Мазмұны кіріспе микроэкономика пәні және методологиясы


Бәсекелес саласының тепе-теңдігі



бет51/92
Дата03.03.2023
өлшемі1.67 Mb.
#470298
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92
Микроэконом каз

5. Бәсекелес саласының тепе-теңдігі. Біз бәсеке тепе-теңдігін қарастырдық. Енді бәсеке саласының ұзақ мерзімді тепе-теңдігін немесе нарықтық тепе-теңдікті – саладағы барлық фирмалар өндірісінің жиынтық көлемін қарайық. Нарық ұсынысының қисық сызығы жеке фирмалар ұсынысы қисық сызығының сомасы ретінде қалыптасады. Бірақ бұл тек қана қысқа мерзімді кезеңге келеді. Нарық ұсынысының өсуі ауыспалы факторларға сұраныстың өсуіне әкеледі де, қосымша сұраныс бағаларды көтереді. Сондықтан, ұзақ мерзімдегі нарық ұсынысы қисық сызығының жағдайы саладағы өндіріс көлемінің өзгеруі факторлардың құнын өзгерткеніне байланысты салалардың 3 түрін айырады:
1. Тұрақты шығындары бар сала – ресурстарға (қорларға) бағалар ұсыныс ықпалымен өзгермейді де ұзақ мерзімді ең орташа шығындар деңгейінде сақталады. Демек, нарық ұсынысының қисық сызығы – көлденең (горизонтальді) тура сызық.
2. Өсіп жатқан шығындары бар сала – егер нарық ұсынысының көбеюі ресурстарға (қорларға) бағалардың өсуіне әкелсе, демек, шығындарға, онда LRAC қисық сызығы жоғарыға ауысады, ал МС қисық сызығы – солға. Нарық ұсынысының жаңа қисық сызығында жоғарыға қарай еңкіштігі болады.
3. Төмендейтін шығындары бар сала – егер нарық ұсынысының өсуі ресурстарға (қорларға) бағаның төмендеуіне әкелсе (бірақ, бұл сирек кездеседі), онда фирма шығындарының қисық сызықтары төмен ауысып, LRACmin сәйкес нүктесінде тепе-теңдік қалыптасады. Бұл жағдайда тепе-теңдік баға өндірістің өсуімен бірге төмендейді, ал нарық ұсынысының қисық сызығында төмен еңкіштік пайда болады.


Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар



  1. «Табыс» пен «пайда» категорияларға анықтама беріңіз. Бухгалтерлік және экономикалық пайда дегеніміз не? Қарапайым пайда деген не?

  2. Валдық (жалпы), орташа шекті табыс деген категорияларға түсінік беріңіз.

  3. Нарық құрылымдар түрлерінің (тұрпаттарының) жіктеуін келтіріңіз. Әр қайсысына сипаттама беріңіз.

  4. Нағыз бәсекелестік жағдайда қызмет жасайтын фирманың шекті табысы неге тең? Қай себепте?

  5. Пайданы көбейтетін өндіріс көлемін анықтау үшін қандай қағидалар пайдаланады? Шекті шығындардың шекті табысқа теңдігі ережесінің мәні неде?

  6. Қай ахуалдарда (жағдайларда) бәсекелес фирма пайдасын көбейтеді, залалдарын азайтады, өндірісті жабады? Осыларды графикте көрсетіңіз.

  7. Қысқа мерзімдегі фирманың ұсыныс қисық сызығының графигі қандай?

  8. Фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігін сипаттаңыз. Ұзақ мерзімді ұсыныстың қисық сызығын салыңыз (сызыңыз).

  9. Бәсекелес саланың тепе-теңдігі қалай қалыптасады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет