмалар бар, олардың көбі шағын және орташа бизнес аясына жатады. Фирма қызметінің негізі – өндіріс үдерісі. Өндіріс – қорларды экономикалық игіліктерге айналдыру үдерісі. Ол игіліктер тура немесе жанама түрде қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Өндіріске кіретін қорлар өндіріс факторлары болып келеді. Неоклассиктер оларды 4 негізгі топқа бөледі:
Жер – табиғи ресурстары
Еңбек – өнідіріс үдерісіне кіретін адамдардың ақыл-ой және дене қабілеттілігі
Капитал – құнды құруда тікелей қатысатын өндіріс құралдары
Кәсіпкерлік қабілеттілік (қызмет) пайда табу мақсатымен өндірістің басқа факторларын шоғырландыруы бойынша қызмет
Өндірістің әр нақты үдерісі (процесі) технологиясымен –факторлардың белгіленген тұрақты қисынымен сипатталады. Ескеретін жәйт: кейде өндірістің 1 процесі (үдерісі) әр түрлі технологиялардың көмегімен іске асырылады. Өндіріс технологиясы (оның жетілдіруі) қорлардың нәтижелі пайдалануын қамтамасыз ететін негізгі факторы болып табылады. «Нәтижелілік» категориясын анықтауында 2 амалды айырады: экономикалық және технологиялық нәтижелілік. Факторлардың аз санын пайдалана (тарта) отырып, тапсырылған шығару көлеміне жеткен өндіріс тәсілі технологиялық нәтижелі деп саналады. Экономикалық нәтижелілік – кеңдеу ұғым. Тартылған өндіріс факторларының баламалы құны ең аз болған технологиялық нәтижелі өндіріс экономикалық нәтижелі деп саналады. Жұмсалған қорлар көлемі мен осы технология шеңберінде шығарылған өнім көлемі араларындағы тәуелділікті өндірістік функция көрсетеді. Оның жалпы түрі келесі: Q = f(Х1, Х2, Х3,…Хn)
Онда Q – шығару көлемі
Х1, Х2, Х3,…Хn – өндіріс факторлары
Барлық өндірістік функциялар жалпы қасиеттерге ие:
1. Әр қайсысы нақты өндірістік процесті (үдерісті) баяндайды, технологияның өзгеруі өндірістік функцияның түрін өзгертеді.
2. Функцияның ішіндегі өндіріс факторлары өзара ауыстыралады – бұл неоклассикалық экономика теориясының негізгі қағидаларының бірі.
3. Өндірістік функция факторлардың тек қана технологиялық нәтижелі қисындарын баяндайды.
4. Өндірістік функция шығарудың тек қана ең жоғары мүмкін болатын мағыналарын көрсетеді. Өндірістік теориясында әдетте 2 факторлы өндірістік функциясы (Кобба – Дуглас функциясы) пайдаланады, онда өндірістің 2 факторын – еңбек пен капиталды тарту есебінде шығару іске асырылады.
Q = f(L,K),мұнда
L – еңбек
К – капитал
Достарыңызбен бөлісу: |