Баға билігі (баға көшбасшылығы). Картельдің құруына көптеген жағдайларда заңмен тыйым салынған (монополияға қарсы реттеу шара ретінде), сондықтан, олигополист – фирмалар картель артықшылықтарын алудың басқа тәсілдерін іздейді. Олар жасырын келісім жасауы да мүмкін, бірақ ол заңсыз болып саналады. Өз іс-қимылдары жөнінде жасырын түрде келіседі. Мұндай мінез-құлық саналы параллелизм деп аталады, оның бір түрі – баға көшбасшылығы. Баға көшбасшылығы – олигополистер баға стратегиясының жасырын түрі, олардың арасынан біреуі, қалғандардың қалауымен, баға көшбасшысы мәртебесін алып, осының негізінде өнім бағасын реттейді де басқалары оның бәсекелес ортасы, айналасы болады. Бұл стратегияның маңызды сипаттамасы – бәсекелес айнала, яғни олар баға көшбасшысы қойған бағаны қабылдайды. Әдетте, нарықтағы ең кұшті фирма – баға көшбасшысы. Баға көшбасшылығының 2 түрін айырады: ең төмен шығындары бар фирманың көшбасшылығы және сату көлемі бойынша нарықта беделді орын алатын фирманың көшбасшылығы. Мұндай үлгі барлық фирмалар үшін пайдалы. Көшбасшы – фирма монополист артықшылықтарына ие болып, ал қалған фирмалар өздерінен сұраныс зерттеулерінің және оңтайлы стратегияны іздеу ауырпалықтарын (қиындықтарын) түсіреді. Енді баға көшбасшылығы үлгісінде оңтайлы бағаны табу үдерісін (процесін) қарайық (80 сурет).
D Sn=ΣMCn
P1 MCL
PL
P2 MRL DL
Qn QL QD
80 сурет. Баға көшбасшылығы
Ең бірінші: көшбасшы – фирма өз өніміне деген сұраныс қисық сызығын салу керек. Нарық сұранысы (D) қисық сызығын және басқа фирмалардың жиынтық ұсынысының қисық сызығын біліп алу қажет, олардың ұсыныс қисық сызығы шекті шығындар қисық сызықтарының сомасы – Sn, ол өз өніміне деген сұраныс функциясын (D – Sn) деп анықтайды. Р2 баға бойынша барлық салалық сұраныс баға көшбасшысымен қамтамасыз етіледі, Р1 баға бойынша – басқа фирмалармен. Сондықтан, көшбасшы – фирма (DL) өніміне сұраныс қисық сызығы – сынық қисық сызығы Р1 Р2 DL . Ары қарай көшбасшы – фирма оңтайлы бағаны анықтайды: ең жоғары пайданы әкелетін баға (яғни MCL = MRL) – PL. Осы бағаны белгілеген жағдайда көшбасшы – фирма QL тең өндіріс көлемін қамтамасыз етеді, ал қалған фирмалар – Qn (олардың өндіріс көлемдері шекті шығындарға сәйкес қалыптасады). Өзіне көшбасшы рөлін алған фирма үшін осы үлгіде әрқашанда тәуекел бар: қалғандары оның мәртебесін танығысы келмей, бағаның өзгеруіне дұрыс назар аудармауы мүмкін. Тіпті бұл жағдайда баға соғысы басталады. К. Макконелл, С. Брюдің «Экономиксінде» осындай мысал келтірілген: «Америкэн тобакко» мен «Рейнольдс» компанияларында 1924-1941жж. кезеңінде бағалар 8 рет өзгертілді. Нәтижесінде, баға көшбасшысы ақыры анықталғанда, сала фирмаларының пайдасы нормадан 2 есе көбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |